&2.Еркін сөйлеу қатынасында балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері Сөздің поэзиялық және логикалық жалпылай қабылдануы
Біздің айтып өткеніміздей,әр баланың лексикалық сөз қорын толықтыру(сөздік қорын байыту)баланы айналадағы заттармен таныстыру процесінде жүзеге асады:сөз баланың жадына сол сөздің өзі білдіретін(кодамен шифрлейтін)зат немесе іс-әрекет жөніндегі түсінікпен бірге немесе өзі сай келетін ұғымдар жөніндегі түсінікпен бірге енеді.
Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін заттарды «зерттеумен»қатар жүреді:бала заттарды қарап,шұқып,ұстап және сипап көреді,оларды шертіп,қандай дыбыс шығаратынын тыңдап,дәмі мен иісін байқайды.Баланың назары ауған зат оның санасына барлық бес сезім органдары-көру,есту,иіс сезу,дәм сезу,сипап сезу органдары-арқылы енеді.Дүниені сезім арқылы танып білу баланың эмоционалдық сезімдерін дамытады ол «тамаша»-«жексұрын»сияқты тіптен қарама-қарсы сезімдерді ғана емес,сондай-ақ аралық сезімдердің де бүкіл гаммасын сезінуге қабілетті болып шығады.Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік орныққан соң,оны айайтын сөз баланың жадында ең алдымен,ол осы затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдерінің бәрін қоздырады.
Мысалы,бала ёлка деген сөзді естігенде,бірден оның бастан өткізген түйсіктері мен сезімдері жандана түседі:ол қиялында нақты лканы,оның жасыл қылқандары мен пирамида пішінде орналасқан бұтақтарын(«табанын»)көреді,ол лканың шайыр иісін нақты түйсінгендей болады,шыршаның қылқандарын осылайша «көруден»бала ол қолына «кіріп кетпеу»үшін өзінің саусақтарының еріксіз тартып алады;сәбидің бар сезімі шаттыққа,өзінің өмірінде алғаш рет безендірген Жаңа жылдық елканы немесе жазғы ормандағы шыршаны көруден алған қуанышын еске түсіру сәтіне бөленеді.
Сөзді осылайша қабылдау поэтикалық қабылдау деп аталады.
Егер тәрбиешілер баланың санасына жас кезінен бастап ана тілі сөздерін оның бар поэтикалық мәнерімен сіңіре білген(яғни оның сезім арқылы қабылдануына қамқорлық жасаған)болса,онда балада адамның өзі ойлап тудыруынағана қажетті емес,сондай-ақ ақындардың творчествосын түсінуге қажетті поэтикалық қабілет дамиды.К.Маркс былай деген болатын:«Егер өнерден ләззат алғың келсе,онда сен көркем өнерден хабардар адам болуға тиістісің».
Сөздің «сезімдік негізін»меңгерген соң бала оның жалпылауышмаңызын түсінуге қабілетті болады.Міне,сондақтан да бөбектер мен мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байыту оларды айналадағы заттармен,тұрмыспен,табиғатпен,адамдардың еңбегімен,олардың қоғамдық өмірімен таныстыру процесінде ұйымдастырылуы тиіс.Сонымен бірге тәрбиеші(және баланың қасындағы барлық ересек адамдар)баламен жүйелі,грамматикалық қалыптасқан,қисынды сөздермен сөйлесуге тиіс.Демек,ересек адамдардың айтуынан естіген жекелеген сөздерді баланың өзі бөліп алады.