Ас қорыту жүйесі - Ауыз қуысын қарау: еріндері құрғақ, бозғылт түсті, шырышты қабатқа өтетін бөлігі де құрғақ, тілі ылғалды, таңдақталған, сұр түсті. Қызыл иек қызғылт түсті, ауыру сезімінсіз, қанталамайды, қабынбаған. Таңдай бадамшалары таңдай доғашықтарынан шығып тұрған жоқ. Жұтқыншақтың шырышты қабығы ылғалды, қызғылт түсті.
- Құрсақ қуысын қарау: Құрсақтың екі жағы симметриялы, тыныс алу актісіне қатыспайды. Беткей пальпация кезінде құрсақ қабырғасы жұмсақ, ауырсынусыз, кернелмеген, қарап тексергенде перистальтика байқалмайды. Беткей бағдарлы пальпацияда іштің тік бұлшықетінің диастазасы анықталмайды. Кіндік сақинасы кеңеймеген. Құрсақүсті аймағында жергілікті перкуторлы ауыру сезімі симптомы, флоктуация, «бақа тәрізді құрсақ»симптомы теріс.
- сигма тәрізді ішек – d=2см цилиндр пішінді,ауырсынусыз, жылжымалы,беті тегіс, пальпацияланады;
- соқыр ішек – d=2.5cм, ауырсынусыз, жылжымылы, консистенциясы эластикалық, пальпацияланады;
- көлденең тоқ ішек – d=3cм цилиндр пішінді ауырсынусыз, жыожымылы, консистенциясы эластикалық, пальпацияланады;
- жоғарылаған және төмендеген тоқ ішек d=2.5cм, ауырсынусыз, жылжымылы, консистенциясы эластикалық, пальпацияланады;
- асқазанның үлкен иіні – кіндіктен 3 см жоғары, ауырсынусыз, беті тегіс, консистенциясы эластикалық.
- Бауыр мен өт қабы: бауырдың төменгі жиегі оң жақ қабырға доғасынан шықпайды, Курлов бойынша бауыр шекаралары 9,8,7см. Беті тегіс, консистенциямы жұмсақ. Өт қабы пальпацияланбайды, Мюссе, Мерфи, Ортнер, Фриникус симптомдары теріс.
- Көкбауыр пальпацияланбайды, перкуторлық шекаралары жоғарғысы 9-қабырғааралықта, төменгісі 11-қабырғааралықта ортаңғы қолтық сызығы бойымен сол жақта. Ұйқы безі пальпацияланбайды. Аускультация: ішек перистальтикасы қалыпты.
- Зәр шығыру жүйесі
- Зәр шығару тәулігіне 5 рет, ауырсынусыз. Тәуліктік дурез 1,5 л. Бел аймағы ауырмайды. Бүйрек пен қуық пальпацияланбайды. Соғып тексеру симптомы екі жақта да теріс. Қасаға сүйегі үстінен қуық анықтлмайды.
- Эндокрин жүйесі
- Қалқанша безі пальпацияланбайды. Экзофтальм, діріл жоқ. Екіншілік жыныстық белгілері жасына сәйкес, ер адамға тән.Семіру анықталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |