Ж. К. Сүйінжанова 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


Модуль 2. №8-9 практикалық сабақ



бет22/48
Дата28.01.2022
өлшемі428 Kb.
#115353
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
стилистика лекция

Модуль 2.

8-9 практикалық сабақ


Практикалық сабақ тақырыбы:Сөз таптарының стилистикасы. Синтаксистік стилистика

Практикалық сабақ жоспары:

1.Зат есімнің стилистикалық қызметі

2.Сын есімнің стилистикалық қызметі

3.Сан есімнің стилистикалық қызметі



Сабақтың мақсаты: Сөз таптарының стилистикасы, синтаксистік стилистика

туралы түсінік беру.



Сабақтың мазмұны:

Зат есімнің стилистикалық қызметі

Сөз таптарының стилистикалық қызметі стилистикалық белгі мен стилистикалық мәнердің арасын жалғастыруда маңызды орын алады. Атап айтқанда, деректі зат есімдер ресми стильде көп қолданылса, ал дерексіз зат есімдер көркем әдебиет стиліне, ғылыми стильге тән болып келеді. Функциональдық стильдерде сөз таптарының әрқайсысы семантикалық-стилистикалық мағынасы мен көркемдік-бейнелілік қасиеттерінің әлеуеттігімен көзге түседі.

Зат есім ресми стильде кісі есімдері, жер-су атауларын нақты берсе, дерексіз зат есімдер көркем әдебиетке тән: мұң, сағыныш, өмір, сезім т.б. Ғылыми стильде: дерек, категория, түсінік т.б. Зат есімдердің публицистикалық стильдегі жиілігі етістіктен кем түспейді, ал етістіктің көркем әдебиет стиліндегі жиілілігі ресми стильге қарағанда екі есе аз болып келеді. Ғылыми стильде зат есімдер термин ретінде қолданылады да, маңызды хабарлау функцияны атқарады. Сөз таптары әр стиль аясында мәтіннің сипатына орай кейбіреуі жиі қолданылады да стильдік мәнерімен ерекшеленеді.

Қазақ тілінің морфологиялық құрамында зат есім айрықша орын алады. Зат есім дискурс пен мәтінде заттық мағына береді, ал заттық мағынасыз ой берілмейді, сондықтан зат есімдер барлық сөз коммуникациясында міндетті түрде қатысып отырады.

Зат есім ресми, ғылыми, мәдени коммуникацияда халықтың керегін қанағаттандыратын зат ұғым атаулар ретінде жиі қолданылады. Олардың қатарына мекеме атаулары, адамдардың қызмет атаулары, өндіріс-шаруашылық заттары т.б. жатады. Зат есімдер кітаби стильде дәлдікке, нақтылыққа қызмет етеді, кейде есімдікті пайдалануға жол бермейді (бірақ басқа стильдегі есімдіктің стильдік қызметін жоққа шығаруға болмайды).

Зат есім ресми стильде жиі ұшырасады, ғылыми стильде жиілігі екінші орынды алады. Сөз таптарының стилистикасын толық тану грамматикалық тұлғалар арқылы стилистиканың нәзік иірімін жіті толық сезінуге алып келеді. Мысалы, Шешесі салқынқандылау еді (Т.Нұрмағанбетов), Кәмилла жылауық еді (Ә.Нұршайықов). Осындағы салқынқандылау, жылауық сияқты сын есім экспрессивтілігінің қанық бояуын грамматикалық тұлғалар арқылы көрсете отырып, стилистикалық әсерді мәнді жеткізеді.

Зат есімдер поэзиялық шығармаларда туған ел, жамағатқа байланысты мәтіндердің көркемдік қуатын көрсету мағынасында жиі жұмсалады.

Көркем шығармада зат есімдер жеке тұрып та кейде жалғаулар арқылы өзінің стильдік мәндерін айқындай түседі. Өлең мәтінінде зат есім экспрессивтілігінен гөрі, нақты философиялық сипат береді. Сондықтан оның жалқы есімдік тұлғасы алынуы нақтылықпен толғаныс нысаны ретінде жұмсалынады. Кез келген оқиға, құбылыстарды суреттеуде зат есім нақты атау ретінде алынады. Мысалы, көркем әдеби тілде аты аңызға айналған жалқы есімдер Төлеген, Қыз Жібек, Баян сұлу, Қозы-Көрпеш сияқты әдеби, тарихи кейіпкерлер ауызекі сөйлеу тілінде махаббаттың, сұлулықтың символы ретінде жиі ұшырасып отырады.

Публицистикалық стильде зат есімдердің жалқы есімдер тарихи-мәдени атау ғана емес, қоғамның әлеуметтік жүйесін таныту мақсатында елдің, жердің, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатының мемлекеттік масштабын көрсету мағынасында қолданылады. Мысалы, Алматы-менің сүйікті қалам, Таразға-2000 жыл деген зат есімдер стильдік тарихи-әлеуметтік мәнге үңілуді ұғындырады.

Ресми стильдің мәтінінде жалпы есімдерсіз оның деректілік, ақпараттық сипаты ешуақытта анықталмайды, құқықтық тұрғыдан заңды ресми құжатқа жатпайды, сондықтан ресми стильдің негізгі факторы зат есімдер стильдік сұраныс қажеттілігін өтеуге жұмсалады.

Сын есімнің стилистикалық қызметі

Сын есім зат есімнің сапалық көрсеткішінің мағыналық сипатын атқарады. Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін басқа заттардың қатынастары арқылы білдіреді.

Сын есімдер әлем, тіршілік, дүниетанымның ішкі-сыртқы бояуларын, оның сыр-сипатын, түр-түсін, қадыр-қасиетін таныту мақсатында көркемдіктің нақты сапалық белгісін көрсету үшін жұмсалады. Стилистикалық бағалау категориясы сын есім арқылы беріледі. Сын есімдер функциональдық стильдер мынандай қызмет атқарады:

1. Түсінікті пайымдап ойлау;

2. Заттың құбылыстық сапалық мазмұнын ашу;

3. Бейнелілікті көрсету

Сан есімнің стилистикалық қызметі

Сан есім-сөз таптарының ішінде стильдік мәні бейнелі көркемдік тәсілдің аумағында емес, тура жне нақты мағына беруде жиі қолданылады. Пифагордың «дүниені сан билейді» деген сөзі бар. Қазіргі уақытта сан есім нақты ғылымның зерттеу нысаны бола отырып, ғылым мен техниканың даму барысында «цифр тілі» дүниеге келді, осыған байланысты қоғам өмірінде үлкен ақпараттық деректеменің негізгі көрсеткіші ретінде сөз таптарының ішінде сан есім стильдік жүкті атқара алады. Сан есімнің ресми стильде кең қолданылып, өзінің ресмилік сандық көрсеткішімен айрықшы стильдік мәнге ие болады. Ғылыми стильде нақты деректемелік сандық категория ретінде ерекше стильдік мағынаға ие болу қасиетімен ерекшеленеді.

Сан есім «нақты» ғылым факторы, сондықтан өзінің сан-салалы мүмкіндіктерін көрсете алады. Кез келген заттың, құбылыстың, санының аумағын, көлемін, тіпті күшін өте нақты әрі дәл көрсету мақсатында сан есім пайдаланылады. Әсіресе, қоғамдық-әлеуметтік сапаның нақты көрсеткішін әлемдік деңгейдегі сапаның дәрежесімен салыстыру үшін үлкен маңызды іс-әрекетімен ерекше стильдік маңызға ие.

Сын есім басқа да сөз таптары сияқты эмоционалды-экспрессивті қызмет атқара отырып, стилистикалық мүмкіндіктерді жеткізеді.
Синтаксистік стилистика-сөйлем арқылы қатысым және ойды жеткізудің экспрессивті-стилистикалық мүмкіндіктерін толық баяндаудың негізгі тілдік бөлігі. Синтаксистік құбылыс, сөздердің байланысу тәртібі, сөйлемнің семантикалық құрылымының стилистикалық мәні функциональдық стильдерде тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда лексика, грамматика, тілдік тәсілдер т.б. өзіне тән ерекшелігі мен маңызы айрықша орын алады.

Синтаксис-ойлау жұмысын білдіру амалы, формасы. Сонымен бірге ойлуа-рухани ізденістің нәтижесі деп табылды.

Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалар – адам ойын жинақты, тиянақты түрде білдірудің ұйымдастырушы бөлшектері де, сөйлем-ойды білдірудің негізгі формасы болып есептеледі. Стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық құбылыстарын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады.

Сайып келгенде, стилистиканың мақсаты – дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету.

Стилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік стилистика, «толғауы тоқсан» тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкіншілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құрай білуді үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет