Ж. К. Сүйінжанова 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


Модуль 1. №4-5 практикалық сабақ



бет10/48
Дата28.01.2022
өлшемі428 Kb.
#115353
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
стилистика лекция

Модуль 1.

4-5 практикалық сабақ



Практикалық сабақ тақырыбы: Стилистикалық қате туралы ұғым.Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері

Практикалық сабақ жоспары:

1.Стилистикалық қатенің түрлері, олардың басқа қателерден ерекшелігі

2. Стилистикалық емес қателер

3.Стилистикалық қателер

4.Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер

5.Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер



Сабақтың мақсаты: Стилистикалық қате туралы ұғым туралы түсінік беру.

Сабақ мазмұны:

Стилистикалық қатенің түрлері, олардың басқа қателерден ерекшелігі

Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нормадан тыс ауытқулар болып жатады. Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т.б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады.

Тілдік талғам-тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет.Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында-тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады.

Тілді білу, оның күллі байлығын игеру, дұрыс жазып, айта алу-қоғамның кез келген мүшесіне қойылатын талап. Білген нәрсені орынды және ұтымды жеткізу, тіл байлығының ішінен тек өзіңе керегін ғана таңдап алып, ұтымды пайдалана білу, бұл-өнер. Ал, өнер дегеніміз –шеберлік. Сөз жұмсау шеберлігіне қол жеткізу стилистикалық қателермен мақсатты күресу барысында қалыптасатын, асқан шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін шығармашылық процесс.

Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп отыру жалпы халықтың сөйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын көтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдениеті күллі қоғамның рухани сауаттылығының көрінісі әрі өлшемі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет