IV. Дене бітімі конституциясы қарау
Науқастың бойы: антропометрия әдісі арқылы тексеріледі. 190 см жоғары болса –гигантизм, 100 см төмен болса-ергежейлік деп аталады.
Салмағы – медициналық таразы арқылы өлшенеді. Кеуде клеткасы сантиметрилік лентамен өлшенеді.
Конституциясы – организмнің морфологиялық және функциональді ерекшелігіне байланысты: 1) нормостеникалық тип: бұлшық еті жақсы дамыған, бұғана үсті, бұғана асты ойықтары айқын көрінеді. Қабырлары қиғаш, төмен бағытталған. 2) Астеникалық тип: бұлшық еттері нашар жетілген, бұғана үсті, бұғана асты ойықтары терең, қабырғаралықтары кең. Қабырғалары тігінен орналасқан. паренхиматозды ағлалардың өлшемі кіші, жүрек ілулі, шажырқайы ұзын, бүйрек төмен орналасқан. 3)гиперстеникалық тип: бұлшық еттері жақсы жетілген, мойны қысқа, қалың, қабырғааралықтары тар, бұғана үсті және бұғана асты ойығы айқын емес. Қабырғалары горионтальді орналасқан. Бұндай адамдарда зат алмасу процесі тез бұзылып, нәтижесінде АГ, ЖИА, өт тас аурулары, бүйрек тас аурулары жиі дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |