ҚЖ-31 Еділ Айдана Қазіргі денсаулық саласындағы проблемалар



Дата20.10.2022
өлшемі15,76 Kb.
#154006
Байланысты:
Документ (2)


ҚЖ-31 Еділ Айдана


Қазіргі денсаулық саласындағы проблемалар


Медицинада қандай да бір өзгеріс болып жатса, ол міндетті түрде адамға әсер етеді. Өйткені, дәрігер мен медицина саласының маманы адам тағдырын, өмірін өзгерте алатын мамандық иесі.Қазіргі қоғамда әлеуметтік қызметкерлерді дайындауда әлеуметтік медицина ең маңызды орындардың бірін алады. Ол медицина ғылымының құрылымында да,әлеуметтік тәжірибе жүйелерінде де жеке өзіндік дисциплина болып табылады. Әлеуметтік медицинаның пәні – қоғамдық денсаулық, өте бұрмаланған және күрделі түсінік, ол өзінің құрамына қоғамның жағдайының анықтайтын әртүрлі аспектілер мен факторларды қосады. 


Денсаулық сақтау саласының дамуы халыктың өмір суру деңгейі мен сапасының ажырамас бөлігі болып табылады және әлеуметтік экономикалық өсудін негізін құрайтын, енбек ресурстарының көбеюі мен сапасын қамтамасыз ететін аймақтар мен елдің бірыңғай экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халыктың денсаулығына инвестиция салу экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік пайда әкеледі - азаматтың өзіне, отбасына және мемлекетке жауапкершілікпен қарау жоғары әлеуметтік келісім мен жоғары азаматтық құрамның қалыптасуына әкеледі. Денсаулық өмірімізге қажетті мінез-құлық, әлеуметтік жане басқа да өмірлік дағдыларды қалыптастыру және оларды дамыту мақсатында қолданылады.


Емханада тиісті емді қабылдай алмаған адамдар саны көбейген уақытта мемлекет жұмыс күшінен айырылады, ал ол өз кезегінде экономика мен өзге салалардың әлсіреуіне әкеледі. Осылайша, денсаулық сақтау саласының аткаратын рөлі маңызды екенін анықтаған соң, оны мінсіз жағдайға жеткізу керек. Бүгінгі күні аурудың сан алуан түрлері жыл сайын пайда болуда және әлем бойынша таралуда. Аталмыш құбылыстың таралуы әлем елдерінің денсаулық сақтау орындарында білікті мамандар мен жаңа технологиялардың бар болуын талап етеді. Өкінішке орай, елімізде соңғы жылдары біршама адамдар қатерлі ісік секілді қатерлі ауру түрлерімен ауыруда және оны жеңу үшін шет елдерге барып, емделуге мәжбүр болып табылады. Осы сәтте, еліміздің тұрғындары да Отандық денсаулық сақтау жүйесінің жоғары деңгейге жетуін қалайды және бұл мақсатқа жету барысында басты мәселелерді анықтау арқылы оларға шешу жолдары ұсынылуы қажет. Адамзаттың ой-өрісі күннен күнге ілгері басып келе жатыр. Алуан түрлі салалардағы ғалымдар ғылымда жаңа зерттеулер мен ашылулар жасауда. Адамның денесі мен денсаулығы генетик-ғылымдарымен зерттеледі және оның дамуына әлем елдері қыруар қаражат жұмсауда. Сол себепті, бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау такырыбы өзекті болып табылады және әрбір елдің медицинасы жоғары деңгейде болуы талап етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет