Балаларды тәрбиеші сөзін түсінбеушіліктен сақтандыру
Бала ересектердің өзіне арналған сөзін,ал кейде тіпті өзі айтқан сөздерді немесе грамматикалық формаларды түсінбеуі мүмкін,сондықтан олардың мұндай әрекетіне тәрбиеші әрқашан да дайын болуы тиіс.
Баланың сөзді бұлайша түсінбеушілігі түрліше формада байқалады.Бала естіген және өзіне ұнаған дыбыстар үйлесімділігне ешқандай мазмұн берместен,жай ғана ойынға айналдыруы мүмкін.
Ұқсастарды айта жүріп,бала өзі үшін ешнәрсені білдірмейтін,яғни ол үшін ешқандай мағынасы жоқ сөздерді де өте дұрыс айтуы мүмкін.
Өздері жаттаған тақпақтардағы түсініксіз сөздерді балалар басқа сөздермен алмастырып алатыны бәрімізге белгілі жағдай,Мәселен,Сочи қаласының мектеп жасына дейінгі жоғарғы топ балалары И.Суриковтың «Балалық шақ»тақпағындағы «сугроб»(күртік қар)сөзін балайша қолданған:
Ақын:Мне в сугробе горе,
а ребятам смех.
Виталий:Всем ребятам горе,
а ребятам смех.
Слава:Мне Федоре горе,
а ребятам смех,
Толя:Мне суборе боре,
а ребятам смех.
Үш бала да тақпақтағы «в сугробе»(«күртік қарда») деген сөз тіркесін естімей қалған,өйткені олар бұл уақытқа дейін күртік қарды көрмеген және бұл сөзді білмейді;бірақ кішкентай тақпақшалардың әрқайсысы оған өзіндік мағына бере отырып(Виталий)немесе әдеби контаминацияны(дыбысты ауыстыра)қолдау арқылы(Слава өзінің «Федораның қайғысымен»таныстығын айтарлықтай орынды көрсетіп отырған жоқ),болмаса жай ғана мағынасыз сөз тіркестерін енгізу(Толя:«суборе боре»)арқылы өлең ырғағын сақтауға тырысады.
Балалардың дыбыс үйлесімділігімен ойнауын болдырмау мүмкін емес әрі бұл тиімсіз де,өйткені бұл-ана тілінің фонетикалық системасын меңгерудің табиғи процесі.Балалар айтып ойнайтын сөздердің мағынасын оларға бұл сөздердің мағынасын меңгеруге жеңіл болған жағдайда ғана түсіндіру керек.Мәселен,екі жасар шағында бала айым және күнім сөздерінің айырмашылығын сезіне алмайды,үш жасар бала жоғары дәрежеде қорытылған ұғымдарды(трансцедентальный)байыптапойлана алмайды.Бірақ күртік қар сияқты сөздің мағынасын бала жас кезінде-ақ түсіне алады,ал баланың программада көрсетілген тақпақты жаттау кезінде оны түсінбеуі-дидактикалық қате жіберген тәрбиешінің кінәсы,өйткені ол бұл сөзді түсіндірмеген,яғни тақпақты жаттау кезінде балаларды оны түсінбеушіліктен сақтандырмаған.
Балалар сөздерді мүлде басқаша мағына беріп айтуы да мүмкін.Бұл әсіресе щылауларды,демеуліктерді айтуда жиі ұштасады.
Мұны грамматикалық қате ретінде қарастыруға да болады:балаларға демеуліктердің логикалық мағынасын және оларға сәйкес келетін зат есімдердің жалғауларын түсіндіре отырып,мұнда қатеден сақтандырудың ерекше зор маңызы бар. Көптеген балалар жоғары дәрежеде жылпыланған сөздердің мағынасын бірден түсінбейді;балалар әдетте мұндай сөздерді өте тар мағынада түсінеді.Мысалы,үш жасар тоғыз айлық Катя анасының «шай ішетін ыдыстарды шкафтан алып,столға қой»деген тапсырмасын дұрыс істей алмайды:қыз шыны аяқ пен табақшаларын ғана алады;шәйнек пен қант сауытын ол ыдыс деп есептемейді.«Көйлектеріңді жина»деген жарлықты орындай отырып,Катя жинау деген сөзбен «қағып-сілку», «реттеу»,ұйпалақтамау үшін деген деген әрекеттерді байланыстырмай ,олардың жұмарланған күйінде ойыншықар салынған жәшікке тығады.Біз ыдыстар,жинау сөздерін тар мағынада түсіну мысалдарын көріп отырмыз.Кейде баланың ұғымды тар мағынада түсінуі күтпеген жағдай болатындығы соншама,тәрбиешіге қателердің себебін тез ашу қиынға түседі.Мынадай мысалды қарастырайық.
Көріп отырғанымыздай,оқу деген сөз Марат үшін әзірше мүлде нақты әрекет мағынасын атқарады:оқу деген үшін-әліппе сөзін айтуды білдіреді,бұл сөздің жалпы пайдаланылатын мағынасындағы оқуды ол әзірше білмейді және оның өзіне әсерін сезінбейді.
Баланың өзіндік сөздік қорына жаңа сөз енгізе отырып,тәрбиеші баланы оны түсінбеушіліктен немесе жаңсақ түсінуден сақтандыруға тиіс: бұл үшін ол түрліше дәрежеде жалпыланатын сөздерді,тасмал мағынасы бар сөздерді түсіндірудің методикалық тәсілдерін білуге және бұл тәсілдерді шебер пайдалануға тиіс.(Мұндай тәсілдердің сипаттамасын кітаптың келесі бөлімінен қараңыз.)
Кедей бала ересек адамның жалпы сөз тіркестерін түгел айтып жеткізбеуі(бұл сөйлеу тілін тән құбылыс),аңдаусыз пайдалануы салдарынан оның сөзін түсінбейді,болмайтынын,мұның айналадағылар үшін әдепсіз,ұнамсыз,қылық екенін тәрбиеші балаға айтуға тиіс еді;бірақ тірбиеші тиісті интонациямен айтылған: «Сен қалай ішіп отырсың!»-сөзінде ол өзін-өзінен түсінікті ғой деп есептеп,бұл сөздерді айтқан жоқ.
Балалар түсіне алмайтын бүкпе сөздер ересек адамның,атап айтқанда тәрбиешінің,сөзінде,олардың сөйлеу тіліне тән кейбір синтаксистік тіркестерді қолданған кезде,адамның өзіне байқаусыз пайда болды.Оны,мысалы,мынадай: «Алып берем мен саған!», «Лақтырам мен саған!», «Көрсетем,мен саған,отырғанды!»(яғни «Мен саған алғызбаймын», «Лақтыруға болмайды», «Отырма»)және т.с.с.,тыйым салу тіркестерінен; «Сенің добың маған керек болып па!»(яғни «Мен сенің добыңды алған жоқпын»); «Шебер-ақ екен!»(яғни «Ол олақ адам», «Сен тіптен де шебер емессің»); «Сенен жәрдем алып жарамасыпын!»(яғни «Сен жәрдемші емессің»); «Мен сені тыңдап отырмын!»(яғни мен сені тыңдамаймын»немесе «Мен сені тыңдап отырған жоқпын»)және т.с.с. теріске шығару тіркестерінен; «Міне,тамаша!», «Міне шебер деген!»(яғни «Ол жақсы шебер»)сияқты қостау тіркестерінен байқауға болады.Өз сөзінде тәрбиешінің мұндай тіркестерге көңіл аударуы оларды мүлде қолданбау керектігін білдірмейді.Олар,жоғарыдан айтып өткніміздей,сөйлеу тіліне тән құбылыс,сондықтан оларды балалар білуі,білгенде де олардың мағынасын дұрыс түсіне білуі,ал ол жөнінде тәрбиеші қамқорлық жасап отыруы тиіс.
Сұрақтар
Баланың дыбыс тіркесері бар ойындарынан мысалдар келтіріңіздер.Мұндай ойындарға тәрбиешнің көзқарасы қандай болуы тиіс?
Сөздің мағынасын баланың дұрыс немесе дәл түсінбеушілігіне мысалдар келтіріңіздер.Бұл сөздер нақты мағынаға ие ме,әлде дерексіз мағынаға ие ме?
Балаларға бүкпе сөздерді қолдана отырып сөйлейтін ересектердің қателіктеріне мысалдар келтіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |