Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет27/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

242 – сурет. Тік ішек.
1 – тік ішек ампуласы; 2 – артқы өтіс бағаналары; 3 – артқы өтіс қойнаулары; 4 – тік ішек-артқы өтіс сызығы; 5 – артқы өтістің сыртқы қысқышы; 6 – артқы өтістің ішкі қысқышы; 7 – тік ішектің көлденең қатпары.

Тік ішекте нәжіс қоспасы жиналып сыртқа шығарылады, сонымен қатар су сіңіріледі. Тік ішектің ұзындығы 14 – 18 см, диаметрі 3 - 8 см. аралығында болады. Еркекетерде тік ішектің алдында несеп қуық, қуықасты безі, шәует қуықшасы, шәует шығаратын түтік, ал әйелдерде жатыр мен қынап орналасқан.


Тік ішек тік орналаспаған, оның екі иілімі: жоғарғы жағында, артқа қарай дөңестенген сегізкөздік иілімі, flexura sacralis, және төменгі жағында, алдыға қарай дөңестенген шаттық иілімі, flexura perinеalis, ажыратылады. Сонымен қатар, тік ішектің екі бөлігін: жамбас көкеті үстіндегі жамбастық бөлігін, pars pelvina, және жамбас көкеті астында орналасқан артқы өтіс (айналшық) өзегін, canalis analis, ажыратады. Жамбастық бөліктің бастапқы 3 – 4 см - дей бөлігінің диаметрі 3 – 4 см болады. Оның төменгі жағында ұзындығы 8 – 10 см - дей бөлігі кеңейіп, ені 5 - 8 см болатын тік ішек ампуласын, ampula recti, түзеді. Артқы өтіс (айналшық) өзегінің ұзындығы 3 – 4 см диаметрі 3 см шамасында болады. Тік ішектің сыртқа ашылатын төменгі тесігі - артқы өтіс (айналшық), anus (грекше – proctos), - деп, аталады.
Тік ішек қабырғасының құрылымы. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде ішек бездері, glandulae intestinales, шырышты қабықтың эпителиінде бокалтәрізді жасушалар жатады. Сонымен қатар, жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары мен нервтер орналасады.
Тік ішектің жамбастық бөлігі ампуласының үстінде, сигматәрізді жиек ішектің жартыайтәрізді қатпарларына ұқсас, ішек қабырғасының жартысын қамтитын, көлденең қатпарлар, plicae transversales recti, жатады. Тік ішек ампуласында осындай тұрақты 2 – 3 көлденең қатпарлар орналасады. Олардан басқа әр түрлі бағытта орналасатын тұрақсыз қатпарлар орын алады.
Артқы өтіс (айналшық) өзегінде, бойлық бағытта орналасқан артқы өтіс бағаналары, columnae anales, деп аталатын қатпарлар орналасады. Осы бағаналарды төменгі жағынан бір – бірімен қосып тұратын көлденең қатпарлар артқы өтіс жапқыштары, valvulae anales, деп аталады. Бағаналардың арасында артқы өтіс қойнаулары, sinus anales, деп аталатын ұңғылдар орналасады. Қойнауларды төменгі жағынан жапқыштар шектеп тұрады. Жапқыштардың бір – бірімен көлденең бағытта қосылған жиынтығы артқы өтіс қырын, pecten analis, түзеді.
Артқы өтіс бағаналары, қойнаулары және артқы өтіс қыры аймағының шырышты қабығы мен шырышасты негізінде, тік ішектің веналық өрімі, plexus venosus rectalis, жатады. Бұл өрім - геморройлық өрім, plexus haemorroidalis, деп те аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет