Ж. К. Сүйінжанова 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


Модуль 2. №6-7 практикалық сабақ



бет20/48
Дата28.01.2022
өлшемі428 Kb.
#115353
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Байланысты:
стилистика лекция
discuss2-leisure-20210831
Модуль 2.

6-7 практикалық сабақ



Практикалық сабақ тақырыбы:1.Фонетикалық стилистика

2. Лексика-фразеологиялық стилистика

Практикалық сабақ жоспары:

1. Фонетикалық стилистика

2. Лексика-фразеологиялық стилистика

3. Фразеологизмнің функциональдық-стильдік мағынасы бойынша топтастырылуы



Сабақтың мақсаты: Фонетикалық стилистика, қазақ тілінің стилистикалық құралдары туралы түсінік беру.

Сабақтың мазмұны:

Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна) араб, парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен келген, орыс тілінен және сол арқылы шет елдер тілінен енген терминдер мен түрлі жаңа сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болса, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алуан тіл қабаттарының қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бір де бірі одан сырт емес. Сала-сала бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар.

Лексикология мен стилистиканың бір-бірімен байланысты, олар өзара тығыз қарым-қатынаста болады.

«Фразеология» терминінің мағынасы өте кең, ол белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компонеттері болып, олар өзара семантикалық бірлікте, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: жүрегінің түгі бар, қу бастан қуырдақтай ет алған т.б. Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін единица болып қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологиялық орам немесе фразеологиздер деп атайды.

Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:

1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;

2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;

3. Мағына бірлігі сақталады;

4. Екі сөзден кем болмайды:

Фразеологизмдер-қазақ ұлттық тілінің ең шұрайлы бөлігі.

Қазақ тіл ғылымындағы фразеологияға қатысты еңбектердің қай-қайсын алып қарасақ та ең басты көңіл бөліп, арнайы көрсеткен мәселесі-фразеологизмдердің синонимділігінің эмоционалды-экспрессивтілігі, себебі синонимділік стилистикалық мүмкіндіктерді жеткізудің ең басты көзі бола алады, себебі «қолданыс тілі стилистикасы», «синонимдер стилистикасы» деп те аталынады.

Бейнелі фразеологизмдер, стилистикалық фразеологизмдердің құрылымдық ерекшеліктері мен лексика-семантикалық өзгерісі эстетикалық қызметтің орасан күшін көрсете алады.

Қазақ тілінің аса бейнелі тілдік оралым болып саналатын фразеологизмдер стильдік қатарлары көркем әрі экспрессивті қасиеттерімен ерекшеленеді. Фразеологизмдердің сан алуан қасиеті-функциональды-стилистикалық, эмоционалды-экспрессивтілік, коммуникативті-прагматикалық қызметіне тікелей байланысты.

Фразеологизмдер тілде мағыналық тұрғыдан лексикологияның, құрылымдық, тұтастық жағынан синтаксистің, көріктеу құралы ретінде экспрессивті стилистика саласында зерттелуде.

Қазіргі уақытта фразеологизмнің функциональдық-стильдік мағынасын былайша топтастырады:

-фразеологиялық мағынасын;

-тіркестердің эмоционалдығын;

-фразеологизмдердің экспрессивтілігін;

-образдылық пен бағалауыштық қабілеті;

-коммуникативті-прагматикалық қызығушылығы.

Фразеологизмдер-өзінің семантикасы, құрылымы, құрылысы, жасалу жолдары жағынан тілдік құбылыс, өзіндік қажеттілігі бар сала болғандықтан, стильдер түрлерінде, оның әлеуметтік қызметі сараланып отырған уақытта қолданыс аясының қажеттілігі ерекше.

Қазіргі тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар: бірі-стилистиканың орталық бағыты функционалдық стилистика. Функциональдық стилистика қоғамның әр алуан саласында тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары әрі сөздің базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлардың ықпалынан пайда болған. Функцинальды стилистика қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады. Стилистиканың негізгі бағыттарының бірі-ресурстар стилистикасы. Тіл ресурстары тіл стилистикасы деп те аталынады. Тіл ресурстар стилистикасы сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды.

Стилистиканың бағыттарының қатарына автор мен қабылдаушының арасындағы қодтау және декодтау стилистикасы жатады.

Кодтау стилистикасы-қолданыс тіліне қатынасушылардың қызметіне қарай тілді айтушы не жазушының стилистикасы. Бұл негізінен зерттеушінің назары туынды авторының шығармашылық стиліне баса көңіл аударуды қажет етеді. Кодтау стилистикасы информация теориясын пайдаланады: автор өзін қоршаған ортадан өзіне керекті ақпарат көздерін алады, осы ақпаратты өңдеп, тыңнан жасап, оқырманның сезіміне, еркіне әсер етуді мақсат етеді. Кодтау стилистикасына қарама-қарсы қойылатын декодтау стилистикасы.

Декодтау стилистикасы-қабылдаушының (тыңдарманның, оқырманның) стилистикасы. Декодтау стилистикасы мәтінді түсіндірудің теориялық базасы болып табылады. Қабылдаушы немесе тыңдарман қабылдаған мәтіндегі фонетикалық, құрылымдық, семантикалық тілдік бірліктердің қабылдаушы сөз етуін анықтау болып саналады.

Қазіргі уақытта ресми стиль, шешендік стиль ерекше даму үстінде сол сияқты үлкен-кішілі стильдер де жеке, дара стиль бағытына жатады.

Стилистиканың ерекше қызғылықты бағытының бірі-безендіруші стилистика.

Безендіруші стилистика-тілдегі экспрессивті әдіс-тәсілдерді оқып үйретеді. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әдебиет стиліне ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тәсілдері безендіруші стилистикада жан-жақты көрініс табады. Безендіруші стилистикасының зерттейтін мәселелері мыналар болып саналады: тілдік бірліктердің безендіруші тапсырмаларының сапалық және тиімділік қасиеттерін әр түрлі стилистикалық амалдардың көмегімен анықтау. Олар: стилистикалық мағына, стилистикалық тәсіл, стилистикалық амал, стилистикалық тапсырма.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет