Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


ФИЗИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ



бет28/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

ФИЗИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Науқасты объективті зерттеу – науқастың нақты осы кездегі жағдайын (status preasens), жалпы жағдайын, ішкі ағзалар мен жүйелердің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Науқасты объективті тексеру әдістері

Н егізгі Қосымша

Науқасты жалпы қарау, Зертханалық, аспаптық,
пальпация,перкуссия, гистологиялық,
аускультация гистохимиялық т.б.
Науқасты қарау

  1. Жалпы қарау – науқасты басынан- аяқ қарау. Аспаптық және зертханалық зерттеулердің дамуына қарамастан науқасты жалпы қарап шығудың диагностикалық маңызы зор. Жалпы қарау арқылы диагнозды анықтауға жоғары мүмкіндік бар(акромегалия, тиреотоксикалық жемсау)

  2. Жергілікті – жүйелер бойынша қарау, мысалы: кеуде клеткасы, жүрек аймағы, ішті, бүйрек, бауыр т.б.

Қарауды жүргізуде қойлатын талаптар: бөлменің жарық болуы, жылы болуы, қарауда жүргізу техникалық толық сақтау. Қараудың техникасы: науқастың кезекпен жаланаштай отырып, тікелей, бүйір қалпында қарау жүргізіледі. Науқастың денесін және кеуде клеткасын қарауды зерттелушінің вертикалды қалпында жүргізген тиімді. Науқастын іш аймағын вертикальды және горизонтальді қалыпта жүргізген тиімді. Бастапқыда жалпы қарау жүргізіледі, ол арқылы негізгі синдромды анықтап, кейіннен дененің жекелеген аймақтарына көшу керек: науқастың басы, беті, мойыны, денесі, аяқ – қолы, терісі, сүйек, шырышты қабаттары, түкті қабаттары.
Жалпы қарау:

  1. Науқастың жалпы жағдайы

  2. Науқастың санасы

  3. Науқастың қалпы

  4. Науқастың дене бітімі, конституциясы

  5. Бет әлпеті, бас және мойын аймағын қарау

  6. Тері және шырышты қабаттарын қарау

  7. Шаш және тырнақтың сипаты

  8. Лимфа түйіндерінің жағдайы

  9. Бұлшық ет,сүйек, буын жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет