Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары


ОҚЫТУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛПЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУ НОРМАТИВТЕРІ



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
5. ОҚЫТУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛПЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУ НОРМАТИВТЕРІ 
БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАМАЛАР 
пайда болады. Ғылыми тұжырымда 
әдебиет «адамтану құралы», ал 
әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құра-
лы», – делінген. Өйткені, ғылыми 
педагогикалық ұстаным бойынша 
әдебиет 
пәні 
философиялық, 
педагогикалық, 
ұлттық 
ізгілікті, 
психологиялық, 
тұғырламалық 
мәдени-рухани көзқарастар құн-
дылықтарына құрылған. Ұлттық 
таным, ұлттық рухани гуманистік 
сананы (адамгершілікке сананы 
қалыптастыра негіздеу) қалыптасты-
рады. Қазақ тілінің қолдану аясын 
кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық
эстетикалық 
және 
этикалық 
қызметін меңгеруін қамтамасыз 
ету, оқыту процесі арқылы ауызша 
және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, 
қазақ 
әдебиеті 
шығармаларын 
аудармасыз қазақ тілінде оқу, 
түсіну, баяндап айту деңгейіне 
жету. Қазақстандық патриотизм 
идеяларын болашақ қоғам иелерінің 
санасына 
дарыту. 
Оқушыларға 
әдебиеттің құдіретін, оның адам 
баласы жаратылғаннан бері бірге 
жасасып келе жатқандығын, мәңгілік 
жаңарып, жасарып отыратын үдеріс 
екенін айтып, түсіндіре отырып, 
сол әдебиетті жасаушылар, ақын – 
жазушылар туралы, олардың көркем 
шығармалары жайында айтуымыз 
керек. Көркем шығарма - әдебиеттің 
құндылығы. 
«Көркем шығарманы оқыту – 
оқушының сөз қадірін түсінерлік 
ойлау әрекетін дамыту, рухани 
дүниесін байыту, эстетикалық тал-
ғамын жетілдіру, адамгершілік қаси-
етін қалыптастыру» – деген болатын 
әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі 
жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым 
Жұмалиев. Оқушы әдебиет сабағын-
да көркем шығарманы қабылдауы 
«
Көркем шығарманы талдамас 
бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап 
жеткізу керек. Сонда ғана шығарма 
балаға барынша әсер етеді» – дейді 
әдіскер-ғалым М.А. Рыбниикова. 
Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол 
жеткізіп, 
саяси-әлеуметтік 
және 
экономикалық дамудың жаңа ке-
зеңіне қадам басқан уақытта терең 
білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - 
негізгі міндеттердің бірі. Егемендіктің 
тұғыры тұрақталып, мемлекеттің 
іргесін нығайту және қазіргі уақыт-
тағы жаһандану жағдайында ұлттық 
бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлт-
тық сананың сарқылмауы, тіл мен 
ділдің баянды болуы үшін мектеп 
қабырғасында елжандылық тәрбие 
идеяларының санасына дарытуда 
әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиетті оқыту – ғылым саласы-
мен тығыз байланысқан. Себебі, 
ғылымның қай саласын алсаңыз 
да теориялық және қолданбалы 
практикалық болады деп білсек, 
әдебиетті оқыту арқылы оқушыға 
көркем 
шығарманы 
оқытуды 
қалыптастыру 
әрі 
теориялық, 
әрі қолданбалы жүйесін бірлікте 
қарастырумен қатар оның өнер 
екендігін де ескерген жөн. Өйткені 
игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, 
айтылмақ ой-түсінік оқушыға әсер 
етерліктей болса, ол тиісті деңгейде 
көңіл толқытып, тереңірек ойланады. 
Сондай-ақ, әсер санаға ерекше ықпал 
етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан 
тұлғаны әрекетке итермелесе, екін-
ші жағынан пәнге деген қызығу-
шылықты арттырып, көркем шығар-
маны оқуға талпындырады.
Әдебиет – сөз өнері. Адам 
жүрегі тербетіп, ақыл таразылап
тіл кестелеп айтқан сөз орнында 
тұрса ғана әдебиет деген өнер 


58
керек. Бұл – оңай үдеріс емес. Ол – 
оқушының өзінің жан қалауымен, 
жүрек сезімімен, рухани әрекетімен 
жүзеге асатын дүние. Автордың ой 
күйзелісін, шалқар шабытын оқушы 
бойынан өткізіп, көркем суретті көз 
алдына елестетіп қабылдауы үшін 
әрекет жасау керек. Оқушыдағы осы 
сезімді ояту – мұға-лімнің қолында, 
яғни, оқушыға әдеби білім беру, 
әдеби, эстетикалық, адамгершілік 
қасиеттерін дамыту үшін мұғалім 
әдебиетті оқыту барысында әдіс- 
тәсілдерді орнымен қолдану қажет. 
Әдебиет сабағындағы ең басты 
жұмыстардың бірі – оқушылардың 
көркем шығарманы қабылдауы, одан 
әсер алуы, көркем туындыны бүкіл 
бітім-болмысымен түсіне білулері 
жатады. Оқушылардың рухани дү-
ниесін байыта отырып эстетикалық, 
интеллектуалдық, 
көркемдік, 
сезімдік, адамгершілік, азаматтық 
тәрбие беру; оқырмандық тұрақты 
ынта-ықыласты, биік талғамды қа-
лыптастыру; әдеби мұраны және 
онда бейнеленген құбылысты эсте-
тикалық қабылдауына қажетті білім 
және біліктілікпен қаруландыру
логикалық ойын, ауызекі және 
жазбаша тіл мәдениетін қалыптас-
тыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке 
тұлғаны 
дамыту, 
қалыптастыру 
болып табылады. 
– көркем шығарманы оқуға де-
ген қызығушылығын, ынтасын ояту, 
жоғары эстетикалық талғам мен 
қажеттілікті қалыптастыру;
– сөз өнерінің ерекшеліктерін 
түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге 
негіз болатын білім, білік, икем – дағ-
дылар қалыптастыру; 
– ойын сауатты ауызша (жазбаша) 
айта да, жаза да білу, байланысты-
рып сөйлеудегі тіл мәдениетін қа-
лыптастыру және дамыту, өзіндік ой 
– пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге 
баулу. 
Әдебиет – өнер, әдебиет - ұлттық 
қазына, асыл мұра. Әдебиет – ұлттық 
танымның қайнар көзі, сондықтан 
көркем шығармадан алынған үзін-
ділерді оқулыққа енгізуде төмен-
дегідей 
қағидалар 
басшылыққа 
алынған:
16-кесте


59
Оқушы тілін дамыту негізінде 
оқырмандық біліктілікті қалыптас-
тыру оқушылардың тілдік қатынасын 
коммуникативтік түрде дамыту. Ой, 
ойлану, ойланту барлық пәндерге 
де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін 
емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір 
еске алатын мәселе – өзіндік пікірде 
жатыр. Көркем туындыны оқытудың 
ең бастысы, сол көркем туынды 
туралы оқушы пікірі, ойына ерекше 
көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа 
пәндерді оқытудан өзгешілігі де, 
күрделігі де осында. 
Оқу тілдік дағды ретінде екі 
деңгейден тұрады: қарқынды деңгей 
және мотивациялық-саралау деңгейі. 
Қарқынды 
деңгейдің 
негізіне 
дағдылар жатады. Оқу дағдысын үш 
топқа бөлуге болады:
– сөздер мен сөз тіркестерін тану 
және түсіну дағдысы;
– тілдің грамматикалық форма-
ларын, синтактикалық құрылымын 
тану, олардың мағынасын айқындау 
дағдысы;
– тілдің графикалық формаларын 
айыра білу дағдысы;
– оқу барысында аталған дағды-
лар араласып бірге жүреді және бір-
бірімен байланысып жатады, сол 
себептен оқу дағдыларын жетік мең-
гермей жетістікке жету қиынға түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет