Айналадағы заттарды білдіретін сөздерді түсіндіру тәсілдері
Үш жасар кезінде балалар «бәрін білсем?» деген әуестенушіліктің бірінші кезеңін бастан өткізеді.Олардың:«Бұл кім?»,«Бұл қалай аталады?»,-деп айналадан көргендерінің бәрінің атын білуге талпынуы да осыған байланысты.
Баланың бұл кезеңдегі әуәстенушілігі ең алдымен «лингвистикалық»сипатта болады:сөздер баланы осы сқздермен аталатын заттардың мәні секілді дәрежеде қызықтырады.Баламен еркін сөйлеу кезінде оның сұрақтарына жауап бере отырып,сондай-ақ балаға ұшырасқан және оның назарын аударған затты атап білдіру арқылы тәрбиеші баланың сөздік қорын байытады.Бала осындай әдіспен заттардың белгілерінің(сын есім),қимыл мен жағдайының(етістік,есімше,көсемше)және олардың сапаларының(үстеу)аттарын біліп,есте сақтайды.
Бала тікелей бақылай алмайтын заттардың(мысалы,Москва тұрғыны үшін-құз,тундра,пальма,кит)атын балалар оларды бейнелейтін суреттерді қарап көру арқылы біледі.Затты оның бейнесімен(«моделімен»)оңай салыстыру адамның бойына туа біткен қабілеті.Бала сурет сала отырып,көрген заттарын жас кезінен-ақ бар ынтасымен бейнелей бастайды.Онан мамасы мен папасының,өзінің,мысықтың,пілдің,машинаның суретін салуын өтінсеңіз,бала оларды шын көңілімен «бейнелейді».Салған суреті объектінің өзіне ұқсас екендігіне(өзінің алғашқы сөздерінің дыбыс құрамы ересектерден естіген сөздерінің дыбыстарына ұқсас екендігіне сенімді болатынын секілді)бала әрқашан да іштей сенімді.
Сонымен,бала ересектермен мәнерлі сөйлеу арқылы,өзі өмірден байқаған немесе сурет арқылы көз алдына келтіретін заттардың атын біле отырып,өзінің сөздік қорын байытады.Демек,жұмыс еліктеудің практикалық әдісімен,нақты объектілерге немесе суреттерге сүйену тәсілдерімен жүргізіледі.Бұл әдіс балалардың барлық жас топтарында пайдаланылады.
Бала өзін қызықтырған заттарды немесе құбылысты білдіретін сөздерді(кейде бір рет есіткенде-ақ)тез және тиянақты(өмір бойына)жаттап алады.Алайда бұл процесс тәрбиеші сөздерді айтудың төмендегідей методикалық ережесін сақтаған жағдайда ғана жүзеге асады:
сөзді бала еститіндей,дауыстап айтады;
сөзді анық етіп,яғни артикуляциясын дұрыс қойып,жігермен айтады;
сөздің белгілі бір дыбыс компонентін бұрмалайтын жасанды айтудан аулықтай отырып,орфоэпия ережелерін сақтайды;
сөйлемге бұл сөзді мүмкін болғанша оның көптеген грамматикалық формаларын көрсететіндей етіп енгізуге тырысады.
Бұл сөйлемдерді ести отырып,бала сөре сөзі сөйлемде өзгеріпотыратынын сезеді.Әрине,тәрбиеші сәбиге грамматикалық терминдерді айтады бірақ баланың сөздік қорын байытумен қатар,оның грамматикалық құбылыстарды айыра білу қабілетін дамытады.
Алайда балалар өздерін қоршаған заттарға үнемі қызыға бермейді және олардың атын әрқашан сұрап отырмайды.Балалардың айналасындағы көптеген заттарға,сапалар мен іс-әрекеттерге олардың назарын тәрбиешінің өзі аударып отыруға тиіс.Тәрбиеші мұны үнемі,қатар түрде «Балалар бақшасының тәрбие программаларына»сәйкес атқарады.Өзінің балаларды айналадағы заттармен таныстыру және тіл дамыту жұмысының жоспары бойынша ол(аталған программаға сәйкестендере отырып)тақырыпты белгілейді және өзіне бір күнге немесе бір аптаға арналған сөздікқұрастырады,бұл сөздікті балалар оның жәрдемімен тиісті мерзімде үйренеді.
Балалардың бір апта ішінде үйрене алатын сөздерінің шамасы:
Үш жасқа қараған балалар-5 сөз
Төрт жақа қараған бала-10 сөз
Бес жасқа қараған бала-15 сөз
Алты жасқа қараған бала-20 сөз
Жеті жасқа қараған бала-30сөз
Сұрақтар
Балада«бәрін білсем»деген әуестенушіліктің бірінші кезеңі қандай Бұл әуестенушілік кезеңі қандай жас сатысына тән?
Еркңн сөйлеу қатынасында сөздерді түсіндірудің қандай екі тәсілі пайдаланылады?
Баланың заттарды олардың суретіне қарап оңай түсінетіні неліктен?
Балалар жаңа сөздерді тез де тиянақты үйренуі үшін тәрбиеші жаңа сөздерді айтудың қандай ережесін сақтауы тиіс?
Балалардың әрбір жас тобымен жұмыс жүргізу үшін тәрбиеші тақырыптық сөздікті қалай құрастыруы тиіс(тақырыбы,сөз мөлшері)?
Достарыңызбен бөлісу: |