«Іскерлік құжаттарды дайындау және өңдеу»



бет1/27
Дата23.03.2018
өлшемі8,02 Mb.
#39456
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ПОӘК 042-14.2.07.1.20.01/03-2013

01.09.2013 ж. 1 басылым

беттің


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМК құжаты

ПОӘК


ПОӘК

042.14.2.07.1.20.хх/01-2013



ПОӘК

Оқытушыға арналған

«Іскерлік құжаттарды дайындау және өңдеу» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы


03.09.2013ж

№..... басылым



«Іскерлік құжаттарды дайындау және өңдеу»

ПӘНІН ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013.
МАЗМҰНЫ




Глоссарий






Дәрістер






Зертханалық сабақтар






Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы






Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы






  1. Глоссарий


Ажыратқыш (Выключка) –жиынды оң немесе сол жақтағы шекараларды туралау.

Альбом түрдегі ориентация (Landscape) – беттің көлденең орналасуы.

Апрош – бір сөзді екіншісінен ажыратып тұратын сөзаралық интервал.

Афиша – үлкен форматты біржақты жарнама. Ол іліп қоюға арналған және қандай да бір жиынның болуын жарнамалайды.

Барабанды сканер – түпнұсқа айналып тұратын цилиндрдің орнатылатын сканер. Оның ерекшелігі басқа сканерлерден: жоғары жылдамдықты және әмбебаптылық.

Беттеу (Верстка) – басылым жолағын құру және монтаждау үрдісі.

Биәріп (Drop Cap) – тарау немесе бөлімнің өлшемі бойынша үлкейтілген бірінші сөздің бірінші әрібі.

Бриллиант – 3 өлшемді ең кіші полиграфиялық қаріп түрі. Өте сирек қолданылады.

Буклет (Booklet) - бір бетке шығарылатын көркем басылым. Екі немесе одан да көп беттерге бүктеуге болады.

Дайджест – қандай да бір уақыт аралығында басылған баслымдардың ең қызықтыларының мазмұны берілетін басылым.

Дефис (Hyphen) – жол соңындағы сөзді бөлуге немесе бірнеше сөздерді біріктіруге арналған.

Диамант - төрт өлшемді қаріп аты.

Ендіру (Врезка) – басқа блокта беттеліп негізгі мәтін ішіне қойылған және басқа қаріппен жазылған мәтін.

Журнал – тұрақты рубрикасы бар және әр түрлі тақырыптар бойынша мақалалар беретін периодты баспа құралы.

Кітап – көлемі 48 беттен асатын, қатты мұқабалы, графикалық, мәтіндік, иллюстрациялық мәліметтер басылған қағаз беттерінен тұратын периодты емес полиграфиялық басылым.

Кітапша (Брошюра) – жұмсақ мұқабалы, периодты емес басылым.

«Өз» мұқабасы бар кітапша – сыртқы беті ретінде бірінші және соңғы беттері қолданылатын брошюра.

Қаріптер гарнитурасы (typefase) - әр түрлі жазылған, өлшемдері, тығыздықтары әр түрлі қаріптер жиыны.

Ілініп тұрған жол (Висячая строка) – жолақтың соңында орналасқан бірінші абзацтық жол немесе жолақ басында орналасқан абзацтың соңғы жолы.

Плакат – үлкен форматты беттік басылым.

Проспект – бір немесе бірнеше тауарларды (қызметті) олардың ерекше қасиеттерін ерекшелей отырып көрсететін жарнамалы басылым.


  1. ДӘРІСТЕР

Дәріс 1

Тақырыбы: Пәннің негізгі түсініктері. Баспа жүйесінің даму тарихы

Мақсаты:Үстелдік баспа жүйесінің негізгі түсініктері және даму тарихымен таныстыру.
Сіздер Microsoft Word мәтіндік редакторымен таныссыздар. Бұл әртүрлі құжаттарды: баяндамаларды, рефераттарды, іс және қаржы құжаттамаларын және т.б. дайындау үшін өте ыңғайлы, үлкен бағдарлама. Мәтіндік редакторда әр түрлі қаріптерді пайдалануға, колонтитулдар жасауға, графикамен жұмыс істеуге және т.б. жасауға болады. Егер сіздерге өз еңбектеріңді баспаханада басып шығару қажет болса, тек қана мәтіндік редакторлардың мүмкіндіктері жеткіліксіз. Онда (настольная издательская система) үстелдік баспа жүйелері немесе беттеу бағдарламалары аталатын арнайы бағдарламалар қажет. Беттеу бағдарламаларының мәтіндік редактор кызметінен басқа, қосымша мүмкіндіктері бар:

  • беттегі объектілерді (мәтінді, графиканы) дәл позициялау;

  • сөзаралық, және әріпаралық интервалдарды кою;

  • мәтіннің жеке бөліктерінің (мәтін блоктарының) еркін жылжуы, бұрылуы және көрінуі;

  • графика объектілерінің бұрылуы, көрінуі, масштабталуы, еңкеюі;

  • графиканың мәтінмен ерікті сүйірленуі;

  • мәтін мен графиканың салынуы.

