&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


күн батареясы ретінде пайдалануға тиіс екенін айтып көріңіз



Pdf көрінісі
бет161/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

күн батареясы ретінде пайдалануға тиіс екенін айтып көріңіз.
Жыныстық ағзаларымыз да соншалықты көп қырлы міндеттер ат-
қарады. Бастапқыда жыныс безі урпақ жалғастыру үшін дамыды, ал
неке рәсімдері жұбайлар өзара қүштарлықтарын бағамдап, бағалай
білу үшін қажет болды. Ал енді кейбір жануарлар жыныстық органда-
рын да, әлгі рәсімдерді де өздерінің кішкентай көшірмелерін шығару
ісіне еш қатысы жоқ қыруар әлеуметтік міндеттер қамына пайдалана-
ды. Мысалы, шимпанзелер жыныстық жақындық арқылы саяси одақ-
тарын нығайтып, достық көңілін білдіреді жене шиеленістің шешімін
табады. Осының бәрі табиғи емес деп айтуға бола ма?
Жыныс пен гендер
Осылайша, қүдды әйелдөрдің табиғи қызметі - туу немесе еркек-
тер арасындағы бір жыныстылардың жақындасуы табиғи емес деп
айтудың жөні жоқ. «Еркек» пен «әйелді» сипаттайтын нормалардың,
заңдардың, құқықтар мен міндеттердің көпшілігі биологиялық емес,
қиялдағы шындықтың көрінісі.
Биологиял ық түрғыдан адамдар аналыққа және атал ыққа бел інеді.
Homo sapiens-тің аталығында бір X және Ү хромосома, ал үрғашысында
екі X хромосома болады. «Еркек» пен «әйел» - биологиялық емес,
өлеуметтік категория. Көп ретте және адамзат қоғамының басым
135


Е К І Н Ш І Б Ө Л І М
бөлігінде «еркек» деп - аталың, «әйел» деп аналық жыныс өкілін 
атайды, алайда әлеуметтік мән-мағынасы қанық бұл атаулар биология 
ілімінен тым алыс жатыр. «Еркек» дегеніміз - ХҮ хромосомалар, аталық 
бездер мен асып-тасыған тестостерон жиынтығы сияқты биологиялық 
белгілері бар жай ғана sapiens емес, қиялдағы қоғамдық тәртіптің 
ажырамас бөлшегі де. Мәдени мифтер оны белгілі бір «еркектік» 
рөлдермен (мысалы, «ол саясатқа қатысуы тиіс»), қуқықтарымен 
(мысалы, сайлау құқығымен) және міндеттермен (әсіресе, армияда 
қызмет өтеу міндетімен) жарылқайды. «Әйел» де - организмінде екі 
X хромосомасы, жатыры мен көп мөлшерлі эстрогені бар жай ғана 
sapiens емес. Ол да қиялдағы қоғамдық тәртіптің бөлшегі. Мәдени миф 
оған ерекше «әйелдік» рөл (балаларды тәрбиелеу), құқықтар (мысалы, 
қорғану құқығы) мен міндеттер (жубайына бағыну) берген. Еркектер мен 
әйелдердің рөлі, құқықтары мен міндеттері биологиямен емес, ең әуелі 
мифтермен айқындалатындықтан, «еркек» және «әйел» ұғымдарының 
мазмұны мәдени ортадан мәдени ортаға ауысқан сайын өзгере береді.
Биологиялық категория 
ретіндегі әйел
1 Мәдени категория 
1 ретіндегі әйел
Ежелгі Афина
Қазіргі Афина
Ежелгі Афина
Қазіргі Афина
XX
хромосомалары- 
ның жұбы
XX
хромосомалары- 
ның жұбы
Дауыс беру құқығы
жоқ
Дауыс беру 
қүқығы бар
Жатыры бар
Жатыры бар
Сот төрешісі бола 
алмайды
Сот төрешісі бола 
алады
Аналық жыныс 
безі бар
Аналық жыныс 
безі бар
Мемлекеттік
лауазымды
қызметке
тағайындала
алмайды
Мемлекеттік 
лауазымды 
қызметке таға- 
йындалаалады
Тестостерон 
деңгейі жоғары
Тестостерон 
деңгейі жоғары
Неке қосағын 
таңдай алмайды
Неке қосағын 
таңдай алады
Эстроген деңгейі 
жоғары
Эстроген деңгейі 
жоғары
Негізінен, сауатсыз
Негізінен, сауатты
Емізе алады
Емізе алады
Заңды тұрғыдан 
әкесіне әлде 
жубайына тәуелді
Заңды тұрғыдан 
дербес өмір 
сүреді
Ешқандай айырмашылық жоқ
Түрлі айырмашылықтар бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет