VI. Тері және шырышты қабаттарын қарау
Тері және шырышты қабаттарын қарау түсуіне, бөрітпелер бар ма, тыртықтар, қасу іздеріне, қабыршықтану, жаралар, эластикалық, тургорына, ылғалдылығын анықтау. Тері және шырышты қабаттардың түсі: қан тамырлардың даму ерекшелігіне, меланин пигментінің барлығына, терінің қалыңдығы мен тегістігіне байланысты болып келеді. Дені сау адамдарда тері – ақшыл – қызыл түсті.
Терінің патологиялық түсі:
Бозарған: жедел қан кетулерде, жедел қантамыр жетіспешілігінде(естен таңу, шок), анемия кезінде, бүйрек ауруларында, кейбір жүрек ақауларында, қатерлі ісік ауруларында, безгекте, инфекциялық эндокардитте. Дені сау адамдар терінің бозаруы: қорыққан кезде, тоңған кезде болады. Қызару(гиперемия): қобалжу кезінде, сыртқы орта температурасында, қызбада,алкоголь қабылдауда, АГ, полицетимияда Цианоз: тіндерде көп мөлшерде қайта қалыптасқан гемоглобин мөлшерінің жоғарылауы нәтижесінде болады. Цианоз жайылмалы және жергілікті болып бөлінеді. Жайылмалы цианоз – жүрек жетіспеушілігінде және өкпе – тыныс жетіспеушілігінде болады. Жергілікті цианоз – венадағы қанның іркілуінен болады(тромбофлебит, флеботромбоз). Жайылмалы цианоз пайда болу механизмі бойынша келесі түрлерге бөлінеді: 1) орталық;2)перифериялық;3)аралас;
Достарыңызбен бөлісу: |