56
сы жоқ ақпараттың кедергі болары сөзсіз.
Көпшілік шағымданып жататын есте сақтау
қабілетінің әлсіздігі мен бір іске толық зейін
қоя алмаудың негізгі себептерінің бірі – біз-
ге келіп түсетін ақпараттың көптігінде. Адам
баласының миы келіп түскеннің бәрін қо-
рытуға тырысады. Оған көп күш жұмсайды.
Осыған байланысты кейде аса қажеттісін есте
сақтауға, ол жайында ой түюге ақылымыздың
мұршасы келмей қалады.
Келіп түсетін ақпараттан бөлек адам баласы-
ның
ойын сан тарапқа шашырататын, сана-
сын улайтын жайттар көп. Олардың қатары-
на қазіргі таңда кең етек жайған плэйстэйшн,
компьютер және телефон ойындарын жатқы-
зуға болады. 90 минут футбол қарап, оның
жаңалықтары мен комментарилеріне уақыт
өлтіру де ой шашыраңқылығына алып ба-
рады. Санай
берсек ой шашыраңқылығына
алып баратын жайттар тізімі қысқа емес. Ойы
шашыраңқы, ісі өнімсіз адамдар жұмысының
алға баспағанын, тұлғалық тұрғыдан алғанда
ілгері жылжи қоймағанын көргенде, іштей
күйзеліске түседі. Ал күйзеліс пен физиоло-
гия арасында тікелей байланыс барын қазіргі
медицинаның «психосоматика» атты арнайы
бөлек саласы зерттейтіні мәлім.
«Бәрін айтта, бірін айт» демекші, ой шашы-
раңқылығына себеп болатын факторлар өте
57
көп. Оған төтеп беру үшін адамның күнделік-
ті бір
мезет өз-өзіне есеп беретін, жұмыс
ретін жөнге салатын, күндік, апталық мақ-
саттарын айқындайтын уақыты болуы қажет.
Бұған тыныштықта отырып күн тәртібін рет-
теу, күндік,
айлық және жылдық жоспарлар
құру мен атқарылған жұмыстардың есебін бе-
руді жатқызуға болады. Оның өнімді жұмыс
істеуіне кедергі болып жатқан жайттарды
анықтау - ой шашыраңқылығымен күресудің
тиімді жолы. Адам ойы сан тарапқа шашы-
рап, не істерін білмеген сәттерде қағаз бен
қаламға жүгінудің де пайдасы орасан зор. Не
істеп, не қойып жүргенін, не нәрселер істелуі
қажет екенін хатқа түсірсе, ой
айтарлықтай
жинақталып қалады.
Әрбір күні барлық нәрсені ысырып қойып,
бірер сағат кітап оқуға, өзімізді жетілдіругі
уақыт айыру – күйбелең
тіршіліктің ішінен
өз-өзімізге келуге, есімізді жинауға ықпа-
лын тигізбей қоймайды. Ойды шашырататын
факторлардан қашықтау бір жерде жалғыз
серуендеу, бүгіні мен өткенін сараптап, бола-
шағын бағдарлаудың маңызы зор.
Осы және осыдан өзге құралдырды қолдану
ойды жинақтауға үлкен септігін тигізетіндік-
тен, өзін жетілдірем деген адамның әдетіне
айналуға тиісті.