Abstract Mobbing at school is psychological harassment by a group of students of a classmate, another child from school or a teacher. It is not uncommon for a teacher to become a victim in his teaching staff. The teacher may also begin to use psychological terror against the class.
The article discusses the features of mobbing among adolescents. This is a widespread social problem-the harassment of one or more adolescents. Many researchers around the world call mobbing a "social disease" of the XXI century. The article presents a comparative analysis of the concepts of mobbing.
Key words: moobing, teen, factor, deviant behavior, aggression.
Кіріспе Мектеп оқушылары, яғни жасөспірімдер – үлкен және динамикалық әлеуметтік-демографиялық топ, үздіксіз жаңартушы инновациялық әлеует. Алайда, жас ұрпақтың әлеуметтік сапаға қол жеткізуі қоғам-дағы оларды әлеуметтендіруге жауапты институттардың қажетті мүмкіндіктері мен дамытушы әлеумет-тік орта ұйымдастыру деңгейіне тәуелді.
Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу практикалық тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырды. Олардың бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақ-ты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету дегенді байқатады [1].
Жасөспірімдер арасындағы моббингті алдын-алудағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыты – оларды бүгінгі қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, өз еркімен шешім қабылдай алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Жасөспірімдермен жүргізілетін моббингті алдын-алудағы әлеу-меттік-педагогикалық жұмыс, бұл жалпы білім беру үрдісінде маңызы өте зор. Себебі, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы моббинг құбылысы күрделеніп барады, атап айтқанда, олар: бұзақылық пен қылмыстың азаймай отыруы; әлеуметтік фактормен байланысты аурулардың (психикалық аурулар, суицид, туберкулез, ЖҚТБ, ВИЧ, т.б.) көрсеткіштерінің тұрақты өсуі; жасөспірімдер арасында психо-логиялық қолайсыз жағдай (депрессия, томаға тұйықтық, әлеуметтік қарым-қатынас тапшылығы т.б.) көріністерінің көбеюі; жыныстық тәрбиенің әлсіреуі (жыныстық акселерация, жыныстық жүгенсіздік); немқұрайлылық, салғырттық, өздерін қоғамға керексіз сезіну, қоғамдық нигилизм құбылыстарының азаймай отыруы; т.с.с. сондықтан осындай әлеуметтік мәселелердің алдын алудағы әлеуметтік-педа-гогикалық жұмысты ұйымдастыру мақсатына бағыттау қажеттігі айқындала түседі.