Мәтін мен иллюстрациялар қолда бар жағдайда, баспа жүйесімен жұмыс істеуге кірісу керек. Мәтінді мәтіндік редакторда терген ыңғайлы, өйткені онда беттеу бағдарламасына қарағанда редакциялау, орфография мен грамматиканы тексеру мүмкіндігі молырақ. Иллюстрациялар кез келген графикалық редакторда дайындалуы мүмкін (кәсіби мамандар Adobe PhotoShop бағдарламасына жиірек қолданады). Одан кейін мәтін мен иллюстрацияларды импорттап, баспа жүйесімен жұмыс істеуді бастауға болады. Біз үйренетін Adobe фирмасының PageMaker баспа жүйесі - ең кеңінен тараған беттеу бағдарламаларының бірі.
Негізгі түсініктемелерге тоқталайық

Полиграфия

( poly – көп (много) + grafo – жазамын (пишу) деген сөздерден шыққан).

Өте көп мөлшерде бірдей баспа жұмысын алу және тауардың баспа түрінде көбейту үшін техникалық құралдармен бірігуі.


Бұл жұмыстың түрлері:

  • визиткалар, бланкілер, жарнамалық беттер, буклеттерді, күнтізбелерді оперативті түрде жасау;

  • мерзімді басалымдарды шығару (газет, журнал),

  • кітаптарды көркемдеу.

Программалық жабдықталуы:

  • Adobe Photoshop, CorelDRAW компьютерлік графика программалары;

  • QuarkXPress, Adobe PageMaker компьютерлік верстканың арнайы программалары.


Классификациясы:

  • аз тиражды (оперативті);

  • көптиражды (профессионалды).

Үстелге қоятын баспа жүйелері



DTP (DeskTop Publishing System настольная издательская система) – баспаға арналған кескіндер мен мәтіндерді жариялау үшін алынған аппаратты және программалық жабдықталу комплексі.

Сонымен қатар құжаттарды жариялауда қатты көшірмеде емес, яғни электронды түрде PDF және HTML-форматтарында. Дәстүрлі типографияға қарағанда полиграфиялық жұмыстарды типографияда емес үйде немесе офистерде дайындауды айтады.


Классификация:

  • Полиграфиялық баспаларды дайындау үшін;

  • Электронды құжаттардың жүйелік версткалары.

Полиграфиялық баспаларды дайындау жүйесінің кең тараған түрлері:



    • QuarkXPress, Adobe PageMaker; Adobe InDesign

Электронды баспаларды дайындаудың кең тараған жүйелері:

    • Adobe Acrobat

Текстік редактордан айырмашылығы:



    • Верста құжаттарын жаңадан жасау емес, дайын құжатты өңдеуге арналған

    • Құжаттың верстка процессі иллюстрациялар мен текстерді сәйкесінше орналастыру, өңдеу.

    • Верстканың мақсаты полиграфиялық әдіспен көбейтуге болатын құжатттардың түпнұсқа-макетін (оригинал-макетін) дайындау.


Түпнұсқа-макеті

(Оригинал-макет)

Түпнұсқа, болашақ баспаның әрбір беті сәйкес келетін беттер.

Ол болуы мүмкін:


  • кодталған – магниттік немесе оптикалық дискіде;

  • қатты көшірмесі – фотоформ немесе баспа формға дайындалған түрі;

  • фотомеханикалық


Жедел полиграфия

Негізгі міндеттері:



  • аз тиражды баспа (бірнеше мың экземпляр);

  • брошюра, проспекті жарнамалары, визиткалар, плакаттар, календарлар, открыткаларды жылдам басу;

  • Postpress қызметтері: ламинация, брошюркалау.

Техникалық мүмкіндіктері:



  • лазерлі принтер (кемшілігі – төмен жылдамдық);

  • ризограф (кемшілігі – төмен сапалы);

  • Толық түсті көшірмелі аппарат


Полиграфия тарихы
Ксилографиялық әдіс

  • Ең көне кітап Қытайда 868 ж.б.э-да және «Алмазная Сутра» деп аталған. Бұл кітапты Вангом Джи деген кісі шығарған және будда діні кезінде тегін таратылған.

  • Қазіргі заманғы түсінікпен оны кітап деп айту қиын, ондағы текстер оралған жеке беттерге басылған.

  • Полиграфиялық техниканың ең көне түрі Ксилографиялық әдіс деп аталатын жоғарғы баспа түрі (Сурет 1).

  • Бұл әдіс жазылу керек элементтерді ағаш тақтайшада ойып жазды: әріп штрихтары және суреттерді томпайтып қалдырып, бос аралықты өткір құралмен ойылып тасталынды. Осылайша дайындалған жоғары баспаны бояумен сырлап, бетіне қағазды жапсырып, жұмсақ таяқшамен сипалады. Осылайша баспаның көшірмесін көбейтіп алды.

  • Алғаш бұл әдісті IX ғ.да Қытайда қолданды.



Сурет 1. Ксилографиялық әдіс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет