Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Пайғамбарымызға берілген ең үлкен мұғжиза



Pdf көрінісі
бет63/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
Пайғамбарымызға берілген ең үлкен мұғжиза 
– Құран.
Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) қияметке дейін 
үкімі жалғасатын ақырғы пайғамбар болғандықтан
оған түскен Құран да мәңгілік мұғжиза болмақ. Басқа 
мұғжизаларды сенімді тұлғалар тарапынан естіп білсек, 
Құранның мұғжизалығын қияметке дейін келіп-кетер 
барлық адамзат өз көзімен көруде. Құран Кәрімнің за-
ман ескірген сайын қазір түсіп жатқандай жаңара түсуі, 
күннен-күнге артына еріп, әр аятын шамшырақ еткен 
жамағат санының көбеюі, технология дамып, білім озған 
сайын ғылым дүниесінің биік шыңынан көрініп, ны-
сананы 14 ғасыр бұрын нұсқауы – Оның хақ екендігін 
білдірсе, Пайғамбарымыздың хақ елші екендігін паш 
етеді. Құранның мұғжизалығына «Кітаптарға иман» атты 
арнайы бөлімде кеңінен тоқталамыз.
• 
Айдың екіге жарылу мұғжизасы.
Бір күні Әбу 
Жәһил мен Уәлид ибн Мұғира бастаған бір топ мүшрік 
Пайғамбарымызға келіп:


112
ИМАНИ ГҮЛ
«Егер сен, шынында да Аллаh Тағаланың тара-
пынан міндет жүктелген пайғамбар болсаң, бізге 
аспандағы айды екіге бөліп көрсет… Айдың жар-
тысы Әбу Құбайыс тауының, екінші бөлігі Құайқан 
жотасының үстінен көрінсін» 
- деп талап қойды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардан:
Осы тілектеріңді орындасам, иман келтіресіңдер 
ме?- деп сұрады.
Олар:
– Әрине, о не дегенің! - деп жауап берді.
Мүшріктер сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке 
(с.а.у.) келген тұста айдың дөңгеленіп толған сәті еді, яғни 
он төртінші түні. Алла елшісі (с.а.у.) Жарылқаушысының 
бұйрығымен Айға қарай қолын созып, сұқ саусағымен 
ортасынан бөлгендей ишара жасады. Пайғамбардың 
осы әрекетін күтіп тұрғандай-ақ, ай дәл ортасынан екіге 
бөлініп, мүшріктердің сұрағанындай, жартысы Әбу 
Құбайыстың, жартысы Құайқанның төбесінен көрінді. 
Ардақты Пайғамбарымыз айналасындағыларға:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет