Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология


Шықшыт безінің тамырлары мен нервтері



бет13/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Шықшыт безінің тамырлары мен нервтері. Безді самайдың беткей артериясы қанмен қамтамасыздандырады. Веналық ағым, төменгі жақсүйекартындағы венаға құяды. Лимфа шықшыттың беткей және терең лимфа түйіндері арқылы өтеді. Н е р в т е н у і: құлақ- самай нерві, сезімтал нервтендіреді, бұл нервтің құрамында құлақ түйінінен кететін - парасимпатикалық түйіннен кейінгі тармақтар өтеді де, бездің қызметін қамтамасыз етеді.Бездің қызметін тежейтін симпатикалық нервтер - сыртқы ұйқы өрімінің құрамында келеді.
Тіласты безі, glandulae sublingualis, сірлі сөл бөліп шығаратын, көпіршікті - түтікті без. Ол жақсүйек - тіласты бұлшықеті үстінде, ауыз қуысы шырышты қабығының астында орналасып, тіласты қатпарын түзеді.
Без алдыңғы – латералды жағымен төменгі жақсүйек денесінің ішкі бетіне жанасып жатып, сүйектегі аттас шұңқырды түзеді, ал артқы шеті төменгі жақсүйекасты безіне жанасады. Оның көптеген тіластылық кіші түтіктері, ductus sublinguales minores, тіласты қатпарын бойлай ашылады. Бездің тіластылық үлкен түтігі, ductus sublingualis major, тіласты бүртігіне жеке немесе төменгі жақсүйекасты безінің түтігімен бірігіп ашылады.
Тіласты безінің тамырлары мен нервтері. Безді тіл артериясы қанмен қамтамасыздандырады. Веналық ағым, аттас вена арқылы ағады. Лимфа ағымы, төменгі жақсүйек астылық және иекастылық лимфа түйіндеріне барады. Н е р в т е н у і: нерві, сезімтал нервтенуі – тіл нерві; парасимпатикалық нервтенуі – бет нервісінің тармағы дабыл ішегінің құрамында төменгі жақсүйекасты түйініне келеді. Түйіннен парасимпатикалық түйіннен кейінгі тармақтар шығады да, бездің қызметін қамтамасыз етеді.Бездің қызметін тежейтін симпатикалық нервтер - сыртқы ұйқы өрімі мен тіл өрімінің құрамында келеді.
Төменгі жақсүйекасты безі, glandula submandilaris,төменгі жақсүйекасты үшбұрышында орналасқан, күрделі көпіршікті - түтікті без. Сырты жұқа қапшықпен қапталған. Без, жақсүйектіласты бұлшықетінің, m.mylohyoideus, астында орналасқан. Бездің бір бөлігі аталған бұлшықеттің артқы жиегін айналып, оның жоғарғы жағына өтеді де,тіласты безінің латералды бетімен жанасып жатады. Бездің осы бөлігінен тіласты бүртігіне, caruncula sublingualis, ашылатын төменгі жақсүйекасты түтігі, ductus submandibularis, шығады Бездің жақсүйек – тіласты бұлшықетінің астындағы бөлігі төменгі жақсүйектің ішкі бетімен жанасып жатып, сүйектегі аттас шұңқырды түзеді. Төменгі жақсүйекасты безінің төменгі бөлігі төменгі жақсүйектің астынан шығып тұрады, медиалды бөлігі тіласты - тіл бұлшықетімен жанасып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет