Субъективті зерттеу әдістері Диагностикалық іздестіру процесінде науқастан анамнез жинау ішкі аурулар клиникасында үлкен мәнге ие. Бұл әдіс науқасты физикалық тексеру алдында жүргізіледі. Дұрыс жиналған анамнез 50-70% жағдайында дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Субъективті тексеру әдісі бірнеше бөлімдерден тұрады: науқас жайлы мағлұмат(паспорттық бөлім), науқастың шағымы, қазіргі ауруының даму тарихы(anamnesis morbi), аурудың өмір тарихы(anamnesis vitae)
I.Паспорттық бөлім: Бұл ақпаратты дәрігер науқаспен бірінші байланыс жасауда алады. Паспорттық бөлімге жатады: науқастың аты – жөні, жасы, жынысы, білімі, мамандығы, жұмыс орны, мекен-жайы, түскен уақыты, кім арқылы жіберілді. Бұл бөлімнің ерекшелігі дәрігерге жастық ерекшелігіне, тұратын жеріне, кейбір кәсібінің денсаулыққа зияндылығына байланысты науқас жайлы, сырқаты жайлы қосымша ақпараттар жинау.
I I. Науқастың шағымдары: Науқастың шағымын жинау үлкен шеберлікті қажет етеді. Егде жастағы кісілерде бір емес бірнеше ауруы болады, соған байланысты шағымдары да көбейеді. Ең алдымен соңы ескеру керек.Сондықтан дәрігер негізгі шағымын бөліп алу керек, содан кейін барып қосымша шағымдарын ескереді. Мақсатқа жету үшін ең дұрыс сұрақ болып: «Сізді ең алдымен мазалайтын не?» деп,осы сұрақты қою арқылы негізгі ауруына жақындай түсесін. Сонымен қатар дәрілер кейде науқастың шағымы мен патологиялық ошақтың орналасқан орны әрдайым сәйкес келе бермейтінін ескеру керек. Мысалы: миокард инфарктісінің абдоминальді формасы кезінде эпигастрий аймағындағы ауырсыну, оң жақ өкпенің крупозды пневмониясы кезіндегі оң жақ қабырға астыңдағы ауырсынулар сияқты. Бұл кезде қосымша объективті зерттеу әдістері көмектеседі.Екінші маңызды талаптардың бірі болып шағымдарды детализациялау болып табылады. Мысалы науқасты жөтел мазалайды. Ең алдымен жөтел құрғақ немесе ылғал екенін анықтау керек. Егер жөтел ылғалды болса, тәулігіне бөлінетін қақырық мөлшері, сипатын, түсін(іріңді,серозды, геморрагиялық екенін)анықтау керек. Негізгі шағымдарын анықтағанан кейін келесі сұрақ қойылады: Сізді тағы да не мазалайды. Науқас бұл кезде қосымша шағымдарын айта бастайды. Негізгі шағымдарды игеру арқылы аурудың жалпы сипатына қорытынды жасауға болады. Мысалы жоғары температура көбіне жұқпалы аурулардың бар екенін көрсетеді; қақырықпен жөтел өкпе ауруының мүмкіндігіне бағыт береді. Сұрастыру арқылы негізгі аурудың жедел немесе созылмалы екенін анықтай аламыз. Науқасты сұрастыру тек қана осы сұрақтармен ғана шектеліп қоймайды. Қандайда бір симптомдарды және барлық ағзалардың қызметінің жағдайын жіберіп алмас үшін, науқасты белгілі бір жүйе бойынша сұрастырады. Жалпы жағдайының өзгерісі анықтайды( арықтау, дене қызуының жоғарлауы, жалпы әліздік, ісінулер, бас ауру), тыныс алу және жүрек қантамыр жүйесі бойынша (жүрек соғуы, жүрек қағуы, ентігу, жүрек тұсының ауырсынуы, кеудедегі ауырсыну, аяқтарының ісінуі). Барлық науқастарда сұрастыру кезінде жүйке жүйесінің жағдайын анықтайды: жалпы өзін сезінуі қалай, жақсы немесе нашар ұйықтайды, қоршаған орта жағдайларына байланысты тітіркенгіш па немесе бей жай қарай ма, бас ауру, бас айналу бар ма. Сонымен қатар есі анықпа, сезімталдығы, сезгіштігі қалай.
Сұрастыру жолдарында ағзаның басты жүйелерінің қызметі анықталып өтіледі – тыныс алу, қан айналым, жүрек –қантамыр, ас қорыту, зәр шығару, тірек –қимыл, эндокринді.
I I I. Аурудың даму тарихы(anamnesis morbi): Егер сіздің алдыңызда стенокардиямен ауыратын науқас отырса, ал сіз аурудың қашан басталғанын нақтылағыныз келсе, келесідегідей сұрақтар қою керек: Кеуде артындағы ұстамалы ауырсыну өмірінде қашан және қандай жағдайдан кейін пайда болады?Әрі қарай науқастан аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда ауруханаға жатты ма? Анықтау керек. Ол жақта қандай тексерулер жүрізділді, оның қорытындысы?Қандай диагноз қойылды? Әрі қарай аурудың өршуі болды ма?.Аурудың жиілігі, даму ерекшелігі? .Немен емделді?. Емнен нәтиже болды ма?, басқа клиникаларда тексеруден өтті ма?соңғы ауруханаға жатқан уақыты. Еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыздығын анықтап өту керек. Мүгедектік берілді ма? Берілсе нешінші топта?
IV. Аурудың өмір тарихы(anamnesis vitae):
Келесі маңызды факторлары анықтаудан тұрады:
Балалық шағы және жасөспірім шағы: қандай отбасында дүниеге келгенін, үйінде нешінші бала. Ана сүтімен немесе жасанды тамақтанумен өсті ма?қай кезден бастап жүре бастаған,сөйлеуі, физикалық-ақыл ой дамуын бағалау.Мектепте қалай оқыды? Егер ер адам болса әскерде болды ма? Борышын қай жерде өтеді?
Еңбек жасы: еңбек етуі кезінде кәсіби зиянды жақтары болды ма? Болса қандай? Еңбек тәртібі( күндіз, түңгі уақытта)
Үйінің әлеуметтік, санитарлық жағдайы, отбасында қанша адам тұрады
Отбасы жағдайы: қай жасында отбасын құрған, отбасы құрамы, үй мүшелерінің денсаулық жағдайы. Әйелдерде етеккір циклін анықтау, жүктілік саны, босануы қалай өтті, түсік тастаулар болды ма, одан кейінгі ақынулар болды ма анықтап өту маңызды. Ер адамадар болса жыныстық даму ерекшелігі.
Тұқымқуалаушылық аурулары бар ма. Егер отбасы мүшелері қайтыс боласа қашан, қай жасында, қандай жағдайда немесе қандай аурудан
Басынан өткерген аурулары: жедел немесе созылмалы
Зиянды әдеттері: темекі шегеді ме, шексе біраз уақыт болды ма, тәулігіне нешеу шегеді. Спирттік ішімдіктермен әуестенеді ма, қанша жасынан бастап, жиі пайдаланады ма, есірткі, седативті(тыныштандыратын), ұйықтататын дәрілерді қабылдайды ма. Қою қара шайды, кофені көп ішеді ма.
Аллергологиялық анамнезі:
Науқас бұрындары дәрі –дәрмектерді алған ба,қабылдаса қалай көтерді, дәрілерді қабылдау барынсында аллергиялық реакциялар болды ма. Егер науқаста қандайда аллергиялық реакциялары болса амбулаторлық картасына белгілеп қойылады.
Соңымен қатар тамаққа, химиялық заттарға, суыққа, опа-далапқа реакциясы болса міндетті түрде ауру тарихына белгілеп өтеді