&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Ғ Ы Л Ы М И РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ



Pdf көрінісі
бет316/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

262


Ғ Ы Л Ы М И РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ
сүйек шатыстырудың кесірінен терісінің ақтығы мен шашының сары- 
лығын, оған қоса, жосықты ойлау жүйесі мен ыждаһаттылығын да жо- 
ғалтып алған. Соның ақырында Үндістан мен Парсы империясы азғын- 
дап кеткен. Ал Еуропада арийлер нәсілдік тазалығын сақтап қалды, 
сондықтан еуропалықтар әлемді бағындыра білді, олар басқаларды 
басқару үшін жаралған. Енді қателікті қайталап, төменгі нәсілдермен 
қан араластырмаса болғаны.
Мұндай нәсілшілдік теорияларға ұзақ уақыт бойы академиялық 
қауымдастықтар шымыр шындық ретінде қарап келді. Тек бертінде 
ғана ол ғалымдар үшін де, саясаткерлер үшін де тыйым салған теория 
болып келеді. Империялық идеологиядағы нәсілшілдік ауанын ауыс- 
тыруға енді мәдениетшілдік келді. Мүндай сөз әлі жоқ болса, демек, 
оны ойлап табу керек. Адамдар майдан шебі орын ауыстырғанын аң- 
ғармастан, нәсілшілдікке қарсы жанкештілікпен әлі күресіп жүр. Қазіргі 
элиталардың арасында әртүрлі адам топтарының салыстырмалы қа- 
дір-қасиеттері хақындағы ой-пікірлері нәсілдердің биологиялық әркел- 
кілігімен емес, мәдениеттердің тарихи айырмашылығының терминде- 
рімен тұжырымдалады. Біз енді: «Бұл олардың қанында бар» дегенді 
ауызға алмаймыз. «Бүл олардың мәдениетінде бар» дейміз.
Мәселен, мүсылмандардың Еуропаға иммиграциясына қарсы шы- 
ғып жүрген оңшыл партиялар нәсілшіл түжырымдамаларға мейлінше 
жоламайды. Марин Ле Пеннің спичрайтерлері теледидар экранынан: 
«Нәсілдік жағынан сапасыз семиттердің арийлер қанын былғап, өрке- 
ниетімізді бүлдіргенін қаламаймыз», - деп Үлттық майдан жетекшісіне 
ашық айтса, жұмыстан кететінін жақсы түсінеді. Оның орнына, фран- 
цуздыңҮлттық майданы, голландтықБостандықпартиясы, Австрияның 
Болашақ үшін альянсы және тағы басқалары Еуропада қалыптасқан 
Батыс мәдениеті демократиялық құндылықтарымен, тағаттылығымен 
және гендерлік теңқұқылығымен ерекшеленетінін, ал Таяу Шығыстың 
мүсылман мәдениеті иерархиялық саясатты, фанатизм мен әйелдер 
теңсіздігін алып келетінін айта береді. Бұл мәдениеттердің басы бірік- 
пейтінін әрі иммигранттардың көбі Батыс қүндылықтарына бейімдел- 
гісі келмейтінін немесе бейімделе алмайтынын қайталайды. «Оларды 
Еуропаға жолатпау керек, әйтпесе олар ішкі қақтығыстардың көзіне 
айналып, еуропалық демократия мен либерализмді құртып тынады» 
дейді.
Осынау мәдениетшіл мәлімдемелер гуманитарлық және әлеу- 
меттік ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулермен нығая түскен. 
Тарихшылар мен антропологтардың бәрі бірдей мүндай теориялар- 
ды қолдай бермейді, олардың саяси мақсатта қолдануын жақтамай- 
ды. Әйтсе де биологтарға нәсілшілдікті әшкерелеу оңай болғанымен, 
тарихшылар мен антропологтарға мәдениетшілдікке қарсы дау айту, 
дәлел келтіру қиын болып тұр. Биологтар жер бетінде өмір сүретін ха- 
лықтар арасындағы генетикалық айырмашылықтар мардымсыз еке-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет