Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология


Жұтқыншақ қабырғасының құрылымы



бет15/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Жұтқыншақ қабырғасының құрылымы. Жұтқыншақтың қуысы жағынан бастап, сыртқа қарай қарастырғанда: біріншісі - шырышты қабық, tunica mucosa; екіншісі – шырышасты негізі, tela submucosa; үшіншісі - бұлшықетті қабық, tunica muscularis; төртіншісі - дәнекертінді қабық, tunica adventicia,- деп,аталады. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің шырышты қабығы кірпікті, ал ауыздық және көмейлік бөліктері көпқабатты жалпақ эпителиимен жабылған. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде көп мөлшерде жұтқыншақ бездері, glandulae pharуngeae, жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады.
Шырышасты негізі жұтқыншақтың төменгі бөлігінде, құрылымы бойынша кәдімгі шырышасты негізі болса, ал жоғарғы бөлігінде тығыздалып талшықты құрылым түзеді де, жұтқыншақ - базилярлық шандыр, fascia pharyngobasilaris, - деп аталады.
Жұтқыншақтың бұлшықетті қабығында көлденең жолақты бес бұлшықет бар. Олардың үшеуі жұтқыншақты қысатын бұлшықеттер, екеуі жұтқыншақты көтеретін бұлшықеттер ( 223 – сурет ).


223 – сурет. Жұтқыншақ бұлшықеттері, артқы көрінісі.
1 – жұтқыншақ-базилярлық шандыр; 2 – жұтқыншақтың жоғарғы қысатын бұлшықеті; 3 – біз - жұтқыншақ бұлшықеті; 4 – біз – тіласты бұлшықеті; 5 – жұтқыншақтың ортаңғы қысатын бұлшықеті; 6 – тіласты сүйегі; 7 – өңеш; 8 – жұтқыншақтың төменгі қысатын бұлшықеті; 9 – медиалды қанаттәрізді бұлшықет.

Жұтқыншақтың жоғарғы қысатын бұлшықеті, m.constrictor pharyngis superior, сынатәрізді сүйектен, төменгі жақсүйектен және тілден басталып, артқа жүреді де, жұтқыншақтың артындағы ортаңғы сызық бойында - қарсы жақтың бұлшықетімен қиылысып, жұтқыншақ жігін, raphe pharyngis, түзуге қатынасады.
Жұтқыншақтың ортаңғы қысатын бұлшықеті, m.constrictor pharyngis medius, тіласты сүйегінің үлкен және кіші мүйіздерінен басталады. Оның талшықтары жоғары, горизонталды және төмен жүріп жұтқыншақтың артындағы ортаңғы сызық бойында - қарсы жақтың бұлшықетімен қиылысып, жұтқыншақ жігін, raphe pharyngis, түзуге қатынасады. Жоғарғы талшықтары жоғарғы қысатын бұлшықеттің төменгі бөлігін жауып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет