249 – сурет. Бауыр үлесшесі және оның қан тамырлары.
1 – қақпа венасының тармағы;
2 –
бауыр артериясының тармағы; 3 –
үлесшеаралық вена; 4 – үлесшеаралық артерия; 5 – үлесше
айналасындағы артерия мен вена; 6–үлесшеішілік синусоидтық капилляр; 7 – орталық вена; 8 – бауыр үлесшесі; 9 – үлесшеастылық жинақтаушы вена.
250 – сурет. Бауыр бөренелері құрылымының сызбасы.
1 – гепатоциттер;
2 – бауыр бөренесі; 3 –
гемокапилляр (синусоидтық капилляр); 4 – үлесше
айналасындағы кеңістік; 5 – орталық вена;; 6 – өт түтікшесі (капилляр); 7 – эндотелиоциттер; 8 –
үлесшеаралық өт түтікшесі; 9 – үлесшеаралық артерия; 10 - үлесшеаралық вена.
Екі қатардағы гепатоциттердің арасымен
өт түтікшесі, ductulis bilifer, өтеді,
олар бір-бірімен қосылып,
үлесшеаралық өт түтікшелеріне, ductuli interlobulares, құяды. Үлесше ортасында
орталық вена, v.centralis, орналасады. Үлесшелер арасында
үлесшеаралық артериялар мен
веналар жүреді. Олардан, үлесшенің ішіне капиллярлар кетеді. Бұл капиллярлар бір –
бірімен қосылып, диаметрлері үлкен болатын,
үлесшеішілік синусоидтық капиллярларға айналады. Синусоидтық капиллярлар гепатоциттерге тығыз жанасып жатады. Гепатоциттер капиллярларға зат алмасу өнімдерін,
өт түтікшелеріне өт бөліп шығарады.
Синусоидтық капиллярлар
бауыр табақшаларының арасымен жүріп,
орталық венаға құйылады. Орталық веналар бір-бірімен қосылып, 2 – 3 бауыр веналарын түзеді. Бауыр веналары төменгі қуыс венаға құйылады.
Үлесшеаралық өт түтікшелері, үлесшеаралық
артериялар мен веналар бауыр үштігі ( триадасы ) деп аталады. Бауырдың тамырлар жүйесіне бояу енгізіп, микроскоппен қарағанда тамаша көрініс көзге ілінеді. Бұл құрылым
бауырдың керемет торы, rete mirabile hepatis, деп аталады. Үлесшеаралық өт түтікшелері
өзара қосыла отырып, бауырдың оң және сол үлестерінен шығатын,
бауырдың оң және
сол түтіктерін, ductus hepaticus dexter et sinister, түзеді. Ол екеуі бірігіп,
бауырдың жалпы түтігін, ductus hepaticus communis, түзеді.
Бауырда қантамырлардың орналасуына сәйкес: екі үлес, бес сектор және сегіз сегментті ажыратады. Сол жақтағы үлесте үш сектор және төрт сегмент, оң үлесте екі сектор және мұнда да төрт сегмент бөлінеді. Сектор – қақпа венасы мен бауыр артериясының екінші реттік тармақтары қандандыратын аймаққа сәйкес келетін бауырдың бөлігі. Сегмент – қақпа венасы мен бауыр артериясының үшінші реттік тармақтары қандандыратын аймаққа сәйкес келетін бауырдың бөлігі ( 248 – сурет ).
1.
Сол дорсалды сектор бауырдың бірінші сегментіне ( C I ) сәйкес келеді, оның құрамына құйрықты үлес кіреді ( бір сегментті сектор ) .
Достарыңызбен бөлісу: