Науқастың бет әлпеті – науқастың жан және физикалық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Диагностикалық маңызы бар жағдайлар:
«Митральді бет» - митральді стенозы(тарылуы)-бар науқастарға тән: бет ұшының көгерулі- қызаруы, ернінің, мұрын ұшы, құлақ қалқанының көгеруі болады(акроцианоз).
«Корвизар беті» - ауыр созылмалы жүрек жетіспеушілігінің белгісі. Науқастың беті сарғыш – бозарған, ісінген, ерні көгерген, аузы жартылай ашылған, айқын ентігу.
Иценко-Кушин синдромы(гипофиздің алдыңғы бөлігінің аденомасы кезіндегі, бүйрек үсті безінің қызметінің бұзылысы) кезінде бет әлпеті: дөңгеленген бет әлпеті, гирсутизм(әйелдерде сақал, мұрттың пайда болуы),артық салмақ. Артық салмақты көбіне жоғары жағына жинайды.
Базедов ауруы кезіндегі бет әлпеті(қалғанша безінің гиперфункцияы): беті мимикаға толы, экзофтальм, көзі жылтыраған, қорқыныш, таңырқау белгілері бар.
Микседема кезіндегі бет әлпеті(қалқанша безінің гипофункциясы): беті ісінген, мимикаы әлсіз, бей жай көз қарас. Көз саңылауы тарылған.
Акромегалиялық бет әлпеті: кенеттен мұрын өлшемі, ерні, астыңғы жағы тілі, бойы ұлғайған.
Достарыңызбен бөлісу: |