лер үстемдік етуші орын алып, жабайыларға малайлар мен құлдардың рөлі тиді. Саны жағынан жергілікті тұрғындар басым болғандықтан, басқыншылар өздеріне артықшылық беретін мәртебесін жоғалтып алу- дан қауіптенді. Ондайға жол бермеу үшін олар тағы тұрғындарды кас- таға бөліп, әр кастаға нақты қызмет түрін немесе белгілі бір қоғамдық 126
АГРАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ міндетті белгіледі. Барлығы айрықша заңдық мәртебеге ие болып, мін- деттер мен артықшылықтар алды. Кастаның араласып-құраласуына, некелесуіне нөмесе қандай да бір әлеуметтік әрекеттесуіне тіпті бірге тамақтануына да тыйым салды. Және де мұндай айырым заңмен ғана емес, сондай-ақ діни мифологиямен де, күнделікті іс-тәжірибемен де бекіді. Билеушілер касталық жүйе тарихи дамудың кездейсоқтығына емес, мәңгілік ғарыштық ақиқатқа негізделгеніне сендіріп бақты. Ин дуизм үшін кіндік қағида - тазалық пен былғаныш ұғымдары, нақ осы ұғымдар әлеуметтік пирамидаға тірек болды. Діндар үнділер өзге кас- таның мүшесімен байланыс жасау тек заң бүзған адамды ғана емес, бүкіл қоғамды тұтастай былғайды - бір сөзбен айтқанда, «бұдан ас- қан сүмдық жоқ» деді. Бұл үнділік ілімнің ерекше көрінер ештеңесі жоқ. Кез келген тарихи кезеңдегі қоғамдардың көбінде нақ осы тазалық пен былғаныш туралы ұғымдар әлеуметтік айырымдарды қалыптасты- рып, жандандыру ісінде жетекші рөл атқарды. Билеуші тап бұларды өз артықшылықтарын сақтап қалу үшін үнемі пайдаланып отырды. Оған қоса, былғанып қаламын-ау деген қорқыныш күшті болды, ол абыздар мен патшалардың ойдан шығарған уағыздарынан ғана емес, сондай- ақ тіршілік етудің биологиялық амалынан да өрбитін еді: барлық жан-