Сырт
жағынан қарағанда, ащы ішек пен мықын ішектің аралығында анатомиялық шекара жоқ. Ішкі жағынан қарағанда, шоғырланған лимфойдты түйіншелердің басталатын жері мықын ішектің шекарасы болып табылады.
Аш ішектің шажырқайлы бөлігінің тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: шажырқайлық жоғарғы артериядан кететін ащы ішек және мықын ішек артериялары.
.
Веналары: аттас веналар, қақпа венасы мен оның құйылыстарына құяды.
Лимфа тамырлары: шажырқайлық жоғарғы және мықын – жиек ішектік лимфа түйіндеріне құйылады.
Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – асқазан және шажырқайлық жоғарғы өрім тармақтары.
ТОҚ (ЖУАН) ІШЕК.
Тоқ ішек, intestinum crаssum ( грекше
– colon ), – аш
ішектің жалғасы, асқорыту жолының соңғы бөлігі. Ол мықын-соқыр ішек қақпағынан басталып артқы өтіс тесігімен аяқталады. Бұнда су қалдықтары сіңіріліп, тік ішек арқылы шығарылатын нәжіс қалыптасады. Орташа ұзындығы 1,5 м., диаметрі бастапқы бөлігінде 5 – 8 см., соңғы бөлігінде 4.0 см. шамасында болады.
Тоқ ішектің алты бөлігі:
соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек және
тік ішек ажыратылады( 240 – сурет ).
240 – сурет. Тоқ ішек. ( Аш ішек пен мықын ішек алынып тасталған ).
1 –соқыр ішек; 2 –жоғарылаған жиек ішек; 3 – жиек ішектің оң иіні; 4 –
жиек ішектің қампаймалары; 5 – көлденең жиек ішек; 6 – жиек ішектің сол иіні; 7 – төмендеген жиек ішек; 8 –
шарбылық өсінділер; 9 – сигматәрізді жиек ішек; 10 – бос таспа.
Тоқ ішек іш және жамбас қуыстарында орналасқан. Тоқ ішектің ерекшеліктері:
1.
Жиек ішек таспалары, taeniae coli, олар бұлшықеттік қабықтың сыртқы
бойлық қабатының тұтас болмай, бойлық бағытта үш шоғыр түрінде орналасуынан түзіледі. Осыған орай үш түрлі таспа ажыратылады.
Шажырқайлық таспа, taenia mesocolica, шажырқай бекитін жиекке сәйкес келеді.
Бос таспа, taenia libera, жоғарылаған және төмендеген жиек
ішектің алдыңғы бетінде орналасады.
Шарбылық таспа, taenia omentalis, – үлкен шарбының көлденең жиек ішектің алдыңғы бетіне бекитін сызығына сәйкес келеді.
Барлық таспалар соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісінің түбінде бір - бірімен түйіседі. Таспалардың ені 1 см. шамасында болады.
2.
Жиек ішек қампаймалары, haustra coli, олардың түзілу себебі: бұлшықеттік қабықтың сыртқы бойлық қабатының ұындығы тоқ ішекке қарағанда қысқа болады. Сондықтан, ол
тоқ ішекті тартып жиылдырып,
қампаймалар түзеді.
3. Тоқ ішектің шарбылық және бос таспаларының бойында - ішінде майлы тіні бар -
шарбылық өсінділер, appendices epiploicae, орналасқан. Олар сірлі қабықтың өсінділері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: