2 тақырып: «Аппендицит»
Жедел аппендициттегі патологиялық процестердің дамуы келесі қабатынан басталады:
А. құрт тәрізді өсіндінің сірі қабатынан
Б. //-// //-//-// //-//-// кілегей қабатынан
В. -//-// //-//-// //-//-// бұлшық ет қабатынан
Г. соқыр ішектің күмбезінен
Д. аш ішектің төменгі бөлімінен
Меккель дивертикуласы жиі пайда болады:
А. ащы ішекте
Б. мықын ішекте
В. тоқ ішектің өрлеу бөлімінде
Г. аппендэктомиядан кейін
Д. ұрықтық дамукезеңіндегі ішектүтігінің бітпеуінен кейін
Құрт тәрізді өсіндінің кіші жамбас қуысында орналасқан жағдайдағы жедел аппендицитттің клиникалық көрінісінің ерекшелігі
А. Шеррен үшбұрышында ауырғандықтың болмауы
Б. Нәжісте қанның болуы
В. Ректальды зерттеу кезіндегі тік ішектің алдыңғы қабырғасының айқын ауырсынуы
Г. дене қызуының болмауы
Д. Пастернацкий белгісінің оң болуы
Жедел аппендицит пен жедел гинекологиялық ауруларды ажырату диагностикасында қандай зерттеулердің маңызы басым:
Ровзинг белгісін анықтау;
қанның клиникалық анализі;
қынапты зерттеу;
қынаптың артқы күмбезін тесу;
гинекологиялық анамнез.
Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) 1,3,5; д) 2,4,5
Жедел аппендициттегі аппендэктомияға қарсы көрсетпе:
А. миокард инфарктісі;
Б. жүктіліктің 36-40 аптасы;
В. новокаинге аллергия;
Г. аппендикулярлы инфильтрат;
Д. Қан ұюының төмендеуі.
Деструктивті аппендицитте аппендэктомиядан 6 күн өткеннен кейін науқастың дене қызуы көтеріліп, қалтырау мен ентігу пайда болды. Төмендегі көрсетілген асқынулардың қайсысында осы жағдай болмайды:
А. оң жақтық пневмония
Б. өкпе іріңдігі
В. көк ет астылық іріңдік
Г. ішек аралық іріңдік
Д. Іш перде ішіне қан кету
Жедел аппендицит диагностикасында төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы қажет емес
А. құрсақ қабырғасын пальпациялау
Б. қанның клиникалық анализі
В. тік ішекті саусақпен қарау
Г. ирригоскопия
Д. қынапты зерттеу
8.Жедел аппендициттің жамбас қуысында орналасуында диагноз қоюға мүмкіндік беретін негізгі әдіс:
А. Щеткин –Блюмберг белгісі
Б. Ровзинг белгісі
В. тік ішекті саусақпен қарау
Г. оң жақ мықын аймағындағы бұлшық еттердің керілуі
Д. Кохер-Волкович белгісі
9.Крон ауруын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер:
оң жақ мықын аймағындағы ауырғандық
іштің өтуі
қызба
дизурия
ЭТЖ-ң жоғарылауы
Дұрысы а) 2,3,4; б) 3,4,5; в) 1,2,3; г) 1,3,4; д) 1,4,5
10.Жедел аппендициттегі диагностикалық бағдарламаға кіретіндер:
ұқыпты анамнез жинау
іш бүлігі ауруларын құрсақта ауырғандық туғызатын соматикалық аурулардан ажырату
тік ішекті және қынапты зерттеу
лабораториялық зерттеулер
жедел хромоцистоскопия
Дұрысы: а) 1,2,3,5; б) 1,3,4,5; в) 2,3,4; г) 3,4,5; д) бәрі дұрыс
11.Аппендэктомиядан кейінгі Дугласов кеңістігінің іріңдігі келесі белгілермен сипатталады:
гектикалық дене қызуы
жамбастың төменгі бөлігіндегі ауырсыну және тенезма
көкет қозғалысының шектелуі
қынаптың немесе тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауырсынуы және босаңсып тұруы
іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің керілуі
Дұрысы: а) 1,2,3,4; б) 2,3,4,5; в) 1,2,4; г) 2,4,5; д) бәрі дұрыс
12.Жедел аппендэктомияны мына жағдайда жасауға болмайды:
А. жедел катаральды аппендицит
Б. жүктіліктің екінші жартысындағы жедел аппендицит
В. жедел аппендициттің бірінші ұстамасы
Г. қарт науқастағы толық анықталмаған жедел аппендицит кезінде
Д. балалардағы жедел аппендицит
13.Жедел аппендицитке ең тән белгі:
А. Мак-Бурней нүктесіндегі ауырсыну
Б. Тақтай тәрізді құрсақ
В. Оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну және бұлшық еттердің керілуі
Г. Ланц нүктесіндегі ауырсыну
Д. Кюммель нүктесіндегі ауырсыну
14.Жедел аппендицит кезіндегі оперативті емге көрсеткіштер:
А. 35-36 аптадағы жүктілік
Б. егде жаста болу
В. аппендикулярлы инфильтрат
Г. декомпенсацияланған жүрек ақауы
Д. Жуық арада болған миокард инфарктісі
15. Меккель дивертикуласына не тән емес:
А. мықын ішегінің мезентериальды бөлігінде дивертикуланың орналасуы
Б. 2-3 % адамдарда болуы
В. илио-цекальды бұрыштан 60-70 см жоғары мықын ішекте орналасуы
Г. ішек қабырғасының барлық қабаттарының болуы
Д. Дивертикула құрамында ұйқы безінің, қарынның гиперотопты немесе тоқ ішектің өрлеу бөлігінің кілегей қабатының болуы
16.Жедел аппендицитке күдік туған кезде нені қолдануға болмайды.
А. мұзы бар қалта
Б. антибиотик
В. асқазанды жуу
Г. клизма
Д. Жедел лапаротомия
17. «Іш бүлігі» ауруларының кездесуінің сиреу реттілігіне қарай құрсақ қуысының үш жедел ауруы.
А. жедел аппендицит-ішектің жедел бітеліп қалуы,-қуысты мүшенің тесілуі
Б. жедел аппендицит – гастроинстестинальды қан кету –ішектің жедел бітеліп қалуы
В. қуысты мүшенің тесілуі-жедел аппендицит-ішектің жедел бітеліп қалуы
Г. гастроинстестинальды қан кету- жедел аппендицит –ішектің жедел бітеліп қалуы
18.Жедел аппендициттің ажырату диагностикасында мынадан басқаның бәрі ескеріледі.
А. несеп жолының инфекциясы
Б. оң жақтық төменгі бөліктік пневмония
В. Меккель дивертикуласының қабынуы
Г. жыныс безінің аурулары
Д. ұрықтық даму кезеңіндегі ішек түтігінің кистасы
19. Меккель дивертикуласы бар науқаста осындай асқынулар кездесуі мүмкін.
А. инвагинация
Б. ішектің жоғарғы деңгейінің түйілуі
В. жоғарғы деңгейде тұз қышқылын бөлу нәтижесінде ішектің тесілуі
Г. қан кету
Д. жоғарыдағы аталғанның бәрі дұрыс
20. Жедел катаральды аппендицитке жасалған аппендэктомиядан кейін науқаста, қосымша аурулары болмаса, қандай дәрілерді тағайындайсыз.
А. антибиотиктер
Б. анальгетиктер
В. сульфаниламидтер
Г. морфин, омнопон, промедол
Д. іш жүргізетін дәрілер
21.Балалардағы жедел аппендицитті ересек адамдағылардан мынадай клиникалық белгілері арқылы ажыратады.
оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну
жайылған перитониттің тез дамуы
жоғарғы лейкоцитоз 15х109-20х109
айқын улану
оң жақ мықын аймағындағы бұлшық еттерінің ерекше керілуі
Дұрысы: а) 1,3,4; б) 1,2,3; в) 2,3,4,5; г) 1,3,5; д) барлығы да дұрыс.
22. Жедел аппендициттің ең негізгі белгісі.
А. Щеткин-Блюмберг белгісі
Б. Ровзинг белгісі
В. Оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну және бұлшық еттерінің керілуі
Г. Ситковский белгісі
Д. Образцов белгісі
23. Жедел аппендицитке тән ең мәнді ауырсыну белгісі.
А. ішке "қанжар сұққандай" құрсақтың жоғарғы бөлігінде кенеттен ауырғандық
Б. Мак-Бурнея нүктесіндегі ауырғандық
В. оң мәнді Ровзинг белгісі
Г. Дуглас кеңістігіндегі ауырсыну
Д. оң мәнді Щеткин-Блюмберг белгісі
24. Аппендэктомиядан кейінгі жараның іріңдеу себебі.
А. нәжісті жыланкөз
Б. операция барысында жараның инфекциялануы,
В. актиномикоз
Г. соқыр ішектің қатерлі ісігі
Д. операция кезінде ұмыт қалған бөгде дене.
25. Жедел аппендициттің оперативті емделуіне қарсы көрсетпе.
А. жайылма перитонит
Б. 37-38 аптадағы жүктілік
В. жедел миокард инфарктісі
Г. аппендикулярлы инфильтраттың түзілу сатысы
Д. аппендикулярлы инфильтраттың іріңдеу сатысы
26. 24 жастағы науқас әйел жүрек айнуына, құсыққа, ұзақтығы 4 сағат созылатын кіндік маңындағы ауырғандыққа шағымданады. Соңғы жарты сағат ішінде ауырғандық іштің төменгі бөлігіне ығысты, дене қызуы 37,8 лейкоцит 13х109. Қандай диагноз қоясыз?
А. жедел пиелит
Б. жедел оң жақтық аднексит
В. овариальды кистаның жарылуы
Г. жатырдан тыс жүктіліктің бұзылуы
Д. жедел аппендицит
27. 66 жастағы науқас дене қызуының көтерілуіне, сол жақ мықын аймағындағы ауырғандыққа, ішек дискомфортының белгілеріне шағымданады. Пальпация кезінде сол жақ мықын аймағындағы бұлшық еттерінің керілуі оң. Сіздің болжама диагнозыңыз?
А. сигма тәрізді ішектің бұратылуы
Б. дивертикулит
В. жедел аппендицит
Г. Гиршпрунг ауруы,
Д. өсіндінің атипиялық орналасуы және жаралы колит
28. Меккель дивертикуласы кезінде не болуы мүмкін.
ішектен қан кету
іштің ортаңғы бөлігінде тұрақты ауырғандықтың болуы,
странгуляциялық ішек бітелуі
ішекте жыланкөз
малигнизация
Дұрысы: а) 1,2,3,4; б) 2,3,4,5; в) 2,3,5; г) бәрі дұрыс; д) бәрі теріс
29. Ересектердегі құрт тәрізді өсіндінің түбірін /культя/ өңдеудің ең қолайлы әдісін таңдаңыз.
А. түбірді жібек жіппен байлау, ішіне енгізу
Б. байланбаған түбірді ішіне енгізу
В. түбірді ішіне енгізбей жібек жіппен байлау
Г. түбірді кетгутты жіппен байлау, ішіне енгізу,
Д. түбірді ішіне енгізбей кетгут жіппен байлау
30.Меккель дивертикуласы қандай мүшенің анатомиялық элементі
А. мықын ішектің,
Б. 12 елі ішектің
В. өт жолының,
Г. жиі аппендэктомиядан кейін,
Д. өрлеу ішектің
31.Жедел аппендицит пен оң жақтық бүйрек ұстамасының ажырату диагностикасында қандай шаралар қолданасыз?
спазмолитикті енгізу
наркотиктер енгізу
несепті жедел тексеру
хромоцистоскопия
бүйрек артериясының антографиясы
Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) 1,3,4; д) 1,2,5
32.Кіші мектеп жасындағы балаларға жасалған аппендэктомиядан кейінгі құрт тәрізді өсіндінің культясын өңдеудің дұрыс тәсілі.
А. культяны кисетті және «зет» тәрізді тігіске енгізу
Б. культяны «зет» тәрізді тігіске енгізу
В. лигатурамен байлау әдісі
Г. өсінді культясын бос іш қуысынан марлялық тампон арқылы шектеу
Д. барлық жауаптар дұрыс емес.
33.Жедел аппендицитті аналық жыныс безінің апоплексиясынан ажырату үшін келесі белгілерді білу қажет.
Кохер-Волкович белгісі
Промптов белгісі,
Бас айналу,
Бартомье-Михельсон белгісі,
Ауырғандықтың сегізкөзге және аралыққа таралуы
Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) 1,2,3,5; д) 2,3,5
34. 28 жастағы, жүктіліктің 32-аптасындағы хирургиялық бөлімінде 18 сағат жатқан науқаста динамикалық бақылау барысында жедел аппендицитті толығымен ескермеу мүмкін емес. Сіздің емдік тактикаңыз?
А. науқасқа операция жасау керек,
Б. науқасты бақылауды жалғастыру
В. ультрасонография жасау,
Г. жүктілікті жасанды түрде үзіп, аппендэктомия,
Д. жүктілікті үзіп, лапароскопия жасау
35. Жедел флегмонозды аппендицитке тән белгілері бар науқасқа операция жасау қажет. Бұл жағдайда аппендэктомия жасау үшін қандай оперативтік /ену/ жолын қолданасыз.
А. төменгі-ортаңғы лапаротомия,
Б. Волкович-Дьяконов тілігі,
В. оң жақтық параректальды ену жолы
Г. шап үстінен көлденең лапаротомия жасау,
Д. оң жақтық трансректальды тілік
36. Жедел аппендициттің белгілері, мынадан басқа.
А. оң жақ мықын аймағындағы ауырғандық,
Б. бұлшық ет қорғанысы,
В. Ровзинг белгісі,
Г. Ситковский белгісі,
Д.Мейо-Робсон белгісі.
37. Оң жақ мықын аймағында өткір ауырғандық қандай жағдайда болуы мүмкін, мынадан басқа.
А. терминальды илеитте,
Б. жедел аппендицитте,
В. бүйрек коликасы /шаншуы/,
Г. жыныс безінің апоплексиясы /әйелдерде/,
Д. динамикалық ішектің түйілуі.
38. Щеткин-Блюмберг белгісі қандай ауруға тән емес?
А. қарынның тесілген жарасы,
Б. панкреонекроз,
В. екі жақты бүйрек коликасы,
Г. жедел деструктивті холецистит,
Д. жедел деструктивті аппендицит
39. Жергілікті перитонит қандай ауруларда болуы мүмкін, мынадан басқа.
А. қысылған жарық,
Б. пиелонефритте,
В. Іріңдеу сатысындағы аппендикулярлы инфильтратта,
Г. Меккель дивертикуласының қабынуында,
Д. жедел аппендицитте
40. Орны өзгерген өсіндінің орналасу варианттары.
А. бауыр астында,
Б. жамбас қуысында,
В. диафрагма астында,
Г. ретроперитонеальды,
Д. ретроцекальды.
41.Жедел аппендицитті мына аурулардан ажырату керек.
А. оң жақ бүйрек коликасынан,
Б. жедел парапроктиттен,
В. жедел холециститтен,
Г. жедел аднекситтен,
Д. терминальды илеиттен.
42.Жедел аппендицитте бұлшық ет қорғанысы болмауы мүмкін.
А. қарттарда,
Б. балаларда,
В. жүкті әйелдерде,
Г. алкоголиктерде,
Д. жұлынның сухоткасымен (мерезді, семуі) ауыратындарда.
43.Жедел аппендицитте ретроцекальды орналасқан жағдайда, басым болуы мүмкін, мынадан басқа.
А. оң жақ бел аймағында ауырғандық,
Б. оң мәнді Пастернацкий белгісі,
В. лейкоцитоз,
Г. оң мәнді Мерфи белгісі
Д. оң мәнді Образцов белгісі.
44.Жедел аппендицитті бүйрек коликасынан ажырату үшін қандай зерттеу жүргізу қажет емес?
А. несептің жалпы анализі,
Б. лапароскопия,
В. хромоцистоскопия, бүйрекке УЗИ,
Г. фиброгастроскопия,
Д. Лоренс-Эпштейн бойынша новокаин блокадасы.
45.Жедел аппендицитте минимальды зерттеу көлемі
а. АХС және ректалды температураны өлшеу,
б. қан лейкоциттерін өлшеу
в. несептің жалпы анализі,
г. тік ішекті зерттеу,
д. лапароскопия
46.Бауырасты кеңістігінде орналасқан жедел аппендицитке тән емес белгі.
А. жүрек айну, құсу,
Б. оң мәнді Ортнер белгісі,
В. гиперлейкоцитоз,
Г. несепте өт пигменттерінің болуы,
Д. бұлшық ет қорғанысының болуы.
47.Жамбас қуысында орналасқан жедел аппендицитке тән белгілер.
оң мәнді Ситковский белгісі
сұйық нәжіс,
гиперлейкоцитоз,
тік ішекті зерттеген кезде оның алдыңғы қабырғасында ауырғандықтың болуы,
оң мәнді Воскресенский белгісі
Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) 1,3,5; д) 2,3,5
48. Жедел асқынбаған аппендицитке тән симптомдар, мынадан басқа.
А. Ситковский белгісі,
Б. Ровзинг белгісі,
В. Воскресенский белгісі,
Г. Кохер-Волкович белгісі
Д. Щеткин-Блюмберг белгісі.
49. Жедел аппендицитпен науқастанудың кездесу жиілігі.
А. 1000 тұрғынға 1 адам
Б. -//- //-// 4-5 адам
В. -//- //-// 8-10 адам
Г. -//- //-// 12-16 адам
Д. -//- //-// 20 адам.
50.Жедел аппендициттің жиі кездесетін жас шамасы.
А. 3-10 жас
Б. 10-16 жас
В. 16-20 жас
Г. 30-40 жас
Д. 50-70 жас.
51.Жедел аппендицитпен 1-2 есе жиі ауыратындар.
А. балалар,
Б. жүкті әйелдер,
В. қарттар,
Г. әйелдер
Д. ерлер.
52.Қабыну процесінің сатыларына байланысты жедел аппендицит қандай түрлерге бөлінеді, мынадан басқа.
А. катаральды немесе қарапайым,
Б. флегмонозды,
В. гангренозды,
Г. перфоративті,
Д. некрозданған.
53.Жедел аппендициттің дамуына әсер етпейтін бактерия
А. энтерококктар,
Б. ішек таяқшалары,
В. стрептококктар,
Г. стафилококктар,
Д. спецификалық қоздырғыш микробтар.
54.Құрт тәрізді өсіндіде патологиялық процесс басталады.
(бір теріс жауабын анықта)
А. біріңғай салалы бұлшық еттер мен тамырлар түйілу құбылысынан,
Б. құрт тәрізді өсіндідегі іркелістен,
В. тамырлар түйілу нәтижесінде кілегей қабықшаның қоректенуінің жергілікті бұзылысынан,
Г. микрофлора вируленттілігінің өзгеруі-жоғарылауынан,
Д. құрт тәрізді өсіндінің сірі қабығының зақымдануынан.
55.Жедел аппендицитте ауырғандық көбіне болады.
А. эпигастральды аймақта,
Б. кіндік маңында,
В. оң жақ мықын аймағында,
Г. оң жақ мезогастрияда,
Д. төс астында.
56. Жедел аппендицитте операцияға дайындық.
А. зонд көмегімен науқастың қарынын босату,
Б. іштің жүнін қыру,
В. премедикация жасау /промедол, атропин/,
Г. қуықты босату,
Д. газ шығаратын түтік салу
57.Асқынбаған аппендицитте аппендэктомияны жасайды.
А. интубациялық наркозбен
Б. вена ішілік наркозбен
В. маска арқылы наркозбен
Г. жергілікті инфильтрациялық анестезиямен
Д. перидуральды анестезиямен.
58. Аппендэктомияда кесуді жүргізеді.
А. Федоров бойынша
Б. Ленандер бойынша
В. Кохер бойынша
Г. Волкович-Дьяконов бойынша
Д. Пфанненштиль бойынша.
59.Балаларда жедел аппендициттің өту ерекшеліктеріне жататындар, мынадан басқа.
А. үлкендерге қарағанда ауру ауыр өтеді,
Б. пульс жиілігі температураға сәйкес келмейді,
В. жүрек айну, құсу, іш өту болады,
Г. көбінесе дене қызуы өте жоғары көтеріледі
Д. қабыну процесі көбінесе жергілікті сипатта болады.
60.Жедел аппендициттің кәрі адамдарда өту ерекшеліктері.
А. дене температурасының 39-40 градусқа көтерілуі,
Б. бұлшық ет қорғанышы әлсіз көрінеді,
В. әртүрлі сипаттағы ауырғандық,
Г. нәжістің кідіруі,
Д. аппендикулярлы инфильтраттың жиі түзілуі.
61. Жедел аппендициттің жүктіліктің 2 жартысындағы әйелдерде өту ерекшеліктері.
А. Щеткин- белгісінің болмауы,
Б. бұлшық ет қорғанышы әлсіз көрінеді,
В. ауырғандық аймағы жоғарғы және сыртқырақ ығысады,
Г. көмір түсті нәжіс сипаты болуы,
Д. жиі құсу.
62.Жедел аппендицитте құрсақ қуысына тампонды қолдану көрсеткіштері, мынадан басқа.
А. ұсақ қан тамырлар мен жабысқақтан қан кетудің тоқтамауы,
Б. парааппендикулярлық іріңдік,
В. құрт тәрізді өсінді ұшының жабысқақта қалуы,
Г. өсіндінің соқыр ішектің артында орналасуы жағдайында, ішпердеден тыс флегмона,
Д. өсіндінің орталықта /кіндік маңында/ орналасуында.
63. Мыналардың қайсысы жедел аппендициттің асқынуы болады?
А. механикалық сарғаю
Б. ішектен қан кету,
В. қақпа венасының пилефлебиті,
Г. мықын ішектің некрозы,
Д. құрт тәрізді өсіндінің ісігі.
64. В.И.Колесовтың классификациясы бойынша жедел аппендициттің асқынуына қайсы жатады.
А. деструктивті аппендицит,
Б. перфоративті аппендицит,
В. іріңді аппендицит,
Г. аппендикулярлы инфильтрат
Д. аппендикулярлы түйілу /шаншу/.
65. Аталған асқынулардың қайсысы операцияға дейін дамиды?
А. операциядан кейінгі жарақаттың іріңдеуі,
Б. іш қуысына қан кету,
В. ішектің түйілуі,
Г. лигатуралық жыланкөз,
Д. периаппендикулярлы абсцесс.
66. Жедел аппендициттің қай асқынуы операциядан кейінгі асқынуға жатады?
А. қақпа венасының пилефлебиті,
Б. периаппендикулярлы абсцесс,
В. аппендикулярлы инфильтрат,
Г. сепсис,
Д. іш қуысына қан кету.
67. Толық дамыған аппендикулярлы инфильтратқа мына белгілер тән.
ауырсынудың өршуі мен күшеюі,
2. оң жақ мықын аймағында анық контурлы тығыз түрде дененің анықталуы,
дененің жоғарғы гектикалық температурасы, интоксикация,
оң жақ мықын аймағының бұлшық етінің қатаюы анық байқалады,
жиі іш өту.
Дұрысы: а)1,2,3,4; б) 2,3,4,5; в) 1,3,4,5; г) 1,2,4,5; д)барлығы дұрыс.
68. Аппендикулярлы инфильтрат қай уақытта түзеледі.
А. 1-айдан соң, жедел аппендициттің ұстамасынан кейін,
Б. ауру басталған соң екі күннен кейін,
В. -//- 3-5 күннен кейін
Г. -//- 7-8 күннен кейін,
Д. -//- 10 күннен кейін.
69. Аппендикулярлы инфильтраттың түзілу сатысы кезінде қандай емдік шара қолданылады.
А. алдыңғы іш қабырғасына массаж жасау,
Б. жылумен аурудың басталған күні емдеу /оң жақ мықын аймағына/,
В. ішті өткізетін дәрілер тағайындау,
Г. ромашка түнбасымен микроклизма жасау,
Д. емдік дене шынықтырулар.
70. Аппендикулярлы инфильтраттың түзілу сатысы кезінде қандай емдік шараны қолдануға болмайды?
А. жеңіл диета, төсектік режим,
Б. тазартатын клизмалар,
В. оң жақ мықын аймағына салқын басу,
Г. антибиотиктер тағайындау,
Д. А.В.Вишневский әдісімен белге новокаинмен блокада жасау.
71.Периаппендикулярлы абсцесс дегеніміз бұл.
А. шектелмеген перитонит,
Б. жергілікті перитонит,
В. диффузды перитонит,
Г. жайылған перитонит,
Д. іш қуысының іріңдігі.
72. Қандай зерттеу әдісі аппендикулярлы инфильтрат диагностикасы кезінде өте маңызды:
А. іш қуысының рентгенографиясы,
Б. ішектің контрастылы рентгенографиясы,
В. ультрадыбыспен тексеру –УЗИ,
Г. хромоцистоскопия,
Д. компьютерлі томография.
73. Аппендикулярлы инфильтрат кезінде қолдануға болмайтын ем.
А. физиотерапиялық ем,
Б. антибиотиктер,
В. стационарлы ем,
Г. наркотикалық заттар,
Д. жеңіл тағам.
74. Аппендикулярлы инфильтрат симптомына кірмейтін бір белгі.
А. субфебрильді температура,
Б. ауру ұзақтығы 4-5 күн,
В. кенеттен көп ретте іш өту,
Г. қандағы лейкоциттер санының жоғары болуы,
Д. оң жақ мықын аймағында ісік тәрізді түзілістің анықталуы.
75.Аппендикулярлы инфильтратқа диагноз қою кезінде қандай зерттеу әдісі тұрақты қолданылады.
А. іш қуысының рентгенографиясы,
Б. асқазан ішек трактісын контрасты заттар арқылы зерттеу,
В. тік ішекті саусақ арқылы тексеру,
Г. хромоцистоскопия,
Д. экскреторлы урография.
Хирургиялық аурулардың ішінде қайсысы перитонитің жиі себебі болады.
А. асқазан жарасының тесілуі,
Б. жедел холецистит,
В. жедел аппендицит,
Г. жедел панкреатит,
Д. ішек түйілуі
77.Қай жерде орналасқан іріңдік, Дугласов кеңістігінің іріңдігі болып табылады.
А. ішек тұзақтарының арасында,
Б. бауыр мен диафрагма арасында,
В. талақ пен диафрагма арасында,
Г. жатыр мен тік ішек арасында,
Д. оң жақ мықын ойығында.
78.Аппендэктомиядан кейінгі Дугласов кеңістігіндегі абсцестің сипаттамасы.
А. диафрагма қозғалғыштығының шектелуі,
Б. жүрек айну және қайталама құсық,
В. құрғақ жөтел,
Г. жамбас қуысындағы ауырғандық,
Д. сипағанда оң жақ мықын аймағында тығыз дененің анықталуы, демікпенің болуы.
79.Дене температурасының жоғары болуы, қалтырау, демікпе аппендэктомиядан кейін 6-шы күні төмендегі асқынулардың қайсысында кездеспейді.
А. төменгі бөліктік плевропневмония,
Б. өкпе абсцесі,
В. диафрагма астылық абсцесс,
Г. ішек аралық абсцесс,
Д. іш перде ішілік қан кету.
80.Аппендикулярлық инфильтраттың бірінші сатысында консервативтік ем тағайындалады, себебі.
А. инфильтраттың сорылуы және созылмалы аппендициттің дамуы мүмкін,
Б. өздігінен жазыла бастауы мүмкін,
В. инфильтраттың сорылуы мүмкін,
Г. инфильтраттан құрт тәрізді өсіндіні бөліп шығару кезінде, ащы ішектің перфорациясы және перитониттің дамуы мүмкін
Д. барлығы дұрыс.
81.Дуглас аймағы іріңдігінде қандай диагностикалық әдісті таңдайсыз.
А. ректороманоскопия,
Б. лапароскопия,
В. іштің перкуссиясы және аускультациясы,
Г. қынапты немесе тік ішекті саусақпен тексеру,
Д. іш қуыстың рентгеноскопиясы.
82.Қақпа венасында пилефлебиттің дамуы, жедел аппендициттің қандай түрінде кездесуі мүмкін.
А. аппендикулярлы шаншу,
Б. катаральды аппендицит,
В. флегмонозды аппендицит,
Г. флегмонозды аппендицит кезінде өсіндінің шажырқайының қабынуы,
Д. біріншілік гангренозды аппендицит.
83.Науқасқа, аппендэктомиядан кейін 5-ші күні гектикалық температура, лейкоцитоз, жамбас қуысының тереңінде әлсіз ауырсыну, дизурия байқалғанда қандай қосымша зерттеу қажет.
А. хромоцистоскопия,
Б. зәр мен қанның анализін қайталау,
В. тік ішекті саусақпен тексеру,
Г. ректоромоноскопия,
Д. контрастық ирригоскопия.
84.Аппендикулярлық инфильтрат операция кезінде анықталса хирургтың тактикасы қандай?
А. инфильтраттан шығарып аппендэктомияны жасау және құрсақ қабырғасын тұйық тігу,
Б. аппендэктомия және іш қуысына микроирригаторды қалдыру,
В. аппендэктомияны жасамау керек және құрсақ қабырғасын тұйықтап тігу,
Г. аппендэктомияны жасамау керек, бірақ резеңке түтікті дренажбен іш қуысын дренаждау және дәке тампонымен инфильтратты шектеу керек,
Д. аппендэктомияны жасап, іш қуысын резеңке –түтікті дренажбен және дәке тампонмен дренаждау.
85. Диафрагма астылық абсцесті оң жақтық төменгі бөліктік пневмониядан ажырататын негізгі белгілері.
кеуде клеткасының рентгеноскопиясына диафрагманың оң жақ күмбезінің қозғалысының шектелуі,
іш қуысының жалпы ренгенографиясында сұйықтық бауыр үстілік деңгейінде болуы,
плевра қуысының пункциясында ірің алу,
диафрагма астылық кеңістікті пункция жасағанда ірің алу,
кеуде клеткасының рентгеноскопиясында оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің қараюын анықтау.
Дұрысы: а)1,3,4; б)1,2,4; в)1,2,5; г) 2,3,4; д) 3,4,5.
86.Диафрагма астылық абсцестің клиникалық белгілері.
кеуде клеткасының оң жақ жартысы мен іштің жоғарғы бөлігінде тыныс алған кезде болатын ауырғандық,
төменгі қабырғалар тұсын қаққан кезде болатын ауырғандық,
гектикалық температура,
төменгі қабырға аралықтарының томпаюы,
бауырдың тынық шегінің шекарасының кеңеюі
Дұрысы: а) 1,2,3,4; б) 3,4,5; в) 1,2,3,5; г) 2,3,4; д) барлығы дұрыс
87. Егер науқаста аппендэктомия операциясынан 7 күннен кейін кіші жамбастың абсцесі дамыса, сіз не қолданасыз?
А. антибиотикпен емдеу,
Б. абсцесті төменгі-ортаңғы ену жолымен ашып, кіші жамбасты дренаждау,
В. абсцесті оң жақ мықын аймағында ашасыз,
Г. абсцесті тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы ашып, дренаждайсыз,
Д. абсцесті оң жақтық ішпердеден тыс ену жолымен ашасыз.
88.Науқаста, гангренозды аппендицит диагнозымен аппендэктомия операциясы жасалғаннан 2 күннен кейін мынадай белгілер пайда болды: ішек салы, қалтырау, оң жақ іштің жартысының ауырғандығы, бауыры үлкейген және сарғаю. Іш пердесінің тітіркену симптомы жоқ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
А. перитонит,
Б. көк ет астындағы іріңдік,
В. ішек аралық іріңдік,
Г. пилефлебит,
Д. бауыр астыық іріңдік
89. Жедел аппендициттің асқынуы, ішперде арты флегмонасы өскіннің қандай орналасуында дамиды?
А. бауыр астылық орналасуында,
Б. оң жақ мықын аймағының жергілікті перитонитінде,
В. құрт тәрізді өсіндінің ретроперитонеальды орналасуында,
Г. құрт тәрізді өсіндінің медиалы орналасуында,
Д. өсіндінің соқыр ішектен латеральды орналасуында.
90.Науқаста операциядан кейінгі 5-ші тәулікте /аппендэктомия/ тік ішекті зерттеуде кіші жамбас қуысында іріңдеу белгілері жоқ қабыну инфильтраты табылады. Емдеу шараларын таңда?
антибиотикотерапия,
іш өткізетін тұзды күніне 2 рет қабылдау,
ромашка дәрілермен жылы микроклизма тағайындау,
протеолитикалық ферменттерді парентеральды енгізу,
оперативті емдеу.
Дұрысы: а) 1,3,4; б) 2,3,4; в) 3,4; г) 1,5; д) 2,5
91. Диафрагма асты абсцесін келесі тәсілдермен ашады.
тороко-лапаротомия,
люмботомия,
екі этапты плевра арқылы ену,
Федоров бойынша оң жақ қабырға астылық лапаротомия,
Плеврадан тыс, іш пердеден тыс тәсілмен
Дұрысы: а) 1,2,3; б) 1,4,5; в) 2,3,5; г) 3,4,5; д) барлық жауап дұрыс.
92.Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы перитонитке тән емес?
А. тахикардия,
Б. тілдің құрғауы,
В. іш қабырғасының бұлшық етінің қатаюы және Щеткин-Блюмберг симптомының оң болуы
Г. іш перистальтикасының анықталмауы,
Д. Кулен-Компфа симптомы.
93. Аппендэктомиядан кейінгі дамыған диафрагма астылық абсцестің клиникалық белгілері.
демалу кезінде кеуде клеткасының оң жақ жартысындағы және құрсақтың жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну,
қан қақыру,
оң жақ төменгі қабырға аралықтағы ісіну,
асцит
гектикалық температура
Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в)1,3,4; г) 1,3,5; д) барлығы дұрыс
94. Аппендициттен болған перитонитті емдеу әдістері.
А. перитониттің көзін анықтап оны жою,
Б. антибактериальды терапия,
В. су-электролит бұзылыстарының коррекциясы,
Г. іш қуысының санациясы,
Д. барлық жауаптар дұрыс.
95.Жедел аппендициттің жиі кездесетін асқынулары.
аппендикулярлы инфильтрат
шарбы май қуысының іріңдігі,
пилефлебит,
Дугласов кеңістігінің іріңдігі,
Пиелонефрит
Дұрысы: а)1,2,3; б) 1,3,4; в) 2,4,5; г) 1,2,4; д) 2,3,5.
96.Науқаста, аппендикулярлы инфильтраттың 6-шы күні іріңдеу белгісі білінген, ену әдісін көрсет.
А. тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы,
Б. төменгі ортаңғы лапаротомия жүргізу,
В. Ленандер енуі,
Г. Волкович-Дьяконов тілуімен іш қуысын ашу,
Д. іш қуысын ашпай Пирогов-Бергман бойынша тілу.
97.Диафрагма астылық іріңдіктің рентгенологиялық белгілеріне мынадан басқа барлығы жатады.
А. диафрагманың жоғары тұруы,
Б. қосымша оң жақтық плеврит,
В. Курвуазье симптомы,
Г. бауыр мен диафрагма арасында көлденең деңгейінде сұйықтықтың қараюы,
Д. диафрагманың оң жақ күмбезінің экскурсиясының шектелуі.
98.Жедел аппендицитпен ауырған науқасқа қандай жағдайда аппендэктомия жасауға болмайды.
А. аппендикулярлы инфильтратта,
Б. анамнезінде миокард инфактісін көтерген,
В. жүктіліктің екінші жартысында,
Г. геморрагиялық диатезі бар науқастарға
Д. өңештің қатерлі ісігі.
99.Қандай жағдайда аппендикулярлы инфильтрат дамиды?
А. өсінді жамбас қуысында орналасқан, жедел деструктивті аппендицитте,
Б. өсінді медиальды орналасқан жедел деструктивті аппендицитте,
В. өсінді ретроперитонеальды орналасқан жедел деструктивті аппендицитте,
Г. барлық жауаптар дұрыс,
Д. барлық жауаптар қате.
100. Төмендегі науқастардың қайсысында созылмалы аппендицит бірінші реттік болады.
А. анамнезінде жедел аппендициттің бір ұстамасы болған науқаста,
Б. анамнезінде жедел аппендициттің бірде ұстамасы жоқ науқаста
В. анамнезінде жедел аппендициттің 2 ұстамасы болған науқаста
Г. анамнезінде жедел аппендициттің 3 ұстамасы болған науқаста
Д. анамнезінде жедел аппендициттің үштен көп ұстамасы болған науқаста
101. Мына науқастардың қайсысында созылмалы аппендицит қайталамалы емес?
А. анамнезінде жедел аппендициттің бір ұстамасы болғандарда,
Б. анамнезінде жедел аппендициттің ұстамасы болмағандарда,
В. анамнезінде жедел аппендициттің 2 ұстамасы болғандарда
Г. анамнезінде жедел аппендициттің 3 ұстамасы болғандарда,
Д. анамнезінде жедел аппендициттің үштен көп ұстамасы болғандарда.
102. Егер созылмалы аппендицит диагнозы қойылса, сіздің емдеу тактикаңыз.
А. жедел оперативті емдеу
Б. стационарда консервативті емдеу
В. операция жоспарлы түрде, операция алдында қосалқы ауруларына /асқазан ішек қабыну аурулары/ ем қолданбайақ
Г. асқазан және ішек қабыну ауруларын емдеп операцияға дейінгі дайындықтан кейін жоспарлы оперативтік емдеу
Д. поликлиникада консервативті емдеу.
103.Созылмалы аппендицитке мыналар тән.
субфебрильді температура,
қалыпты температура,
біркелкі лейкоцитоз,
зәр анализінің өзгерісі,
қан мен зәр анализдері қалыпты
Дұрысы: а) 2,5; б) 1,3,4; в) 2,3,4; г) 1,3; д) 1,5
104.Бірінші реттік созылмалы аппендицит диагнозын қоятын кезде қай ауруларды ескеру керек.
жара ауруы,
созылмалы холецистит,
әйелдің жыныс мүшелерінің ауруы,
өкпенің созылмалы абсцесі,
бүйрек тас ауруы.
Дұрысы: а) 1,3,5; б) барлығы дұрыс; в) 1,2,3,5; г) 2,3,4; д) 2,3,5.
№ 3-ші тақырып: «Асқазан және ұлтабар жара ауруы»
Жара ауруының жиілігін көрсетіңіз
1.1.Құрсақ қуысы мүшелерінің хирургиялық ауруларының ішінде:
а/ 3-5
б/ 10-12
в/ 15-20
г/ 35-40
д/ 45-50
1.2.Жасына байланысты:
а/ 20 жасқа дейін
б/ 20-40 жас арасында,
в/ 40-60 жас арасында,
г/ 60 жастан жоғары
1.3.Орналасуына қарай:
қарында 1) 25-35% 2)65-75%
ұлтабарда 3) 65-75% 4) 25-35%
Дұрысы: а) 1,3; б) 2,4; в) 1,4; г) 2,3
1.4.Жынысына байланысты кездесу жиілігі:
ерлерде: а) 1; б) 3; в) 4; г) 10
әйелдерде: 1, 1, 1, 1
2. Жара ауруының себептерін түсіндіретін теорияларды атаңыз, мынадан басқа:
2.1.а. тамырлық теория, /Вирхов 1852/
2.1.б. вегетативті-жүйке жүйесінің жиі ұзақ қозуы /Бергман, 1913/
2.1.в. механикалық теория /Ашофф, 1923/
2.1.г. қабыну теориясы /Конечный, 1925/
2.1.д. ұйқы безі ферменттерінің белсенділігінің жоғарлауы
2.2.а. Пептикалық теория /Келинг, Габерьер/
2.2.б. эндокриндік теория /Оппель, 1911/,
2.2.в. аллергиялық теория /Френкель/,
2.2.г. өттің ұлтабарда іркілуі және қарынға құйылуы
2.2.д. нервті-рефлекторлық теория /Рокитанский, 1841/
2.3.а. Атеросклероздық теория
2.3.б. ұлтабар қыртысында бактериялардың тұрақты өсуі
2.3.в. ми қыртысы – висцеральды теория /Быков, Курцин/
2.3.г. витаминдердің жетіспеушілігі
2.3.д. филогенетикалық теория
3.Жара ауруының дамуына себепші факторларды атаңыз. /агрессивті факторлар/ мынадан басқа.
а/ Тұз қышқылының, пепсиннің және гастриннің бөлінуінің жоғарлауы
б/ ваготония, гастродуоденальды дисматорика
в/ гиперхолестеринемия
г/ кілегей қабықтың зақымдануы
д/ тамақтану режимнің бұзылуы
4.Жара ауруының пайда болуына қарсы қорғаныс факторлары, мынадан басқа.
а/ гастродуоденальды кілегей қабықтың резистенттілігі /кілегей қабықтың қорғаныс тосқаулы, белсенді регенерация/
б/ жеткілікті қанмен қамтамасыз етілу
в/ гастродуоденальды қышқылды «тежеу», нервті-эндокринді реттеу
г/ шектен тыс нервтік шаршау, темекі тарту, алкоголизм,
д/ генетикалық фактор
5.Қарын жарасының патологоанатомиялық түрлерін атаңыз
5.1.а. қарапайым жәй жаралар,
5.1.б. созылмалы каллезды жаралар,
5.1.в. өлі еттенген жаралар
5.1.г. басқа мүшеге жабысқан жаралар,
5.1.д. қарын қалтқысын тарылтқан жаралар
5.2.а. Жараның малигнизациясы (қатерлі ісікке айналуы)
5.2.б. тесілген жаралар,
5.2.в. қансырағыш жаралар
5.2.г. флегмонозды жаралар,
5.2.д. қарынды «құм сағаты» түріне деформациялаушы жаралар.
6.Қарын жарасы ауруының белгілері.
а/ тамақ қабылдаумен байланысты қарындағы ауырғандық
б/ құсу, жүрек айну, қыжылдау,
в/ төбеттің төмендеуі, дене қызуының жоғарлауы
г/ қара түсті нәжіс немесе мелена
д/ содофагия
7.Ұлтабар жарасы ауруының белгілері.
а/ Крювелье үштігі /ауырғандық, құсу, қан кету/,
б/ аурудың маусымдылығы, түнгі мезгілде немесе ашыққан кезде ауырғандық,
в/ ахилия,
г/ Боас, Опенховскийдің оң мәнді белгілері
д/ тері жамылғысының сарғаюы.
8.Жара ауруын келесі аурулардан ажырату қажет.
8.1.а. жедел гастрит
8.1.б. жедел панкреатит
8.1.в. қарынның қатерлі ісігі, қарын полипозы
8.1.г. геморрой
8.1.д. жедел холецистит, өт тас ауруы
8.2.а. миокард инфарктісі,
8.2.б. жедел аппендицит,
8.2.в. іштің ақ сызығының жарығы
8.2.г. оң жақтық бүйрек шаншуы /коликасы/,
8.2.д. жатыр қосалқысының қабынуы
9.Асқазан жара ауруының асқынуларын ата.
9.1.а. тесілуі
9.1.б. жара ойылып басқа мүшеге жабысуы
9.1.в. механикалық сарғаю
9.1.г. қан кету
9.1.д. созылмалы асқазан жарасының қатерлі ісікке айналуы.
9.2.а. қалтқының тарылуы, «құм сағаты» немесе «ұлу» түріндегі қарын деформациясы
9.2.б. малигнизация,
9.2.в. бауыр циррозы, асцит,
9.2.г. қарын-тоқ ішек жыланкөзі
9.2.д. жарадан қан кетіп, қансырау
10.Асқазан ауруында диагнозды нақтылау үшін қажет қосымша инструментальды зерттеу әдістері.
10.1.а. қарынға жіңішке зонд енгізу
10.1.б. қарын құрамының микроскопиясы,
10.1.в. фиброгастроскопия, биопсия
10.1.г. лапароскопия,
10.1.д. қарын мен ұлтабардың рентгеноскопиясы.
10.2.а. целиакография,
10.2.б. гастрография
10.2.в. компьютерлік томография,
10.2.г. пневмоперитонеум,
10.2.д. эзофагогастродуоденоскопия.
11.Жара ауруының рентгенологиялық белгілері.
а/ ойық белгісі /Хаудек ойығы/
б/ қыртыстардың конвергенциясы,
в/ қарын тонусының жоғарлануы сегменттелуші перистальтика, ашқарында гиперсекторлық сұйықтықтың болуы
г/ «толу» белгісі, қарынның шектелген бөлігінде перистальтиканың болмауы
д/ «сұқ саусақ» белгісі
12.Жара ауруында оперативтік емдеуге абсолюттік көрсеткіштер, мынадан басқа.
12.1.а. жараның тесілуі
12.1.б. жараның қатерлі ісікке айналуы
12.1.в. қарынның пилорикалық бөлімінің тыртықтанып тарылуы:
а/ компенсацияланған
б/ субкомпенсацияланған сатысы
12.1.г. ұйқы безінің бас бөлігіне ойылып жабысқан каллезды жаралар,
12.1.д. қансырағыш жара:
а/ қайтадан профузды қан кету
б/ тоқталмаған қан кету
12.2.а. қарынның пилорикалық бөлімінің тыртықтанып тарылуы:
а/ декомпенсацияланған сатысы,
12.2.б. қансырағыш жара:
а/ консервативті еммен тоқтатылған
12.2.в. қарын тоқ-ішек жыланкөзі,
12.2.г. қарынды «құм сағаты» түріне деформациялаушы жаралар,
12.2. бауыр 12-елі ішек байламасына ойылып жабысқан каллезді жаралар
13.Жара ауруында оперативтік емдеуге салыстармалы көрсеткіштер, мынадан басқа:
а/ созылмалы каллезды жара кезіндегі консервативті емнің нәтижесіздігі,
б/ тұрақты күшті ауырғандық синдромымен жүретін жоғары қышқылдылықты көптеген жай жаралар
в/ үлкен көлемдегі жаралар,
г/ қарының пилорикалық бөлімінің тыртықтанып тарылуы
а/ компенсацияланған
б/ субкомпенсацияланған сатысы
д/ қансырағыш жара:
а/ қайтадан профузды қан кету
б/ тоқталмаған қан кету.
14. Жараның орналасуына байланысты ең тиімді операция түрлері:
І. қарынның кардиальды жаралары,
ІІ. қарын денесінің жаралары,
ІІІ. ІІ-ІІІ сатыдағы тарылуы бар қарынның пилорикалық бөлімінің жаралары.
ІV. ұлтабар жаралары.
қарынның 1/3 бөлігінің резекциясы
қарынның 2/3 бөлігінің резекциясы
қарынның ¾ бөлігінің резекциясы
субтотальды проксимальды қарын резекциясы
гастрэктомия
Браун анастозы арқылы гастроеюностомия
ваготомия: (бағаналық, проксимальды, селективті).
8. ваготомия және дренаждайтын операция пилоропластика (Гейнеке-Микулич, Финней, Жабуле бойынша).
Дұрысы: І-а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4; г) 5,6; д) 4,5
ІІ- а) 1,2; б) 2,3; в) 3,4; г) 4,5; д) 5,6
ІІІ-а) 1,2; б) 6,7; в) 3,4; г) 7,8; д) 6,8
ІV- а) 2,3; б) 6,7; в) 7,8; г) 6,8; д) 1,8.
15.Бильрот –ІІ әдісі бойынша қарын резекциясы техникасының элементтерінің реттілігін табыңыз.
қарынның мобилизациясы
көлденең тоқ ішектің шажырқайын тесіп ащы ішектің тұзақтарын өткізу
ащы ішектің мобилизациясы,
ұлтабарды кесу және оның бастапқы бөлігін тігу
қарын- ішек анастомозын қалыптастыру
қарын резекциясы
а) 1,2,3,4,5,6; б) 1,3,2,4,5,6; в) 1,3,2,4,6,5
16.Бильрот –ІІ әдісі бойынша қарын резекциясындағы операциядан кейінгі бастапқы (ерте) асқынулар, мынадан басқа.
а) анастомозит (қарын - ащы ішек жалғамасының қабынуы), ұлтабар шолағы тігісінің шамасыздығы,
б) гастроэнтероанастомоздан (қарын-ішектік) қан кету, үлкен шарбы май қан тамырларынан құрсақ ішіне қан кету,
в) қарынның пептикалық жарасы, әкелуші тұзақтың синдромы,
г) панкреатит,
д) ішектің түйілуі.
17.Гастрэктомия операциясынан кейінгі бастапқы (ерте) асқынулар:
пневмония,
көкет астылық іріңдік,
эзофагоеюноанстомоздың шамасыздығы, перитонит,
жараның қайталануы,
Демпинг синдромы.
Дұрысы: а) 1,2,4; б) 3,4,5; в) 1,2,3; г) 1,3,5; д) бәрі дұрыс.
18.Қарын мен ұлтабар жараларының тесілу белгілері, мынадан басқа.
18.1.а. эпигастральды аймақтағы қанжар сұққандай ауырғандық,
18.1.б. тез жүдеу,
18.1.в. құрсақ бұлшық еттерінің керілуі,
18.1.г. бауыр тынықтығының жойылуы (Спижарный белгісі),
18.1.д. Щеткин-Блюмберг белгісі.
18.2.а.Ішек перистальтикасының жойылуы, динамикалық ішек түйілуі,
18.2.б. алғашқы шок кезеңі, жалған сауығу кезеңі,
18.2.в. Курвуазье синдромы,
18.2.г. перитонит кезеңі,
18.2.д. жаралық анамнез, Мондор үштігі (18.1а + 18.1в+ 18.2д)
19.Жараның тесілу варианттары:
а) ашық, жабық құрсақ қуысына,
б) іш пердеден тыс шел қабатына тесілу
в) плевра қуысына тесілу,
г) шарбы май қуысына тесілу,
д) көлденең тоқ ішекке тесілу.
20.Тесілген жараның ажырату диагностикасы:
а) жедел панкреатит, жедел холецистит,
б) ұйқы безінің кистасы, өт қапшығының шемені,
в) базальды плевропневмония,
г) миокард инфарктісі,
д) механикалық ішектің түйілуі,
21.Диагноз: Қарынның тесілген жарасы. Сіздің тактикаңыз?
а) науқасқа жедел түрде операция жасау,
б) тұрақты аспирация үшін науқасқа қарын зондын қою және көп мөлшерде антибиотиктер тағайындау,
в) іш қуысының мүшелерін рентгенологиялық және қанды (лейкоцитоз) динамикалық зерттеу, науқасты бақылау.
22.Тесілген жара кезіндегі қарынның бірінші реттік резекциясына көрсетпелер, мынадан басқа:
а) науқастың салыстырмалы орташа хал-жағдайы,
б) тесілу ұзақтығы 5-6 сағаттан артық емес
в) қысқа жаралық анамнез, науқастың жасы (20-25) аралықтарда
г) айқын перитониттің болмауы,
д) ІІ-ІІІ сатылардағы қалтқының тарылуы, малигнизацияға күдіктену
23.Тесілген жара кезіндегі жараны тігуге көрсетпелер, мынадан басқа:
а) науқастың жас болуы /20-25 жас/ + жай жара,
б) науқастың егде жаста болуы /60-65 жастан жоғары/,
в) тесілу ұзақтығының 5-6 сағаттан артық болуы, диффузды сірілі – іріңді перитонит
г) анамнезінде – миокард инфарктісі, инсульт болған
д) науқастың жасы (35-55) + каллезды жара, 5-8 жыл, одан да ұзақ жаралық анамнез, перитонит белгілері жоқ.
24.Тарылусыз, тесілген қарынның пилорикалық бөлімінің жарасы кезіндегі жасалатын операциялар, мынадан басқа:
а) қарын қабырғасының екі қатар тігу және үлкен шарбы майымен жабыстыру.
б) Оппель-Поликарпов бойынша үлкен шарбы май мен тесікті тампонада жасап тігу.
в) қарын резекциясы,
г) тесік арқылы гастроэнтероанастомоз,
д) селективті ваготомиямен қоса антрумэктомия
25. ІІ-ІІІ сатыда тарылған ұлтабар буылтығының тесілген жарасы, сірілі перитонит.
а) қарын резекциясы
б) жараны алдын ала қиып алып пилоропластика + ваготомия
в) жараны тігу, ваготомия, гастроэнтероанастомоз
г) жараны үлкен шарбы май пластикасымен тігу, тіккен жерге марлядан тампон өткізу,
д) жараны тігу, абдоминальды диализ үшін жүйе /система/ салу.
26. Қарын резекциясынан кейінгі сіздің нұсқамаңыз
а) 1-2 тәулік бойына қарынға тұрақты зонд салу, 2-3 тәулік бойына парентеральды тамақтану
б) оксигенотерапия, қабыну асқынуларының алдын алу мақсатында антибиотиктерді қолдану
в) жүрек дәрілерін, ұйқы безіннің ингибиторларын тағайындау
г) тромбоэмболиялық асқынуларды бейарнамалы дәрілермен алдын алу,
д) мүмкін болатын тромбоэмболиялық асқынуларды арнамалы дәрілермен алдын алу
27. Қарын резекциясы жасалған науқасқа қандай кеңес берер едіңіз?
науқас өзін диетамен, режим мен шектемеу керек,
4-6 айға диета тағайындайсыз,
мүгедек тобын анықтау үшін науқасты ВТЭК-ке жібересіз,
науқасты 1 жылдан кейін санаторлық –курорттық ем алуға жібересіз,
науқасқа алкоголь қабылдауына, темекі тартуына тиым саласыз,
емді жалғастыру үшін науқасты терапиялық бөлімге көшіресіз
Дұрысы: а) 1,2,4,5; б) 2,4,5; в) 3,4,5,6; г) 1,3,4,5; д) бәрі дұрыс.
28. Қарын мен ұлтабардың қансырағыш жарасының негізгі белгілері.
28.1.а) қан аралас немесе кофе түстес құсық
28.1.б) эпигастральды аймақта өте қатты /өткір/ ауырғандықтың пайда болуы
28.1.в) мелена /көмір түсті нәжіс/,
28.1.г) жедел анемия /бас айналу, тері жамылғысының бозғылттануы, суық тер, коллапс, тахикардия, әлсіз тамыр соғысы, қан қысымының төмендеуі/,
28.1.д) қанда гемоглобиннің, гематокриттің төмендеуі,
28.2.а) құрсақ бұлшық етінің керілуі,
28.2.б) жаралық анамнез
28.2.в) Бергмен белгісі /эпигастральды аймақта ауырсынудың басылуы/
28.2.г) денеде қан жоғалту белгілерінің пайда болуы,
28.2.д) тік ішекті саусақпен зерттегенде қан араласқан нәжістің анықталуы.
29. Қарынның қансырағыш жарасының диагнозын нақтылау үшін қажетті қосымша тексеру әдістері
а) фиброгастродуоденоскопия, қарыннның рентгеноскопиясы
б) лапароскопия, бронхоскопия,
в) қанның жалпы анализі, гематокритті зерттеу
г) тік ішекті зерттеу
д) жасырын қанға, нәжісті зерттеу.
30. Қарын мен ұлтабардан қан кетудің ажырату диагнозы
30.1 а) бауыр циррозында өңештің варикозды кеңіген веналарынан қан кету
30.1 б) қан кетумен асқынған қарын рагі
30.1 в) ұйқы безінің кистасы
30.1 г) геморрогиялық гастрит
30.1 д) қарын полипінен қан кету
30.2 а) Меллори –Вейс ауруы
30.2 б) тоқ ішектен қан кету
30.2 в) бауыр рагі
30.2 г) жедел лейкоз
30.2 д) өкпе туберкулезі /каверна/
31. Диагноз. Қарынның қансырағыш жарасы, қан жоғалтудың 1-ІІ сатысы. Сіздің тактикаңыз
а) хирургилық бөлімшеде консервативті емдеу, бақылау ғана
б) гемостатиктерді тағайындап, қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдістерін қолдану, жоспарлы операция,
в) жедел операция
г) науқасқа поликлиника жағдайында консервативті ем тағайындап, үйіне жіберу,
д) науқасты терапиялық бөлімшеге жатқызып емін тағайындау.
32. Қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдістері.
а) жараны электрокоагуляциялау, лазерлік терапия жасау
б) жараны қабықша түзейтін заттармен /стабизол, лифозол/ толтыру,
в) жараның айналасына тамыр тарылтқыш дәрілерді /норадреналин 1:10/, тромб түзілуін күшейтетін дәрілерді /дицинон, викасол/ енгізу,
г) антикоагулянттарды /гепарин, фибринолизин, тромболитин/ жараның айналасына енгізу,
д) қансырап тұрған тамырды эндоваскулярлы пломбылау /протокрил/.
33.І. Гастро-дуоденальды қан кетуде науқасты бақылау бағдарламасына кіретіндер:
33.І. а) төсек режимі, дененің төменгі бөлігін және аяқты жоғары көтеріп орналастыру, АҚ, пульсті 30 мин сайын өлшеу, қуықтың үзіліссіз катетерленуі, -диурезді бақылау /несеп сағатына30 мл кем бөлінбеуі керек/, ішекті тазалау клизмасы-ішектен улануды болдырмау.
33. І. б) қан анализі, қан тобы, резус –фактор, Нв, гематокрит, мочевина, креатитин, электролиттер, қышқылдық-сілтілік жағдайды, айналымдағы қан көлемінің көрсеткіштерін анықтау /ОЦК/,
33.І. в) қарынға зонд қойып:
қан кетуді бақылау үшін жүйелі аспирация,
салқын физиологиялық ертіндісімен шаю – 0,5 л
қарынға адреналин 1:1000-20 мл енгізу /қажет жағдайда 20-30 минут сайын қайталау/,
аминокапрон қышқылы 5 % -250 мл, қарынға енгізу,
33.І. г) эпигастральды аймаққа мұз қойып қарынды жергілікті салқындату
33.І. д) - № 15 стол тағайындалады.
33. 2. Гастро-дуоденальды қан кетуде комплексті консервативті емдеу құрамына кіретіндер:
33.2.а) жоғалтқан қанның орнын толтыру: донар қанын 450,0-500,0 тамшылатып құю, эритроцитарлық массаны, фибриногенді, тромбоцитарлық массаны венаға енгізу
33.2.б) плазманы 250,0 сыздықтатып құю, 10% хлорлы кальцийдің 10 мл,
5 %-200 мл аминокапрон қышқылын, реополиглюкин 400,0, реомакродекс 400,0 полиглюкин-400,0 венаға, викасол –2,0 дицинон-2,0 бұлшық етке енгізу.
33.2.в) фибринолизин 20 мың бірлік + гепарин 10 мың бірлік вена ішіне,
33.2.г) параэнтеральды тамақтандыру, оксигенотерапия
33.2.д) Мейленграхт диетасы,
34. Диагноз: Тоқтатылмаған қан кету, қан кетудің қайта пайда болуы, қайталанған қан кету, коллапс. Сіздің тактикаңыз.
а) науқасты коллапстан шығару жұмыстарын жүргізу,
б) гемостатикалық дәрілерді енгізу және науқасты бақылау,
в) коллапспен күресу жұмыстарын жүргізуді бастау, гемостатикалық дәрілерді енгізу. Науқастың жағдайы жақсарса операцияға алу.
г) бірден қанды тамшылатып құйылудан бастау және науқасты операциялық бөлмеге жеткізу, операцияны бастау, реанимациялық жұмыстарды үзбей жалғастыру.
35. Операция үстінде-ұлтабар буылтығының артқы қабырғасында жаралы инфильтрат, қан кетудің ауыр сатысы. Сіздін тактикаңыз.
а. Б-ІІ қарын резекциясы, ұлтабар шолағын Юдин әдісімен “ұлу”-төрізді тігу,
б) жараны сына тәрізді кесіп, асқазан мен ұлтабарды жалғастыру,
в) ұлтабарды ашып қан ағушы тамырды және жараны тігу,
г) асқазанды қоректендіруші артериалды бағаналарды байлау,
д) ұлтабарды ашып, жараны айналдыра тігесіз, пилоропластика және бағаналық ваготомия.
36 Қалтқының тыртықталып тарылуының ІІ-ІІІ сатыларының белгілері, мынадан басқа
а) біршама дене салмағын жоғалту,
б) қарын перистальтикасының күшеюі, оң мәнді ішектің “шылпыл шуы” белгісі,
в) кенеттен ауырғандық және эпигастральды аймақта іш бұлшық еттерінің керілуі,
г) алдын-ала желінген тағамды құсу,
д) гипокалиемия, гипохлоремия, гипопротейнемия.
37. Диагноз. Қалтқының тыртықтанып тарылуы, ІІ-ІІІ сатылары. Науқасты қандай дәрілермен емдейсіз?
а) атропин, платифиллин, Но-шпа, папаверин,
б) прозерин, церукал, умбретит,
в) қарынды күнделікті кешкісін салқын сумен жуу,
г) венаға электролиттер, қан мен белокты заттарды, витаминдерді жіберу,
д) жеңіл қорытылатын тағамдар.
38. Каллезді асқазан жарасының ракқа айналуының ерте клиникалық белгілері, мынадан басқа:
а) қарын құрамының қышқылдылығының төмендеуі,
б) арықтау,
в) асцит,
г) үйреншікті қарын ауырғандығының өзгеруі,
д) дәм сезудің өзгеруі.
39. Жара ауруындағы қарын-тоқ ішек жыланкөзінің белгілері.
а) тоқтаусыз іш өту,
б) қан құсу,
в) нәжіс иісі бар кекірік,
г) нәжіс құрамында қорытылмаған тағамның болуы,
д) салмақты тез жоғалту.
40. Бильрот-ІІ қарын резекциясынан кейінгі кезеңде ерте кездесетін асқынулар:
а) әкелуші тұзақ синдромы, Демпинг синдромы,
б) ұлтабар шолағы тігісінің шамасыздығы, гастроэнтероанастомоздан қан кету,
в) анастомоздың пептикалық жарасы, жараның қайталануы,
г) қарыннан тамақ өту жылдамдылығының /эвакуация/ бұзылуы,
д) резекциядан кейінгі дистрофия
41. Ұлтабар жара ауруының асқынуларын көрсетіңіз
а) тесілу,
б) пенетрация,
в) малигнизация,
г) қан кету,
д) қалтқының тарылуы
42. Ұлтабар жара ауруында, операцияға қарсы көрсетпе:
а) ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздық және консервативті емнің нәтижесіздігі,
б) жарадан профузды қан кету,
в) қалтықының тарылуы,
г) гастродуоденоскопия кезінде ұлтабар буылтығында көптеген жәй жазық жаралардың болуы,
д) жара пенетрациясы.
43. Қарыннң кіші иінінің жарасы және бауыр циррозы бар науқасқа қандай операция жасайсыз.
а) жараны сына тәрізді кесіп, бағаналық ваготомия,
б) жараны сына тәрізді кесіп, селективті проксимальды ваготомия,
в) антрумэктомия,
г) Гофмейстер-Финстерер бойынша қарынның дистальды резекциясы,
д) пилоропластикамен, бағаналаық ваготомия.
44. Пилородуоденальды тарылуымен асқынған қарын жарасын емдеудің ең тиімді түрін таңдаңыз.
а) қарынның 2/3 бөлігінің резекциясы,
б) пилоропластикамен, бағаналық ваготомия,
в) дренаждаушы операциямен, селективті проксимальды ваготомия,
г) консервативті ем,
д) гастроэнтеростомия.
45.Науқас тамақтанғаннан кейін 2 сағатан соң пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырғандыққа, түнгі және «аш» уақыттағы ауырғандыққа шағымданады. Алғашқы диагнозы қандай болуы мүмкін?
а) қарын жарасы,
б) созылмалы холецистит,
в) созылмалы панкреатит,
г) ұлтабар жарасы,
д) созылмалы гастрит.
46.Селективті проксимальды ваготомия жасауға көрсетпелер, мынадан басқа.
а) қалтқы тарылмаған, бірақ тесілген дуоденальды жарада,
б) қарынның тесілген жарасының жедел операциясында,
в) дуоденальды және қарын жарасы бірігіп кездессе,
г) ұлтабардың қансыраған жарасында,
д) қалтқы тарылған ұлтабардың жарасында.
47.Кішкене мөлшерлі қарын жарасындағы тактикаңыз.
а) жараның жағдайын кезеңді (жылына 2 рет) рентгенологиялық бақылау, консервтивті ем,
б) егер үш айдың ішінде консервативті емде жараның эпителизациясы болмаса, оперативті ем,
в) қайтадан гастроскопия жасап, оның нәтижесіне байланысты ұзақ уақытты консервтивті ем,
г) жедел операция – қарын резекциясы
48. Қарын жарасындағы ең тиімді операция
а) қарын резекциясы,
б) антрум резекция,
в) селективті проксимальды ваготомия,
г) ваготомия және пилоропластика,
д) жараны кесіп алу.
49. Науқас әлсіздік, қайталамалы түнгі және «аш» уақыттағы эпигастральды аймақта ауырғандық шағымымен хирургия бөліміне түсті. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды, тахикардия. АҚ 90/70 сын.бағ. ОВҚ –3 см су бағ. Гематокрит 20%. Тексерген кезде қан ұйындысы араласқан құсық құсты. Гемостатикалық және инфузионды ем жүргізгеннен кейін гемодинамика тұрақтанды, бірақ бір сағаттан кейін қайтадан коллапс дамыды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?
а) Меллори-Вейс синдромы,
б) геморрагиялық гастрит,
в) ұлтабардың жара ауруы, жарадан қан кету,
г) өңештің варикозды кеңіген веналарынан қан кету,
д) жедел лейкоз.
50.Ұлтабардың тесілген жарасында оң жақ мықын аймағында пайда болатын бұлшық еттердің керілу себебін түсіндіріңіз.
а) жұлын-ми нервісі арқылы рефлекторлы байланыстар,
б) құрсақ қуысында ауаның жинақталуы,
в) қарынның қышқыл құрамының оң жақ қаптал сайға ағуы,
г) жайылма перитонит,
д) құрт тәрізді өсіндімен висцеро-висцеральды байланыстар
51. Ұлтабардың пептикалық жарасында операция көрсеткіші болып есептелінбейді.
а) перфорациялар,
б) көлемді қан кету,
в) қалтқының тарылуы,
г) консервативті емнің нәтижесіздігі,
д) ульцерогенді дәрілермен емдеу барысында пайда болған жаралар.
52. Қандай дәрінің ульцерогендік әсері жоқ.
а) бутадион,
б) салицилаттар,
в) кортикостероидтар,
г) дигиталис,
д) индометацин
53. Мейленграхт диетасын қолданудың теориялық негізі қандай?
қарынның кілегейін механикалық зақымдануынан қорғау
қарын сөлінің секрециясының тежелуі,
құнарлы тамақтануды қамтамасыз ету,
тікелей гемостатикалық әсер,
қарын перистальтикасын тежеу.
Дұрыс жауаптар тобын таңдаңыз: а) 1,2,5; б) 2,4; в) 1,2; г) 3,4,5; д) 1,2,3.
54. Қалтқының тарылуының ІІ дәрежесінің (субкомпенсация) клиникасы сипатталады:
қарынның тұрақты атониясы,
кезеңдік құсулар,
“шіріген жұмыртқа” иісті кекіру,
алдын да желінген тағамды құсу,
өңеш бойының қыжылдауы
Дұрыс жауаптар тобын таңдаңыз: а) 2,3,5; б) 1,3,4,5; в) 1,3,4; г) 3,4; д) 2,5.
55.Қарынның қансыраған жарасын хирургиялық емдеудің оптимальды әдісі болып табылады.
а) пилоропластика мен бағаналық ваготомия,
б) қарын резекциясы,
в) селективті проксимальды ваготомия,
г) сол жақ қарын артериясын байлау,
д) гастроэнтероанастомоз.
56. Қарынның перфоративті жарасына сезіктенгенде жасалатын негізгі диагностикалық әдіс.
а) барий қоспасымен қарынның рентгеноскопиясы,
б) құрсақ қуысының шолу рентгеноскопиясы,
в) жедел гастродуоденоскопия,
г) ангиография,
д) лапароскопия.
57. Ұйқы безіне жабысқан ұлтабар жарасының жиі кездесетін асқынуы.
а) малигнизация,
б) тесілу,
в) жедел панкреатит,
г) қарынның кардиальды бөлімінің тарылуы,
д) рефлюкс –эзофагит.
58. Қарынның перфоративті жарасы диагнозы қойылғанда төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы қолданылады.
а) жедел операция,
б) Тейлор әдісі бойынша емдеу,
в) консервативті ем нәтижесіздігінде операция жасау,
г) перитониттің белгілері өршігенде операция жасау,
д) іш қуысын лапароскопиялық дренаждау.
59. Науқаста қарын-ұлтабар қан кетуі болып жатқандығын, не тоқтағандығын анықтайтын әдістер.
қарын рентгеноскопиясы,
лапароскопия,
назогастральды зонд арқылы,
қан құрамындағы гемоглобин, эритроцит, гематокритті анықтау
гастродуоденоскопия
Дұрыс жауаптар тобын таңдаңыз: а) 1,2,3,4; б) 3,4,5; в) 1,2,3; г) 4,5; д) 3,5.
60. Ұлтабар жара ауруының қандай асқынуына ауырғандық жойылуы және нәжістің қараюы тән?
а) пилородуоденальды тарылу,
б) жараның тесілуі,
в) жараның малигнизациясы,
г) қан кету,
д) ұйқы безіне өтуі
61. Тесілген жара кезінде, науқас операциядан бас тартқан жағдайда жасалады:
қарынды салқын сумен жуу,
ұзақ назогастральды аспирация,
ішек стимуляциясы,
антибиотикотерапия,
инфузиялық терапия.
Дұрыс жауаптар тобын таңдаңыз: а) 2,3,4,5; б) 2,4,5; в) 3,4,5; г) 1,3,4,5; д) 3,5.
62. Қалтқының жара ауыруында декомпенсацияланған (ІІІ –сатысы) тыртықтанып тарылуы бар науқасты операцияға дайындаудың адекваттылығының критериелері.
диурез деңгейі,
айналымдағы қанның көрсеткіштері,
гемотокрит деңгейі,
қышқылдық сілтілік жағдай көрсеткіштері,
электролиттер көрсеткіштері
Дұрыс жауаптар тобын таңдаңыз: а) бәрі дұрыс, б) барлығы да дұрыс емес,
в) 2,3,4,5; г) 2,4,5; д) 3,5.
63.Жара нәтижесінде пайда болған пилородуоденальдық тарылудың компенсация сатысы немен сипатталады.
аш қарындағы “шылпыл шуы”белгісі
тоқтаусыз құсық
барийдің қарында 12 сағаттан артық кідіруі
гиповолемиялық жағдай
тез жүдеу
Дұрыс жауаптар тобын таңдаңыз: а) 1,2,3; б) 1,3,4; в) 1,4,5; г) барлығы дұрыс; д) барлығы да дұрыс емес.
64. 40 жастағы науқаста төрт сағат бұрын қарын жарасы тесілген, сірілі перитонит: Ең тиімді хирургиялық операция.
а) қарынның 2/3 бөлігінің классикалық резекциясы,
б) антрумэктомия,
в) бағаналық ваготомия және жараны тігу,
г) бағаналық ваготомия және пилоропластика,
д) гастроэктомия.
65.Ауру басталғаннан соң 1 тәуліктен кейін түскен ұлтабардың жабық тесілген жарасы бар 32 жастағы науқасқа қандай ем көрсетіледі.
а) жедел операция,
б) тек қана консервативті ем,
в) консервативті ем нәтижсіздігінде операция жасау,
г) Тейлор әдісімен емдеу,
д) құрсақ қуысын лапароскопиялық дренаждау
66. Төменде аталған белгілердің қайсысы ұлтабар жара ауыруының асқынуы-тесілуін сипаттайтын тән белгілер.
іштің "пышақ сұққандай" қатты ауырсынуы,
жиі, көп ретте құсу,
іш бұлшық еттерінің тақтай тәрізді қатаюы,
оң мәнді Щеткин-Блюмберг белгісі
перкуссияда бауыр тынықтығының болмауы
Дұрысы: а) 1,3,4,5; б) 1,2,5; в) 2,3,4,5; г) барлығы дұрыс; д) 1,3,5.
67. Төменде аталған белгілердің қайсысы асқазан жара ауыруының асқынуы – “жабық” тесілме жағдайына тән.
ішің "пышақ сұққандай" қатты ауырсынуы,
бастапқы ауырсынудың бәсеңдеуі
науқстың жалпы жағдайының жақсаруы
оң жақ қабырға асты бұлшық еттерінің керілуі
жайылмалы перитониттің белгілері
Дұрысы: а) 1,2,3,4; б) 1,2,3,5; в) 2,3,4,5; г) барлығы дұрыс; д) 1,3,4,5.
68. Төменде аталған белгілердің қайсысы асқазан-ұлтабар жарасының асқынуы-жедел қан кетуін сипаттайтын тән белгілер
әлсіздік,
бас айналу,
қан аралас немесе “кофе” тәріздес құсық,
Мелена –көмір түстес нәжіс
тері жамылғысының бозаруы
Дұрысы: а) 1,2; б) 3,4; в) 2,3; г) барлығы дұрыс; д) 4,5
69. Асқазан және ұлтабар жара ауыруының асқынуы - тесілуінде қай белгі іш қуысында ауаның болуын көрсетеді (оң мәнді).
а) Щеткин-Блюмберг белгісі
б) Раздольский белгісі
в) Спижарный белгісі
г) Элексир белгісі
д) Іш бұлшық еттерінің қорғаныстық белгісі.
70. Асқазанның тесілген жарасында іш қуысындағы ауа жалпы шолу рентгеноскопиясында көрінбесе, қандай зерттеу әдісімен анықтауға болады.
а) УДЗ,
б) компьютерлік томография,
в) ангиография
г) пневмогастрография
д) радиоизотопты зерттеу
71. Жара ауыруының асқынуы – тесілген жарада, қандай жағдайларда операциясыз емдеу әдісін қолдануға мәжбүрсіз.
ювенильды жараның тесілуінде,
ересек және кәрі жастағы адамдардың жараларының тесілуінде,
науқас операциядан бас тартқанда,
хирург болмаған жағдайда және науқасты тасымалдау мүмкіндігі болмағанда
науқастың жарасының тесілуінен басқа да ауыр қосалқы ауруларының болуында.
Дұрысы: а) 1,2,; б) 3,4; в) 2,3; г) 1,5; д) 4,5.
72. Жара ауруының тесілген жарасында радикальды операция (қарын резекциясы) жасауға қарсы көрсетпелер.
жайылмалы перитониттің белгілерінің бар болуында
жара ауыруы анамнезінің болмауында,
кәрі жастағы адамдардың жараларының тесілуінде,
науқаста ауыр қосалқы ауырулардың болуында,
жараның тесілгеніне 6 сағат өткеннен кейін.
Дұрысы: а) 1,2,3,4; б) 1,2,3,5; в) 2,3,4,5; г) барлығы дұрыс; д) 1,3,4,5.
73.Төменде аталғандардың қайсысы жедел гастродуоденальды қан кетудің ауыр дәрежесіне тән.
науқастың ауыр жалпы жағдайы
артериальды қан қысымының 80 мм сынап бағ. төмен түсуі,
тахикардия /120 соққы 1 мин жоғары/
эритроциттердің мөлшерінің 2,5х10 12/л төмендеуі
гематокриттің 25 % төмендеуі
Дұрысы: а) 1,2,3,4,; б) 1,2,3,5; в) 2,3,4,5; г) барлығы дұрыс; д) 1,2,4,5
Орналасуына байланысты көбінесе жара тесілуімен асқынады.
а) асқазанның кіші иінінің жарасы,
б) асқазанның үлкен иінінің жарасы,
в) асқазанның кардиальды бөлігінің жарасы,
г) асқазанның артқы қабырғасының жарасы,
д) 12-елі ішектің жарасы
Төменде аталғандардың қайсысы жара ауыруында оперативті емес емдерінің комплексіне кіреді.
Асқазанға тұрақты зондты 4-5 күн енгізу,
Төсек режимі,
Парентералды тамақтану
Антибиотиктер
Лазерлі терапияны қолдану.
Дұрысы: а) 1,2,3,4; б) 1,2,3,5; в) 2,3,4,5; г) барлығы дұрыс; д) 1,3,4,5.
№ 4- ші тақырып: «Өт –тас аурулары, жедел холецистит».
Қалыпты жағдайдағы өт қабының сыйымдылығы:
а. 10-20 мл,
б. 30-50 мл,
в. 50-100 мл,
г. 100-150 мл,
д. 150-200 мл.
2.Бауыр - 12-елі ішек байламалары жапырақшаларының арасында жалпы өт өзегінің орналасуы:
а. жалпы бауыр артериясының оң жағында,
б. жалпы бауыр артериясының сол жағында,
в. қақпа венасының артында,
г. жалпы бауыр артериясының алдында,
д. жалпы бауыр артериясының артында.
3.Тәулігіне өттің бауырдан бөлінуі:
а. 100-200 мл,
б. 250-500 мл,
в. 500-1000 мл,
г. 1000-1500 мл,
д. 1500-2000 мл
4.Өт қабы артериясы көбіне тармағы болып табылады:
а. меншікті бауыр артериясының,
б. қарын-12- елі ішек артериясының,
в. жалпы бауыр артериясының,
г. оң жақ бауыр артериясының,
д. сол жақ бауыр артериясының.
5.Жалпы өт өзегінің қалыпты жағдайдағы диаметрі:
а) 1- 2 мм,
б) 3-5 мм,
в) 5 – 7 мм,
г) 10-12 мм,
д) 12-15 мм.
6.Өт қабының атқаратын қызметі:
а. өт жасау, бөлу,
б. өтті сұйылту,
в. өт жинау,
г. гормональды,
д. иммунды.
7.Өт – тас ауруы келесі ауруларды тудыруы мүмкін, мынадан басқа:
а. жедел панкреатит,
б. механикалық сарғаю,
в. дуоденостаз,
г. ащы ішек түйілуі, бітелуі,
д. холангит.
8.Жедел холангитке тән клиникалық белгілері:
жоғарғы температура,
оң жақ қабырға астында ауырсыну,
сарғаю,
«белбеу» тәрізді құрсақтың жоғарғы бөлігінде ауырсыну,
тұрақсыз сұйық нәжіс.
Дұрысы: а/ 1,2,4; б/ 1,2,3; в/ 3,4,5; г/ 4,5; д/ 1,4,5.
9.Өт – тас ауруында болатын сарғаюда ауру адамға қажет :
жедел операция,
тек консервативті емдеу,
алғашқы 3-5 күнде зерттеу /тексеру/ және оперативті емдеу,
детоксикалық терапия,
құрсақ артериясына катетеризация,
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 3,4; в/ 4,5; г/ 1,5; д/ 1,4.
10.Бауырдан тыс өт жолдарындағы тастарды анықтау үшін қолдануға болады:
ультрадыбыстық сканирлеу,
көк тамыр ішілік холеграфия,
эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография (РПХГ),
пероральды холецистография,
құрсақ қуысының жалы рентгенографиясы.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 1,2,3; в/ 1,3,; г/ 3,4; д/ 2,4,5.
11.Курвуазье синдромы келесі ауруларға тән:
созылмалы калькулезды холецистит,
ұйқы безі басының ісігі,
жедел панкреатит,
үлкен дуоденальды емізік ісігі,
бауыр циррозы.
Дұрысы: а/ 1,2,5; б/ 3,5; в/ 2,5; г/ 2,3,5; д/ 2,4
12.Өт қабында тас түзілуіне әкелетін себептер:
инфекция,
өт қабында өттің тұрып қалуы,
зат алмасудың бұзылыстары,
өт қабындағы қабыну процестері,
жынысқа байланыстылығы,
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 1,2,3,5; в/ барлығы дұрыс, г/ 2,3,4,5; д/ 1,3,4,5.
13.Асқынбаған өт –тас ауруының диагностикасының оптимальды әдісі:
а. ретроградты панкреатохолангиография,
б. лапароскопия,
в. ультрасонография /УДЗ/,
г. трансбауырлық холангиография,
д. дуоденальды зондтау.
14.Холедохолитиаз фонында механикалық сарғаюға тән:
Курвуазье синдромы,
қандағы билирубиннің тікелей фракциясының өсуі,
сілтілік фосфатазаның жоғарылауы,
плазмадағы трансаминаза деңгейінің жедел жоғарлауы,
нәжісте стеркобилиннің болмауы.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 2,3,5; д/ 2,4,5.
15.Сарғаю және оның пайда болу, даму себептерін анықтау үшін жүргізіледі:
бауыр астылық кеңістіктің ретнгенографиясы,
инфузионды холецистохолангиография,
тері арқылы, бауыр арқылы холангиография,
эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография,
ультрасонография (УДЗ).
Дұрысы: а/ 1,2,4; б/ 2,3,5; в/ 2,4; г/3,4,5; д/ 3,4.
16.Жедел обтурациялық холангит клиникасына тән:
сарғаю,
қалтырау,
қандағы сілтілік фосфатазаның жоғарылауы,
қанда лейкоцитоз солға ығысумен бірге,
бауырдың ұлғаюы.
Дұрысы: а/ 1,2,3,5; б/ 1,2,3,4; в/ 1,2,4,5; г/ барлығы дұрыс; д/ барлығы дұрыс емес.
17.Интраоперациялық холангиография көрсеткіштері:
пальпация кезінде холедохта конкременттердің табылуы,
үлкен дуоденальды емізіктің тыртықталып тарылуына күдіктену,
операцияға дейін сарғаюдың болуы,
жалпы өт өзегінің диаметрінің ұлғаюы /10-20 мм/,
операция уақытындағы сарғаю
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 1,3,4; в/ 3,4; г/ 1,3,4,5; д/ барлығы дұрыс.
18.Механикалық сарғаю диагнозын қою және оның себептерін анықтау үшін көрсетілген зерттеулердің біреуі қажет емес:
а. бауырдың цитологиялық ферменттерін зерттеу,
б. инфузиондық холангиография,
в. лапароскопия,
г. ретроградтық панкреатохолангиография,
д. тері арқылы, бауыр арқылы холангиография жасау.
19.Холецистоэктомия операциясы өт қапшығында тас табылуының қандай жағдайында қолданылады?
а. барлық жағдайда,
б. аурудың жасырын түрде өтуінде,
в. аурудың клиникалық белгілері айқын көрінуінде және науқастың еңбекке қабілеттілігі төмен болған жағдайда,
г. 55 жастан асқан науқастарға,
д. 25 жасқа жетпегендерге.
20.Механикалық сарғаюдың ең ауыр асқынуын көрсетіңіз?
а. ішектердің сору қызметінің бұзылуы,
б. бауырдың белоксинтездеу қызметінің төмендеуі,
в. бауыр – бүйрек жетіспеушілігі,
г. өт қабының шемені,
д. қызметі тоқтаған өт қабы.
21.Өт-тас ауруын хирургиялық емдеудің қандай жағдайында холедохты ашу және аспапты тексеру қолданылады?
өт қапшығындағы ұсақ тастар,
операция кезіндегі сарғаю,
холедохтың кеңеюі,
холедохты басқанда білінетін тастар,
созылмалы панкреатит.
Дұрысы: а/ 1,2,4; б/ 2,4; в/ 4,5; г/ 3,4; д/ 2,3,4
22.Өт-тас ауруының қандай асқынуы жедел операцияны қажет етеді:
а. жайылған перитонит,
б. холедохтың тыртықты стриктурасы,
в. холедохолитиаз,
г. ішек-өт қабы жыланкөзі,
д. сарғаю.
23.Қандай жағдайда операция барысында жалпы өт өзегін ашу көрсетпесі белгіленеді?
өт жолының дискенезиясы кезінде,
іріңді холангит кезінде,
өт қабының жарылуы кезінде,
операция кезіндегі механикалық сарғаюда,
пальпация нәтижесінде холедохода тастың сезілуі кезінде.
Дұрысы: а/ 1,3,4; б/ 2,3,4; в/ 2,3,4,5; г/ 2,4,5; д/ барлығы дұрыс.
24.Холецистоэктомиядан кейінгі синдром немен байланысты болуы мүмкін?
жалпы өт өзегінің тыртықты тарылуы,
операция кезінде 12- елі ішектің үлкен емізікшесіндегі тастың диагностикаланбауы,
12- елі ішектің үлкен емізікшесінің тарылуы,
холедохта қайтадан тастың пайда болуы,
өт қабы өзегінің ұзын түбірінің /культя/ операция кезінде қалуы.
Дұрысы: а/ 2,3,5; б/ 1,2,4; в/ 3,4,5; г/ 2,3,4, д/ барлығы дұрыс.
25.Бауырдан тыс өт жолдарын операция кезінде зерттеу. Көрсетілген әдістердің қайсысы жатпайды.
а. холедох пальпациясы,
б. холангиоманометрия,
в. көк тамыр ішілік холеграфия,
г. холедохоскопия,
д. интраоперациялық холангиография.
26.Қайталамалы сарғаюды немен түсіндіруге болады?
а. холедохтың терминальды бөлімінде тастың тұрып қалуы,
б. холедох ісігі,
в. өт қабы өзегінде тастың болуы,
г. холедохта бұрындалы тастың болуы,
д. өт қапшығында көптеген тастың болуы.
27.Қалыпты жағдайда қан сары суының құрамындағы жалпы билирубин мөлшері:
/Ендрассик-Клеггорн-Гроф әдісі бойынша/
а. 1,5 – 2,5 мкмоль/л
б. 2,5 – 8,5 мкмоль/л
в. 8,5 – 20,5 мкмоль/л
г. 20,5 – 50,5 мкмоль/л
д. 5,5 – 25,5 мкмоль/л
28.Қай әдістерге негізделе отырып өт қабының концентрациялау қабілеті жөнінде айтуға болады?
а. холецистография,
б. холеграфия,
в. холангиография,
г. ретроградтық эндоскопиялық панкреатохолангиография,
д. лапароскопиялық холецистохолангиография.
29.Қызметі тоқтаған «отключенный» өт қабы туралы айтуға болады егер:
а. холеграфия кезінде өт өзектері контрасталады, ал өт қабы – жоқ,
б. холецистография кезінде гепатикохоледох контрасталады, ал өт қабы-жоқ,
в. холеграфия кезінде өт қабы контрасталады, ал өт өзектері –жоқ,
г. холецистография кезінде өт қабы контрасталады, ал өт өзектері –жоқ,
д. біріккен холецистохолангиография кезінде теріс нәтиже алынады.
30.Холестаз синдромының көріністері:
экскреторлық ферменттер активтілігінің жоғарылауы /сілтілі фосфатазалар, лейцинаминопептидазалар, 5-нуклеотидазалар, глютамилтраспептидазалар/,
индикаторлық ферменттердің активтілігінің жоғарылауы /аспартат-аминотрасферазалар, аланин-аминотрасферазалар, лактатдегидрогеназалар және оның изоферменттері 4 және 5 альдолозалар/,
гипербилирубинемия, оның тікелей фракцияларының жоғарылауы,
гипербилирубинемия, оның тікелей емес фракцияларының жоғарылауы,
гиперхолестеринемия, оның өт қышқылы құрамының жоғарылауы,
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 1,3,5; в/ 2,3,5; г/ 2,4; д/ 2,4,5.
31.Цитолиз синдромының көріністері:
1.экскреторлық ферменттер активтілігінің жоғарылауы /сілтілі фосфатазалар, лейцинаминопептидазалар, 5-нуклеотидазалар, глютамилтраспептидазалар/,
индикаторлық ферменттердің белсенділігінің жоғарылауы /аспартат-аминотрасферазалар, аланин-аминотрасферазалар, лактатдегидрогеназалар және оның 4-5 изоферменттері – альдолазалар /,
гипербилирубинемия, оның тіке фракциясының жоғарылауымен қатар,
гипербилирубинемия, оның тіке емес фракциясының жоғарылауымен қатар,
гиперхолестеринемия, өт қышқылдарының мөлшерінің жоғарылауы,
Дұрысы: а/ 1,3,2; б/ 1,3,5; в/ 2,3,5; г/ 2,4; д/ 2,4,5
32.Өт қабында тас болуына байланысты пайда болған бауыр шаншуының ұстамасында науқасқа қандай ем жүргізу керек:
а. жедел операция,
б. консервативті ем,
в. ұстаманы басқаннан кейін жедел операция,
г. антиферментті терапия,
д. лапароскопиялық холецистостомия.
33.Холедохолитиаздағы механикалық сарғаюға тән белгілер:
гипербилирубинемия,
лейкопения,
билирубинурия,
нәжістің стеркобилинге оң реакциясы,
қанда сілтілік фосфатазаның жоғары болуы.
Дұрысы: а/ 1,3,5; б/ 2,3,5; в/ 3,4,5; г/ бәрі дұрыс; д/ бәрі дұрыс емес.
34.Холедохолитиаздағы сарғаюға тән емес:
а. билирубинемия,
б. уробилинурия,
в. қанда сілтілік фосфатазаның жоғарылауы,
г. сарысулық аминотрансферазаның белсенділігінің қалыпты болуы,
д. нәжісте стеркобилиннің болмауы.
35.Өт-тас ауруына байланысты ұзақ сарғаю мен бауыр –бүйрек шамасыздығы құбылысы бар науқасты операцияға дайындау үшін жүргізу керек:
лапароскопиялық холецистостомия,
эндоскопиялық папиллотомия,
гепатохоледохты, тері және бауыр арқылы дренаждау,
гемосорбция,
эндоскопиялық папиллотомия және назобиллиарлы дренаждау.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 1,3,5; г/ 2,3,5; д/ бәрі дұрыс.
36.Созылмалы холециститті көбінесе қандай аурудан ажырату керек?
а. қарын рагі,
б. ұлтабардың жара ауруы,
в. созылмалы гастрит,
г. қарынның жара ауруы,
д. созылмалы панкреатит.
37.Қандай асқыну, өт қабындағы тастардың өт өзегіне ығысуына байланысты емес:
а. бауыр коликасы (шаншуы),
б. терінің сарғаюы,
в. іріңді холангит,
г. тарылтушы папиллит,
д. портальды гипертензия.
38.Өт – тас ауруының қандай асқынуы жедел операцияны керек етеді?
өт қабы өзегінің окклюзиясы,
холецистопанкреатит,
өт қабынан холедохқа тастардың миграциясы, өтуі,
механикалық сарғаю,
қайталамалы бауыр шаншуы.
Дұрысы: а/ 1,4,5; б/2,4; в/ 1,2,3,4; г/ бәрі дұрыс; д/ бәрі дұрыс емес.
39.Механикалық сарғаюды не тудырмауы мүмкін?
а. ұйқы безі басының қатерлі ісігі,
б. үлкен 12-елі ішек емізікшесінің ісігі,
в. созылмалы индуративті панкреатит,
г. өт қапшығы өзегінде тас болуы,
д. жалпы өт өзегінде тас болуы.
40.Қай жауап ең дұрыс? Холецистоэктомия кезінде интраоперациялық холангиография не үшін қолданылады?
а. Одди сфинктерінің тонусын зерттеуде,
б. жалпы өт өзегінің перистальтикасын зерттеуде,
в. бауыр ішілік өт жолы ретроградты толтыру үшін,
г. өзектерде тастарды диагностикалау,
д. холангитті анықтауда.
41.Іріңді /гангренозды/ холециститке тән белгілер:
ауырғандықтың азаюы,
оң жақ қабырға астындағы Щеткин-Блюмберг белгісі,
бауыр тұйықтығының болмауы,
тахикардия,
Бартомье-Михельсон белгісі.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3; в/ 2,3,4; г/ 1,2,4; д/ 3,4,5.
42.Жедел холециститтің асқынуына мынадан басқасының бәрі жатады:
а. өңеш веналарының варикозды кеңеюі,
б. механикалық сарғаю,
в. холангит,
г. бауыр асты абсцесі,
д. перитонит.
43.Науқаста гангренозды холецистит. Емдеу тактикасы?
а. жедел операция,
б. кейінге қалдырған операция,
в. консервативті ем,
г. консервативті ем нәтижесіздігінде операция жасау,
д. шешім қабылдау науқастың жасына байланысты.
44.Холецистоэктомияны мойнынан жасаудың артықшылығы неде?
өт қапшығын қансыз алып тастауға жағдай болады,
іріңді өттің холедохқа түсу жолы үзіледі,
өт қапшығынан холедохқа ұсақ тастардың өтуіне жол берілмейді,
холедохотомия жасамауға мүмкіндік береді,
интраоперациялық холангиография жасау қажетсіз болады.
Дұрысы: а/ 1,2,4; б/ 1,3,4; в/ 2,4,5; г/ 1,2,3; д/ 1,2,5.
45.Жедел холецистит ненің нәтижесінде дамуы мүмкін.
өт қапшығына инфекцияланған өттің түсуі,
өттің өт қапшығында тоқталуы /іркілісі/,
өт қапшығында тастың болуы,
өт қапшығы артериясының тромбозы,
дуодено-гастральды рефлюкс.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 1,2,3,4; в/ 2,4,5; г/ 3,4,5; д/ 4,5.
46.Флегмонозды холециститпен ауруханаға түскен науқаста соңғы 3 күнде қалтырау, сарғаю, гипертермия пайда болды. Перитонит белгісі жоқ. Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін?
а. үлкен 12- елі ішек емізікшесінің тарылуы,
б. өт қабының эмпиемасы,
в. пиелонефрит,
г. тесілме холецистит,
д. холангит.
47.Жедел холециститтің ең қолайлы емдеу әдісі.
а. консервативті,
б. динамикалық бақылау,
в. операция,
г. кең спектрлі әсер ететін антибиотиктерді эндолимфатикалық егу,
д. интенсивті консервативті терапия, нәтиже бермесе холецистэктомия.
48.Жедел холециститтің клиникалық белгілері біреуінен басқа.
а. Ортнер сиптомы,
б. Мондор сиптомы,
в. Кер симптомы,
г. Пекарский симптомы,
д. Георгиевский симптомы.
49.Өт- тас ауруының асқынулары, біреуінен басқа:
а. холангит,
б. екіншілік панкреатит,
в. бауыр циррозы,
г. механикалық сарғаю,
д. динамикалық ішек түйілуі.
50.Жедел холангитке келесі симптомдар тән:
тері жамылғысының сарғаюы,
іштің белбеу тәрізді айналып ауыруы,
оң қабырға астының ауруы,
температураның жоғарылауы, қалтырау,
қан мен кілегей аралас сұйық нәжіс.
Дұрысы: а/ 1,2,5; б/ 1,3,4; в/ 1,2,4; г/ 3,4,5; д/ 2,3,5
51.80 жастағы науқаста операция кезінде өтті перитонит өт қабының флегмонасы анықталды. Хирургтың тактикасы?
а. холедоходуоденостомия, іш қуысын дренаждау,
б. холецистоэктомия, санация, іш қуысын дренаждау,
в. Прибрам операциясы,
г. холецистодуоденостомия,
д. барлығы дұрыс.
52.Операция кезінде бауыр астылық кеңістікте іріңдеген тығыз инфильтрат анықталды,-абсцестің қабырғаларына өт қабы, бауыр, шарбы майы, асқазан, тоқ ішек. Хирургтың тактикасы қандай?
а. холецистоэктомия, холедох ревизиясы
б. холецистоэктомия, абсцесті ашу, іш қуысын дренаждау,
в. іш қуысындағы мүшелердің ревизиясы, құрсақ қабырғасына толық тігіс салу,
г. холецистостомия,
д. лапаростомия.
53.Біреуінен басқасының бәрін жедел холециститтегі ауырсынуды жою үшін қолданады:
а. новокаин,
б. баралгин,
в. морфий
г. анальгин,
д. но-шпа.
54.Жедел холангиттің клиникасына келесі белгілер тән:
гектикалық температура, қалтырау,
оң қабырға астының ауыруы,
іштің жоғарғы бөлігінің "белбеу тәрізді" айналып ауыруы,
тері жамылғысының сарғаюы,
диарея.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 1,2,4; в/ 1,4,5; г/ 2,3,4; д/ 1,3,5
55.Курвуазье симптомы қандай ауруға тән:
а. жедел панкреатит,
б. жедел ішек түйілу ауруы,
в. жедел холецистит,
г. жатыр қосалқысының жедел қабынуы,
д. 12-елі ішек дивертикуласы.
56.Жедел холециститтің дамуында қандай фактор бастауыш роль атқарады:
а. инфекция,
б. аллергия,
в. өт қабының мойны мен өзегінің таспен бітелуі,
г. өт қабы қабырғасының ишемиясы,
д. холедоханың өткізгіштігінің бұзылуы.
57.Жедел холециститте төменде аталған клиникалық белгілер оң мәнді.
Ортнер,
Кер,
Мюссе-Георгиевсикй,
Василенко,
Керте.
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 1,2,3,5; в/ 2,3,4,5; г/ барлығы, д/ 1,3,4,5.
58.Жедел холециститтің қандай түрі операцияға абсолюттік көрсетпе:
а. бауырлық шаншу, колика,
б. катаральды холецистит,
в. флегмонозды холецистит,
г. перитонитпен асқынған жедел холецистит,
д. ісікті панкреатитпен қосылған холецистит.
59.Жедел холециститте консервативті емдеу комплексіне төменде аталғандардың қайсысы кіреді.
спазмолитикалық препараттар,
анальгетиктер,
новокаинді блокада,
көп ионды ерітіндімен глюкозаны вена ішіне егу,
өт шығаруды жеделдететін дәрілер.
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 1,2,3,5; в/ 2,3,4,5; г/ барлығы дұрыс, д/ 1,3,4,5.
60.Орындалу мерзіміне байланысты жедел холециститте операция атаулары.
шұғыл,
жедел,
мәжбүрлі,
ерте,
жоспарлы.
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 1,2,3,5; в/ 2,3,4,5; г/ барлығы дұрыс, д/ 1,2,4,5.
61.Холедохолитиазаға төменде аталған симптомдардың қайсысы тән.
бауырлық шаншудың ұстамасы,
іште өткір ауырсыну пайда болғаннан 2-3 күннен кейін терінің сарғаюы,
холангит белгілерінің жиі дамуы,
көп ретте құсу,
іш бұлшық еттерінің қатаюы.
Дұрысы: 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 2,3,4; г/ барлығы дұрыс;
62.Ішек ішіне өт жолдарынан қан кетуді (гемобилия) қандай аурулар туғызады?
жалпы өт жолындағы тастар ауруы,
бауырдың қатерлі ісігінің ыдырауы,
бауырдың жабық жарақаты,
бауырдың альвеококкозы
Бадда-Киари синдромы.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 2,3,4; г/ барлығы дұрыс; д/ 1,3,5.
№ 5- ші тақырып: «Жедел панкреатит»
1.Ұйқы безінің анатомиялық орналасуы.
а. іш қуысында, бауырдың артында, омыртқа жотасының оң жағында,
б. іш қуысында, талақтың артында, омыртқа жотасының сол жағында,
в. іш пердесінен тыс, бауыр артында,
г. іш передсінен тыс, талақ артында,
д. іш пердесінен тыс, омыртқа жотасының алдында, қарынның артында.
2.Ұйқы безі мынадай бөліктерден тұрады.
а. басы, мойыны, денесі, құйрығы,
б. оң жақ бөлік, сол жақ бөлік,
в. басы, денесі, құйрығы,
г. басы, денесі, мойыны,
д. ұшы, денесі, құйрығы.
3.Ұйқы безінің өзектері қайсысы.
а. өт өзегі, Вирсунги өзегі,
б. өт өзегі, Санторини өзегі, Вирсунги өзегі,
в. Винслов өзегі, Санторини өзегі,
г. Вирсунги өзегі, Санторини өзегі,
д.Вирсунги өзегі, Санторини өзегі, Винслов өзегі.
4.Өт және ұйқы өзектерінің 12-елі ішекпен байланысы.
а. екі өзек ішекке бірге ашылады, жалпы ампула түзейді,
б. екі өзек 12 –елі ішек маңында қосылады, жалпы ампула түзілмейді,
в. жалпы өт және ұйқы безінің өзектері 12-елі ішекке бір-бірімен 3-4 мм қашықтықта ашылады.
г. жоғарыда көрсетілген жауаптардың қосындысы,
д. жоғарыда көрсетілген жауаптардың қосындысы + екі өзек те Фатеров емізікшесінен үлкен қашықтықта қосылады.
5.Ұйқы безінің қанмен қамтамасыз етілу көздері.
а. бауыр артериясы, жоғарғы шажырқай артериясы, талақ артериясы,
б. бауыр артериясы, сол жақ қарын артериясы, талақ артериясы,
в. бауыр артериясы, оң жақ қарын артериясы, жоғарғы шажырқай артериясы,
г. сол жақ бүйрек артериясы, жоғарғы шажырқай артериясы, талақ артериясы,
д. бауыр артериясы, сол жақ бүйрек артериясы, талақ артериясы, жоғары шажырқай артериясы.
6.Панкреатикалық сөл құрамына кіретін ферменттер.
а. амилаза, липаза, трипсин, пепсин,
б. амилаза, гастрин, пепсин, трипсин,
в. гастрин, пепсин, трипсин, липаза,
г. трипсин, липаза, амилаза,
д. липаза, амилаза, рибонуклеаза.
7.Вольгемут әдісі бойынша диастазаның қалыпты мөлшері.
а. зәрде – 16-64 бірлік, қанда – 1-2 бірлік,
б. -// – 1-3 -// -, -// 1-2 -//-
в. -//- 1-3 -//-, -//- 32-64 -//-
г. -// 64-25 -//-, -//- 64-18 -//-
д. -//- 16-64 -//- , -//- 8-32 -//.
8.Ұйқы безінен тәулігіне бөлінетін панкреатикалық сөл көлемі.
а. 200-300 мл
б. 8-10 л
в. 1000-12000 мл,
г. 1,5 – 2 л,
д. 4-5 л.
9.Жедел панкреатиттің патологоанатомиялық жіктелуі
а. 1.ұйқы безінің жедел ісігі,
2.геморрагиялық панкреатит,
3.іріңді панкреатит,
б. 1.ұйқы безінің ісінуі,
2.флегмонозды панкреатит,
3.гангренозды панкреатит
в.1. ұйқы безінің ісінуі,
2. флегмонозды панкреатит,
3. гангренозды панкреатит
4. шіріген панкреатит
г.1.ұйқы безінің ісінуі,
2.іріңді панкреатит
д.1.геморрагиялық панкреатит,
2.іріңді панкреатит,
3.шіріген панкреатит
10.Жедел панкреатитке әкелетін себептер.
а. химиялық заттармен, инфекциялық –токсикалық заттармен, алкогольмен улану, жүктілік,
б. аллергендер, жарақат, ішімдікті шектен тыс қабылдау,
в. артық мөлшерде тамақтану, ұйқы безінің қан айналысының бұзылуы, қарын және 12-елі ішек аурулары,
г. өт жолдарының аурулары, артық мөлшерде тамақтану, ішімдікті шектен тыс қабылдау,
д. жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
11.Жедел панкреатитке тән белгілер үштігі қандай?
а.1. қарындағы ауырғандық
2. құсық
3.іштің өтуі.
б.1. іштегі ауырғандық,
2. жиі кіші дәретке отыру,
3. іштің өтуі.
в.1. іштегі ауырғандық,
2. құсық,
3. іштің кебуі.
г.1. құсық,
2. жиі кіші дәретке отыру,
3. периодикалық қалтырау
д.1. құсық
2. іштің кебуі,
3. қара нәжіс.
12.Жедел панкреатитті қандай аурулардан ажыратамыз.
а. аппендицит, тағаммен улану, миокард инфарктісі, мезентериальды тамырлар тромбозы, ішектің механикалық түйілуі, қарынның тесілген жарасы, жедел холецистит.
б. аппендицит, тағаммен улану, миокард инфарктісі, мезентериальды тамырлар тромбозы, ішектің механикалық түйілуі, қарынның тесілген жарасы, жедел пиелонефрит,
в. аппендицит, холецистит, ішектің механикалық түйілуі, жедел қарын-ішектен қан кету,
г. холецистит, аппендицит, миокард инфарктісі, қарынның тесілген жарасы, жедел гломерулонефрит,
д. холецистит, қарын –ішектен қан кету, жедел гломерулонефрит, қарын мен 12-елі ішектің тесілген жарасы, миокард инфарктісі.
13.Диастазаның қан және зәрде артық мөлшерде болуы панкреатиттің деструктивті түріне тән бе?
а. иә,
б. жоқ,
в. міндетті емес,
14.Қандай ауру көп жағдайда жедел панкреатитпен қатар жүреді.
а. жедел аппендицит,
б. ұйқы безінің кистасы
в. жедел холецистит,
г. миокард инфарктісі,
д. гепатит.
15.Жедел панкреатит клиникасында қандай сатыларды ажыратады.
а.1.аурысыну,
2. динамикалық илеус,
3. перитонит сатысы
б.1. көп мөлшерде құсу,
2. іш пердеден тыс флегмона,
3. перитонит сатысы.
в.1. гипоинсуллинизм,
2. ауырсыну,
3. динамикалық илеус сатысы.
г.1. ауырғандық, шок,
2. іріңді бурсит,
3. перитонит сатысы
д.1. динамикалық илеус,
2. іріңді бурсит,
3. перитонит сатысы.
16.Жедел панкреатиттің қандай түрінде оперативті ем қолданылады.
а. ұйқы безінің жедел ісінуі,
б. ұйқы безінің жедел ісінуі, геморрагиялық панкреатит,
в. геморрагиялық панкреатит + іріңді панкреатит,
г. геморрагиялық панкреатит,
д. іріңді панкреатит.
17.Жедел панкреатитке қандай белгілер тән?
а. Воскресенский, Образцов, Михельсон-Бартомье белгісі,
б. Воскресенский, Керте, Мейо-Робсон, Грей-Тернер, Холстед, Грюнвальд белгісі,
в. Керте, Мейо-Робсон, Ровзинг, Ортнер белгісі,
г. Грей-Тернер, Грюнвальд, Мейо-Робсон, Пастернацкий белгісі,
д. Воскресенский,Мейо-Робсон, Ситковский, Грей-Тернер, Грюнвальд белгісі
18.Жедел панкреатит үшін қандай лабораториялық зерттеу нәтижелері сәйкес келеді.
а. нейтрофильді лейкоцитоз солға ығысқан, ЭТЖ жоғарылаған,
б. лейкопения, ЭТЖ жоғарылаған,
в. лейкоциттер қалыпты, ЭТЖ жоғарыламаған,
г. лейкопения, ЭТЖ жоғарыламаған,
д. лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарыламаған.
19.Жедел панкреатит кезінде қандай биохимиялық өзгерістер болады.
а. хлоридтер көлемі 20 ммоль/л (№ -100 ммоль/л) дейін төмендейді, гипокальциемия (№-2,5 ммоль/л), гиперкалиемия (№ -4,5 ммоль/л),
б. хлоридтер мөлшері жоғарғы, гипокальциемия, гипокалиемия,
в. хлоридтер көлемі 30 ммоль/л дейін төмендейді, гипокальциемия, гипокалиемия.
г. хлоридтер көлемі 30 ммоль/л дейін төмендейді, гиперкальциемия, гиперкалиемия,
д. хлоридтер көлемі жоғарлайды, гиперкальциемия, гиперкалиемия.
20.Жедел панкреатит кезінде қан құрамындағы кальций және белоктың қандай көрсеткіштері нашар болжам белгісі болып табылады.?
а. гипокальциемия, а- глобулиндердің төмендеуі (№-35 г/л), альбуминдердің (№-55 г/л) көбеюі,
б. гиперкальциемия, а- глобулиндердің көбеюі, альбуминдердің азаюы,
в. кальций мөлшері қалыпты, а- глобулин және альбумин көрсеткіштері қалыпта,
г. гипокальциемия, а- глобулиннің көбеюі, альбуминдердің төмендеуі,
д. гипокальциемия, белок құрамы қалыпты жағдайда.
21.Жедел панкреатитпен ауыратын науқастың қанында қант мөлшері қалай өзгеруі мүмкін?
а. қалыпты жағдайда,
б. тұрақты гипергликемия,
в. ауыспалы гипергликемия,
г. тұрақты гипогликемия,
д. ауыспалы гипогликемия
22.Жедел панкреатитте қандай рентгенологиялық өзгерістер болады?
а. көкет күмбезінің биік тұруі, ұлтабардың кебуі немесе «айналуы», паралитикалық ішектің түйілуі,
б. көкеттің оң жақ күмбезінің биік тұруы және оң жақ плевралды қуыста сұйықтықтың болуы, айқын дуоденоспазм,
в. құрсақ қуысы мүшелері жағынан және кеуде клеткасы жағынан өзгерістер жоқ,
г. көкеттің сол жақ күмбезінің биік тұруы, сол жақ плевралды қуыста сұйықтықтың болуы, көбінесе сұйықтықтың іш қуысына жиналуы, қарын және ұлтабардың кілегей қабығының ісіңкілігі, айқын білінген дуоденоспазм, паралитикалық илеус құбылыстары.
д. кеуде қуысы жағынан өзгерістер жоқ, іш қуысына сұйықтық жиналған, айқын білінген дуоденоспазм.
23.Жедел панкреатиттің қандай асқынуларын білесіз?
а. перитонит, іш пердеден тыс флегмона, қарын-ішектен қан кету, қатерлі ісікке айналу,
б. перитонит, іш пердеден тыс флегмона, іріңнің іш және кеуде қуысына ағуы, қарын-ішектік жыланкөздер, ұйқы безі кистасы,
в. перитонит, пиелонефрит, іш пердеден тыс флегмона,
г. перитонит, медиастенит, іш қуысының абсцестері,
д. ферментативті жедел холецистит, ішектің түйілуі, бауыр абсцессі.
24.Жедел панкреатитті ұйқы безінің кистасынан ажырату үшін, қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?
а. ЭРХПГ, торакоскопия, лапароскопия,
б. лапароскопия, УДЗ, ретроперитониалды пневмография, компьютерлік томография,
в. фиброгастроскопия, торакоскопия, лапароскопия,
г. қарын-ішек трактысының рентгеноскопиясы, УДЗ, кеуде клеткасының рентгеноскопиясы,
д. УДЗ, ЭРХПГ, лапароскопия.
25.Ұйқы безінің жедел ісінуінің ерте және көбінесе тұрақты белгілерін атаңыз?
а. іштің ауырғандығы, Мейо-Робсон белгісі,
б. іштің ауырғандығы, несеп пен қанда диастазаның жоғарлауы,
в. іштің ауырғандығы, Воскресенский белгісі,
г. несеп пен қанда диастазаның жоғарлауы, Воскресенский белгісі,
д. несеп пен қанда диастазаның жоғарлауы, Керте белгісі.
26.Шок пен коллапс жағдайы ұйқы безінің қандай ауруына тән?
а. ұйқы безінің жедел ісінуі,
б. ұйқы безінің кистасы,
в. геморрагиялық панкреатит,
г. ұйқы безінің қатерлі ісігі,
д. созылмалы панкреатит.
27.Жедел панкреатит пен жедел холециститтің жалпы белгілері қандай?
а. іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, дене қызуының көтерілуі, Мюссе-Георгиевский белгісінің оң мәнді болуы,
б. оң жақ қабырға астында ауырғандық, Ортнер белгісі, терінің сарғаюы,
в. іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, дене қызуының көтерілуі, сарғаюы,
г. сарғаю, дене қызуының көтерілуі, гипергликемия, глюкозурия,
д. сол жақ қабырға астында ауырғандық, Мейо-Робсон белгісі, гипергликемия, глюкозурия.
28.Жедел панкреатиттің тесілген жарадан ерекшелігі?
а. коллапс, құсу сирек жағдайда, көкеттің оң жақ күмбезі астында рентгенологиялық ауаның анықталуы, көкеттің сол жақ күмбезінің биік тұруы,
б. анамнезінде жара ауруына тән ауырғандықтың болуы, науқастың мәжбүр қалпы, құсу сирек, перкуторлы-тимпандық дыбыстың бауыр үстінен естілуі, рентгенологиялық –көкеттің оң жақ күмбезінің астында ауаның анықталуы, аурудың бастамасында брадикардия.
в. коллапс, тахикардия, іш кебу,
г. коллапс, тақтай тәрізді құрсақ, брадикардия, рентгенологиялық сол жақ плевральды қуыста сұйықтықтың анықталуы,
д. мәжбүр қалып-қозғалыссыз, іштің кебуі, бауыр үстінде перкуссияда тимпандық дыбыстың естілуі.
29.Жедел панкреатит пен ішектің механикалық түйілуіне ортақ белгілер.
а. іштегі ауырғандық, нәжісті құсу, Валь белгісі, науқастың мазасыздануы,
б. іштің ауырғандығы, желмен нәжістің кідіруі, кейде сифонды клизмадан кейін де байқалады. Клойбер тостағаншаларының болуы,
в. іштің ауырғандығы, айқын метеоризм, науқастың мазасыздануы,
г. іштің тұрақты ауруы, айқын метеоризм, несеп пен қанда диастазаның мөлшерінің жоғарылауы,
д. іштің толғақ тәрізді ауыруы, жиі құсу, айқын метеоризм, Клойбер тостағаншаларының болуы.
30.Механикалық ішек түйілуінің жедел панкератиттен айырмашылық ерекшелігі қандай?
а. толғақ тәрізді ауырғандық, пайда болуында кезеңділіктің байқалуы, нәжісті құсық болуы мүмкін, Валь белгісі, рентгенограммада Клойбер тостағаншаларының болуы, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің қалыпты болуы,
б. іштің кебуі, іште желдің кідіруі, бірнеше рет құсу, оң мәнді Скляров белгісі, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарлауы,
в. ішінің ауруы, жиі құсу, Валь белгісі, Клойбер тостағаншаларының болуы жалпы шолу рентгенограммада, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарлауы,
г. нәжіс пен газдың кідіруі, нәжісті құсық, іштегі ауырғандық паранефральды новокаин блокадасынан кейін де басылмайды, науқастың мазасыздануы,
д. жиі құсу, газ бен нәжістің кідіруі сифондық клизманы қолданғаннан кейін қояды, оң мәнді Валь белгісі, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғары болуы.
31.Жедел холециститтің жедел панкреатиттен қандай айырмашылық ерекшеліктері бар.
а. сарғаю, тұрақты белдеме тәрізді ауырғандық Ортнер, Мейо-Робсон белгілерінің оң мәнді болуы, бұлшық ет кернеуі,
б. оң жақ қабырға астында ауырғандық, Ортнер, Мюссе-Георгиевский белгілерінің оң мәнді болуы, бұлшық ет кернеуі және оң жақ қабырға астында ауырғандық,
в. сол жақ жауырында, арқаға берілетін төс астындағы ауырғандық, дене қызуының көтерілуі, сарғаю, Ортнер, Мейо-Робсон, Керте белгілерінің оң мәнді болуы,
г. оң жақ қабырға астында ауырғандық, ол оң жақ жауырынға, иыққа беріледі, қызудың көтерілуі, Ортнер, Мейо-Робсон, Керте белгілерінің оң мәнді болуы, қан мен несепте диастаза мөлшерінің көбеюі,
д. оң жақ қабырға астындағы ауырғандық, жиі құсу, Ортнер, Воскресенский, Грей-Тернер белгілерінің оң мәнді болуы.
32.Жедел панкреатит пен қарынның тесілген жарасының арасында қандай ортақ белгілері бар?
а. іштің жоғары бөлігінде жедел ауырғандық, кейде шок, коллапс құбылыстары байқалуы мүмкін,
б. іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, «тақтай тәрізді» құрсақ, пульстің сирексуі,
в. коллапс пен шоктың дамуы, көкеттің оң жақ күмбезінің астында ауаның болуы,
г. іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, төсектегі қозғалыссыз мәжбүр қалып, Мейо-Робсон оң белгісі,
д. іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, Воскресенский, Мейо-Робсон, Керте белгілерінің оң болуы.
33.Мезентериальды тамырлар тромбозы мен жедел панкреатитке тән қандай ортақ белгілер?
а. іштің қатты ауыруы, қайта-қайта құсу, қан араласқан нәжіс,
б. іштің қатты ауыруы, нәжіс пен желдің кідіруі, несеп пен қанда диастазаның мөлшерінің көбеюі,
в. іштің жоғарғы бөлігінде белдеме тәрізді ауырғандық, қайта-қайта құсу, Воскресенский оң белгісі,
г. жедел басталу, іштің қатты ауыруы, көбінесе естен тану жағдайының болуы, метеоризм,
д. іштегі ауырғандық болуы, метеоризм, қан араласқан нәжіс, Керте оң белгісі.
34.Тамақтық токсикоинфекциясының жедел панкреатиттен қандай ерекше айырмашылығы бар.
а. толғақ тәрізді ауырғандық, қайта-қайта құсу, Воскресенский оң белгісі,
б. анамнезінде-сапасыз тамақты қабылдау, ешқайда берілмейтін толғақ тәрізді ауырғандық, құсқанда жағдайы жеңілдейді, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарыламауы, жиі іш өту,
в. тұрақты ауырғандық, сол жақ жауырынға, арқаға ауырғандықтың берілуі, құсқанда жағдайы жеңілдейді, Керте оң белгісі,
г. толғақ тәрізді ауырғандық, құсқанда жағдайы жеңілдейді, метеоризм, нәжіс пен газдың кідіруі,
д. толғақ тәрізді ауырғандық, қан араласқан құсық, метеоризм, іш өту.
35.Миокард инфарктісі мен жедел панкреатиттің клиникалық белгілерінің ұқсастығы.
а. төс шеміршегі астында қатты ауырғандық, іш кебу, газ бен нәжістің кідіруі,
б. іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауырғандық, қайта-қайта құсу, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарылауы,
в. төс шеміршегі астында қатты ауырғандық, шок немесе коллапс, ЭКГ-да өзгерістер,
г. төс шеміршегі астында ауырғандық, диастазаның жоғарылауы, төсекте мәжбүр жағдай,
д. төс шеміршегі астында қатты ауырғандық, ЭКГ-да өзгерістер, Керте оң белгісі.
36.Мезентериалды тамырлар тромбозының жедел панкреатиттен қандай ерекше айырмашылық белгілері бар?
а. көбінесе жүрек-тамыр ауруларымен қатар дамиды, іштің орта бөлігінде ауырғандық, құсықтың болмауы, қан араласқан нәжіс, аурудың бастамасында кенеттен ауырғандық, құрсақ қабырғасының тартылуы жоқ,
б. кенеттен белдеме тәрізді ауырғандық, Мейо-Робсон, Воскресенский белгілерінің оң болуы, несеп пен қанда диастаз мөлшерінің жоғарылауы,
в. іштің орта бөлігінде ауырғандық көбінесе коллапс, жиі қан аралсақан нәжіс, құсық жоқ, несепте диастазаның жоғарылауы
г. іштің орта бөлігінде ауырғандық, жиі қан араласқан нәжіс, перитонит құбылысы, Керте оң белгісі,
д. белдеме тәрізді ауырғандық, құсық жоқ, қан араласқан нәжіс, Мейо-Робсон оң белгісі.
37.Геморрагиялық панкреатитте лапаротомия және лапароскопия жасағанда не табасыз?
а. ірің, өт, серозды сұйықтық,
б. өт, геморрагиялық экссудат,
в. ірің, геморрагиялық экссудат,
г. қан және өт,
д. геморрагиялық экссудат, стеариндік дақтар (Грюнвальд белгісі)
38.Панкреатиттің түрлерінің пайыздық ара қатынасы қандай?
а. ұйқы безінің ісінуі - 78 %
геморрагиялық панкреатит – 2 %
іріңді панкреатит - 20 %
б. . ұйқы безінің ісінуі -20 %
геморрагиялық панкреатит – 25 %
іріңді панкреатит - 25 %
в. ұйқы безінің ісінуі - 10 %
геморрагиялық панкреатит – 60%
іріңді панкреатит - 30 %
г. ұйқы безінің ісінуі - 78 %
геморрагиялық панкреатит – 12 %
іріңді панкреатит - 10 %
д. ұйқы безінің ісінуі - 60 %
геморрагиялық панкреатит – 20%
іріңді панкреатит - 20 %
39.Миокард инфарктісінің жедел панкреатиттен қандай ерекше айырмашылық белгілері бар?
а. анамнезінде – стенокардияның болуы, іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарылауы,
б. төс шеміршегі артында қатты ауырғандық, ЭКГ-да өзгерістер, ауру кейде коллапс немесе шокпен қатар жүреді,
в. төс шеміршегі артында қатты ауырғандық, ЭКГ-да өзгерістер, науқастың мәжбүр қалпы, коллапс немесе шок,
г. анамнезінде –стенокардияның, инфаркт алдындағы жағдайының болуы ауырғандықты морфинмен басу, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарыламауы,
д. анамнезінде –стенокардияның, инфаркт алдындағы жағдайының болуы, ЭКГ-да өзгерістер, коллапс немесе шок.
40.Ауруханаға 35 жастағы ер адам келесі шағымдармен түсті: көп ретте тоқталмайтын құсу, кенеттен белдеме тәрізді құрсақтың жоғарғы бөлігінде ауырғандық. Ауырғандық арақ ішкеннен кейін пайда болған. Науқастың пульсі-120 соққы 1 мин., Артериалдық қан қысымы 90/60 мм. С.б. Пальпацияда құрсақтың жоғарғы бөлігінде ауырғандық, перкуссияда – іш қуысында сұйықтың аускультацияда – ішек перистальтикасы өте нашар. Науқасқа қандай алғашқы диагноз қоясыз?
а. асқазанның тесілген жарасы, перитонит,
б. жедел ішек түйілу,
в. мезентериальды тамырлар тромбозы,
г. асқазан –ішектен қан кету,
д. жедел геморрагиялық панкреатит.
41.Қандай емдеу тәсілдерімен ұйқы безінің секреторлық қызметін басуға және энзиматикалық белсенділігін тежеуге болады.
а. үлкен көлемде сұйықтық енгізу,
б. викасолды пероральды енгізу,
в. сакроспиналды блокада,
г. антиферменттерді енгізу,
д. но-шпаны көп мөлшерде енгізу.
42.Науқаста жедел панкреатит фонында ішектің салдануы дамыды. Сіздің тактикаңыз?
а. оперативті емдеу,
б. науқасты динамикалық бақылау, зәрдің диастазасын қадағалау,
в. интенсивті консервативті емдеу,
г. лапароскопия,
д. қанды амилазаға зерттеу.
43.Қандай ауруда қандағы амилазаның құрамы жоғарылайды.
а. асқазанның перфоративті жарасында,
б. бауыр шамасыздығында,
в. нефритте,
г. панкреатитте,
д. ішек өткізгіштігінің бұзылысында.
44.Қандай аурулар жедел панкреатиттің дамуына әкелуі мүмкін?
а. дуоденостаз,
б. гастродуоденит,
в. асқазанның, ұлтабардың пенетрациялаушы жаралары,
г. бауырдың және ұйқы безінің жарақаттары,
д. жоғарыдағы аталған барлық аурулар.
45.Егер жедел панкреатиті бар науқастарда жалпы жағдайы жақсармай, зәрдегі диастаза тез азайса, қандай болжам жасауға болады.
а. жақсы болжамдық белгісі,
б. өте жақсы болжам,
в. ауру ағымының жаман көрсеткіші,
г. науқас жазылып келеді,
д. барлығы дұрыс.
46.Қандай механикалық факторлар панкреатиттің дамуына әкеледі, мынадан басқа:
а. сақина тәрізді ұйқы безі,
б. ұлтабардың стеноздаушы ісіктері,
в. дуоденалды жолдың тыртықты тарылуы және жоғарғы шажырқай тамырларымен басылуы.
г. дуоденостаз,
д. Трейц байламасының жарығы.
47.Қандай оперативті емдеуде панкреатиттің ауыр түрлері байқалмайды.
а. асқазанға,
б. өт қабына және жалпы өт жолдарына,
в. ұлтабарға,
г. Фатер емізігіне,
д. құрт тәрізді өсіндіге
48.Жедел панкреатиттің қандай түрінде іш қуысында «стеаринді дақтар» жиірек пайда болады.
а. ісінулік,
б. геморрагиялық,
в. майлы,
г. іріңді панкреонекроз,
д. холецистопанкреатит.
49.Жедел панкреатиттегі Воскресенский белгісі нені сипаттайды.
а. күшті морфинмен басылатын ауырсыну,
б. эпигастриидегі ұстама тәрізді ауырсыну,
в. диастазурия,
г. кіндіктен жоғары аорта пульсациясының болмауы,
д. «қанжар» сұққандай ауырсыну.
50.Төменгі себептердің қайсысы жиі жедел панкреатиттің дамуына әкеледі.
1. өт – тас ауруы,
2. инфекция,
3. аллергия,
4. алкоголизм,
5. жарақат
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 2,3,4; г/ 1,4,5; д/ 1,3,5.
51.Вальгемут әдісі бойынша қан диастазасының қандай деңгейі жедел панкреатит үшін тән:
а. 32 бірлік
б. 64 бірлік,
в. 128 бірлік,
г. 256 бірлік,
д. 512 бірлік.
52.Төменгі белгілердің қайсысы жедел панкреатитке тән:
1.Керте,
2. Элекер (іштегі ауырғандықтың оң иыққа берілуі),
3. Воскресенский
4. Мейо-Робсон,
5. Грей-Тернер
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 1,2,4,5; в/ 2,3,4,5; г/ 1,3,4,5; д/ барлығы дұрыс
53.Жедел панкреатитте ауырсыну түрі қандай болады?
а. «қанжар» – сұққандай,
б. өткір жарып ауырсыну,
в. ұстама тәрізді,
г. сыздап, таралмайтын ауырсыну,
д. өткір тесіп ауырсыну
54.Жедел панкреатиттің қандай морфологиялық түрлері болады.
ісінулік,
геморрагиялық некроз,
кистозды,
майлы некроз,
іріңді.
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 1,2,3,5; в/ 2,3,4,5; г/ 1,2,4,5; д/ 1,3,4,5
55.Төменгі белгілерін қайсысы, жедел панкреатиттегі белсенді ұйқы безі ферменттерінің тері асты май шеліне әсерін көрсетеді.
Воскресенский,
Керте,
Мейо-Робсон
Грей –Тернер.
Куллена
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 3,4; в/ 2,3; г/ барлығы дұрыс; д/ 4,5
56.Науқаста геморрагиялық панкреонекроз. Емдеу тактикаңыз.
жедел лапаротомия,
құрсақ қуысына лапароскопия арқылы дренаж түтікшелерін қою,
құрсақ аортасына катетер қойып, дәрілерді енгізу,
тері-бауыр арқылы жалпы өт жолын дренаждау,
көп мөлшерде тамыр-ішілік дәрілерді енгізу
Дұрысы: а/ 1,3,5; б/ 2,3,5; в/ 2,3,4; г/ 1,3,4; д/ 2,4,5.
57.Панкреонекроздың клиникалық белгілері, мынадан басқа:
а. іштің жоғарғы бөлігінде белдеме тәрізді ауырғандық,
б. тоқтаусыз құсу,
в. пневмоперитонеум,
г. шок, коллапс,
д. өте жиі жүрек соққысы.
58.Жедел панкреатиттің асқынулары, мынадан басқа.
а. шарбы май қуысының іріңдігі,
б. жедел бауыр-бүйрек шамасыздығы,
в. ұйқы безінің кистасы,
г. ішек инфарктісі,
д. перитонит.
59.Жедел панкреатитте ауырғандықты басу үшін қолданады, мынадан басқа:
а. вагосимпатикалық блокада,
б. перидуральдық анестезия,
в. паранефральдық блокада,
г. бауырдың дөңгелек байламасы арқылы блокада (тосқауыл),
д. морфинді енгізу.
60.Жедел панкреатитті емдеуде қолданылмайды.
а. асқазанға зонд қойып құрамын тұрақты аспирациялау,
б. спазмолитиктер ( но-шпа, баралгин, спазмолгон т.б.),
в. морфин,
г. ұйқы безі ферменттерінің белсенділігін басатын дәрілер (контрикал, гордокс, тразилол т.б.),
д. қанның ұю қасиетін жоғарылататын дәрілер (кальций, дицинон, викасол т.б.)
61.Жедел геморрагиялық панкреатит диагнозын нақтылау үшін қандай қосымша зерттеулерді жүргізесіз?
іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы
лапароскопия
ангиография
гастродуоденоскопия
несепті амилазаға зерттеу
Дұрысы; а/ 1,3,4,5; б/ 2,3,4,5; в/ 2,3,5; г/ 1,2,5; д/ бәрі дұрыс
62.Жедел геморрагиялық панкреатитпен ауыратын науқастың қандай лапароскопиялық белгілері неғұрлым дәлірек?
1. ұйқы безіндегі геморрагиялық ісік,
2.іш қуысында қан,
іріңді экссудат,
стеатонекроз табақшалары,
іш пердеге фибриннің жинақталуы
Дұрысы: а/ 1,4; б/ 2, в/ 1,3,5; г/ 3,5; д/ 1,2
63.Науқаста майлы панкреонекроз анықталды. Сіздің тәсіліңіз?
а. лапаротомия, іш қуысын дренаждау,
б. инфузиондық терапия, антиферменттік және цитостатикалық дәрі-дәрмектер,
в. лапароскопия, іш қуысын дренаждау,
г. ұйқы безінің дистальды бөлігін резекциялау,
д. лапаротомия, без капсуласын тілу.
64.Жедел панкреатит кезінде лапароскопиялық дренаждауға көрсеткіш.
стеатонекроздың бір ғана ошағы болған жағдайда,
іш қуысында 200 мл –ден көп емес сұйықтық болған жағдайда,
перитонит белгілерінің үдеуі,
панкреонекроздың іріңді асқынулары,
сол жақ плевралық қуыста серозды сұйықтың пайда болуы
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 1,2,5; в/ 3,4; г/ 1,2; д/ бәрі дұрыс
65.Жедел панкреатитті ажырату диагностикасында қандай диагностикалық әдіс неғұрлым дәлірек
а. диагностикалық пневмоперитонеум,
б. жалпы құрсақ қуысының рентгеноскопиясы,
в. гастроскопия,
г. эхолокация,
д. лапароскопия.
66.Ферментативті перитонит кезінде эндовидеохирургиялық операциялар көлемі:
панкреатоскопия, шарбы май қалтасын дренаждау, парапанкреатикалық шелді дренаждау, холецистостомия, холецистоэктомия, холедохолитотомия, холедохотомия және өт жолдарын дренаждау,
оментопексия,
іш қуысын жуу және дренаждау,
парапанкреатикалық шелге, ішек шажырқайына дәрілік заттарды операция кезінде енгізу
бауырдың дөңгелек жалғамасын катетеризациялау.
Дұрысы: а/ 1,2,3,5; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 1,3,4,5; д/ барлығы дұрыс
67.Деструктивті жедел панкреатитте лапароскопия кезінде қолданылады:
шажырқай қалтасына лаваж салу,
қажетті жағдайда ұйқы безін мобилизациялау,
ұйқы безінің резекциясы,
секвестрэктомия және шажырқай қалтасын тампондау,
секвестрэктомия, марсупиализация және паралонды тампон қою.
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 1,2,4,5; в/ 3,4,5; г/ 2,4,5; д/ барлығы дұрыс.
68.Ферментативті перитонитте эндовидеохирургиялық шаралар:
шажырқай қалтасын дренаждау,
іш қуысын дренаждау,
парапанкреатикалық шелді дренаждау,
көрсеткішіне байланысты торакоскопия және плевра қуысын дренаждау,
оментобурсостома салу.
Дұрысы: а/ 3,4,5; б/ 1,2,4,5; в/ 2,4,5; г/ 1,2,3,4; д/ барлығы дұрыс
69.Жедел панкреатиттен дамыған перитонит кезінде лапароскопиялық операциялар:
газды эмболияға әкеледі (абсолютті қарсы көрсетпе)
СО 2 – ң деңгейін көтереді,
перитонеальды сепсистің мүмкіндігін төмендетеді,
іш қуысындағы мембраналар мен жабысқақтар лапароскопия кезінде қиындықтар туғызады.
газ қысымының өсуіне байланысты ацидоз болуы мүмкін.
Дұрысы: а/ 1; б/ 1,2; в/ 1,4,5; г/ 2,3; д/ барлығы дұрыс
70.Егер лапароскопиялық зерттеу кезінде іш қуысында геморрагиялық сұйық және майлы некроздар болса сіз бірінші ойлайсыз?
а. қуысты мүшелерінің зақымдалуы,
б. бауырдың жарылуы,
в. жедел панкреатит,
г. асқазан жарасының тесілуі,
д. мезентериальды тромбоз.
№ 6-шы тақырып: «Ішек түйілуі»
1.Странгуляциялық ішек түйілуінің дамуына әсер ететін факторларды атаңыз?
ұзын, жұқа шажырқай,
жабысқақтың болуы,
құрсақ ішілік қысымның жоғарылауы,
ішімдік қабылдау,
майлы тамақ қабылдау.
Дұрысы: а/ 1,4,5; б/ 2,3,4; в/ 1,2,3; г/ 3,4,5; д/ 1,3,5,
2.Жедел ішек түйілуі ауруының ерте сатыларында организмде дамиды:
гиперкалиемия,
дегидратация,
гематокриттің төмендеуі,
гематокриттің жоғарылауы,
гипокалиемия.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 1,3,5; в/ 2,4,5; г/ 2,3,5; д/ 1,4,5.
3.Обтурациялық ішек түйілуіне қандай белгілер тән?
іш қуысындағы тұрақты ауырғандық,
іш қуысындағы толғақ тәрізді ауырғандық,
«кофе қоюы» түсті құсық,
іштің кебуі,
«тақтай тәрізді» құрсақ.
Дұрысы: а/ 1,4; б/ 1,3,5; в/ 2,4; г/ 2,3,5; д/ 2,3,4,5.
4.»Жедел ішек түйілуі» диагнозын қоюдағы шешуші зерттеу әдістерін атаңыздар:
құрсақ қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы,
ішек бойындағы барий пассажын зерттеу,
эзофагогастродуоденаскопия,
лапароскопия,
қанның биохимиялық анализі.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,4,5; в/ 1,2; г/ 2,3; д/ 1,4,5
5.Ішек түйілуінің қандай түрінде артқы шығар жолдан қанды бөлініс бөлінуі мүмкін?
а. паралитикалық,
б. спастикалық,
в. инвагинацияда,
г. ащы ішектің айналып кетуінде,
д. ішек инфарктісінде.
6.Жедел ішек түйілуінің қандай түрінде консервативті ем қолданады?
айналып кету,
түйін түзілу,
спастикалық түйілу,
паралитикалық түйілу,
копростаз
Дұрысы: а/ 1,3,5; б/ 2,3,5; в/ 3,4,5; г/ 2,4,5; д/ 1,4,5
7.Жедел ішек түйілуінің емдеу тактикасын таңдау мынаған негізделінеді:
түйілудің түріне,
түйілу деңгейінің орналасуына,
перитонеальды симптомдардың болуы,
перистальтиканың интенсивтілігі,
ауырғандықтың интенсивтілігі.
Дұрысы: а/ 1,4; б/ 2,5; в/ 3,4; г/ 4,5; д/ 1,2,3.
8.Аурудың алғашқы мезгілінде, жедел ішек түйілуімен асқынған соқыр ішектің қатерлі ісігі бар науқасқа қандай операцияны жүргізу тиімді?
а. илеотрансверзоанастомозбен оң жақтық гемиколэктомия,
б. илеостома салу,
в. цекостома салу,
г. Гартман операциясы,
д. Микулич операциясы.
9.Жедел ішек түйілуінде, келесі операциялар түрлері жасалуы мүмкін:
гастростомия,
энтеростомиямен қатар оң жақтық гемиколэктомия,
ішек резекциясы,
колостомия,
артқы гастроэнтероанастомоз.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 2,3,5; д/ 1,3,4
10.Тоқ ішектің төменгі бөлігінің түйілуінде мына белгіден басқасы тән:
а. клиникалық белгілердің бірте-бірте өсуі,
б. іштің кебуі,
в. Клойбер тостағаншасының пайда болуы,
г. нәжістің кідірісі,
д. тез сусыздану.
11.Дененің сусыздануы жедел дамиды:
а. ащы ішектің айналып кетуінде,
б. сигма тәрізді ішектің айналып кетуінде,
в. ішек түйілуі құбылысымен бірге жүретін тік ішектің ісігінде,
г. обтурациялық тоқ ішектің түйілуі,
д. илеоцекальды инвагинацияда.
12.Жедел ішек түйілуінде «шылпыл шуының» болу себебі:
а. іш қуысында жалқықтық болуы,
б. ішектің әкелуші тұзағында, газдың және сұйықтықтың жиналуы,
в. ішектің әкетуші тұзағында, газдың және сұйықтықтың жиналуы,
г. іш қуысында бос газдың болуы,
д. барлық аталғандар дұрыс емес.
13.Паралитикалық ішек түйілуіне тән:
іштің асимметриялығы,
нәжістің және газдың кідіргісі,
іштің тез бір қалыпты кебуі,
іш қуысында толғақ тәрізді ауырғандық,
Цеге-Ментейфель белгісі.
Дұрысы: а/ 2,3; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 1,4; д/ 2,4
14.Жедел механикалық ішек түйілуіне тән белгілер:
іш қуысындағы тұрақты ауырғандық,
бір реттік құсу,
оң мәнді «шылпыл шуы» симптомы,
іштің толғақ тәріздес ауырғандығы,
көп реттік құсу.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 2,3,5; в/ 2,3,4; г/ 1,4,5; д/ 3,4,5.
15.Жедел ішек түйілуінде келесі рентгенологиялық белгілер тән:
Клойбер тостағаншасы,
көкеттің оң жақ күмбезінің астындағы бос ауа,
Керкрингер крипталары (си-м перистости),
Валь симптомы,
Цеге-Ментейфель симптомы
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 1,3; в/ 1,4; г/ 1,5; д/ 2,4.
16.Обтурациялық ішек түйілуін консервативті емдеу шаралары:
спазмолитиктерді енгізу,
сифонды клизма жасау,
су- электролит бұзылысының коррекциясы,
промедолды енгізу,
ішек перистальтикасын күшейтетін препараттарды енгізу.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,4; в/ 1,3,5; г/ 1,2,4; д/ 2,3,5.
17.Странгуляциялық ішек түйілуінде, ішектің тіршілікке қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер:
ішектің түсі,
перистальтиканың болуы,
шажырқай қан тамырларының пульсациясы,
іш қуысында жалқықтың болуы,
странгуляциялық сайлардың болуы.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 1,2,5; в/ 2,3,5; г/ 2,4,5; д/ 3,4,5.
18.Ауру басталғаннан кейін кеш түскен 75 жастағы науқасқа сигма тәрізді ішектің ісігі салдарынан болған ішек түйілуінде келесі тактика тиімді болып саналады:
а. тексеру және 48-72 сағаттан кейінгі операцияның орындалуы,
б. консервативті терапия,
в. инфузиялық терапия және қайталанған сифондық клизмалар,
г. 2-3 сағаттық операцияға дайындық Гартмн операциясын орындау
д. жедел түрдегі операция, сигма тәріздес ішектің резекциясы, ішекті ұшынан жалғау.
19.Паралитикалық ішек түйілуінің себептері болуы мүмкін:
перитонит,
қорғасын ертінділерімен улану,
жедел панкреатит,
ішперде артындағы кеңістікте қан ұялау,
шажырқай қан тамырларының тромбозы.
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 2,3,4,5; в/ 1,3,4,5; г/ барлығы дұрыс; д/ барлығы дұрыс емес.
20.Ащы ішектің механикалық түйілуінің жиі себебі болып табылады:
а. бөгде денелер,
б. өт тастары,
в. ісіктер,
г. іш қуысының жабысқағы,
д. ішек құрттары.
21.Жедел ішек түйілуінің қандай түрлерінде организмнің сусыздануы жылдам дамиды:
спастикалық ішек түйілуі,
ащы ішектің айналып кетуінде,
көлденең ішектің ісігімен обтурациясында,
ащы және сигма тәрізді ішек арасында түйін түзілу,
ащы ішектің, кіндік жарығында, қысылып қалуында.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 2,4,5; д/ 1,2,4
22.Жедел обтурациялық тоқ ішектік түйілудің клиникалық суреттемесі сипатталады:
іштің толғақ тәрізді ауырғандығы,
іштің кебуі,
«қайық тәріздес» іш,
іштің тұрақты ауырғандығы,
нәжістің және желдің кідірісі.
Дұрысы: а/ 1,3,5; б/ 1,2,5; в/ 1,3; г/ 2,4,5; д/ 4,5
23.Жоғарғы деңгейдегі ішектік түйілуге тән:
іштің толғақ тәрізді ауырғандығы,
«шылпал шуы» /Скляров симптомы/,
көп реттік құсу,
Цеге-Мантейфель симптомы,
іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясындағы Клойбер тостағаншасы.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 1,2,3,4; в/ 1,2,3,5; г/ 2,3,4; д/ 3,4,5.
24.Ащы-тоқ ішектік инвагинация негізіндегі ішек түйілуіне тән белгілер:
тік ішектен «қанды бөлініс»,
«құмалақ» тәрізді нәжіс,
оң жақ мықын аймағындағы ісік тәрізді түзілістің пальпациялануы,
іштің толғақ тәрізді ауырғандығы,
тік ішектің сфинктерінің атониясы.
Дұрысы: а/ 1,3,4; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 2,4,5; д/ 1,4,5.
25.Жедел ішек түйілуіне күмәндағанда алғашқы кезекте қандай диагностикалық шаралар жүргізіледі?
құрсақ артериясының ангиографиясы,
гастродуоденоскопия,
іш аускультациясы,
іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы,
іш пальпациясы, тік ішекті саусақпен зерттеу.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 1,4,5; д/ 2,4,5.
26.Тоқ ішектік обтурациялық түйілу жиірек мынадан туады.
а. бөгде денелерден,
б. өт тастарынан,
в. ішектің қатерлі ісіктерінен,
г. іш қуысының жабысқағынан,
д. ішек құрттарынан.
27.Ащы ішектің айналып кетуі ішек түйілуінің қандай түріне жатады.
а. обтурациялық,
б. странгуляциялық,
в. аралас,
г. спастикалық,
д. параличтік.
28.Жедел ішек түйілуі кезінде науқасты зерттегенде анықталған Цеге-Мантейфель және Обухов ауруханасы симптомы оң мәнді. Бұл ішек түйілуінің қандай түріне тән?
а. илеоцекальдық инвагинация,
б. өрлемелі ішектің ісігімен обтурациясында,
в. ащы ішектің айналып кетуі,
г. сигма тәрізді ішектің айналып кетуі,
д. бәрі дұрыс.
29.Жоғарғы странгуляциялық ішек түйілуіне тән:
көп реттік құсу,
Цеге-Мантейфель белгісі,
Обухов ауруханасы белгісі,
Тэвенар белгісі,
аурудың бастапқы кезіндегі күшейген ішек перистальтикасы
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 1,3,5; в/ 2,3,5; г/ 3,4; д/ 1,4,5.
30.Жедел ащы ішектік түйілуі бар науқасқа инфузионды терапия жүргізу үшін тез арада тағайындау керек:
белоктық гидролизаттар,
Рингер ертіндісі,
глюкоза калийлі ертінді,
лейкомасса,
фибриноген.
Дұрысы: а/ бәрі дұрыс; б/ 1,2,4; в/ 1,2,3; г/ 2,3,5; д/ 1,3,4.
31.Түйілудің қандай түрінде тез арада ішектің некрозы дамиды?
мықын ішектің ісігімен обтурациясында,
ащы ішектің айналып кетуінде,
нәзік ішектің қуысының өт тастарымен обтурациясында,
түйін түзілуде,
ішектің жарық қақпасына қысылып қалуында.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 1,4,5; д/ 2,4,5
32.Сигма тәрізді ішектің айналып кетуінде, операция мына жағдайда жасалынады:
а. науқастың жасы 80-нен төмен болса,
б. перитонит құбылыстары байқалса,
в. жүргізілген консервативті терапиядан эффект болмаса,
г. ауырғанына бір тәуліктен асса,
д. барлық жағдайда.
33.Ішек түйілуі бар науқасқа операция кезінде міндетті түрде орындалуы қажет:
ішек өткізгіштігін қалпына келтіру,
ащы ішектің шажырқайының түбіріне новокаинді блокада жасау,
іш қуысынан жалқықты алып тастау,
ішектің өзгерген бөлігінің тіршілікке қабілеттілігін анықтау,
назоинтестинальды интубация орындау.
Дұрысы: а/ 1,3; б/ 2,4; в/ 1,2,; г/ бәрі дұрыс; д/ бәрі дұрыс емес.
34.Аталған түйілудің қандай түрлері странгуляциялыққа жатады?
айналып кету,
өт тастарымен ішек қуысының бітелуі,
түйін түзілу,
сыртынан ісікпен басылу,
қысылып қалу.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 1,4; д/ 1,3,5.
35.Іштің толғақ тәрізді ауырғандығы байқалады:
тоқ ішектің ісігімен обтурациясында,
ащы ішектің айналып кетуінде,
паралитикалық ішек түйілуінде,
түйін түзілуде.
жабысқақтық түйілуде.
Дұрысы: а/ 1,3,5; б/ 3,4; в/ 3,5; г/ 2,3,4; д/ 1,2,4,5.
36.Ащы ішектің айналып кетуіне тән емес.
а. толғақ тәрізді ауырғандық,
б. іштің асимметриялығы,
в. «шылпыл шуы» – белгісі,
г. құсу,
д. Цеге-Ментейфель симптомы.
37.Төменгі обтурациялық ішек түйілуінде байқалады:
ерте, көп реттік құсу,
нәжістің және желдің кідірісі,
Валь белгісі,
Іштің кебуінің айқын көрінуі,
Цеге-Мантейфель белгісі,
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,4,5; в/ 3,4,5; г/ 1,4,5; д/ 2,3,4.
38.Жедел ішек түйілуінің диагностикасында информативті әдіс болып табылады:
а. іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы,
б. лапароскопия,
в. ангиография,
г. гастроскопия,
д. колоноскопия.
39.Жедел ішек түйілуінде жүргізілген консервативті терапия эффективті деп саналады:
ұстамалы ауырғандық интервалдарының арасының ұзаруы,
нәжіс және желдің көптеп бөлінуі,
іштің кебуінің төмендеуі,
перистальтиканың төмендеуі,
ауырғандықтың жойылуы.
Дұрысы: а/ 1,3,5; б/ 2,3,5; в/ 1,3,4; г/ 3,4,5; д/ 1,4,5.
40.Обтурациялық ішек түйілуінің бастапқы сатысында дұрыс емдеу тактикасын таңдау.
а. тек консервативті ем,
б. шұғыл операция,
в. жоспарлы операция,
г. консервативті шаралардың әсері болмаса, оперативті емдеу,
д. назогастральды интубация.
41.Динамикалық ішек түйілуін емдеу:
а. тек консервативті,
б. тек оперативті,
в. консервативті емнен әсер болмаса оперативті,
г. іш қуысын лапароскопиялық дренаждау,
д. бәрі дұрыс,
42.»Іш бүлігінде» іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы мынадай мақсатпен жүргізіледі:
ішектегі сұйықтықтың деңгейін анықтау,
ұйқы безінің қалтасының (кистасының) перфорациясын анықтау,
көкет астынан ауа орағын анықтау,
қарын атониясын анықтау,
тоқ ішектің дивертикуасын анықтау.
Дұрысы: а/ 1,3,; б/ 1,2; в/ 2,3,4; г/ 3,5; д/ бәрі дұрыс.
43.Көлденең ішек рагінің қандай асқынулары операция кезінде қиыншылық туғызады?
а. қан кету,
б. ішек обтурациясы,
в. шеткі метостаздар,
г. перфорация және перитонит,
д. жаралану.
44.»Таңқурай» түріндегі нәжіс қайсы ауруға тән:
а. қарын қалтқысының тарылуына,
б. инвагинацияға,
в. фитобезоарға,
г. Меккель дивертикуласына,
д. аппендицитке.
45.Аталғандардың қайсысы ащы ішектің жоғарғы деңгейіндегі түйілуіне жатпайды:
а. іштің жоғарғы бөлігіндегі Клойбер тостағаншасы,
б. іштің бір қалыпты кебуі,
в. ерте құсу,
г. толғақ тәрізді ауырғандық,
д. науқас жағдайының тез нашарлауы.
46.Динамикалық ішек түйілуінің себептерін ата:
қорғасын тұздарымен уланғанда болатын толғақ тәрізді ауырғандық.
уремия,
порфирия,
панкреонекроз.
перитонит.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,4; в/ 3,4; г/ бәрі дұрыс, д/ бәрі дұрыс емес.
47.Сигма тәрізді ішектің айналып кетуінде емдеу әдісін таңдау:
а. колостомия,
б. резекция, алғашқылық анастомоз,
в. обструктивтік резекция,
г. сигманың деторзиясы және мезосигмопликация,
д. айналып кетуді жою.
48.Ішектік түйілу кезінде аталғандардың қайсысы біріншілік тамырлық генезге жатады?
а. жабысқақта,
б. странгуляциялықта,
в. ісіктікте,
г. артриомезентеральды түйілуде,
д. мезентеральды түйілуде.
49.Обтурациялық ішектік түйілу себептеріне мынадан басқасы жатады:
а. қабынулық жабысқақтар,
б. ішектің шажырқайының бұралып кетуі,
в. өт тастары,
г. инвагинация,
д. ісікпен басылуы.
50.Аурудың ерте кезеңінде дыбысты перистальтикалық шулар мынаған тән:
а. паралитикалық ішек түйілуіне,
б. перфоративті қарын жарасына,
в. механикалық ішек түйілуіне,
г. гангренозды холециститке,
д. мезентериальды тамырлардың тромбозына.
51.Егер операция кезінде амалсыздан ащы ішекті жарақаттасақ, онда операциядан кейінгі алғашқы күндерде мынаны күтуге болады:
а. паралитикалық ішек түйілуін,
б. обтурациялық ішек түйілуін,
в. асцитті,
г. іш қуысында көп мөлшердегі сұйықтықтың экссудациясы,
д. кальцийді жоғалту.
52.Сигма тәрізді ішектің айналып кетуінде орындалады:
Нобель операциясы,
шетіне –шеті анастомозымен сигма тәрізді ішек резекциясы,
Гартман операциясы,
Гаген –Торне бойынша мезосигмопликация,
илеоректоанастомоз
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 2,3,4; г/ 1,3,5; д/ 2,3,5.
53.Механикалық ішек түйілуінің ең жиі себебі:
а. ащы ішектің ісіктері,
б. ішкі жарықтар,
в. инвагинация,
г. жабысқақтар,
д. іштің тұйық жарақаты.
54.Қайсы жауап тиімді, жақсы? Жедел ішек түйілуінің диагнозын қойылуын негіздейді?
а. ауырғандық сипатының және рентгенологиялық суреттемесінің негізінде,
б. анамнез және лабораториялық көрсеткіштер негізінде,
в. анамнез, клиникалық тексеру және лабораториялық көрсеткіштер негізінде,
г. аурудың клиникалық барысы негізінде,
д. тек қана рентгенологиялық тексерулер негізінде.
55.Жедел странгуляциялық ішек түйілуінің бастапқы сатысы кезеңіне тән симптомдар комплексін анықта.
іш қабырғасында ішек тұзақтарының бейнесінің пайда болуы,
шок,
күшейген ішек перистальтикасының анықталуы,
нәжіс және газдың кідірісі,
біріншілік рефлекторлық құсу.
Дұрысы: а/ 2,5; б/ 1,3; в/ 3,4; г/ 3,4; д/ 1,3,5.
56.Жедел жоғарғы деңгейдегі ішек түйілуіне тән емес:
а. АҚК /ОЦК/ тез төмендеуі,
б. тоқтаусыз құсу,
в. аурудың алғашқы сағатында іштің кебуі,
г. жылдам сусыздану,
д. толғақ тәрізді ауырғандық.
57.Жедел дуодено-еюнальдық бөліктің түйілуі өтеді.
гиповолемиялық шокпен,
паралитикалық ішек түйілуінің құбылыстарымен,
өт құсумен,
бір қалыпты іш кебумен,
тенезммен.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 1,3; в/ 1,3,4,5; г/ 2,3,4; д/ 5
58.Құрамында екі түрлі түйілу бар ішек түйілу түрін атаңыз?
а. жабысқақ түйілу,
б. инвагинация,
в. обтурациялық,
г. странгуляциялық,
д. спастикалық.
59. Ішек түйілуінің қандай түрінде айналымдағы қанның көлемінің (АҚК) күрт төмендеуі тән?
а. обтурациялық ішек түйілуінде,
б. странгуляциялықта,
в. динамикалықта,
г. баугинитте,
д. инвагинацияда.
60.Ауруханаға іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, көп құсу, іш қату және іш кебу шағымдары бар науқас түсті. Объективті қарағанда тілі ақ жабындымен жабылған, іші кепкен, пальпацияда іштің барлық аймағы ауырады, пульсі жиі. АҚҚ 135/75 мм с.б. бойынша. Үйде тазарту клизмасын жасаған. Сіздің болжама диагнозыңыз?
а. жедел холецистит,
б. жедел ішек түйілуі,
в. мезоаденит,
г. жедел панкреатит,
д. асқазанның улануы.
61.Іш қуысы мүшелеріне үш рет жасалған операцияны бастан кешкен науқастың рентгенограммасында Клойбер табақшасы анықталды. Сіздің диагнозыңыз және әрекетіңіз?
а. жедел панкреатит, консервативті емдеу тактикасы,
б. жедел аппендицит, жедел аппендэктомия,
в. мезентеральды тамырлар тромбозы, диагностикалық лапаротомия,
г. жедел жабысқақтық ішек түйілуі, оперативті ем,
д. асқазанның тесілген жарасы, тесілген жараны тігу.
62.Ауруда іштің асимметриялы кебуі байқалады, бұл ішек түйілуінің қандай түріне жатады ?
а. ащы ішектік түйілу,
б. динамикалық ішек түйілуі,
в. ішек парезі,
г. сигма тәрізді ішектің бұралуы,
д. спастикалық түйілу.
63.Қандай тамыр басылып қалса ішек қабырғасының некрозы тез дамиды?
а. артериялар мен веналар,
б. тек артериялар,
в. тек веналар,
г. артериялар және венозды капиллярлар,
д. артерия және вена капиллярлары.
64.Төменгі деңгейдегі ішек түйілуіне қандай симптом тән?
а. іші ұлғайған (өскен),
б. перистальтиканың күшеюі,
в. Обуховский ауруханасының симптомы,
г. ішек шуларының болмауы,
д. Воскресенский симптомы.
65.Соқыр ішек бұралуына тән симптомды таңдаңыз?
а. Шиман-Данс симптомы,
б. күшейген перистальтика,
в. «құлаған тамшы» симптомы,
г. ішек перистальтикасы,
д. Воскресенский симптомы.
66.Жедел механикалық ішек түйілуінде оң мәнді белгі.
а. Мак-Бурне,
б. Мейо-Робсон,
в. Коуп,
г. Кер,
д. Цеге-Ментейфель белгісі.
67.Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы жедел ішек түйілуіне тән?
іште толғақ тәрізді ауырсынудың болуы,
көп мөлшерде құсу,
нәжіс пен желдің тоқтауы,
дене қызуының жоғарылауы,
іш бұлшықеттерінің қатаюы.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 2,3,4; г/ барлығы дұрыс, д/ 1,3,5
68.Тік ішектің ампулярлы бөлігінің бос және кеңеюі қандай жедел ішек түйілуінің симптомында анықталады?
а. Спасокукоцкий,
б. Валь,
в. Скляров,
г. Данс,
д. Обуховский ауруханасының симптомы.
69.Төменде көрсетілгендердің қайсысы обтурациялық ішек түйілуін тудырады?
ішек ісіктері,
ішектің тыртықты тарылуы,
аскаридалар,
өт тастары,
ішектегі бөгде дене.
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 1,2,3,5; в/ 2,3,4,5; г/ барлығы дұрыс; д/ 1,3,4,5.
70.Стангуляциялық ішек түйілуінің түрлері қандай болады?
бұралу,
қысылып қалу,
түйін түзілу,
спастикалық,
паралитикалық.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 2,3,4; г/ барлығы дұрыс; д/ 1,3,5.
71.Көрсетілген белгілердің қайсысы странгуляциялық ішек түйілуінің, обтурациялық түрінен ажыратуға көмектеседі?
іште қатты тұрақты ауырғандық, толғақ тәрізді күшеюмен бірге жүреді,
науқастың жалпы жағдайының ауырлауы,
жиі құсу,
жиі абдоминальды шок дамиды,
нәжіс пен желдің тоқтауы.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 2,3,4; г/ 1,2,4; д/ 1,3,4.
72.Жедел ішек түйілуі - «ішектің бір-біріне енуі» түріне келесі белгілер тән:
іште толғақ тәрізді ауырғандық,
дене қызуының жоғарлауы,
нәжісте қанның анықталуы,
пальпацияда іш қуысында ісіктің анықталуы,
ішперденің тітіркену белгілерінің оң болуы.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 2,3,4; г/ 1,3,5; д/ 1,3,4.
№ 7-ші тақырып: «Перитонит»
«Іш бүлігі» ауруларының ең маңызды белгісі.
а. құсу,
б. іштегі ауырсыну,
в. қан аралас нәжіс,
г. құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің керілуі,
д. нәжіс және газдардың кідіруі.
2.Жайылмалы іріңді перитонит төмендегі аталған аурулардың нәтижесінде дамиды, біреуінен басқа.
а. Меккель дивертикуласының перфорациясы,
б. Крон ауруы,
в. үлкен дуоденальдық емізікшенің тарылуы
г. жарықтың Рихтерлік қысылуы,
д. жедел ішек түйілуі.
3.Жайылмалы іріңді перитонитке операция жасалады:
а. жоғарғы-ортаңғы ену арқылы,
б. орта-ортаңғы ену арқылы,
в. төменгі-ортаңғы ену арқылы,
г. Волкович-Дьяконов енуі арқылы,
д. оң жақ қабырға астында Федоров енуі арқылы.
4.Перитониттің қай түрінде висцеральды және париетальды іш пердеде фибриноздық қалып анықталады?
серозды перитонитте,
фибринозды перитонитте,
іріңді перитонитте,
шіріген перитонитте,
нәжістік перитонитте.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 2; в/ 1,2,3; г/ 2,3,4,5; д/ перитониттің барлық түрінде.
5.Аппендикулярлық /шығу тегі/ диффузды іріңді перитонитте қолданылатын емдік шаралардың комплексі:
аппендэктомия,
құрсақ қуысының санациясы,
су-электролиттік бұзылыстардың коррекциясы,
антибактериальдық терапия,
операциядан соң толық парентеральдық қоректендіру.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 1,3,4; в/ 1,3,2; г/ 1,2,4,3; д/ 1,2,3,4,5.
19 жасар науқас іште ауру басталғаннан 8 сағаттан кейін ауруханаға түсті.
Шағымы: іште қатты ауырсыну, жеңілдік әкелмейтін құсу. Іштің төменгі бөлігінде кебуі анықталады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді, перистальтикасы естілмейді. Валь симптомы жоқ, ректальды зерттеу кезінде жамбас ішпердесінде ауырсыну анықталады. Сіздің диагнозыңыз?
а. этиологиясы белгісіз перитонит,
б. жедел гастроэнтерит,
в. қарынның тесілген жарасы,
г. жедел ішек түйілуі,
д. аппендицит.
7.Диагнозы перитонит, науқасқа не істеу керектігін анықтаңыз?
паранефральдық тосқауыл,
ауырсынуды басатын дәрілер және спазмолитиктер,
сифондық клизма,
АҚК – коррекциясы, ортаңғы лапаротомия,
Волкович-Дьяконов енуі арқылы лапаротомия.
Дұрысы: а/ 1,3; б/ 2,4; в/ 4; г/ 5; д/ барлығы дұрыс емес.
8."Іш бүлігі" ауруларының белгілері кезінде ауырсынуды басу мақсатымен морфинді беруге:
а. болмайды,
б. атропинмен қосып береді,
в. димедролмен қосып береді,
г. көктамырға таза күйінде егеді,
д. болады.
9.Перитонитке күмән туғанда жасалады:
а. диагностикалық лапаротомия,
б. диагностикалық лапароскопия,
в. динамикалық бақылау жүргізу,
г. құрсақ қуысының R – графиясы,
д. құрсақ қуысына УДЗ жасау.
10.Диффузды іріңді перитонитті емдеу кезінде ішектің құрамындағы сұйықтықты аспирациялап, трансназальдық ұзартылған зондпен интубация жасалады. Мақсаты:
а. қарын-ішек трактісі арқылы, сұйықтықты жоғалту есебін анықтау үшін,
б. ішек түйілуінің /салдануының/ алдын-алу үшін,
в. науқасты зонд арқылы қоректендіру,
г. қарын –ішек трактісін жуу,
д. дәрілік препараттарды енгізу үшін.
11.Қуысты мүшенің бос құрсақ қуысына перфорациясына тән емес:
а. жедел басталу,
б. «тақтай тәрізді» құрсақ,
в. коллапс,
г. полиурия,
д. тахикардия.
12.Перитониттің жиі себебі:
а. операциядан кейінгі асқыну,
б. іштің жабық жарақаттануы,
в. перфоративті холецистит,
г. ұйқы безінің кистасы,
д. перфоративті аппендицит.
13.Перитониттің соңғы сатысына тән емес белгі:
а. іштің кебуі,
б. сусыздану,
в. ішек шуларының жойылуы,
г. гипопротеинемия,
д. ішек перистальтикасының күшеюі.
14.Перитониттің бастапқы сатысына қандай белгілер тән?
ректальды тексеру кезінде жамбас ішпердесінде ауырсыну байқалады,
тахикардия,
жедел электролиттік ығысулар,
құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің керілуі,
лейкоцитоз өсуіне тенденция.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,4,5; в/ 3,4,5; г/ 1,4; д/ 4,5.
15.Қуысты мүшенің, бос құрсақ қуысына перфорациясының патогономиялық белгісі:
а. жоғарғы лейкоцитоз,
б. перистальтикалық шулардың жоғалуы,
в. диафрагманың оң жақ күмбезінің астына бос желдің жиналуы,
г. іш пердесінің тітіркенуінің симптомдарының оң мәнді болуы,
д. құрсақта перкуторлық дыбыстың тұнықтануы.
16.Жедел ішек түйілуі және перитонит диагнозымен операция жасалынып жатқан қарт науқаста көлденең тоқ ішектің оң жақ бөлімінде айналадағы тіндермен жабыспаған және ісік аймағында ішек перфорациясы жоқ ісік байқалған. Сіздің тактикаңыз?
ішекті ісігімен қосып резекциялау және мықын –көлденең тоқішек анастомозы,
оң жақты гемиколэктомия, терминальдық илеостомия,
перфорацияны тігу және илеотрансверзоанастомоз,
ішекті резекциялау, колостомия,
цекостомия.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 3,4,5; в/ 2,3; г/ 4; д/ 2.
17.Операция кезінде перитониттің барлық белгілері негізінде диагноз бір белгіден басқасы арқылы қойылады:
а. іш перденің гиперемиясы,
б. құрсақ қуысында қанның болуы,
в. фибриноздық заттардың болуы,
г. іш перде түсінің бозарған сипатын алу,
д. лайлы бөліндінің болуы.
18.Операцияға дейін «диффузды перитонитке» диагноз қалай қойылады?
а. рентген арқылы,
б. анамнез жинау арқылы,
в. қабыну реакциясының белгілерін лабораторлық әдіспен анықтау,
г. клиникалық,
д. асқазан сөлі секрециясының деңгейі арқылы.
19.Көкет астылық іріңдік кезінде анықталуы мүмкін.
өкпенің экскурсиясының азаюы,
диафрагма күмбезінің жоғары орналасуы,
өкпенің базальды ателектаздары,
плевра қуысында жиналған сары су,
бұғана үсті аймағына таралатын ауырсынулар.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 3,4,5; в/ 4,5; г/ 2,4,5; д/ бәрі дұрыс.
20.Дуглас кеңістігінің іріңдігі диагнозын қою үшін қандай зерттеу әдісін қолданасыз?
а. ректороманоскопия,
б. лапароскопия,
в. құрсақ қуысының перкуссиясы мен пальпациясы,
г. саусақпен ректальды зерттеу,
д. құрсақ қуысының рентгеноскопиясы.
21.Бауырды сипағанда ауырсыну, оң жақ бұғана үстінде ауырсыну, диафрагманың /көкеттің/ оң жақ күмбезінің жоғары орналасуы және гектикалық қызу көтерілуі нені айтады?
а. Дуглас іріңдігі,
б. гангренозды аппендицит,
в. жедел панкреатит,
г. оң жақты көкет астылық абсцесс,
д. жедел холецистит.
22.Көкет астылық іріңдікті емдеудің негізгі әдісін анықтаңыз?
а. көлемді антибиотикотерапия,
б. құрсақтан тыс іріңдікті ашу, дренаждау,
в. лапаротомия, абсцесс қуысын ашу және тампон салу,
г. жуан инемен іріңдікке пункция жасау, іріңді аспирациялау,
д. барлық аталғандар дұрыс емес.
23.Аппендикулярлық перитонитке байланысты лапаротомия операциясы жасалған науқаста, операциядан соң, алтыншы күні іштің төменгі бөлігінде ауырсыну байқалады, тенезмдер, дизуриялық құбылыстар анықталады. Дене қызуы 39 градус қалтырау дамиды. Тілі ылғалды, іші жұмсақ, қасаға үстінде әлсіз ауырсыну бар. Ректальды зерттеу кезінде кіші жамбаста үлкен жедел ауырсынған инфильтрат анықталады. Сіздің диагнозыңыз?
а. ішек аралық іріңдік,
б. Дуглас кеңістігінің іріңдігі,
в. аппендикулярлық іріңдік,
г. сепсис,
д. пилефлебит.
24.Дуглас кеңістігінің іріңдігі кезінде сіз қандай ем қолданасыз?
а. лапаротомия, іріңдікті ашу және дренаждау,
б. іріңдікті тік ішек арқылы ашу және дренаждау,
в. антибиотикотерапия,
г.іріңдікті тік ішек арқылы пункциялау, іріңді аспирациялау, қуысты антибиотиктермен жуу,
д. іріңдікті аралық арқылы ашу.
25.Псевдоперитонеальдық синдромының мүмкін болатын себептерін атаңыз:
уремия,
порфирия,
диабеттік криз,
бүйрек шаншуы,
пиопневмоторакс.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 2,3; в/ 3,4; г/ 1,3,5; д/ барлығы дұрыс.
26.Псевдоперитонеальды белгінің себебі болып қайсы аурулар жатады?
құрсақ аортасының аневризмасы,
нефролитиаз,
жамбас көктамырларының тромбозы,
пиопневмоторакс,
құрсақ артылық гематома.
Дұрысы: а/ 1; б/ 4; в/ 1,3,5; г/ барлығы дұрыс; д/ барлығы дұрыс емес.
27.Трансназальды ұзартылған зондпен ішек интубациясына көрсетпе:
а. жайылмалы іріңді перитонит,
б. жергілікті іріңді перитонит,
в. диффузды серозды перитонит,
г. жергілікті серозды – фибринозды перитонит,
д. іш перде ішілік қан кету.
28.Диффузды перитонит диагнозы қай уақытта қойылады?
а. бір анатомиялық аймақ деңгейінде іріңнің болуы,
б. екі немесе одан да көп анатомиялық аймақ деңгейінде іріңнің болуы,
в. құрсақ қуысының барлық бөлімінде іріңнің болуы,
г. Дуглас кеңістігінде іріңнің болуы.
29.Лапаростомиялық аппараттың қойылуына көрсетпе:
а. жайылған серозды перитонит,
б. жайылған фибринозды перитонит,
в. жайылған нәжістік перитонит,
г. кіші жамбас қуысының іріңдігі,
д. көкет астылық іріңдік.
30.Перитонитті оперативті емдеуге абсолюттік қарсы көрсетпе:
а. анамнезінде миокард инфарктісі,
б. аллергиялық компонентті бронх астмасы,
в. ауыр ағымды қант диабеті,
г. жедел бүйрек шамасыздығы,
д. барлық аталғандар дұрыс емес.
31.Ішектен интубациялық зондты алудың оптимальды уақытын атаңыз
а/ 1-тәулік; б/ 2-тәулік; в/ 3 –тәулік; г/ 4-тәулік; д/ 5-тәулік.
32.Перитонитті емдеу тактикасын анықтауда есепке алынады:
а. сарысудың сипаты,
б. науқастың жасы,
в. іштегі ауырғандықтың интенсивтілігі,
г. қосымша аурулар,
д. барлық аталғандар дұрыс емес.
33.Перитонит кезінде дененің сусыздануы дамиды:
а. бастапқы сатысында /реактивті фазасы/,
б. соңғы сатысында /терминальды фазасында/,
в. ортаңғы сатысында /улану фазасында/,
г. барлық сатыларында
34.Науқасқа перитонит диагнозы қойылды, дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз?
а. жедел операция,
б. жоспарлық операция,
в. консервативті ем нәтижесіздігінен кейін оперативті емдеу,
г. назогастральдық интубация,
д. сифонды клизмалар.
35.Перитонитте мына белгіден басқа аталған белгілердің бәрі анықталады.
а. Щеткин-Блюмберг белгісі,
б. тахикардия, өте жоғары қызу,
в. ішек перистальтикасының жойылуы,
г. толғақ тәрізді іште ауырғандық, ішек коликасы,
д. ішектің сал болуы, жалпы улану белгілері.
36.Перитонитте, іш қуысынан алынған сұйықтықтан көбінесе табуға болады:
а. стафилакоктарды,
б. стрептококтарды,
в. диплококтарды,
г. ішек таяқшаларын,
д. туберкулез таяқшаларын.
37.Пневмококты перитонитке тән белгілер
өте жоғары қызу,
құрсақ қуысының жалпы ауырғандығы,
науқастың жас болуы (12-14 жаста)
көбіне әйел жынысты,
Щеткин –Блюмберг белгісі оң мәнді.
Дұрысы: а/ 1,2,3,4; б/ 2,3,4,5; в/ 1,2,4,5; г/ 1,3,4,5; д/ барлығы дұрыс.
38.Аталған перитониттердің қайсысында хирургиялық ем қолданбайды.
жайылған іріңді перитонит,
өтті перитонит,
пневмококтық перитонит,
туберкулездік перитонит,
ракті перитонит.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 1,3,5; д/ бәрі дұрыс.
39.Реактивті фазасындағы жедел перитонитке тән белгілер.
құрсақ қуысындағы өте қатты ауырғандық,
құрсақтың бұлшық еттерінің керілуі,
жиі құсық,
іштің кебуі,
тахикардия.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,4; в/ 3,4,5; г/ 1,3,5; д/ барлығы дұрыс.
40.Перитониттегі аталған симптомдардың қайсысында құрсақ қабырғасының бұлшық еттері тыныс алуға қатыспайды?
а. Раздольский белгісі;
б. Тренделенбург белгісі;
в. Щеткин – Блюмберг белгісі,
г. Винтер белгісі,
д. Воскресенский белгісі
41.Дуглас кеңістігіндегі іріңдікті хирургиялық әдістермен ашу жолдары.
ортаңғы лапаротомия,
Волкович-Кохер кесіндісі,
құрсақтың тік бұлшық еттері жолымен,
тік ішек арқылы,
қынаптың артқы күмбезі арқылы.
Дұрысы: а/ 1,2; б/ 2,3; в/ 3,4; г/ 4,5; д/ 1,5.
Достарыңызбен бөлісу: |