Ж. С. Нурпеисова аж – дегі мәліметтер базасы


 Бірінші, екінші, үшінші және жоғары қалыпты формалар



Pdf көрінісі
бет33/106
Дата27.10.2023
өлшемі3,46 Mb.
#188624
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106
Байланысты:
Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы

9.2 Бірінші, екінші, үшінші және жоғары қалыпты формалар 
Бірінші қалыпты нысаны (1ҚФ):
 
Бірінші қалыпты форма кестедегі 
барлық деректер атомдық (бөлінбейтін) болуы тиіс деп ұйғарады. Деректердің 
тиісті атомдық түрлерінің тізімі ДҚБЖ-мен анықталады. 1ҚФ талабы, әрбір 
жазбаның әрбір өрісінде бір ғана шама болуы тиіс, бірақ ол массив те емес, 
деректердің қандай да бір басқа құрылымы да болмау керек.
Екінші қалыпты форма (2ҚФ):
 
Кесте екінші қалыпты түрде болады, 
егер кесте 1ҚФ-да және әрбір негізгі баған толығымен бастапқы кілтке 
байланысты болса. Басқаша айтқанда, әрбір өрістің мәні бастапқы кілттің 
мәнімен толық анықталуы тиіс.
Бірінші қалыпты формадан екінші формаға өту үшін келесі амалдарды
ретімен орындау керек: 

Кейбіреулері осы бөліктердің біріне тәуелді болатындай бастапқы 
кілтті қандай бөліктерге бөлуге болатынын анықтау. 

Кілттің әр осындай бөлігі мен топ үшін жаңа кестені жасау және 
оларды осы кестеге жылжыту. Бұрынғы бастапқы кілттің бір бөлігі жаңа 
кестенің бастапқы кілті болады. 

Сыртқы кілттерден басқа, басқа кестелерге жылжытылған 
өрістерді бастапқы кестеден жою. 
Үшінші қалыпты форма (3НФ):
 
Кесте 3ҚФ-да болады, егер ол 2ҚФ-ға 
сәйкес келсе және онда барлық кілттік емес бағандар өзара тәуелсіз болады. 
Бағандардың өзара тәуелділігін келесідей түсіну ыңғайлы: бағандардың 
бірін өзгертпей өзгертуге болмайтын болса, өзара тәуелді болып табылады. 
Екінші қалыпты формаға үшінші формаға өту үшін келесі амалдар ретін 
орындау керек: 

Басқа өрістерге тәуелді барлық өрістерді анықтау. 

Әрбір осындай өріске немесе өрістер тобына, оған байланысты 
өрістер тобына жаңа кесте жасау және оларды осы кестеге жылжыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет