Iv тарау сөздік қорын байыту лексика тіл құрылымның компоненті ретінде



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі47,09 Kb.
#95103
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4 тарау

Жалпылаудың екінші дәрежесі-тектік ұғымдарды білдіретін сөздер:мебель(бұл орындық та,стол да,шкаф та болады),ойыншық(бұл доп та, қуыршық та,кубик те болады ),жемістер(бұл алма да,алмұрт та,апельсин да болады ).Іс-әрекеттің,белгілердің атауы зат есім түрінде жалпы қорытындыланып беріледі:жүру,жүзу,жүгіру,ұшу,ақшылдығы,көкшілдігі,қызғылдығы,қаралығы,көктігі.
Жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздерін балалар үш жастан кейін үйренеді.
Жалпылаудың үшінші дәрежесі-жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздері үшін тектік ұғымдарды білдіретін сөздер:өсімдіктер-ағаштар,шөптер,қыналар;заттар-ойыншықтар,ыдыс-аяқтар,мебель; өнімдер-обощтар,жемістер,астықтұқымдаста; қозғалыс-жүгіру,ұшу,жүзу түс-ақшылдығы,көкшілдігі.
Балалар жалпылаудың үшінші дәрежесі сөздердің мағынасын шамамен бес немесе алты жасқа келгенде үйренеді.
Жалпылаудың төртінші дәрежесі-шекті лексикалық жалпылау зат,қимыл,жай-күй,сын,сапа,сан,қарым-қатынас деп аталатын сөздер.
Егер балалар жалпылаудың төртінші дәрежесіндегі сөздердің мағынасын үйренуге қабілетті болса,онда олар лингвистикалық ұғымдарды оқып үйренуге даяр болған: бұл мүмкіндік толық дәрежеде жас өспірімдік шақ сатысында туады.
Тектік-түрлік қатынастағы сөздерді (мебельтол,орындық,кереует)үйрене отырып,балалар оларды тұтас және оның бір бөлігі ретіндегі сөздерден айыра білу тиіс орындық-оның сирағы,арқалығы,отыратын орны бет-маңдай, жақ,мұрын,ауыз,көз жуыну-алақанға су толтырып алу,онымен бетті сулау,бетті қолмен ысқылау,сумен шаю және т.с.с

Сұрақтар


  1. Сөз тілдің дыбыстық және грамматикалық компоненттерімен қалай байланысқан?

2.Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не?
3.Мағынасы түрліше дәрежеде жалпыланатын сөздердің мысалдарын келтіріңіздер.
4.Тұтас және бөліктік қатынастағы сөздердің мысалдарын келтіріңіздер.
Балалар бақшасында ана тілінің лексикасын оқып үйрену қатаң түрде семасиологиялық аспектіде емес (яғни «Бұл сөз нені білдіреді?» деген сұраумен басталмайды),«Бұл зат қалай аталады?»деген сұрауға жауап бере отырып,опомосиологиялық аспектіде жүргізіледі.
Баланың ағаш жаттап алатын сөздері оны өзі туылып,өмірінің алғашқы күндерін,апталары мен жылдарын өткізген қоршаған әлемге енгізеді; бұл сөздер баланың айналасындағы заттарды білдіреді.«Балалар бақшасының тәрбие прграммассы»бірнеше тақырыптық сөз топтарын:1)балаға жақын адамдарды,олардың туысқан және қоғамдық қатынастарын,олардың есімдерін;2)баланың өзін,оның дене мүшелерін:3)тұрмыс заттарын,ойыншықтарды;4)бала тұратын және «оқып үйренетін» үй ішіндегі,оның аулада,бақта,бақшада,паркте көретін,оған жақын және едәуір қашық көшеден ұшырасатын заттарды:5)тірі табиғат объектілерін:жануарларды,олардың дене мүшелері мен қылықтарын:өсімдітерді,олардың бөлшектерін,оларда болатын өзгерістерді;6)жылдың барлық мезгілдеріндегі өлі табиғат объектілерін; 7)адамдардың аулуан түрлі еңбегін; 8)кейінірек совет халқының қоғамдық өмір құбылыстарын,біздің мемлекетімізді орнатушы В.И.Лениннің өмірі мен қызметін оқып үйренуді көздейді.
Заттармен(зат есіммен )бірге балалар олардың белгілерімен( сын есіммен),іс-әрекеттермен (етістікпен),іс-әрекетбелгілерімен (үстеумен),санымен (сан есіммен) де танысады.
Баланың лексиканы меңгеруі зат есімді меңгеруден басталады.Ол қуыршақ,қоян,кереует,жатық секілді өзін қоршап тұрған заттың бәрін,сондай-ақ қол,саусақ,бас,мұрын секілі өзінің дене мүшелерінатайды.
Қоршаған заттар баланың зейінін аударады және балаға онымен «қатынас »жасауға: егер зат улкен болса( қабырға еден) қолмен ұстап қөруге немесе қолмен айналдырып,смпап,ұстап,тыңдап (мысық, ит, құс болса),иіскеп (гүл болса) жеп (ботқа,сүт болса) байқауға мүмкіндік берген жағдайда ғана олар атауға ие болады.
Тіпті екі жастағы баланың өзі затты жаңа ғана көрген болса,оның атын есте қиындықпен сақтайды.Бір балалар мекемесінде тәрбиеші екі жасар балаларға үй қоянын көрсетіп,былай дейді;« Мынау үй қоян,ал мынау оның құлағы,қандай ұзын екенін қараңдаршы,қып-қысқа-құйрығы».Балдырғандар үй қоянын көргендеріне қуанды,олардың үй қоянын ұстап көргісі келді,бірақ тәрбиеші балаларды оған жақындатпады(үй қоянынын қорқытады,сондай-ақ одан соң қолын жуу керек).Тексеру көрсеткендей,мұндай«сабақ»нәтиже берген жоқ:балалар тіпті үй қояны деген сөзді де үйренбеді(«мияу»деп атады.)
Ал үй қоянын қолына алып,оның құлағын ұстап көрген балалар үйқояны,құйрық,ұзын құлақ деген сөздерді есте сақтап қалған.
Алғашқы үйрену кезінде сөз бала үшін тек сол,жеке заттың (жалқы есім) атын ғана білдіреді,бала оның жалпы мағынасын түсіну және оны ұғым ретінде қабылдауы үшін осы сөзбен ұзақ жаттығулар жүргізу керек.
М.М.Кольцова 1жастан 1жас 3айға дейінгі балалардың екі тобының сөздің жалпылауы мағынасын түсінуі қалай өткендігі былайша сипатталады:« Бір топта« кітап» сөзіне 20 шартты қозғалыс рефлекстері («кітапты ал»,«кітапты қой» және т.с.с),ал екінші топта-20көру шартты рефлекстері қалыптастырылады:« Міне,кітап» сөйлемін қайталай отырып,балаға кезекпе-кезек форматы мен түсі әр түрлі 20 кітап көрсетілді. Сөйтіп,бірінші топта көру тітіркенулері біркелкі,ал істелген іс-әрекет көп болады,екінші топта,керісінше,көру әсерлері әркелкі,ал істелген іс-әрекет бірыңғай болды.
Бақылау мақсатында сынау жүргізгенде «кітап» сөзі біріншітоптың балалары үшің жалпылауыш сигналы боса,екінші топтың балалар үшін олай болмай шықты.
Мектеп жасына дейінгі барлық топ балалары тәрбиешілерінің қамқорлығы әр баланың лексикалық сөз қорын кеңейтуге ғана емес (бұл да қажет болғанмен),сондай-ақ әр баланың қабылдаған сөзі оның өзіне тән жалпылау дәрежесінде үйренілуіне бағытталуы тиіс.Өтпейінше сөздің дыбыстық құрылымын ғана есте сақтауды емес,сөздің лексикалық мағынасын толық түсінуді талап ететін ана тілін үйрену заңдылығы бұзылады.
Жоғарыда көрсетілгендей,сезімдік қабылдауға сүйене отырып,тәрбиешілер сөздің жалпы мағынасын түсінуіне (жалпылаудың бірінші дәрежесі) қол жеткізеді,затты қарағанда,оны қолымен ұстап немесе қозғалтып байқағанда,тыңдап,иіскеп,дәмін сезіп көргенде бала нақты заттың атын үйренеді.
Затты активті сезімдік қабылдау баланың сөзді-осы заттың атын есте сақтауын ғана оңайлатып қоймай,сондай-ақ бұл атаудың осы кластың барлық заттарының (мысалы, стол сөзін бала өз бөлмесінде көріп жүрген столдың атауы ретінде ғана емес,сол сияқты олардың қандай пішінді,түсті екендігіне,үлкен-кішілігі мен қайта тұрғанына қарамастан,жалпы барлық столдардың) жалпы атауы ретінде үйренілуін де жеңілдетеді.
Балалар жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздерін алдымен сезім арқылы қабылданатын заттардың заттардың екінші атауы ретінде үйренеді.
Балаларға жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздерін үйрету мақсатында жүргізген арнаулы тәржірбилер мынаны анықтады: бала осындай сөздердің(ойыншықтар-ойынға арналған барлық заттар,ыдыс-аяқтар-тамақ әзірлейтін және онымен ас ішетін барлық заттар) мағынасын бірінен соңын бірін білген сайын,оған осыған ұқсас жаңа сөздерді түсіну барған сайын жеңілдеп түседі.Демек,баланың жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздерін үйренуі оның миын дамытады,оны абстрациялаудың ойлау операциясын жасауға үйретеді.
Балалар жалпылаудың үшінші дәрежесінің сөздерін нақты заттың үшінші атауы ретінде үйренеді:шыршы-ағаш-өсімдік; бақбақ-гүл-өсімдік.
Етістік пен сын есімдерде жалпылаудың нольдік дәрежесіболмайды.
Бала үйренетін алғашқы етістіктер дәл( лингвистикалық) мағынада алған сөздер емес.Бұлар көбіне белгілі бір іс-әрекеттерді ынталандыратын сигналдар болып саналады.Мысалы,кел сөзі көптеген балалар үшін мұны айтқан кісі қазір оны қолына көтеріп алатындығының сигналы болады.
Бала етістікті жеке сөз ретінде қолдана бастасымен,оның жалпы маңызын бірден түсінеді:сәби өзіне жақын адамдардың істеген әрекетін көре отырып,ол да заттармен дәл осындай қимылдар жасайды және бұл қимылдардың атын біле бастайды.Бала түрліше заттың бірдей түсін,пішінін,мөлшердің бірдей аталуы түрліше затқа қатысты бола алатынын түсіне бастайды,яғни ол сын есімнің жалпы мағынасын ұғына бастайды.
Алғашқы жас сатысында баланың сөз мағынасын үйрену процесі сезімдік бейнелерден ойлап жалпылау бағытына қарай жүреді.Бұл процесті И.М.Сеченов былайша сипаттаған.
Елканы тұңғыш көргенде бала оны сезім мүшелері арқылы қабылдайды оның жасыл бұтақтарына қарайды,ұстағанда қылқандары қолына кіреді,шайыр иісін иіскейді-сөйтіп,түйсікткрді бүкіл осы комплексі елка сөзімен байланыстырылады.Алғашқы кезде бұл сөз-жалқы есім,берілген түйсіктер комплексі байланысқан жеке заттың атауы.Міне енді бала үлкендігі әр түрлі және әр жерде-орманда өскен,жаңа жылда үйге әкелінген,ойыншықтармен безендірәлген және безендірілмеген басқа елкаларды көреді.Баланың олардан алатын түйсігі түрліше болғанымен,кейбір белгілері жөнінен ұқсас болады,олардың бәрі де елка деп аталады.Уақыт өткен сайын бұл сөз неғұрлым зор маңызға ие болып,тікелей түсінуден қашықтықтай түседі,сөйтіп,бала оны қандай болмасын бір нақты елка ретінде емес,«жалпы елка» ретінде түсіне бастайды.Бертін келе бала елканы ағаш деп те атайтынын,бірақ бұл сөзбен еменді де, қайығңды да және т.б бейнелейтінін біледі.Ағаш сөзі «сезім түп тамырынан» әлі де қашық жатыр.Өсімдік сөзі де тікелей түсінуден әлдеқайда қышық,өйткені бұл сөз едәуір көп ұғымдардың қорытындысы және ағаштарды,шөптер мен бұталарды атау үшін де қолданылады.Бұл сөздің абстрактылық мағынасы бар,баланы ол сөзбен түйсіктер емес,ойлау актісі-абстракциялау байланыстырады.
Бала едәуір абстрактылы(дерексіз)мағыналы сөздердің маңызын өзінің ойлау қабілеті,миы айтарлықтай жетілген кезде дені сау болса ғана түсіне бастайды.
Бала алты жасқа келгенде жалпылауыш маңызы бар сөздерді үйрену үшін тікелей түйсінудің қажеті болмайды.« Ойлау саласындағы психикалық эволюцияның бұл кезеңі,-деп жазды И.М.Сеченов,-ірі өзгерістермен...басталады...бала ойланды,сезім конкреттерімен ойланды,кенет оның ойлау объектілері болмыстың көшірмесі емес,алғашында заттардың нақты ретіне өте жақын,бірақ өзінің негізінен бірте-бірте қашықтай беретін оның қандай да бір елесі,жаңғырығы болып табылады...»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет