Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология


Асқазан қабырғасының құрылымы



бет19/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Асқазан қабырғасының құрылымы. Асқазанның қабырғасы мына қабықтардан: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сірліасты негізінен, tela subserosa, сірлі қабық, tunica serosa, құралған.
Асқазанның шырышты қабығы өңештің шырышты қабығынан ақшылдау келетін тісті сызық, ora serrata, арқылы бөлініп тұрады. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде көп мөлшерде асқазан бездері, glandulae gastricae, аздаған жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады. Жақсы жетілген шырышасты негізі мен бұлшықеттік табақшасыныңың болуы арқасында шырышты қабық әр түрлі бағытта бір – бірімен қиылысып жатқан көп қатпарлар, plicae gastricae, түзеді. Қатпарлар қиғаш, көлденең және бойлық бағыттарда орналасады ( 229 – сурет ).


229 – сурет. Асқазанның шырышты қабығы.
1 – асқазанның қатпарлары; 2 – асқазан қақпасының тесігі; 3 – қақпаны қысатын бұлшықет; 4 –он екі елі ішектің шырышты қабығы; 5 – өңештің шырышты қабығы.

Асқазанның кіші иіні аймағында қатпарлар тек бойлық бағытта орналасып, асқазан өзегін,canalis ventriculi, ( «асқазан жолын») құрайды. Бұл өзек арқылы ас бірден қақпалық бөлікке түседі. Асқазанның шырышты қабығыны, ені 1 – 5мм болатын дөңестеніп келген асқазан алаңшаларынан, area gastricae, тұрады. Алаңшалардың бетінде шұңқыршалар, foveolae gastricae, орналасады. Шұңқыршаларға асқазан сөлін бөліп шығаратын бездер (35 – 40 миллион шамасында) ашылады. Асқазанның шырышты қабығы, қақпа тесігін дөңгелек бағытта қоршап жатқан, асқазанды он екі елі ішектен бөлетін қақпа қақпашығын,valvula pylorica,түзеді.


Бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады.Үш қабаттан құралған: сыртқысы бойлық қабат, stratum longitudinale, өңештің бойлық бұлшықетінің жалғасы болып табылады. Негізінен асқазанның кіші және үлкен иіндерін бойлай орналасады. Ортаңғысы, дөңгелек қабат, stratum circulare, өңештің сәйкес қабатының жалғасы, қақпаны қысатын бұлшықетті, m. sphincter pylori,түзеді. Бұлшықеттік қабықтың үшінші қабаты, қиғаш талшықтар, fibrae obliquae, жүректік тесікті айналып өтіп, асқазанның алдыңғы және артқы қабырғаларында орналасады.
Сыртқы сірлі қабық, tunica seposa, барлық жағынан жауып жатыр, яғни асқазан – интраперитонеалды орналасады. Сірлі қабықтың астында дәнекер тінді жұқа қабат сірлі асты негізі, tela subserosa,орналасады.
Асқазанның рентгенанатомиясы. Рентгендік зерттеу бойынша: мүйізтәрізді ( дене бітімі брахиморфты адамдарда болады), ілмектәрізді ( дене бітімі мезоморфты адамдарда кездеседі) және шұлықтәрізді ( дене бітімі долихоморфты адамдарда болады), асқазанның үш түрін ажыратады.
Асқазанның тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: Асқазанның кіші иінінде асқазандық сол артерия ( құрсақ сабауынан келеді ) және асқазандық оң артерия (бауырдың меншікті артериясынан) орналасады. Асқазанның үлкен иінінде асқазан – шарбылық оң артерия (асқазан – он екі елі ішек артериясынан ) және асқазан - шарбылық сол артерия (көкбауыр артериясынан) орналасады. Асқазанның түбіне асқазандық қысқа артериялар (көкбауыр артериясының тармақтары) келеді. Аталған артериялар өзара анастомоздар құрайды. Веналары: артериялармен аттас веналар асқазаннан шығып, қақпа венасы мен оның құйылыстарына құяды. Лимфа тамырлары: асқазанның лимфа тамырлары асқазандық сол лимфа түйіндеріне, асқазандық оң лимфа түйіндеріне, асқазан – шарбылық оң лимфа түйіндеріне, асқазан – шарбылық сол лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – құрсақ өрімінен кететін тармақтар асқазанға артериялардың бойымен келеді. Олар асқазан өрімін, plexus gastricus, құрайды. Асқазанның алдыңғы қабырғасында кезбе нервтің алдыңғы діңі, артқы қабырғасында артқы діңі тармақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет