Ж. С. Нурпеисова аж – дегі мәліметтер базасы


 Сыртқы кілттерден басқа, басқа кестелерге жылжытылған  өрістерді бастапқы кестеден жою



Pdf көрінісі
бет34/106
Дата27.10.2023
өлшемі3,46 Mb.
#188624
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106
Байланысты:
Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы
despotii vostoka, Зертханалық жұмыс 14, Практическая работа1 Создание аккаунта Google, 1569036783-SOR-Informatika-EMN-10-klass, 6, 11-сынып. С.Оразбаев. Өмірдің өзі театр. ҚМЖ-4.4-нұсқа, Информатика 11класс Раздел11.4А Цифровая грамотность Урок53 Цифровизация в Казахстане Дидактический материал Дифференцированные задания для индивидуальной работы, 4 Қосымша 2, Практикалық жұмыс 1, Тема 5 8.3
 

Сыртқы кілттерден басқа, басқа кестелерге жылжытылған 
өрістерді бастапқы кестеден жою.
 


37 
Жоғары қалыпты формала: 
Реляциялық деректер қорының теориясында 
жоғары тәртіптің түрлері де қарастырылады — Бойс — Коддтың қалыпты 
формасы, 4ҚФ, 5ҚФ және одан да жоғары.
Бақылау сұрақтары: 
1. Қалыпқа келтірудің мақсаты. 
2. Ақпараттың артық қайталануы дегеніміз не? 
3. Қалыпты формалардың негізгі қасиеттерін атаңыз. 
4. 1ҚФ, 2ҚФ және 3ҚФ-да кестелердің қандай шектеулері жатады? 
5. Қалыпты форманың талаптарына сәйкес келетін және сәйкес келмейтін 
кестелердің мысалдарын келтіріңіз. 
 
Дәріс 10. QBE және SQL сұраныстар тілдері 
 
Жоспар: 
10.1
QBE сұраныстар тілі
10.2
SQL сұраныстар тілі
 
10.3
SQL тілінің артықшылықтары
 
10.1 QBE сұраныстар тілі
Базада сақталған мәліметтерді ДҚБЖ бар құралдардың көмегімен 
кестедегі деректерді ретімен қарап, түзете отырып, қолмен өңдеуге болады. 
Деректерді өңдеу тиімділігін арттыру үшін деректерді көпше өңдеуге мүмкіндік 
беретін сұраныстар қолданылады, яғни бір мезгілде көптеген жазбаларды 
енгізу, өңдеу және жою
, сондай-ақ кестелерден деректерді 
таңдауын іске 
асырады. 
Сұраныс

сақталатын деректерді таңдау, жою немесе түрлендіру 
бойынша ДБ-да жүргізілетін операциялардың құрамын анықтайтын арнайы 
түрде сипатталған талап болып табылады. Әр түрлі ДҚБЖ-ның көмегімен 
сұраныстарды дайындау үшін 
екі негізгі 
сұраныстарды сипаттау тілі жиі 
қолданылады. 
13 
сурет – Сұраныстарды сипаттау тілдері 


38 
QBE тілінде (Query-by-Example – бұл жерде үлгі бойынша сұраныстар
тілі) – сұраныстар үлгілерін қолдануға негізделген деректер базасында 
ақпаратқа қол жеткізуді ұйымдастыру үшін визуалды тәсіл қолданылады. QBE 
қолдану осы сәтте талап етілетін, мысалы, кейбір сұраққа жауап алу сияқты 
деректер базасына қол жеткізудің осындай түрін көздейтін сұраныс үлгісінде 
мәндердің үлгілерін тапсыру жолымен жүзеге асырылады.
Деректерді іріктеудің осы әдісі алғаш рет 1970-ші жылдардың ортасында 
IBM зерттеу орталығының Моше Злуф қызметкерімен ұсынылды. Бұл әдіс 
деректер базасынан ақпаратты таңдауға керек болатын пайдаланушыларға 
арналған. QBE іздеудің пайдаланушылық артықшылығы – синтаксисі күрделі 
және қолжетімсіз болатын сұранысты қалыптастыру үшін арнайы сұраныс 
тілін қолдану қажеттілігінің болмауы.
Қазіргі уақытта Microsoft Access-ті қоса алғанда, барлық танымал ДҚБЖ-
де іске асырылған. QBE тілін қолдау құралдары Microsoft Access ДББЖ-де өте 
оңай және сонымен қатар пайдаланушыларға деректермен жұмыс істеу 
мүмкіндіктерінің кең спектрін ұсынады.
QBE тілінің құралдары бір немесе бірнеше кестелерде сақталатын 
ақпаратқа сұрау енгізу үшін, сондай-ақ қорытынды кестеде болуы тиіс өрістер 
жиынтығын анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жазбаларды 
іріктеу
нақты
немесе 
жалпы
критерий бойынша жүргізіледі 
және кестелерде сақталатын ақпарат негізінде қажетті 
есептеулердің 
орындалуын 
қарастырады. Сонымен қатар, QBE тілі құралдарын кесте үстінен 
түрлі операцияларды 
орындау үшін пайдалануға болады, мысалы, жазбаларды 
енгізу және жою
, өрістер мәндерін 
өзгерту
немесе жаңа өрістер мен кестелерді 
жасау
үшін.
Microsoft Access ДБЖ-да QBE құралдарын пайдалану арқылы сұраныстар 
жасаған кезде, аталған әрекеттерді орындауға арналған SQL тілінің баламалы 
операторын айқындамайды.
Көбінесе таңдау сұраныстары деп аталатын сұраныстар түрі 
қолданылады. Таңдау сұраныстартарды бір немесе бірнеше кестелерде 
сақталатын деректерді қарауға, талдауға және оларға өзгерістер енгізуге 
мүмкіндік береді.
Microsoft Access ДБЖ таңдау сұраныстарын орындағанда таңдалған 
деректерді динамикалық деректер жиынтығына орналастырады, ол жеке нысан 
ретінде қарастырылатын кесте немесе сұранымға байланысты жаңартылып 
отыратын жазба жиынтығы болып табылады. QBE тілінде жоқ SQL тілінің 
ерекше мүмкіндіктерін пайдаланатын сұраныстар ғана ерекшелік болып 
табылады.


39 
14 сурет – Ms Access ДБЖ-да QBE терезесінің үлгісі 
Деректер санының өсуі, оларды сақтау және өңдеу қажеттілігі көптеген 
түрлі компьютерлік жүйелерде жұмыс істей алатын деректер қорының 
стандартты тілін құру қажеттілігі туындады. Шын мәнінде, оның көмегімен 
пайдаланушылар дербес компьютерде, желілік жұмыс станциясында немесе 
әмбебап ЭЕМ жұмыс істейтініне қарамастан деректерді жасай алады. 
Реляциялық деректер моделін әзірлеу нәтижесінде пайда болған тілдердің 
бірі қазіргі уақытта өте кең таралған және шын мәнінде реляциялық деректер 
қорының стандартты тіліне айналған SQL (Structured Query Language) тілі 
болып табылады. SQL тіліне стандартты 1986 жылы Американдық ұлттық 
стандарттар институты (ANSI) шығарды, ал 1987 жылы халықаралық 
стандарттар ұйымы (ISO) оны халықаралық стандарттар ретінде қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет