Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы


Поэзия. Катулл. Лукреций. Вергилий. Гораций. Овидий



бет99/135
Дата06.02.2022
өлшемі2,7 Mb.
#34362
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   135
Поэзия. Катулл. Лукреций. Вергилий. Гораций. Овидий.
Проза. Юлий Цезарь. Цицерон.
Гай Юлий Цезарь.
Республиканың аяқ кезі терең қайшылықтарға, қатал саяси және әдеби полемикаға толы уақыт болды. Аттицист шешендер стиль туралы өз теорияларын, азландықтар-өзіндік, Цицерон өз талаптарын қойды. Аттицистер сапында Кальв, Юний Брут, Юлий Цезарь (100-44жж б.э.д.) болды. Аттицизмнің жақтастары грамматикалық теория-“аналогиясын” қолдады. Аналогистер тіл тазалығын талап етті және қатаң грамматикалық ережелерді ұстанып, сирек қолданылатын сөздерден сақтанды. Цезарь “өткір тастан қашу сияқты бейтаныс сөздерден үрку керек” деген еді. Өз туындыларында ол не неологизмдерді, не архаизмдерді қолданбады. “Азиондықтар” “анамалиясын” Цицерон жақтады және бұл мәселеде олардың жағында болды.
Аналогистерге қарама-қайшы аномолистер жазушы қазіргі тілдің бар құнарлығын, байлығын қолдану керек деп есептеді.Мәселенің даулылығы сондай, тіпті Цезарь Голльдік жорық кезінде, Альпіден өткенде “Аналогия туралы” ғылыми еңбек жазды да, оны Цицеронға арнады.
Диктатуралық билікке ұмтылған мемлекеттік қайраткер өзін-өзі биіктеткен туындылар жазған еді. Жас кезінде “Геракл туралы” поэма және “Эдип” трагедиясын, есейген шағында “Голль соғысы туралы жазбалар,” “Азаматтық соғыс туралы жазбалар” және бізге жетпеген өзінің Испанияға сапары туралы поэманы жазған болатын.
“Голль соғысы туралы жазба” Галлийдағы соғыс әрекетіне арналған және оны жазба авторының өзі басқарды.
Сенат оның әрекетіне бірнеше рет қарсылық білдіріп, Цезарьді Галлийдағы өз жағдайын жеке қамы үшін пайдаланады деп айыптады. Оған жауап ретінде,ақталу мақсатымен, Цезарь жазбаларын жариялайды. Автор мемлекет мүддесін көздегенін, әділ, батыл, дана, жомарт болғандығын дәлелдегісі келеді.
Алайда, Цезарь өз қатыгездігін үнсіздікпен алмастырады. Галлийяның өмір сүру салты, әдет- ғұрпы, олардың әскери тактикасы, римдіктердің әскери өнері -қазіргі оқырман үшін қызғылықты. Франция территориясындағы қазба жұмыстары Цезарьдің айтқандарының шын екенін, ал басшылыққа алған мәліметтердің дұрыс екенін растайды.
Шығарма тілі жазба, хаттарға талап етілетіндей қарапайым. Автор әр алуан көркемдегіш құралдарынан қашып, “периодты” пайдаланбайды. Туындыда жиі қайталанатын сөздерді жіті қадағалап, сұрыптайды. Қорытындысында ол ашық және құрылымды, таза прозалық тілмен жазылған туындыны жазып шығады. Бұл туынды тіпті жауларын да таңдандырып, Цицерон ”Жазба” туралы “бұл қарапайым, риторикалық қандай да бір қабаттарынан ада” деген екен.
“Азамат соғысы туралы жазбада” Цезарь ең алдымен, өз ісін анықтауға, азамат соғысы оның әрекеті нәтижесінде басталмағандығын, өзінің республика жақтаушысы екенін тағы да бір еске салады.
Республикалық кезеңде прозаның әр түрлі жанрлары дамыды. Актуальды саяси мәселелер Рим шешендік өнерінде көрінеді. Күрделі әлеуметтік жағдай кезеңінде саяси шешендік орасан зор күшке ие болды. Бірақ «Цицеронға дейінгі кезең» шешендірі ағайынды Гракхов /б.э.д. ІІ ғ.а./ Эмилия Лепиданың сөздері жетпеген. Бізге жеткен деректерде ұлы шешен деп Цицеронды көрсеткен.
Цицерон.
М.Т.Цицерон /106-43 ж. б.э.д./ Лукреций мен Катулланың ұлы замандасы болды.
Ұлы шешен, қоғам қайраткері, дүниетанымы өте кең, философия, шешендіктен мол білімі бар.
Цицерон Арпина маңындағы Лацияда дүниеге келген. Римге ерте барып, білімнің әр түрлі саласына философия, әдебиет, шешендік өнер, заңға қызығушылық танытады. Ол Филонның философиялық әңгімелерін тыңдап, философ Панэтимен танысады. Сонымен бірге александрлық поэзиямен айналысып, өзі де поэма шығарып, грек өлеңдерін аударады.
Өзінің мемлекеттік қызметін ерте бастап, б.э.д. 63 жыл консулт болды. Адвокат ретінде алғаш рет б.э.д. 80ж. Секст Росцияны әкесін өлтірді деген жалған жала тағылған кезде көрінеді, бірақ көп кешікпей ол Римнен кетуге мәжбүр болады, өйткені оның сөйлеген сөзі Суллаға ұнамады. Екі жылда ұлы шешен Греция, Кіші Азия, Радоста өткізді. Мұнда оған сөйлеу мәнеріне әдемі де мазмұнды, тартымды «Радосс» мектебінің ықпалы зор еді. Ол Панэтинмен араласа отырып, стоикалық философия туралы білімін кеңейтті.
Римге қайта келгеннен соң ол үлкен мемлекет қайраткері болды. Бұл кезеңде ол қызықты да әсем, жалынды сөздерімен танылды. Әсіресе Сицилия наместигі Верреске қарсы сөзі өте қызықты болды. Бұл сұм да қатігез билеуші аяусыз провинцияны талап, бейкүнә азаматтарды жазалап, әсем өнер туындыларын өзі иемденді. Верресті айыптай отырып Цицерон бүкіл провинцияны тонап, байып отырған Рим олигархиясына қарсы шығады. Рим ұжданын өз сөздерінде суреттеп қана қоймай, оның салдарын да көрсетті. Мемлекеттік қайраткердің этикалық принциптері әрқашанда Цицеронның назарында болды. Веррес сот аяқталмай-ақ қуғынға ұшырады. Б.э.д. 63 ж. Цицеронның консулдағы кезінде Римде көтеріліс болды. Оны ұйымдастырған Рим арестократы Катилина. Ол өз жауына кедейлерді және Римге тәуелді мемлект өкілдерін топтастырды. Консул көтерілісті басуға көп көңіл бөліп, нәтижесінде көтерілісшілер өлім жазасына кесіліп, Цицерон уақытша мемлекет басқарды.
Цезардың Пампей мен Красстың билік басына келуі Цицеронның халін нашарлатып кетті. Ол үш билеушінің қызмет жасаудан бас тартты.
Б.э.б. 58 ж. дұшпандары оны Катилин көтерілісіне қатысты, Рим азаматтарын жазалауға себепкер болды деген желеумен Цицеронды қуғындауға ұшыратты. Римнен тыс жерде жүріп, ол достарына үрейге, күдікке толы хат жолдады. Цицерон Рим мемлекетінің өзінің өмір сүруінің ауыр кезеңіне аяқ басқанын жете түсінді. 57 ж. қайта оралып, өзін әдеби еңбектерге арнайды. Бұл кезеңде ол «Шешен туралы» /55 ж./, «Мемлекет туралы» /54 ж./ трактаттарын жазды. «Мемлекет туралы» туындысы Платонның философиялық формада жазылған шығармасының үлгісінде. Рим мемлекеті автордың пікірінше таңдаулы, ол құдайлар көмегімен қуатты мемлекетке айналды. Рим ерекше конституцияға ие. Ол өзгелерді «әділеттілік» және «санаға» әкеледі. Монархиялық тенденцияны сенат, ал демократиялықты магистраттар бақылауда ұстап, осылайша Рим монархия және демократияның озық қасиеттерін иеленген. Сенат, магистраттар және халық арасында келісім болуы керек. Б.э.д. 51 ж. Цицерон Киликияның проконсулы болып тағайындалады және б.э.д. 50 ж. Римге қайтып келген соң азамат соғысына тап келеді.
Цезарь диктатурасы кезінде ол мемлекеттік қызметтен кетіп, философиямен айналысады. Бұл кезде «Жақсылық пен жамандық шекарасы туралы», «Тускулондық әңгімелер», «Құдайлар табиғаты туралы», «Міндеттер туралы» шығармалары жазылды. Бұл туындылар екі жақты қызығушылық тудырады:
1.Цицеронның заманындағы философиялық мектептің негізгі қағидалары баяндалған. Бұл кезеңдегі философиялық еңбектері бізге жетпегендіктен Цицерон еңбектері өте құнды.
2.Бұл трактаттар автордың өзінің сол кездегі Рим жағдайын сипаттау үшін құнды, мол материал болып есептеледі.
Философия сабақтарынан, өз пайымдауымен, рухани тыныштық пен өмірлік даналықты іздейді. Ол өзін-өзі жетілдіруге құмар. Сондықтан үнемі өзін-өзі тәрбиелейді. Әлсіздіктен шешім қабылдай алмайтын болса, ол күшті әрі қайсар болуды өз бойында өлімге деген өшпенділікті тәрбиелеу арқылы жетеді. Мемлекетке белсенді қызмет ету кезінде көрінетін « Рим ерлігін» Цицерон грек философиясы уағыздайтын адамгершілік, шыдамдылық, жұмсақтықпен үйлесімді көруге тырысады. Ол жиі Теренцидің: «Мен адаммын, сондықтан маған адамшылық жат емес» деген сөзін қайталап отырады. Цицерон диалогтарында ол гуманикалық адамның бейнесін жасауда «гумандық» терминін қолданады. Гумандық адам Цицерон түсінігінде - өз мағынасын ең биік түсінігіндегі адам. Оның бойында адамның ең күшті қасиеттері жинақталған. Мемлекетке қызмет ету жеке тұлғаға өз бойындағы дарынын ашуға, жетілдіруге кедергі келтірмейді. Цицеронның бұл ойы қайта өрлеу дәуірінің итальяндық гуманистерінің қызығушылығын тудырады. Оның европалық мәдениетті қалыптастыруға қосқан еңбегі өлшеусіз. Цицерон көптеген трактаттарында ағылшын және француз ағартуын жасақтаған сәтті кең қолданады. Цицеронды терең зерттегендер – Локк, Юм, Вольтер, Дидро, Мабли және XVII-XVIII ғ.ғ. көптеген ойшылдары.
Б.э.д. 44 ж. Цезарь өлімінен соң қысқа уақыт ішінде Цицеронның қызметі белсенді бола түседі. Ол Антонияға қарсы 14 мәрте сөз сөйлеп, Республикалық идеялды қорғап қалуға жанын салады. Цицерон жас Октавиянмен одақтас болуды көздейді. Алайда 2 үштік одақ Октавиян, Антоний және Лепид арасында құрылғанда, Цицерон проскрипциондық тізімге енгізілді. Осылайша Республика аяғында танымал шешен және жазушы Цицерон өмірі қайғылы аяқталды. Мемлекеттік қайраткер ретінде ол табандылығымен, бірізділігімен ерекшеленді. Цицерон жалпақ сөзділік, жалпақ шешендікке, жағымпаздыққа сүйенбей, үлкен мемлекет қайраткерлерімен одақтаса алды. Сондай-ақ оған даусүйгіштік те жат емес еді. Оның айғағы бізге жетпеген. «Өз консулдығым туралы» поэмасы. Мұнда автордың мемлекетке сіңірген еңбектері сөз болды. Шешен ретіндегі ролі Рим мәдениеті және әдебиеті үшін өте құнды.
Латын прозасының дамуының тұтас бір кезеңі Цицерон есімімен байланысты. Ол өз тілін, мәнерлілік, дыбыстылық, икемділік, әдемілікпен байыта түсті.Өзінің шешендік қызметінде «Шешен туралы» трактатын басшылыққа алды. Оратор Цицерон пікірінше, барлық білім қарумен қарулану тиіс, ал философия, құқық, тарих ,әдебиетті білуі адам психологиядан хабары болуы керек. Цицерон өз кезіндегі шешенді биік ұжданды адам, ол еш уақытта жеке басының қамы үшін шешендігін қолданбайтын адамды айтады. Шешеннің міндеті – кез-келген жеке мәселені ортақ приципке дейін көтеру. Шешен туралы өз идеялын жасақтай отырып, Цицерон өзінің қызметі арқылы бұл идеялдың бар екенін айтқысы келеді.Цицеронның бізге жеткен 58 сөзі әр түрлі тақырыпқа арналған. Алайда өмірде биік моральдық қасиеттер көрініп, надандық, қаталдық, жеке басының қамын ойлаушылық сыналады.
Шешен әр жеке сауалды үлкен мәселенні шешуге дейін көтерілді. Мысалы, б.э.д. 61 ж. грек ақыны Архиді жоқтап сөз сөйлей отырып, ол қарапайым сот сөзі шеңберінен шығатын сөз сөйледі. Онда поэзиялық биік әрі әсем өнер түрі екендігі, оның адамзатқа жан рахатын сыйлайтындығы, адамның ұжданына жағымды әсер ететіні қарастырылып, шешенге поэзия өз шеберлігін ұштау үшін қажет екені айтылады.
Әр шешеннің алдында, Цицеронның пікірінше, 3 міндет бар:
1.Өз қағидасын дәлелдеу
2.Тыңдаушыларға ләззат беру
3.Олардың еркіне әсер ете отырып, ұсынылған шешімді қабылдату.
Әр міндеттің өзінің стилі бар:

  • Дәлелдеу - жай, қарапайым

  • Ләззатқа бөлеу-тартымды, әсем

Шешен сөзі бейнелеу құралдарына толы болуы шарт. Барлық сөйлеу стилі талаптарын ұсына отырып, Цицерон аттикистық шешеннің тек бір ғана стилі болуы қажет деген көзқарасына қарсы шығады.
Цицерон өзін Демосфеннің шәкірті деп санады және аттикистар қозғалысын «академиялық» және шыни өмірден қол үзген деп есептеді.
Цицеронның шешендік сөзі период я кезеңге құрылған. Период-бұл сөйлеудің тұйықталған бөлігі. Ол синтаксистік тұтастықты құрайды. Оның жеке бөліктері симметриялы және анофорияларға ішкі рифмаларға бай.
Антикалық шешендік сөз-бұл өзінше рифмикалық ұйымдасқан шығарма, ол актерлық орындауды талап етеді. Шешен тыңдаушы алдында ойлап, әр түрлі пазада болады, оның беті әрдайым өз қалпын өзгертеді. Рим азаматын қорғай отырып, шешен оның алған жарақатын көрсету үшін киімін және соттың, халық жүрегін жібіту үшін айыпталушының балаларын шығаруы мүмкін.
Цицеронның көрсетуінше, шешен үшін ең маңызды және жауапты кезең-олдайындалған сөзді айту.
Рим шешендік мектебінде Цицерон өлімінен соң оның нұсқамасымен жүрді, сөздерін зерттеді. Қайта өрлеу дәуірінде Цицерон туындылары қызығушылық нысанына айналды. Цицерон тілі мен стилі жаңа латындық гуманистік прозасына негіз саналды. «Периодтық сөз сөйлеу» ұзақ уақыт бойы жаңа кезең әдебиетінің төрінде орын алды.
Ұлы Француз революциясының патетикалық қызыл сөзділігі Рим шешенінің әсерін сезінді. Цицерон сөздерін Мирабо мен Робеспьер қызыға оқыса, француз революциясының өкілдері Цицеронды республикалық Римнің соңғы өкілі, деспотизмге қарсы күресуші деп есептеді.
Цицерон сөзсіз Римдегі полистік идеялогияның соңғы өкілі болды. Мемлекеттік қызмет оның өмірінің мәні болып қана қоймай, бұл Рим консулы, бұл шешен «жаңа типтегі» адам болды. Ол білімді, әдебиеттің майталман білгірі және бағалаушысы бола отырып, Аппия Клавдия және Катон секілді ескі республиканың саяси қайраткерлеріне мүлде ұқсамады.
Цицерон жазушы мен ақындардың өз шығармашылығы «Август дәуірінде» дамыта, өркендете түскендердің замандасы болды.

7 Дәріс. Қайта Өрлеу дәуірінің әдебиеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет