&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ТӨРТІН Ш І БӨЛІМ



Pdf көрінісі
бет315/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

261


ТӨРТІН Ш І БӨЛІМ
Әрине, кейде сөз іспен жұптасып жатты. Үндістанның бақуатты ай- 
мағы - Бенгалияны ағылшындар 1764 жылы басып алды. Жаңа билеу- 
шілер өздері ғана баюды көздеді. Олар сорақы экономикалық саясат 
жүргізіп, нәтижесінде, бірнеше жыл бойы Бенгалияны үлы жұт жайла- 
ды. Қиындықтар 1769 жыл басталып, 1770 жылы кесапатты деңгейге 
жетті, бұл зұлмат тек 1773 жылы ғана аяқталды. Аймақ тұрғындары- 
ның үштен бірі, 10 миллионға жуық бенгалдық қаза тапты. Бірақ бұл 
қырғынның өзі Уильям Джонс пен оның әріптестерінің ағылшындар 
Бенгалияға жақсылық жасап, прогресс алып келді деген сеніміне еш 
қаяу түсірген жоқ.
Шындығында, деректер езгіге салу мен жаппай қанау сюжетіне де, 
«ақ адамның ауыртпалығы» туралы мифке де кірікпейді. Еуропалық 
империялар ауқымды да алуан түрлі еді, оларда анау да, мынау да 
өтіп жатты: халықтардың қырылуына, әділетсіздік көруіне кінәлі ететін 
де, бірталай отар елдердің көп нәрсеге қолы жеткенін талқыға сала- 
тын да негіздер пайда болды. Ғылыммен одақтасудың арқасында еу- 
ропалық империялар құлашын кеңге керіп және бүкіл жер жүзінің ауқы- 
мында әрекет жасай алатындықтан, енді оларды жақсы деп те, жаман 
деп те айта алмаймыз. Себебі мына біз тұратын әлемді де, біз оларға 
баға беретін идеологияны да солар жасады.
Алайда ғылымның өзі сахнаға онша сүйкімді емес кейіпте, импе- 
риялармен қол ұстасып шықты. Биологтар, антропологтар мен линг- 
вистерге дейін еуропалықтардың басқа нәсілдердің барлығынан ар- 
тықшылығын дәлелдеп шықты, демек, әлемді басқаруға олар қақылы 
(бәлкім, борышты) деді. Мәселен, Уильям Джонс үндіеуропалық тіл- 
дердің бәрі бір ғана бабадан тарайтынын айтты. Ғалымдарға ең ежелгі 
тілді кімдер сөйлегенін анықтау қажет болды. Сөйтсе, алғашқы санск­
рит тілінде сөйлеушілер - 3000 жыл бұрын Орта Азиядан Үндістанға 
баса-көктеп кіргендер өздерін 
«Агуа»
деп атаған екен. Ежелгі парсы 
тілінде сөйлеушілер де өздерін 
«Аігііа»
деген. Еуропалық ғалымдар 
санскрит пен парсышаға, сондай-ақ грекшеге, латыншаға, гот пен 
кельт тілдеріне бастау болған баба тілде сөйлеген халықтар өздерін 
«арийлерміз» деп атаған деген қорытынды түйді. Қуатты империялар- 
ды құрушылардың-үнділердің, парсылардың, гректер мен римдіктер- 
дің бәрі арийлер болуы кездейсоқ нәрсе ме?
Артынша ағылшын, француз және неміс ғалымдары империя қү- 
рушылар туралы лингвистикалық теорияны күштілердің тірі қалатыны 
жөніндегі дарвиндік теорияға біріктіріп, арийлер тек қана тілдік емес
сондай-ақ биологиялық та ортақтығы бар қауымды - нәсілді білдіре- 
ді деген қорытындыға келді. Жай ғана нәсіл емес, солтүстіктің түма- 
нынан шығып, әлемнің барлық түкпірінде мәдениеттің негізін қалаған 
бойлары биік, шаштары сары, көздері көк, еңбеккер әрі ақылы мол, 
үстемдік құрушы нәсіл. Өкінішке қарай, Үндістан мен Парсы империя- 
сын бағындырған арийлер жергілікті тұрғындармен қан араластырып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет