Бақылау сұрақтары: 1. SQL ұғымына анықтама беріңіз.
2. SQL тілі командаларының категорияларын атаңыз.
3. SQL негізгі артықшылығы неде?
Дәріс 11. Деректердің типтері, оператордың синтаксисі Жоспар: 11.1
SQL-операторлар синтаксисі
11.2
SQL деректер түрлері
11.1 SQL-операторлар синтаксисі SQL операторы резервтелген сөздерден, сондай-ақ пайдаланушы
анықтайтын сөздерден тұрады. Резервтелген сөздер SQL тілінің тұрақты бөлігі
болып табылады және белгіленген мәнге ие. Оларды тапсырылғандай түрде
жазып алу керек, бір жолдан екіншісіне көшіру үшін бөліктерге бөлуге
болмайды. Пайдаланушы анықтайтын сөздерді өзі (синтаксистік ережелерге
сәйкес) береді және деректер қорының әр түрлі нысандарының
идентификаторлары немесе аттары болып табылады. Оператордағы сөздер
белгіленген синтаксистік ережелерге сәйкес орналастырылады.
SQL тілінің идентификаторлары деректер базасындағы объектілерді
белгілеуге арналған және кестелердің, ұсыныстардың, бағандардың және басқа
да деректер базасының объектілерінің атаулары болып табылады.
Пайдаланушы жасайтын SQL тілінің идентификаторларында қолданылатын
таңбалар, таңбалар жиынтығы ретінде анықталуы тиіс. SQL стандарты үнсіз
келісім бойынша қолданылатын таңбалар жиынтығын көрсетеді – ол латын
әліпбиінің кіші және бас әріптерін (A-Z, a-z), сандар (0-9) және астын сызу
белгісін (_) қамтиды. Идентификатор форматына келесі шектеулер қойылады:
идентификатор ұзындығы - 128 таңбаға дейін болуы мүмкін;
идентификатор - әріппен басталуы керек;
идентификаторда - бос орындар болмайды.
Терминдерінде SQL тілінің сипаттамасы берілген тіл
метатіл деп
аталады. Синтаксистік анықтамалар әдетте
Бэкус-Науэр формулалары (БНФ)
деп аталатын арнайы металингвистикалық символика арқылы беріледі. Бас
әріптер резервтелген сөздерді жазу үшін пайдаланылады және операторларда
дәл сол сияқты көрсетілуі тиіс. Кіші әріптер пайдаланушы анықтайтын сөздерді
жазу үшін қолданылады. БНФ нотациясында қолданылатын символдар мен
олардың белгілері кестеде көрсетілген: