Орталық жайылмалы цианоз – өкпенің созылмалы ауруларында кездеседі(өкпе эмфиземасында, өкпе артериясының склерозы, пневмосклерозы). Ол өкпе альвеолаларындағы қанның оттегімен қанығуының бұзылысынан болады. Тері жамылғысы жалпы көгерген, ұстағанда жылы болып келеді.
Шеткері цианоз(акроцианоз)- жүрек жетіспеушілігінде дамиды. Шеткері дене мүшелерінде венозды іркіліс нәтижесінде болады(ерінде, бет ұшында, аяқ – қол саусақ ұштарында, мұрын ұштарын).
Аралас цианозда: екі цианоз түрі дамиды.
Сарғаю – шынайы және жалған сарғаю белгілері болады. Шынайы сарғаюда тіндер мен қанда билирубин мөлшерінің жоғарлауынан жүреді. Пайда болу механизміне байланысты келесі түрлері ажыратылады: 1)бауыр үстілік(гемолитикалық): эритроциттердің белсенді ыдырауынан болады. 2)бауырлық:бауыртінізақымдалғанда 3)бауыр астылық (механикалық): өт шығару жолдарының бітелуінен болады. Жалған сарғаю – кейбір дәрілік препараттарды көп мөлшерде қабылдау нәтижесіде болады(мысалы хинин, хингамин т.б.) және кейбір азық түлікті пайдалану кезінде(сәбіз, цитрус). Бұл кезде склера боялмайды, билирубин алмасуы қалыпты болады.