Iv тарау сөздік қорын байыту лексика тіл құрылымның компоненті ретінде


Мәнерлеп сөйлеудің балалар қолдана алатын лексикалық құралдары



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі47,09 Kb.
#95103
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4 тарау

Мәнерлеп сөйлеудің балалар қолдана алатын лексикалық құралдары

Мәнерлеп сөйлеу құралдарын меңгермейінше ана тілін білу мүкін емес.Мәнереп сөйлеудің балалар қолдана алатын лексикалық құралдары дегеніміз ең алдымен оның мағыналық маңызын бір сөзден екінші сөзге көшіру,тасымалдау,одан соң-синонимдердің кейбір кластары.


Сөз мағынасының тасмалдауын қабылдау сөздің образдық құрылымын түсінуді көздейді,ол баланың өмір тәжірибесіне-оның түсінік қорына,есте сақтауына және есте сақтаған образдарға эмоциялық баға бере білуіне байланысты.
Өздеріне тура мағынасында таныс,сөздердің тасмалданып қолданылуы тәсәлімен балалар бәрінен бұрын жұмбақтарда кездеседі.Мәселен,
«Қызыл,қызыл,қызыл қыз,
Бұрымы неткен ұзын қыз
Үйде үйқыға батады,
Бұрымы сыртта жатады.»
(Ж.Смақов )

деген жұмбақты естіп,өз бақшасындағы жүйектен сәбізді,қызылшаны немесе шалқанды көрген соң бала мұндағы «қызыл қыз»деген сәбіз(шалқан)екенін,яғни қызыл қызсөзі екінші мағынада қолданылғанын түсінеді.Сөз мағынасын тасымалдап қолдану бұл жерде жағдайдың сыртқы ұқсастығына негізделген екі объекті:қызыл қыз және сәбіз болып отыр.


Мектепи жасына дейінгі бөбектермен жұмыс істеуде қолданылатын,сөздің тасмал мағынасын түсінуге үйрету тәсілдері,сөз жоқ,тек қана ауызша түрде бола алмайды:мұнда нақты объектілер мен суреттерге сүйену қажет.Мәселен,үш жасар балалар жоғарыда келтірілген жұмбақты шешуі үшін олардың овощтарды(шалқан,сәбіз,қызылша)немесе осы овощтар бейнеленген суреттерді жайып салып,сәбіз бейнесі бар бір ертегіге салынған суретті,иллюстрацияны көрсету керек.
Егер салыстырылатын заттарды бір сөзбен айта отырып,балаға бір рет болса да көрсетсе,ол бұл сөздерді жасырын ұқсастығын түсіне білетін болады.Шалқанды,басқа да овощтарды көргенде,ең дұрысы қолмен ұстап айқағанда,бала «Аласа ғана бойы бар,қабаб-қабат тоны бар» жұмбағындағы тон киген кім екенін(капуста)түсінеді.Сонымен,жұмбақты шешу үшін алалардың біраз өмір тәжірибесі болуы,сондай-ақ олар жаз бен қыс тамашаларын есте сақтауы тиіс.Мысалы,ешқашан кранды,қызылшаны көрмейінше,доп теуіп ойнамайынша немесе мұны құрбыларының қалай ойнайтынын көрмейінше бала мынадай жұмбақтарды шеше алмайды:«Бұрасаңыз құлағын,ағызады бұлағын»(кран);«Үстіне тігіп көп шатыр,астында қызғылт»дәу«жатыр»(қызылшы);«Ұшып-қонып тынбайды,қанша соқсаң сынбайды,суға салсаң батпайды,түскен жерде жатпайды»(доп).
Тасмал мағыналы(яғни бір мезгілде екі затты, белгілерін,іс-әрекеттерін,бірі-тікелей,екіншісі-осы негізгімен салыстыру арқылы білдіретін)сөздер өздерінің синтаксистік байланыстарының арқасында өздерінің тасымал мағынасын контексте ғана көрсетеді:тасымал мағыналы сөз тіркесін түсіну үшін шамалы болса да байланысқан текст керек.Салыстырыңыз:қасқа бас шал-қасқпа бас тау,барқыт диван-барқыт-барқыт шалғын,бала сыбырлайды-орман сыбырлайды.Демек,балаларды сөздің тасмал мағынасын түсінуге байланысқан тексті сабақтарда ғана жаттықтыруға болады.Балалардың сөздің тасмал мағынасын үйренуі оларды көркем әдебиетпен таныстыру жұмысымен байланыстырылмайды.
Cөздің мәнелігін,сөйлеушінің өзі айтып тұрған нәрсеге қатынасын түсіну үшін балалар эмоциялық мәнері бойынша бір-біріне қарсы қойылатын синонимдер қатарын үйренуге тиіс.Мәселен,жеу және асау(дөрекі сөз)деген сөздердің бірдей номинатив мәні бар,олар шындықтың бірдей фактісі-«тамақты ішуге»сәйкес келеді,яғни бір-біріне байланысты қызмет атқарады.Бірақ осы сөздердің жәрдемімен сөйлеуші шындықтын өзі атаған фактісін түрліше бағалайды:бұл фактіні(сау)қостаушылық сезімін білдіреді және өзінің дөрекілігін көрсетеді немесе бұған(жеу)бейтарап қарай отырып,жай ғана фактіні көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалар сөлеу этикетін қалыптастыруға қатысатын эмоционалдық және стилистикалық синонимдерді үйрене алады.Мысалы,үш жасар балалар тамақ асау деп айтуға болмайтынын,мұның дөрекі,демек,өрескел сөз екенін,тамақ ішу деп айту керектігін түсіне алады.
Балдырғандар көп жағдайда балалар бақшасына әдеби тілге жатпайтын,жай сөздер айта келеді.Тәрбиеші балаларға белгілі бір сөздердің арасындағы стилистикалық айырмашылықты түсіндіре отырып,мұндай сөздерді әдеби синонимдермен алмастыруға міндетті.
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің барлық сатысындағы балаларға мұндай айырмашылықты түсіндіру жұмысы тек қана этикалық тұрғыда жүргізілуі тиіс.Мысалы: «Мұндай сөз айту-кісіні жәбірлейді»; «Мұндай сөз айтқан бала-дөрекі,нашар тәрбиеленген бала,онымен ешкім де ойнамайтын болды »және т.с.с
Сұрақтар

  1. Сөздің тасмал мағынасы дегеніміз не?

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық синонимдерді үйренуі тәрбиелік мақсатта маңызды болатындығы неліктен?

  3. Балалардың сөздің тасмал мағынасы мен эмоцияналдық синонимдерді қабылдауы ана тілін үйренудің қандай заңдылықтарына бағынады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет