Анықтама 4.Сынақ жүргізілгенде сөзсіз орындалатын (орындалуы алдын-ала белгілі) оқиға ақиқат оқиға деп аталады.
Мысал 4. Ойын сүйегін тастағанда түскен ұпай санының алтыдан артық болмауында тұратын оқиға ақиқат оқиға болады.
Ақиқат оқиға U бас әріпімен белгіленеді.
Анықтама 5.Сынақ жүргізілгенде мүлдем орындалмайтын (орындалмауы алдын-ала белгілі) оқиға жалған (мүмкін емес) оқиға деп аталады.
Мысал 5. Ойын сүйегін тастағанда 7 ұпайдың түсуінде тұратын оқиға жалған оқиға болады.
Жалған оқиға V бас әріпімен белгіленеді.
Анықтама 6. Сынақ жүргізілгенде орындалуы да, орындалмауы да мүмкін оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.
Мысал 6. 2.2 мысалында келтірілген А1 , А2 , А3 , А4 , А5 , А6 оқиғаларының әрқайсысының сынақ жүргізгенде орындалуы да, орындалмауы да мүмкін, олай болса бұл оқиғалар кездейсоқ оқиғалар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |