Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика Ықтималдықтар теориясы



бет2/12
Дата18.12.2021
өлшемі36,12 Kb.
#102910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2-апта дәрісі , Классикалық және геометриялық ықтималдықтар
лекция 1, лекция 1
Оқиғаға қатысты анықтамалар:

Анықтама 3. Егер сынақ нәтижесінде орындалуы мүмкін оқиғалардың бірде-біреуінің орындалу мүмкіндігі кез келген басқа біреуінің орындалу мүмкіндігінен артық емес деп айтуға негіз бар болса, онда ол оқиғалар тең мүмкіндікті оқиғалар деп аталады.

Мысал 3.


  1. Егер ойын сүйегінің тығыздығы бірқалыпты таратылған болса, онда оны тастағанда оның 6 жағының бірде-біреуінің жоғары түсу мүмкіндігі кез келген басқа бір жағының жоғары түсу мүмкіндігінен артық емес деп айта аламыз. Олай болса жоғарыдағы 2.2 мысалында келтірілген А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 оқиғалары бірдей мүмкіндікті оқиғалар болады.

  2. 2.3 мысалындағы С оқиғасы сүйектің 2 немесе 4, немесе 6 ұпай жазылған үш жағының біреуі түссе орындалады, Д оқиғасы 3 немесе 6 ұпай жазылған екі жағының біреуі түскенде орындалады, ал Е оқиғасы 1 ұпай жазылған бір ғана жағы түскенде орындалады, яғни С, Д, Е оқиғаларының бірде-біреуінің орындалу мүмкіндігі кез келген басқа біреуінің орындалу мүмкіндігінен артық емес деп айта алмаймыз: С оқиғасының орындалу мүмкіндігі Д оқиғасының орындалу мүмкіндігінен, Д оқиғасының орындалу мүмкіндігі Е оқиғасының орындалу мүмкіндігінен артық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет