«Іскерлік құжаттарды дайындау және өңдеу»



бет8/27
Дата23.03.2018
өлшемі8,02 Mb.
#39456
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Кескін өлшемін өзгерту

Орналастырылған кескіннің өлшемі әрқашан талапқа сай бола бермейді. Сендер оны өз қалауларыңша өзгертулеріңе болады.

Меңзерді шектеуіштердің біріне орнатып, тышқан батырмасын басындар да, оны босатпай, шектеуішті қажетті бағытта «тартыңдар». Меңзер екі бағытты көрсеткішке айналып, кескін көз алдарында өз өлшемдерін өзгерте бастайды. Оның пропорциялары тышқан қозғалысының бағытына байланысты не ол, не бұл жаққа қарай бұзылып жатқанын байқау қиын емес. Тышқан батырмасын босатып, алынған өлшемді бекітіңдер.

Егер өлшем өзгерту операциясын Shift пернесін басып тұрып жасаса, кескін пропорциялары сақталады.

Бұрмаланған суретті бүрынғы пропорционалды қалпына оралтыңдар. Ол үшін пернесін басып тұрып, ерекшеленеген кескіннің кез келген шектеуішін, жаңа ғана жасағандай, мауспен «тартыңдар» да, оны «созу» біткенде ғана босатыңдар.

Соңғы операцияны орындатпаудың тағы бір жолы — Правка -> Отменить редактирование командасы.



Кескінді кадрлеу

Кейде жарияланымға кескінді тұтас емес бөлігін ғана орналастыру қажет болады. Қажетті фрагментті кескінді редакциялауға арналған арнайы бағдарламалар көмегімен ойып алуға болады, бірақ бұл ең жылдам және қарапайым әдіс бола бермейді. PageMaker бағдарламасы кескін фрагментін тікелей басу жолағында ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бұл операция кадрлеу деп аталады.

Инструменттер панелінде «Рамка» инструментін таңдаңдар. Меңзер-жақтауды кескін шектеуіштерінің біріне шектеуіш жақтау шекараларының ішіне түсетіндей етіп орналастырындар. Тышқан батырмасын басып тұрып, суреттің шеттерін қырқу үстінде меңзерді жылжытыңдар. Қажетті фрагментті алған соң, батырманы босатындар. Иллюстрацияның бөлігі көзден жасырылса да, шын мәнінде PageMaker оны толық «есінде сақтайды» және де кез келген сәтте бұл кескін қайтадан толық немесе жартылай дәл сол инструмент қолданылуымен ашыла алады.

Кескіндермен және графикалық объектілермен жұмыс істеуде басқарушы палитраны қолдану

Біз орындаған менюдің барлық командалары меню командалары немесе пернелер комбинациясы көмегімен іске асырылған. Бірақ одан басқа да — Басқарушы палитраны қолдануға негізделген ыңғайлы әдіс бар. Егер мұндай палитра экранда жоқ болса, онда Окно => Показатъ набор управления командасын орындаңдар.

Басқарушы палитраның сыртқы көрінісі таңдалған инструментке және ерекшеленген нәрсе болу-болмауына байланысты. Қазір біз басқарушы палитраны ерекшеленген объектілермен - мәтіндік блоктармен, графикалық объектілермен, иллюстрациялармен - жұмыс істеуде пайдалануды қарастырамыз. «Буква» инструментімен және мәтіннің ерекшеленген фрагментімен жұмыс істеуде қолдануды мәтінмен жұмыс істеу бөлімінде қарандар.

«Стрелка» инструментімен қайсыбір объектіні ерекшелеңдер. Басқарушы палитра 25-суреттегідей қалыпқа енеді.





Сурет 25. Мәтінмен жұмыс істеудегі басқарушы палитраның

сыртқы көрінісі.

1 модификация батырмасы;

2 — белгіленген активті нүктесі бар объектінің схемалық көрсетімі;

3 — активті нүкте координаттарын модификациялау батырмалары;

4 объектінің активті нүктесінің координаттары;

5 объектінің ені мен биіктігін модификациялау батырмалары;

6 — объектінің ені мен биіктігі;

7— объектінің ені мен биіктігі өзгеруін бейнелеу өрістері бастапқы өлшеміне қатысты процентте;

8 — объекті өлшемінің пропорционалды өзгеруінің белгісі;

9 — бұрылыс бұрышын модификациялау батырмалары;

10 — бұрылыс өрісі;

11 — еңкіш бұрышын модификациялау батырмалары;

12— еңкіш өрісі;

13 көлденеңінен айналық бейнелеудің батырмасы;

14 — объектіні тігінен айналық бейнелеудің батырмасы.
Объектінің активтілігінің белгісі — объектінің периметрі бойынша орналасқан шектеуіш-нүктелер екенін сендер білесіңдер. Солардың біреуі, ерекшесі активті нүкте деп аталады. Оның тұрған орнына бұрылыс, еңкіш және айналық бейнелеу операцияларының орындалу нәтижесі тәуелді. Егер активті нүктенің үлкендеуі болып бейнеленсе, онда аталған операциялардан кейін бұл нүкте қозғалмайтын болып қалады. Егер де активті нүкте екі бағытты немесе төрт бағытты көрсеткіш болып бейнеленсе, онда орнында активтіге қарама-қарсы нүкте қалады. Активті нүктенің жағдайы нақты объектінің тиісті шектеуіш-нүктесін немесе объектінің баскарушы палитрадағы схемасын шертумен беріледі.

Басқарушы палитрада координаттар, өлшемдер немесе бұрыштардың сандық мәндері бар өрістер бар, ал олардың сол жағындағы көрсеткіші бар батырмаларды сол мәндерді үлкейту/кішірейту үшін пайдалануға болады. Ерекше дәлдік қажет кезде бұл кейде пайдалы болады. Жаңа мәндерді тікелей өрістерге ескілердің орнына енгізуге де болады. Бірақ бұл жағдайда объект тек қана модификациялау батырмасын шерткеннен кейін немесе ENTER пернесін басқаннан кейін жылжиды.

Басқарушы панельде объект өлшемі өзгеруіне әсер ететін мына белгілердің бірі бейнеленеді:

объект өлшемінің пропорционалды өзгеруінің белгісі;

объект өлшемінің пропорционалды емес өзгеруінің белгісі.

Панельде бірінші белгінің болуы объект еніндегі немесе биіктігіндегі кез келген өзгеріс басқа параметрдің пропорционалды езгеруіне себепші екенін мәлімдейді.

Панельде екінші белгі болса, объектінің ені мен биіктігі бір-біріне тәуелсіз өзгере береді.
Көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу

Алдыңғы бөлімдерде біз объектілердің барлық түрлерін — мәтіндік блоктарды, графикалық элементтерді, кескіндерді жасап, олармен жұмыс істеуді үйрендік. Бірақ барлық мысалдарда бір бетті жарияланым колданылды. Енді көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу әдістерін үйренуге өтейік.

Жаңа жарияланым жасайық — Файл => Новый. Мына параметрлерді орнатайық:


  • А4 пішімі;

  • Книжная бағдары;

  • екі жақты (қанатбелгі қою);

  • айқармабет (қанатбелгі қою): бір беттің екі жағын да көру үшін;

  • бірінші беттің нөмірі — 1.

Да батырмасын басыңдар экранда бір бетті жарияланым пайда болады.

Бұл режимді қосу үшін Макет => Автозаполнение командасын орындаңдар (осы команданын жанындағы қанатбелгі — автотолтыру қосылғанының белгісі). Бұл жағдайда импортталынып жатқан мәтін бір беттен бір бетке «жылжып», өз бетінше жарияланымға орналасып алады. Егер бет жеткіліксіз болса, PageMaker оларды өзі қосады.



Енді Файл - Поместить командасын орындап, РМ65 каталогынан readme.doc файлын таңдаңдар да, Открыть батырмасын басыңдар. Диалог терезесі жабылып, меңзер иілген көрсеткіші бар мәтіңді орналастыру пиктограммасының түріне енеді. Меңзерді басу жолағының сол жақ жоғарғы бұрышына орнатып, тышқан батырмасын басыңдар. Мәтін жарияланымда автоматты түрде түп-түгел орналасты. Ол үшін PageMaker бағдарламасына тағы 15 бет жасауға тура келді.

Жарияланым беттері жөніндегі ақпаратты бағдарлама терезесінің сол жақ төменгі бұрышында көруге болады (Сурет 26). Әр бет ішінде нөмірі бар ақ бос парақша түріндегі өз таңбашасымен көрсетілген. Ағымдағы беттің пиктограммасы қара түске боялған.

Сурет 26. Беттер пиктограммалары
Жарияланым бетттері бойынша жылжу
Экранға қажетті бетті шығарудың бірнеше әдістері бар.

Бірінші әдіс. Пиктограммалар тізіміндегі (Сурет 26) қажетті беттің пиктограмммасы бойынша мауспен шерту. Бет өте көп болып, олардың пиктограммалары терезенің төменгі шекарасы бойына сыймай жатса, тізімнің сол жағынан және оң жағынан айналдыру батырмалары пайда болады. Олардың көмегімен әрқашан қажетті беттің пиктограммасын көруге болады. Дәл соны РаgеUр және РаgеDown пернелері көмегімен жасауға болады. РаgеUр пернесі бойынша шерту сендерді нөмірі бойынша келесі бетке апарады. РаgеDown пернесі алдыңғы бетке өту үшін арналған.

Екінші әдіс. Макет => Перейти к странице командасын орындау. Ашылған терезеде қажетті беттің нөмірін енгізіңдер. Сендер Да батырмасын шерткеннен кейін, бет экранда пайда болады.

Үшінші әдіс. Макет => Пролистать назад командасы көмегімен ағымдағы бетке өткенге дейін экранда бейнеленген бетке (немесе айқармабетке) оралуға болады. Беттермен жұмыс істегендеріңдегі реттілікті PageMaker жадына сақтап қойып, өздеріңнің жолдарың бойынша кез келген бағытта «қыдыруға» мүмкіндік береді. Егер сендерге бірнеше қадамға артқа оралуға тура келсе, қажетінше орындалған Макет => Пролистать вперед командасы жұмыс істеген соңғы беттеріңе оралтады.

Дәл сол әрекетті пернелер комбинациясы көмегімен орындауға болады: CTRL + РаgеDown — беттер тізбегі бойынша артқа өту, CTRL +РаgеUр— беттер тізбегі бойынша алға өту.


Беттерді кірістіру және жою

Жарияланымға жаңа беттерді кірістіру үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет:



  1. Кіріспе жасалуға тиіс бетті ашу.

  2. План => Вставить страницы командасын орындау, оның ашылған терезесінде Вставитъ өрісіне жаңа беттердің қажетті санын енгізу. Ашылатын тізімде ағымдағы беттің алдында және одан кейін немесе ағымдағы беттер арасына (айқармабет үшін жаңа бетті кірістіру бір парақтың беттері арасына жасалады) кірістіру нұсқасын таңдау.

  3. Вставить батырмасын шерту.

Жарияланымнан беттерді жою үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет:



  1. План => Удалитъ страницы командасын орындау.

  2. Ашылған терезеде жойылатын беттер көлемінің бастапқы және соңғы беттерін көрсетіп, Да батырмасын шерту. Беттер ішінде орналасқан материалдарымен бірге жойылады.

Беттерді жою және кірістіруде PageMaker автоматты түрде кейінгі беттердің барлығын нөмірлеп шығады.
Элементтерді шаблон-бетте орналастыру

Кез келген кітапта, газет немесе журналда қайталанатын элементтер болады. Бұл - бір орыннан жылжымайтын, бір қаріппен терілген беттердің нөмірлері. Бұл - кітаптың және кітап бөлімінің аты бар колонтитулдар. Әр бетте объектілерді жеке-жеке орналастыру жұмысынан сендерді босату үшін, РаgеМаker жүйесі әр жарияланымда автоматты түрде шаблон беттерін жасайды. Ол бір немесе екі кәдімгі беттерден тұрады. Оларға бір рет түсірген элементтердің барлығы автоматты түрде жарияланымның қалған беттеріне түсе қояды.



Беттер пиктограммалары тізімінде бұл беттер L (сол жақ бет) және R (оң жақ бет) әріптері бар пиктограммалармен белгіленеді (Сурет 26).

Тиісті пиктограмманы шертумен шаблон беттерін ашыңдар. РаgеМаker жүйесінде болуы мүмкін кез келген объектілер шаблон-беттердің элементтері: мәтіндік блоктар, кескіндер, графикалық элементтер және басылмайтын элементтер бола алады. Элементтерді шаблон-беттерде орналастыру кәдімгі беттегідей жасалады.

Жарияланым бетінде тұрып, сендер шаблон-беттегі объектілерді өзгерту, жою немесе жылжыту операцияларын жасай алмайсыңдар. Олар қозғалмайды, оларды ерекшелеуге де болмайды. Жарияланым беттерін нөмірлеудің ең қарапайым әдісі - шаблон-беттерде бет нөмірлерінің маркерлерін қойып шығу. Бұл жағдайда PageMaker жүйесі нөмірлерді өздерің таңдаған пішінде жарияланымның барлық беттері бойынша автоматты түрде қойып шығады.

Бет нөмірінің маркерін енгізу айқармабеттің сол жақ және оң жақ беттері үшін мынадай жолмен жеке-жеке жасалады:

  1. «Буква» инструменті көмегімен қажетті жерде бет нөмірін орналастыру үшін мәтіндік блок салынады.

  2. CTRL+SHIFT+S пернелер комбинациясын басқаннан кейін белгіленген жерде бет нөмірінің маркері пайда болады: ЛШ — айқармабеттің сол жақ бетінде, ПШ — оң жақ бетінде. Оны пішімдеуді, яғни қалаған қаріпті, өлшемді, кескінді беруді ұмытпаңдар. Бет нөмірі қалай тураланғанына ерекше назар аударыңдар. Оның сол жақ шеттен бос орынсыз, жол ортасы бойынша орнатылғаны дұрыс.

  3. Параметры документа терезесінде бет нөмірлерінің көрсетімі әдісі сипатталады: араб, рим сандарымен немесе латын әліпбиінің әріптерімен. Нөмір батырмасы бойынша шертіңдер — алдарыңда терезе ашылады, онда қай нұсқаны таңдайтындарыңды көрсетулерің керек.

Терезенің төменгі бөлігінде Префикс өрісі бар. Оған енгізілген кез келген мәтін бет нөмірінің алдында бейнеленеді.


Бекіту сұрақтары

  1. Кескіндермен қандай жұмыс жүргізуге болады?

  2. Кескіндерді қалай орналастыру керек?

  3. Кескін өлшемін өзгерту үшін не қажет?

  4. Кескінді кадрлеу деген не?

  5. Басқарушы палитра деген не?

  6. Басқарушы палитраны қалай қолданады?

  7. Көп бетті мәтін қалай жүктеледі?

  8. Жарияланым беттері бойынша жылжу калай іске асырылады?

  9. Беттерді кірістіру және жою қалай жасалады?

  10. Шаблон бетінде элементтерді қандай жолмен орналастыруға болады?



  1. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Қазіргі заманғы басылымдарға талдау жасау (1 сағ)
Мақсаты: Студенттерді қазіргі заманғы баспа жүйелерімен, олардың қолданылу облыстарымен таныстыру. Студенттерге баспа жүйелерінің мәтіндік редакторлардан айырмашылығын түсіндіру.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher, Microsoft Word, Adobe Page Maker
Қысқаша теориялық түсініктеме:

Соңғы жылдарда мультимедиялық және желілік электронды басылымдардың таралуына байланысты полиграфиялық басылымдарды дайындайтын баспа жүйелерін және электронды құжаттарды беттеу жүйелерін ажыратып қарастырамыз.



Ең танымал баспа жүйесіне Adobe PageMaker-ді жатқызуға болады. Беттеу кезінде дайын шаблондар ұсынатын MicroSoft Publisher офистік программасында қолдануға болады. Келесі суреттерде осы аталған программалардың терезелері көрсетілген (Сурет 1, Сурет 2).






Сурет 1. Adobe PageMaker терезесі

Сурет 2. MicroSoft Publisher

терезесі

Баспа жүйелерінің мәтіндік редакторлар мен процессорлардан айырмашылығы - олар мәтін енгізіп оны өңдеуге емес, құжаттарды өңдеп, құруға арналғандығы. Алайда мәтін өңдеуді баспа жүйелері де атқара алады.

Құжатты беттеу үрдісі мәтінді өңдеу және мәтінмен кескін немесе суреттердің орналасу шарттарын беруден тұрады.

Беттеу мақсаты құжатты полиграфиялық әдіспен көбейту үшін макеттің түпнұсқасын дайындау болып табылады.

Баспа жүйелерінің жұмыс істейтін негізгі объектілері: мәтіндік блоктар, суреттер, өңдеудің стандартты элементтері. Стандартты элементетрді баспа жүйесінде қойсақ, мәтіндік блоктарды алдын-ала мәтіндік редакторларда дайындап алуға болады. Мысалы, MicroSoft Word мәтіндік процесоры.

Дайын құжат объектілер орналасқан беттерден тұрады. Объект мазмұны мәтін немесе суреттен тұрады. Объектілер шектеулермен қоршалған. Шектеулер көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет