Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика Ықтималдықтар теориясы



бет4/12
Дата18.12.2021
өлшемі36,12 Kb.
#102910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2-апта дәрісі , Классикалық және геометриялық ықтималдықтар

Анықтама 7. Егер А және В оқиғаларының біреуінің сынақ нәтижесінде орындалуы екіншісінің сол сынақта орындалуын жоққа шығарса, онда олар үйлесімсіз оқиғалар деп аталады. Кері жағдайда, яғни жоққа шығара алмаса, үйлесімді оқиғалар деп аталады.

Мысал 7. 2.2 мысалында келтірілген А1 , А2 оқиғаларының біреуінің орындалуы екішісінің орындалуын жоққа шығарады, олай болса А1 , А2 оқиғалары үйлесімсіз оқиғалар болады.



Анықтама 8. Егер оқиғалар қос-қостан үйлесімсіз болса, онда олар үйлесімсіз оқиғалар деп аталады.

Мысал 8. 2.2 мысалында келтірілген А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 оқиғаларының кез келген екі оқиғасының біреуінің орындалуы екішісінің орындалуын жоққа шығарады, олай болса бұл оқиғалары қос-қостан үйлесімсіз, яғни А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 оқиғалары үйлесімсіз оқиғалар болады.



Анықтама 9. Егер сынақ нәтижесінде берілген оқиғалардың тым болмаса біреуінің орындалуы ақиқат болса, онда бұл оқиғалар толық топ құрады дейміз.

Мысал 9. 2.2 мысалында келтірілген А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 оқиғаларының сынақ кезінде тым болмаса біреуінің орындалуы ақиқат, олай болса А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 оқиғалары толық топ құрайды.



Анықтама 10. Егер екі оқиға үйлесімсіз және оқиғалардың толық тобын құратын болса, онда олар қарама қарсы оқиғалар деп аталады.

А оқиғасына қарама қарсы оқиға түрінде белгіленеді.

Мысал 10. 2.1 мысалындағы А және В оқиғаларының біреуі орындалса екіншісі орындалмайды, яғни А, В – үйлесімсіз оқиғалар және А, В оқиғаларының біреуінің орындалуы ақиқат, яғни А, В оқиғалары толық топ құрады, олай болса А және В – қарама қарсы оқиғалар:

В= .



Анықтама 11. Егер оқиғалар:

1) толық топ құрса;

2) үйлесімсіз болса;

3) бірдей мүмкіндікті болса,

онда бұл оқиғалардың әрқайсысы жағдай (элементар оқиға) деп аталады.

Мысал 11. 2.2 мысалында келтірілген А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 оқиғаларының толық топ құратынын, үйлесімсіз болатынын және бірдей мүмкіндікті екенін 9, 8 және 3.1 мысалдарында көрсетілген болатын. Олай болса А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 оқиғаларының әрқайсысы жағдай (элементар оқиға) болады.



Анықтама 12. Егер В жағдайының орындалуы А оқиғасының орындалуына әкелсе В жағдайы А оқиғсына қолайлы жағдай деп аталады.

Мысал 12. 11 мысалда келтірілген А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 жағдайларының ішінен түскен ұпай санының 3-ке бөлінуінде тұратын А оқиғасына қолайлы жағдайларды көрсетіңіз.

Шешуі. А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 жағдайларының ішінде тек А3 немесе А6 жағдайының орындалуы (3 ұпай немесе 6 ұпай түсуі) А оқиғасының орындалуына (түскен ұпай санының 3-ке бөлінуіне) әкеледі. Олай болса А оқиғасына қолайлы барлық жағдайлар тобы А3, А6 жадайларынан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет