Үйлестірушілік – педогогтің қабілетін және потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған қызмет түрі.
Үйлестірушіліктің негізінде еркін қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, өз талдауын жасап, пікір алмасатын, ішкі мүмкіндіктерін пайдалану арқылы кәсіби сауатты шешім қабылдауға әкелетін, үдерістерді ұйымдастыруға көмектесетін арнайы тәсілдер жатыр.
Үйлестірушінің міндетіне – осы Бағдарлама бойынша оқыған мұғалімдердің іште жатқан, әлі көрінбеген, ашылмаған мүмкіндіктерін анықтау жатады.
Өткізілген семинарлар мен коучинг сессияларында мұғалімдерге құнды кеңестер беріп, бар қабілеттерін жүзеге асыруға, өз-өздерін тануға мүмкіндік жасады.
Жаңа білім беру технологияларын тиімді қолданудың мониторингісін жасады
Бұл бағыт бойынша бізде мұғалімдер бірнеше шеберлік сыныбын көрсетіп, ашық сабақтар беріп, жаңа бағдарламаның мазмұнымен таныстырып жүр . Сондай –ақ,
Педагогикалық инновациялық технологияларды оқып-үйрену және насихаттау бағытында: -педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, онымен таныстыруға жағдай жасау;
ақпараттық-технологиялық қызмет бағытында: - мектеп сайттарын жаңарту, сандық технологияларды, интернет –ресурстарды қолдану, аудио-бейнеқорларды толықтыру ;
аналитикалық қызмет бағытында: - білім беру үдерісінің жағдайын және әдістемелік көмекке сұраныстың түрін анықтау үшін мұғалімнің құзыреттілік деңгейін диагностикалау;
- алынған мәліметке интерпретация жасау жұмыстары жүргізілуде.