Қыту әдістемесі


-тарау. Информатика кабинеті



бет77/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

5-тарау. Информатика кабинеті
5.1. Информатика кабинетінің үйымдастыру-әдістемелік жұмыс істеу шарттары
5.1.1. Информатика кабинетінің қызметі
Информатика кабинеті – бұл оқыту есептегіш техника кешенімен (ОЕТК), интерактивті тақтамен, оқу-көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен, жиһазбен, ұйымдастырушылық техникамен, сонымен қатар, информатика курсы бойынша теориялық, практикалық және сыныптан тыс факультативтік сабақтарды, басқа да білім беру пәндерін ақпараттық технологиялардың көмегімен өткізуге жабдықталған заманауи білім беру мекемесінің оқу-тәрбиелік бөлімшесі.
Информатика кабинеті мына міндеттерді орындауға арналған:

      • оқушылардың заманауи есептегіш техниканың құрылысы, қызметі және пайдалану саласы туралы білімдерін қалыптастыру;

      • ЭЕМ-нің көмегімен есептерді шешу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, заманауи ЭЕМ-ді бағдарламалық қамсыздандыруды және ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауға пайдалану;

      • оқушыларды есептегіш техниканың өндірісте, жобалауқұрастыру ұйымдарында, ғылыми мекемелерде, оқу үрдісінде және басқаруда қолданылуымен таныстыру;

      • оқу мекемесіндегі оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру және оқыту әдістерін жетілдіру [17, 28].

Информатика кабинетінде мына шараларды:

      • информатика сабағын және жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын (ЖАТҚ) пайдалану арқылы оқу пәндерін өткізуге;

      • оқушылардың мұғалімдер немесе мектеп басшылығының тапсырмасы бойынша мектептің және кәсіпорындар қорының мұқтаждығын қанағаттандыратын қолданбалы бағдарламалар құрастыруына;

      • ЖАҚ құралдарын пайдалану арқылы сыныптан тыс және факультативтік сабақтарды өткізуге болады.

Информатика кабинетінде өтетін сабақ табысты болуы үшін оқу-тәрбиелік үрдістің арнайы шарттарын құру қажет, олардың құрамына өзара байланысқан құрамдас компоненттер кіреді, атап айтқанда:
материалдық (сабақ өтетін орын; мұғалім мен оқушының жұмыс орны; оқу-көрнекі құралдар және оқу жабдықтары; оқытудың техникалық құралдары);
а) гигиеналық (санитариялық шарттар; температуралық,
жарықтық және ауа режімі);
б) эстетикалық (кабинеттің безендірілуі);
в) эргономикалық;
г) қауіпсіздік техникасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет