Ж. №1 басылым 54 беттен -бет



бет3/4
Дата31.01.2018
өлшемі1,08 Mb.
#36658
1   2   3   4
Тақырыбы: Сапаға қатысты ұлттық мадақтаулар

және олардың белгіленуі
Жаңа заман нарығы бәсекелестіктің шиеленісуімен және өнім мен қызмет көрсетудің сапасына деген талаптардың жоғарлауымен сипатталады.

Қазіргі кезде тұрақты жетістерге сапаны басқару тәжірибесін жетік меңгерген кәсіпорындар ғана жете алады. Осындай тәжірибелерді енгізуде кәсіпорындарды ынталандырудың тиімді әдісі сапа бойынша мадақтаулар тағайындау болып саналады.

Сапа бойынша көптеген мадақтар бар. Олар екі категорияға бөлінеді.

Бірінші категорияға «Берлин алауы», «Бриллиантты жұлдыз», «Европа қақпасы» жатады. Бұл мадақтаулар тұтынушылардың кәсіпорындарға берген бағасына, яғни олардан алынған сауалнама немесе сол кәсіпорындарға сарапшының берген бағасы бойынша тағайындалады. Мадақтаудың көпшілігі Шығыс және Батыс Европада кеңінен таралған басқа дамыған елдерде онша дамыған емес.

Екінші категорияға «Идеалды» кәсіпорындарды үлгі ету аркылы бағаланатын мадақтаулар жатады.

Идеалды кәсіпорын көрсеткіштері кәсіпорынды бағалауға жағымды және жағымсыз жақтарды айкындауға мүмкіндік береді. Сапа бойынша мадақтау бірінші ұлттык мадақтау 1951 жылы Жапонияда (Деминг сыйлығы) тапсырылды. Ол кезде мадақтау тек сапаны бақылайтын статистикалық әдістерді қолданған кәсіпорындарға тапсырылды. 1987 жылы АҚШ-та сапа бойынша Болдридж атындағы ұлттық сыйлық тапсырылды. ¥лттык мадақтаулар белсенділігі 1993-1996 жылы байқалды. 23 ұлттық мадақтаулар тапсырылған.

Жапонияда Деминг сыйлығы, АҚШ-та Болдридж атындағы ұлттық сыйлык, Европада - сапа бойынша Европалық сыйлық орын алады.

Деминг сыйлығы. Демингтің дәрістер жинағы кітабының авторлық гонорары Жапонияда Деминг атындағы сыйлық болып тапсырылады. Демингтің алтын алқалары жекеленген тұлгаларға және кәсіпорындарға тапсырылды. Деминг сыйлығын тапсырушы комитет фирманын жағдайын 48 көрсеткіштен құралатын он бағытқа топтастырылған:

- Сапа аймағындағы саясатты жүргізу;

- Кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру және басқару;

- Сапа бойынша акпараттарды жинақтау, өндеу, тарату;

- Сапа аймағында біліктілікті және білімді жоғарлату;

- Сапа мәселелерін зерттеу және сараптау;

- Стандарттау;

- Сапаны бақылау;

- Сапаны қамтамасыз ету;

- Нәтижелер;

- Жоспарлары.

Конкурсқа қатынасушыларды арнайы мамандандырылған сарапшылар жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушылардың бағасы 100 балдық жүйесімен жүргізіледі: Демингтің сыйлығын алу үшін 70 баллдан төмен жинамау керек.

АҚШ-тағы сапа бойынша Болдридж атындағы ұлттық сыйлык жыл сайын ең үздік үш фирмаға қараша айының екінші бейсенбісінде АҚШ президенті тапсырады, бұл күн бүкіл әлемдік сапа күні болып саналады.

Конкурсқа қатысушылар 100 балдық жүйеленген 7 бағытка топтастырылған 32 көрсеткіш бойынша бағаланады.

Бірінші нәтижелерді қамтамасыз ету (100 балдың 50% )

- Жетекші басшы рөлі (9%);

- Ақпарат және сараптама (7,5%);

- Стратегиялық жоспар (5,5%):

- Персоналдарды жұмылдырү (14%);

- Процестерді басқару (14%);

- Екінші нәтижелер (50%);

- Бизнес нәтижелері (25%);

- Тұтынушылар талабын қанағаттандыру (25%).

Европалык сыйлық. 1992 жылдан бері сапамен басқару туралы Европалық қор (ЕФУК) және сапа бойынша Европалық ұйым (ЕОК) сапа бойынша Европалық сыйлық әзірледі. Конкурсқа қатысушылар 1000 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Бірінші нәтижелер (50%)

Фирма басшысының рөлі (20%);

- Персоналдарды басқару (9%);

- Саясат және стратегия (8%);

- Қор және оны қолдану (9%). Екінші нәтижелер (50%)

- тұтынушының қанағаттануы (20%);

- фирма персоналдарының қадағалануы (9%);

- қоғамға әсері (6%);

- бизнес нәтижесі (15%)

Осылайша қарастырылатын сыйлыктардың өзінің ерекшеліктері болады. Мысалы, Деминг сыйлығы статистикалык мәдениет және стандарттауды кеңінен қолдануға негізделеді.

Отандық өнімнің сапасын және бәсекелістік қабілеттілігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды жандандыру үшін өнімді сертификаттаудан сапаны баскару жүйесін сертификаттауға өту мақсатында 2001 ж 26 наурызында №384 ҚР Үкіметінің «сапа аймағындағы байқау туралы» деген жарлығына байланысты ҚР Үкіметінің «Сапа аймағындағы жетістіктер үшін және «Қазақстанның ең жақсы тауарлары» сыйлықтарына байқау жарияланады.

ҚР Үкіметінің «Сапа аймағындағы жетістіктер үшін деген сыйлығы» байкауының және моделінің шарттары сапа бойынша Европалық сыйлық моделіне негізделген осылайша Қазақстандық ұйымда өз қызметтеріне өздік баға беруге әлсіз және күшті жақтарын анықтауға, басқа ұйымдарға қарағанда сапаға қол жеткізудің қай сатысында тұрғандықтан анықтауға мүмкіндіктері бар.

Конкурсқа 65 баллдан төмен жинамағандар босатылады. Конкурс материалдарын сарапшы топтар сараптайды. Олардың негізгі мақсаты конкурсқа қатысушылардың ұсынған материалдарында өздік баға беру тиімділігін тексеру болып саналады. Сапаның арттыру мәселелігі белсенділікті жоғарлатуға ҚР-нда жүргізілетін аймақтық конкурстар үлгі бола алады. Мысалы, 1999 жылдан бастап «Сараптау, сертификаттау» ұлттық орталығы ААҚ Алматы қаласы филиалының және Алматы облысы қалалық және облыстық әкімшілігінің бастауымен «өндірісті және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастырылуы үшін» деп аталатын конкурс өткізіліп жатыр.


№ 12-13 дәрістер (2 сағат)



Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесін

жақсарту бойынша ұсыныстар
Сапаны ұдайы жақсартуға Деминг циклын қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Деминг циклы РDCA аббревиатурасымен белгілі. Бұл циклда жұмыстың 4 кезеңі орындалады:

  • жоспарлау (Рlan - Р);

  • орындау (Do - D);

  • тексеру (Сһеск - С);

  • түзету (жақсарту) (Асtіоn - А).

Бұл цикл бойынша жұмыстар жоспарланган нәтижеге жеткенге дейін қайталанып орындала береді.

Алдымен (I-кезең) нақты мақсат және оған жету шараларының жоспары әзірленеді. II-кезенде жоспарланған шараларды орындаймыз. III- кезенде алынған нәтижелерді жоспарланғандармен салыстырамыз. Бұл жерде іс-әрекеттеріміздің дұрыстығы және олардың тиімділігі айқындалады ІҮ - кезеңде, егер жүргізілген іс-шараларымызда қателіктер болса, онда түзетуші әрекеттер жасаймыз: бәрі де дұрыс шыққан жағдайда алынған нәтижені құжаттарға енгізіп тіркеп қоямыз.



Бизнес-процесті жетілдірудің кең тараған әдісі болып В. Шухарт - Э. Деминг циклын: «Рlan - Do - Сһеск - Асtіоn» (РDCA) - «Жоспарлау-Орындау-Тексеру-Түзету (жақсарту)» циклын қолдану болып табылады. Цикл төртке бөлінген шеңбер түрінде көрсетіледі.

Сағат тілі бойынша әр сегмент төмендегі төрт әрекеттің біреуімен белгіленеді:

Рlan - жоспарлау - нені істеу керек, қалай істеу керек және ол үшін нелер қажет; Do - орындау - жоспарланғандарды жүзеге асыру (жасау) Сһеск - тексеру – нәтижелер жоспарға қалай сәйкес келеді? Асtіоn - түзету (жақсарту) - келесі жолы қалай жақсартуға болады? Демингтің аксиомалары және принциптері. Қазіргі күнгі сапаны басқарудың негізі ретінде 1950- жылы Э. Деминг ұсынған сапа менеджментінің бағдарламасы қолданылады. Бағдарлама төмендегі 3 негізгі жағдайларга аксималарға сүйенеді.

1 Кез келген эрекет технологиялық үрдіс ретінде қарастырылуы мүмкін жэне оны жақсартуға болады;

2 Өндіріс тұрақты немесе тұраксыз жағдайдағы жүйе ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл жерде өндірісті статистикалық талдаудың маңызы өте зор болып табылады.

3 Өндірістік үрдісті жеке қызметкерлердің кез-келген уақытта жасалатын шаралары емес, тек жүйелі түрде басшылармен жүргізілетін іс-әрекеттер өзгерте немесе жақсарта алады.

Деминггың сапа менеджментінің принциптері:

1 Өнімнің және қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жетілдіруге ұмтылу - тұракты мақсат болу керек;

2 Сапаның жаңа философиясын қабылдау, өнім және қызмет көрсетуді басқарудың мазмұнын өзгерту;

3 Жалпы бақылаудың сапаға жетудің тәсілі ретінде қажеттілігін жою. Орындаушылардан және тұтынушылардан өнім жоғары сапалы болуын статистика арқылы дәлелденуін талап ету;

4 Бағасы төмен болғандыктан ғана келісім шартқа отыруды (контракт жасасуды) тоқтату;

5 Сапаны жоғарылату және шығындарды азайту үшін өндірісті жобалау және қызмет көрсету жүйесін жетілдіру;

6 Кадрлерді жұмыс орнында даярлау жүйесін кұру. Қазіргі замангы окыту және қайта оқыту әдістерін енгізу. Бұл оқытудың маңызды бөлігі технологиялык үрдісті статистикалық реттеу әдістері болып табылады;

7 Тиімділігі жоғары басқалу жүйесін үнемі ұстап отыру;

8 Қоркынышты атмосфера болдырмау;

9 Бөлімдердің өз бетімен дамуына жол бермеу;

10 Ақауларга жол бермеуге және өнімділік деңгейін көтеруге шақыратын ұрандарды қолданбау;

11 Жұмысшылар үшін сандық нормалардың, әкімшілік үшін сандық көрсеткіштердің қойылуына жол бермеу;

12 Кәсіпорында істеушілерге өз жұмысын мақтан етуге мүмкіндік бермейтін барлық кедергілерді жою;

13 Оқу (білім алу) және өзіндік жетілуді қолдау;

14 Ең жоғарғы деңгейдегі басшылардың сапаны арттыру жөніндегі міндеттерін анық тағайындау.

Аталған 3 аксиома және 14 принциптерден басқа Демингтің сапа менеджменті бағдарламасына төмендегі тараулар кіреді: «Жеті өлімге (қазаға) апаратын аурулар», «Демингтің тізбектік реакциясы», «Ұдайы жақсарту принциптері».

«Жеті өлімге (қазаға) апаратын аурулар» (американ әкімшілігіне қатысты):

1 Іскерлік қасиеттерін жыл аяғында бағалау;

2 Ең жоғарғы деңгейдегі басшыларды орнынан жиі ауыстыру;

3 Фирманың тек сандық көрсеткіштерге ғана бағытталуы;

4 Мақсаттардың тұракты болмауы;

5 Тез уақытта алынатын пайдаға ұмтылу;

6 Әлеуметтік шығындардың өте жоғары деңгейде болуы;

7 Өнім қайтып келгендіктен болатын шығындардың өте жоғары деңгейде болуы.

1920-50 жылдары жалпы менеджмент және сапа менеджментін негізін Тейлор жүйесі кұраған болатын. Бұл жүйе 1905-жылдан белгілі болатын. Бұл жүйе бойынша жеткізуші және тұтынушы арасындағы қатынастар алғашкы рет формаға келтірілген және арнаулы құжаттармен бекітілген талаптар - техникалық шарттар негізінде құрылған. Техникалык шарт талаптарының орындалуы кірісте (шикізат және т.б. кіруі кезінде) және шығыста (дайын өнімді шығару кезінде) бақылау жүргізу арқылы тексерілген.

Тейлор жүйесінің ерекшелігі - соңғы өнімнің сапасы бақылантындықта. Жүйе бойынша сапаның жоғарғы және төменгі шегі, рұқсат ауқымы қарастырылған, шаблон және калибр сияқты рұқсат етудің жоғарғы және төменгі шегіне орнатып етілген өлшем құралдары енгізілген, ақаулы өнім шығарғандарға айып салу және оларды жұмыстан шығару жүйесі қарастырылған, сондай-ак сапа жөніндегі тәуелсіз инспектор қызметінің қажеттілігі негізделген болатын.

Кадрларды даярлау кәсібі оқытуға және өлшегіш және бақылау жабдықтарымен жұмыс істеуді үйретуге бағытталған болатын.

Тейлор жүйесінің (принцибінің) кемшілігі - сапаны басқарудың тек қана бақылау функциясына бағытталғаны болып табылады. Бұндай тәсіл бойынша ақаулар өндірістік тізбектің ең соңынан табылады және жарамсыз деп танылған өнімдер бөлініп алынады.

Осы периодта (1920-50 жж.) бақылаудың статистикалык әдістері зерттеп дайындалды: У. Шухарттың бақылау карталары және статистикалық бақылау кестелері дүниеге келді. Бұлар кейіннен сынамалық бақылау әдістерінің негізіне қойылды. Бұл кезде американ ғалымдары Э. Деминг, Дж. Джуран өндіріске статистикалық үрдісті белсенді насихаттаған болатын. Бұл ғалымдар ең алғашкы болып сапаны қамтамасыз етудің ұйымдык жағына көңіл-аударган, ең жоғаргы басшылардың сапа проблемаларын шешудегі рөлін көрсете білген.

1917- жылы американ ғалымы А. Фейгенбаум сапаны жаппай басқару концепциясын - ТQC (Тоtal Quality Control) концепциясын ұсынды. Бұл концепция бойынша өнімнің сапасына жауаптылық сапа қызметіне ғана жүктелмейді, кәсіпорынның бүкіл басшылығы оған жауапты болып табылады.

ТQC жүйесінде персоналды оқытуға, жұмыстың сапасы үшін материалдық стимулдар беруге, жұмыскердің және оның отбасының болашағын ойластыруға, фирманың беделін көтеруге аса көңіл аударылган.

Сонымен, сапа аясындағы американ тәжірибесінің ерекшеліктері мыналарда:

- шығарылған өнімнің сапасы математикалық статистика әдістерін пайдалану арқылы қатаң бақылау;

- өндірісті көлемдік және сапалық көрсеткіштер бойынша жоспарлау процесіне көңіл аудару, жоспарлардың орындалуын әкімшілік тарапынан бақылау;

- жалпы фирманы басқаруды жетілдіру.

70-жылдары Жапония экономикасының персоналды және сапаны басқару принцибымен және практикасымен байланысты. II Дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония толық қиратылған (бұзылған) болатын. Өнеркәсіпті қайта құру ғана емес, артта қалған техника мен технологияны жою, өнімнің сапасын көтеру қажет болатын. Бұл мәселелерді шешуде жапондықтар Батыста (Америкада) қолданылатын сапаны бақылау жүйесін қолданбай, сапаны ұдайы жақсартуға бағытталған жүйені қалыптастырып, сол жүйені қолдана бастады.

Сапаны басқару жөніндегі Жапон тәсілдемесінің айрыкша элементтері мыналар болып табылады:

1) барлық өндірістік бөлімшелерде процестерді және еңбек нәтижесін ұдайы жетілдіруге көңіл аудару;

2) өнімнің сапасын басқаруға емес, процестердің сапасын басқаруға көңіл аудару;

3) ақаулардың болуына жол бермеуге, жарамсыз өнім шығуы мүмкін болмайтын жағдайларды туғызуға көңіл аудару;

4) орын алған проблемаларды өндірістің соңғы операциясынан бастап алдыңғы операциялар бағытында мұқият зерттеу және талдау;

5) «сенің тұтынушың - келесі өндірістік операцияны орындаушы» принцибын енгізу және қолдану;

6) еңбек нәтижесінің сапасына жауапкершілікті негізгі орындаушыға толығынан жүктеу;

7) адам факторын толық қолдану; жұмысшылар мен қызметкерлердің шығармашылық потенциалын өркендету.

Жапония кәсіпорындарында сапаны басқару жүйесі төмендегі 3 бас постулаттардың негізінде құралады:

1) өнімді жоспарлау және шығарудың ең жақсы технологиясының өзіндік кемшіліктері болады, яғни оны «жақсартуға» болады;

2) әр кәсіпорында біліктілігі жоғары инженерлік-технологиялық қызметкерлердің дефициты болады (жеткіліксіз болады);

3) операцияларды дәл орындамаусыз (орындамауынша) жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Сапа жүйесін әзірлеу кезінде Жапонияда «бес ноль» атты бағдарлама қолданылады. Бұл бағдарлама мына ережелерден құралады:

1) ақаудар пайда болатындай жағдайлар тудырма;

2) келесі сатыға ақаулы өнімді жіберме;

3) алдынғы сатыдан ақаулы өнімді қабылдама;

4) технологиялык режимдерді өзгертпе;

5) қателерді қайталама.

Егер Жапония және АҚШ-та сапаны жоғарылату бағдарламасы көп жыл бойы іске асырылатын болса, сапа мәселелері бойынша белсенді саясат жүргізілсе, көп жылдарға бағытталган сапаны жоспарлау жұмыстары атқарылатын болса, Еуропада негізінен, сапаны басқару сапаны бағалау күйіңде қалып қойды.

Теқ 80-жылдардан бастап Еуропада ИСО 9000 сериялы стандарттардың негізінде сапа жүйелері енгізіле бастады. 90-жылдары ЕN 29000 сериялы біріңғай стандарттар (еуронормалар) іске енгізілді. Бұл сериялы стандарттар сапа жүйелерін сертификаттауды регламенгтейді.

Сапа жөніндегі проблемаларды шешу жөніндегі Еуропалық тәсілдеменің айрықша ерекшеліктері:

- барлық жұмыстарды сапаны бағалау және растаумен байланысты зандар негізінде жүргізу;

- ұлттық стандарттар, ережелер және стандарттау процедураларының талаптарын гармонизациялау;

- өнімді және сапа жүйелерін сертификаттау, зертханаларды аккредиттеу, сапа жөніндегі мамандарды тіркеу және т.б. жұмыстарға уәкілеттелген өңірлік инфраструктура және ұлттық ұйымдарды құру.

Батыс (АҚШ және Еуропа) және шығыс (Жапония) елдерінің сапаға деген тәсілдемелері 1-кестеде салыстырылған.

Батыс елдері (АҚШ, Еуропа)

Шығыс елдері (Жапония)

Сапасы төмен баға деңгейіне негізделеді

Сапа ақаулардың төмен деңгейіне негізделеді

Бірінші мақсат – пайда, сапа – кездейсоқ категория

Бірінші мақсат – сапа, «пайда өзі келеді»

Сапа мәселелері бойынша сатып алушылар жеткізушінің келісімін сұрауы керек

Жеткізуші сатып алушының талаптарымен келіседі

Сапа жөнінде жалпы идеяны қолданады

Әрбір бұйымға қатаң сапа саясаты қолданылады

Бұрынғы ССРО-да сапа мәселелерін шешуге жүйелік тәсілдеме 50-жылдары енгізіле бастады. Бұл кезде Саратов кәсіпорындарында өнімді ақаусыз шығару және оны техникалык бақылау бөліміне және сатып алушыға бірінші ұсынғаннан тапсыру жүйесі (система бездефектного изготовления продукции - БИП) кеңінен тараған болатын. Бұдан басқа, мынадай сапаны баскару жүйелері енгізілді:

- бірінші өнімнен бастап сапа, сенімділік және ресурс жүйесі (система качества, надежности ресурсов с первых изделий - КАНАРСПИ) - Горький каласы;

- ақаусыз еңбек жүйесі (система бездефектного труда - СБТ) - Львов;

- моторесурстарды жоғарылату жөніндегі жұмыстарды ғылыми ұйымдастыру жүйесі (система научной организации работ по увеличению моторесурсов - НОРМ) – Ярославль;

- Жинақталған тәжірибені қорыту нәтижесінде 70-жылдары Львов кәсіпорындарында өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі (КС УКП) енгізілді, содан соң Краснодар кәсіпорындарында өндірістің тиімділігін жоғарылытудың кешенді жүйесі (комплексная система повышения эффективности производства) - КС ПЭП енгізілді.

Осы екі жүйені әзірлеу негізінде (КС УКП, КС ПЭП) алғашкы рет, кейіннен сапаны баскарү жүйесінің негізі болып табылған кәсіпорын стандарттары қолданылған.

КС УКП негізіне қойылған принциптер соңынан ИСО 9000 сериялы Халыкаралык стандарттарда қолданылған болатын. Бұл принциптер:

- баскаруды өнімнің өмірлік циклының барлық кезендерінде жүргізу және соңғы нәтижеге көңіл аудару;

- басшылықтың алдыңғы ролі;

- фактілерге негізделген шешімдірді қабылдау және сапаны басқаруға;

- қызметкерлері тарту.


№ 14 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Сапа жүйесін бағалау және сертификаттау

бойынша нүктелер мен ұйымдар
90-шы жылдардың ортасында Европалық елдерде өнімнің сапасы саласында жаңа саясат қабылданған болатын. Ол «Европалык коғамның сапа саласындағы саясат элементтері» құжатында беріледі. Оған сілтеме ретінде ортак нарыкты қалыптастыру, бағалы емес бәсекенің, сонымен қатар сапа саласында жапондык және америкалық тауарларға қатысты өсуі болып табылады.

Сапа бойынша Европалық саясат жалпы Европалық экономика кұру жолына негізделеді және «сапаның жаңа мәдениеті» даму жағдайларын қамтамасыз ету болып танылған. Ол экономикалык сыбайластыкка қызығушылыгын ескеру арқылы тұтынушыға және ортак нарыққа тек жоғары сапалы тауарлардың айналымына бағытталған.

ЕС жалпы экономикалык саясаттың кұраушысы ретінде сапа туралы саясат мақсатына жатады:

• сапа саласындагы жалпы мақсаттарға жету үшін ұлттық және ортақ нарықтың сапасына талаптардың үйлесімділігі;

• сапаны тұрақты жақсарту үшін жағдайлар жасау;

• мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың сапасына талаптардың жақындауы нәтижесінде сапаны жоғарлату;

• тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін сапага сәйкес ұйымдардың әсерін күшейтуге арналған әлемдік тенденцияларға сай өндірістік кұрылымның өзгерістері;

• Европалық экономиканы күшейту үшін және ЕС елдерінің кәсіпорындарына арналған сапаны басқарудың әртүрлі әдістерінің жеткіліктігі арқылы оның бәсекеге жарамдылығын арттыру;

• кәсіпорынның ғылыми-техникалық дамуын және инновациялық қызметтің, өндірістік потенциалдық қолданылуын жақсарту.

Сапа саясатын құру арқылы ЕС - органдардың, өндірістік компаниялар мен тұтынушылардың сапаны арттыру мақсатында рөльдерін анықтайды. Сапа саясатын жүзеге асыру мақсатында сапа жөніндегі Европалық бағдарлама құрылды (ЕQР - Еurореаn Quality Program).

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - тауарлар мен қызметтер сапасын жақсарту нәтижесінде бәсекеге қабілетін арттыруга және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған ЕС-тің экономикасын біріктіру.

Бағдарламаны іске асыра отырып, ЕС тауар мен қызметті әлемдік нарықта күшейтуге тырысады. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қызмет сапа жүйесін сертификаттау болып табылады.

№ 15 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Сапаны басқарудың халықаралық тәжірибесі


1920-50 жылдары жалпы менеджмент және сапа менеджментін негізін Тейлор жүйесі құраған болатын. Бұл жүйе 1905- жылдан белгілі болатын. Бұл жүйе бойынша жеткізуші және тұтынушы арасындағы қатынастар алғашқы рет формаға келтірілген және арнаулы құжаттармен бекітілген талаптар - техникалық шарттар негізінде кұрылган. Техникалық шарт талаптарының орындалуы кірісте (шикізат және т.б. кіруі кезінде) және шығыста (дайын өнімді шығару кезінде) бақылау жүргізу арқылы тексерілген.

Тейлор жүйесінің ерекшелігі - соңғы өнімнің сапасы бақыланатындықта. Жүйе бойынша сапаның жоғарғы және төменгі шегі, рұқсат ауқымы қарастырылған, шаблон және калибр сияқты рұқсат етілген жоғарғы және төменгі шегіне қойылған өлшем кұралдары енгізілген, ақаулы өнім шығарғандарга айып салу және оларды жұмыстан шығару жүйесі қарастырылған, сондай-ақ сапа жөніндегі тәуелсіз инспектор қызметінің қажеттілігі негізделген болатын.

Кадрларды даярлау кәсібі окытуға және өлшегіш, бақылау жабдықтармен жұмыс істеуді үйретуге бағытталған болатын.

Тейлор жүйесінің (принципінің) кемшілігі - сапаны баскарудың тек қана бақылау функциясына бағытталғаны болып табылады. Бұндай тәсіл бойынша ақаулар өндірістік тізбектің ең соңынан табылады және жарамсыз деп танылған өнімдер бөлініп алынады.

Осы кезеңде (1920-50 жж.) бақылаудың статистикалык әдістері зерттеп дайындалды: У. Шухарттың бақылау карталары және статистикалык бакылау кестелері дүниеге келді. Бұлар кейіннен сынамалык бақылау әдістерінің негізіне қойылды. Бұл кезде американ ғалымдары Э. Деминг, Дж. Джуран өндіріске статистикалық үрдісті белсенді насихаттаған болатын. Бұл ғалымдар ең алғашкы болып сапаны қамтамасыз етудің ұйымдык жағына көңіл аударған, ең жоғарғы басшылардың сапа мәселелерін шешудегі рөлін көрсете білген.

1917- жылы американ ғалымы А. Фейгенбаум сапаны жаппай басқару концепциясын - ТQС (Тоtаl Quality Соntrol) концепциясын ұсынды. Бұл концепция бойынша өнімнің сапасына жауаптылық сапа қызметіне ғана жүктелмейді, кәсіпорынның бүкіл басшылығы оған жауапты болып табылады.

ТQС жүйесінде персоналды окытуға, жұмыстың сапасы үшін материалдық стимулдар беруге, жұмыскердің және онын отбасының болашағын ойластыруға, фирманың беделін көтеруге аса көңіл аударылған.

Сонымен, сапа аясындағы американ тәжірибесінің ерекшеліктері мыналарда:

- шығарылған өнімнің сапасы математикалық статистика әдістерін пайдалану арқылы қатаң бақылау;

- өндірісті көлемдік және сапалық көрсеткіштер бойынша жоспарлау процесіне көңіл аудару, жоспарлардың орындалуын әкімшілік тарапынан бақылау;

- жалпы фирманы басқаруды жетілдіру.

70-жылдары Жапония экономикасының персоналды және сапаны басқару принципымен және практикасымен байланысты. II Дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония толық қиратылған (бұзылған) болатын. Өнеркәсіпті қайта кұру ғана емес, артта калған техника және технологияны жою, өнімнің сапасын көтеру қажет болатын. Бұл мәселелерді шешуде жапондықтар Батыста (Америкада) қолданылатын сапаны бақылау жүйесін қолданбай, сапаны ұдайы жақсартуға бағытталған жүйені қалыптастырып, сол жүйені қолдана бастады.

Сапаны басқару жөніндегі Жапон тәсілдемесінің айрықша элементтері мыналар болып табылады:

1) барлык өндірістік бөлімшелерде процестерді және еңбек нәтижесін ұдайы жетілдіруге көңіл аудару;

2) өнімнің сапасын баскаруға емес, процестердің сапасын басқаруға көңіл аудару;

3) ақаулардың болуына жол бермеуге, жарамсыз өнім шығуы мүмкін болмайтын жағдайларды туғызуға көңіл аудару;

4) орын алған мәселелерді өндірістің соңғы операциясынан бастап алдыңғы операциялар бағытында мұқият зерттеу және талдау;

5) «сенің тұтынушың - келесі өндірістік операцияны орындаушы» принцибын енгізу және қолдану;

6) еңбек нәтижесінің сапасына жауапкершілікті негізгі орындаушыға толығынан жүктеу;

7) адам факторын толык қолдану; жұмысшылар мен қызметкерлердің шығармашылық потенциалын өркендету.

Жапония кәсіпорындарында сапаны басқару жүйесі төмендегі 3 бас постулаттардың негізінде кұралады:

1) өнімді жоспарлау және шығарудың ең жаксы технологиясының өзіндік кемшіліктері болады, яғни оны «жақсартуға» болады;

2) әр кәсіпорында біліктілігі жоғары инженерлік-технологиялық қызметкерлердің дефициты болады (жеткіліксіз болады);

3) операцияларды дәл орындамусыз (орындамауынша) жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Сапа жүйесін әзірлеу кезінде Жапонияда «бес ноль» атты бағдарлама қолданылады. Бұл бағдарлама мына ережелерден кұралады:

1) ақаулар пайда болатындай жағдайлар тудырма;

2) келесі кезеңге ақаулы өнімді жіберме;

3) алдыңғы кезеңнен ақаулы өнімді қабылдама;

4) технологиялық режимдерді өзгертпе;

5) қателерді қайталама.

Егер Жапония және АҚШ-та сапаны жоғарылату бағдарламасы көп жыл бойы іске асырылатын болса, сапа мәселелері бойынша белсенді саясат жүргізілсе, көп жылдарға бағытталған сапаны жоспарлау жұмыстары атқарылатын болса, Еуропада негізінен, сапаны басқару сапаны бағалау күйінде қалып койды.

Тек 80-жылдардан бастап Еуропада ИСО 9000 сериялы стандарттардың негізінде сапа жүйелері енгізіле бастады. 90-жылдары ЕN 29000 сериялы бірыңғай стандарттар (еуронормалар) іске енгізілді. Бұл сериялы стандарттар сапа жүйелерін сертификаттауды регламенттейді.

Сапа жөніндегі мәселелерді шешу жөніндегі Еуропалық тәсілдеменің айрықша ерекшеліктері:

- барлық жұмыстарды сапаны бағалау және растаумен байланысты зандар негізінде жүргізу;

- ұлттық стандарттар, ережелер және стандарттау процедураларының талаптарын үйлестіру;

- өнімді және сапа жүйелерін сертификаттау, зертханаларды аккредиттеу, сапа жөніндегі мамандарды тіркеу және т.б. жұмыстарға уәкілеттелген (өңірлік) инфраструктура және ұлттык ұйымдарды кұру.



Батыс (АҚШ және Еуропа) және шығыс (Жапония) елдерінің сапаға деген тәсілдемелері 1 -кестеде саластырылган.


Бұрынғы Кеңес Одағында сапа мәселелерін шешуге жүйелік тәсілдеме 50-жылдары енгізіле бастады. Бұл кезде Саратов кәсіпорындарында өнімді ақаусыз шығару және оны техникалық бақылау бөліміне және сатып алушыға бірінші ұсынғаннан тапсыру жүйесі (система бездефектного изготовления и продукции - БИП) кеңінен тараған болатын. Бұдан басқа, мынадай сапаны басқару жүйелері енгізілді:

- бірінші өнімнен бастап сапа, сенімділік және ресурс жүйесі (система качества, надежности ресурсов с первых изделий - КАНАРСПИ) - Горький қаласы;

- ақаусыз еңбек жүйесі (система бездефектного труда - СБТ) - Львов;

- моторесурстарды жоғарылату жөніндегі жұмыстарды ғылыми ұйымдастыру жүйесі (система научной организации работ по увеличению моторесурсов - НОРМ) - Ярославль.

Жинакталған тәжірибені қорыту нәтижесінде 70-жылдары Львов кәсіпорындарында өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі (КС УКП) енгізілді, содан соң Краснодар кәсіпорындарында өндірістің тиімділігін жоғарылытудың кешенді жүйесі (комплексная система повышения эффективности производства - КС ПЭП) енгізілді.

Осы екі жүйені әзірлеу негізінде (КС УКП, КС ПЭП) алғашкы рет, кейіннен сапаны баскару жүйесінің негізі болып табылған кәсіпорын стандарттары қолданылған.

КС УКП негізіне қойылған принциптер соңынан ИСО 9000 сериялы Халықаралық стандарттарда қолданылған болатын. Бұл принциптер:

- басқаруды өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде жүргізу және соңгы нәтижеге көңіл аудару;

- басшылықтың алдыңғы рөлі;

- фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау және сапаны басқаруға қызметкерлерді тарту.

1-2 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: ИСО 9000 «Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік». Өнім сапасын жақсартуды және сапаны басқаруды қамтамасыз етудің негізгі терминдерінің мазмұнын ашу.
Сабақтың мақсаты:

ИСО 9000:2000 Сапа менеджментінің жүйесін меңгеру.


Тапсырма:

1. Халықаралық стандарт ИСО 9000:2000 «Сөздік» мазмұнымен танысу.

2. ИСО 9000:2000 Сапа менеджментінің жүйесі. Терминдер, олардың анықтамаларымен танысу.

3. Өнім сапасын жақсартуды және сапаны басқаруды қамтамасыз етудің негізгі терминдерінің мазмұнын ашу.


Бақылау сұрақтары:

1. ИСО 9000:2000 «Сөздік» мазмұнын конспектілеу?

2. Терминдер мен анықтамаларды жаттау?

3-4 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)


Тақырыбы: ИСО 9000 «Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік». Сапаға қатысты терминдердің мазмұнын ашу.
Сабақтың мақсаты:

ИСО 9000:2000 Сапа менеджментінің жүйесін меңгеру.


Тапсырма:

1. Сапаға қатысты терминдерді дәптерге жазып олардың мазмұнымен танысу.


Бақылау сұрақтары:

1.Сапаны қамтамасыз етудің даму кезеңдері?

2.Сапа менеджменті жүйесін құрудың негізгі принциптері?
5-6 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: ИСО 9000 «Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік». Менеджментке қатысты терминдердің мазмұнын ашу
Сабақтың мақсаты: ИСО 9000:2000 Сапа менеджментінің жүйесін меңгеру.
Тапсырма:

1.Менеджментке қатысты терминдерді жазу, мазмұны мен танысу.


Бақылау сұрақтары:

1.Сапа менеджмент жүйесінің қазіргі заманғы концепциялары ?

7-8 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: ИСО 9000 «Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік». Ұйымға қатысты терминдерді терминдердің мазмұнын ашу
Сабақтың мақсаты:

ИСО 9000:2000 Сапа менеджментінің жүйесін меңгеру.


Тапсырма:

1.Ұйымға қатысты терминдерді жазу,мазмұнын ашу.


Бақылау сұрақтары:

1.Ұйымға қатысты терминдерге мысалдар келтіру?

9-10 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: ИСО 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» мазмұнымен танысу.
Сабақтың мақсаты: ИСО 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» оқып меңгеру.
Тапсырма:

1. ИСО 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» мазмұнымен танысу.

2. Дәптерге конспектілеу.
Бақылау сұрақтары:

1.Сапа менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар ?


11-12 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)


Тақырыбы: ИСО 9004:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Қызметті жақсарту жүйесі жөніндегі ұсыныстар» стандартының мазмұнымен танысу
Сабақтың мақсаты: ИСО 9004:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жүйесі жөніндегі ұсыныстар» оқып меңгеру, мазмұнын талқылау.
Тапсырма:

1.ИСО 9004:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жүйесі жөнінен ұсыныстар» мазмұнымен танысу.

2. Дәптерге конспектілеу.
Бақылау сұрақтары:

1.Сапа менеджмент жүйесін құжаттандыру?


13-14 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)


Тақырыбы: ИСО 19011:2000 «Сапа менеджменті жүйесіне және/немесе экологиялық менеджментіне аудит жүргізу бойынша басқарушы нұсқаулар» стандартының мазмұнымен танысу
Сабақтың мақсаты: ИСО 19011:2000 «Сапа менеджментінің жүйесіне және/немесе экологиялық менеджментіне аудит жүргізу бойынша басқарушы нұсқаулар» мазмұнымен танысу, игеру.
Тапсырма :

1.Оқытушының нұсқауы бойынша берілген стандарттармен жұмыс жасау.

2. Қысқаша конспектілеу.
Бақылау сұрақтары:

1.ИСО 19011:2000 стандартын оқу.


15-16 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)


Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері. 1 принцип –тұтынушыға бейімделу.

Сабақтың мақсаты: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптерін оқып меңгеру.
Тапсырма:

1-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.


Бақылау сұрақтары:

1.Тұтынушыға бейімделудің маңызы?

17-18 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері.2 принцип –басшылық жетекшілігі.

Сабақтың мақсаты: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптерін оқып меңгеру.
Тапсырма:

2-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.


Бақылау сұрақтары:

1.Басшылық жетекшілігінің маңызы?

19-20 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері.3 принцип –қызметкерлерді қызықтыру.

Сабақтың мақсаты: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптерін оқып меңгеру.
Тапсырма:

3-принцип бойынша мысал келтіру, талқылау.


Бақылау сұрақтары:

1.Қызметкерлерді қызықтырудың әрекеттері?


21-22 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)


Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері.4 принцип –үрдістік келісім

Сабақтың мақсаты: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптерін оқып меңгеру.
Тапсырма:

4-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.


Бақылау сұрақтары:

1.Үрдістік келісім шарттары?

23-24 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері.5 принцип –менеджментке жүйелік келісім.

Сабақтың мақсаты: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптерін оқып меңгеру.
Тапсырма:

5-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.


Бақылау сұрақтары:

1.Менеджментке жүйелік келісімдерді қарастыру?

25-26 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері.6 принцип –ұдайы жақсарту.

Сабақтың мақсаты: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптерін оқып меңгеру.

Тапсырма:

6-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.


Бақылау сұрақтары:

1.Ұдайы жақсарту жұмыстарын атаңыз?

27-28 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері.7 принцип –фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау.

Сабақтың мақсаты: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптерін оқып меңгеру.
Тапсырма:

7-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.


Бақылау сұрақтары:

1. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау жұмыстары?


29-30 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)


Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері.8 принцип –жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар.

Сабақтың мақсаты: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптерін оқып меңгеру.
Тапсырма:

8-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.


Бақылау сұрақтары:

1. Сапа менеджменті жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар?



Қолданылатын әдебиеттер:

1. ИСО 9000:2000 Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік.

2. ИСО 9001:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар.»

3. ИСО 9004:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жүйесі жөнінен ұсыныстар.»

4. Крылова Г.Д. Основы метрологии,стандартизации и управление качеством.Учебное пособие для вузов под редакцией акад.Н.С.Соломенко.-М.Мзд.Стандартов.

5.Шепелев С.Н.Системы качества и конкурентоспособность продукции.М.: РИЦ.Татьянин день,1993.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет