42
-
CREATE ASSERTION –
шектеу құру;
-
DROP ASSERTION -
шектеуді өшіру;
-
GRANT -
пайдаланушыға немесе қосымшаға объектілермен
басқару артықшылықтарды бер;
-
REVOKE -
пайдаланушыға немесе қосымшаға артықшылықтарын
қайтару
Транзакциялармен басқару операторлары(TCL)
-
COMMIT -
транзакция барысында жасалған өзгерістерді растау
-
ROLLBACK
–
транзакция барысында жасалған өзгерістерді растауды
қайтару
-
SAVEPOINT -
транзакцияны бірнеше аз бөлікке бөлу үшін
10.3 SQL тілінің артықшылықтары
SQL тілі көптеген ДҚБЖ-нің негізі болып табылады, өйткені физикалық
құрылымдауға және дискіге деректерді жазуға, сондай - ақ дискіден деректерді
оқуға
жауап береді, басқа ДҚБЖ компоненттерінің және пайдаланушы
қосымшаларының SQL-сұрауларын қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша,
SQL-реляциялық
деректер базасындағы
ақпаратқа пайдаланушыларға,
бағдарламаларға және есептеу жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін
қуатты құрал.
SQL тілінің негізгі артықшылықтары:
-
стандарттылық;
-
нақты ДҚБЖ-нен тәуелсіздік;
-
бір есептеуіш жүйеден екіншісіне ауыстыру мүмкіндігі;
-
тілдің реляциялық негізі;
-
интерекпенді сұраныстарды жасау мүмкіндігі;
-
ДҚ-на бағдарламалық қатынау мүмкіндігі;
-
әр түрлі деректерді ұсынуды қамтамасыз ету;
-
ДҚ құрылымын динамикалық өзгерту және кеңейту мүмкіндігі;
-
клиент-сервер архитектурасын қолдау.
Кез келген деректер қорымен жұмыс істеу тілі пайдаланушыға келесі
мүмкіндіктерді беруі тиіс:
-
деректер базасын және құрылымын толық
сипаттайтын кестелерді
құру;
-
деректерді манипуляциялаудың негізгі операцияларын орындау,
атап айтқанда, кестелерден деректерді енгізу, түрлендіру және жою;
-
деректерді түрлендіруді жүзеге асыратын қарапайым және күрделі
сұраныстарды орындау.
Сонымен қатар, деректер базасымен жұмыс істеу тілі пайдаланушы
тарапынан ең аз күш салумен жоғарыда көрсетілген
барлық тапсырмаларды
шешуге тиіс, ал оның командаларының құрылымы мен синтаксисі – өте
қарапайым және оқу үшін қол жетімді. Ол әмбебап болуы керек, яғни белгілі
бір стандартқа жауап беруі керек, бұл бір ДББЖ-дан екіншісіне ауысу кезінде
43
командалардың бір синтаксисі мен құрылымын пайдалануға мүмкіндік береді.
SQL тілі жоғарыда айтылып кеткен барлық талаптарды қанағаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: