Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


I.Науқастың жалпы жағдайын қарау



бет29/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

I.Науқастың жалпы жағдайын қарау
Науқастың жалпы жағдайы ауыр, орташа ауырлықта, қанағаттанарлық жағдайда болады.
II.Науқастың санасын қарау
-Санасының бұзылысы синкопальді жағдайда
-Эпилепсиялық ұстама жағдайында
Сананы жоғалту дәрежесіне байланысты: есеңгіреу,сопар, кома
Сана бұзылуының жіктемесі
(Коновалов А.Н. 1982 жыл)
Бейімделген түрлері:

  1. Сана бұзылысының сандық формасы:

  • Анық – науқас өзін және қоршаған ортаны таңуы сергек жағдайында.

  • Есеңгіру: 1)шамалы- жағдай, уақыт, орны бойынша жекелеген бағдарлай алмаушылық, шамалы ұйқышылдық, жауабы баяуланған, тежелген, бірақ дұрыс. Ауырсынуға кері жауап сақталған. Сфинктерлер функциясы сақталған.2) Терең- науқас үнемі ұйқы жағдайында. Науқас өзінің аты-жөнін қатемен айтуы мүмкін. Ауырсынуға кері реакция сақталған. Науқастан жауап алу үшін. Ауырсыну тітіркенгішін пайдалана отырып, қатты дауыстап ояту керек. Сфинктерлердің функциясы төмендеген.

  • Сопор-науқастың сөйлеуі және мимикалық байланысы жоқ. Ешқандай бұйрықты орындамайды. Ауырсынуға қорғаныс қимылдарымен жауап береді. Кіші жамбас куысындағы сфинктерлердің функциясы бұзылған. Өмірлік маңызы бар ағзалардың қызметі сақталған. Қарашық, жұтыну, жөтел, терең рефлекстер сақталған.

  • Кома- науқастың санасы толық өшкен. 3 сатыда болады:

Шамалы: қарашық рефлексі сақталған. Жұтыну кенеттен қиындаған. Сфинктердің функциясы бұзылған. Тыныс алу және жүрек –қантамыр жүйесінің қызметтері салыстырмалы түрде сақталған.
Терең:өте күшті ауырсынуға ешқандай жауап бермейді. Гипорефлексия немесе арефлексия. Тыныс алу және жүрек –қан тамыр жүйесінің қызметі айқын бұзылған.
Шектен тыс: екі жақты мидриаз. Көз алмасы қозғалмайды. Тотальді арефлексия. Жайылмалы бұлшық еттердің атониясы. Жүрек ырғағы, тыныс алу жиілігі дөрекі өзгерген, апноэ, кенеттен тахикардия. Артериальді қысымы анықталмауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет