Жаѕа сґздерді енгізу


Ice Breakers. Warm Up Activities. – Оқушылардың өздерін еркін сезінуіне себеп болатын, психологиялық жайлы климат туғызу үшін қолданылатын сабақтың ең алғашқы сатылары



бет2/31
Дата05.02.2022
өлшемі437,17 Kb.
#13461
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Ice Breakers. Warm Up Activities. – Оқушылардың өздерін еркін сезінуіне себеп болатын, психологиялық жайлы климат туғызу үшін қолданылатын сабақтың ең алғашқы сатылары.

  1. Сіздердің араларыңызда мен білмейтін ұстаздар бар екен. Біз қазір бір-бірімізбен танысамыз. Өздеріңіздің есімдеріңізді қағаздың ортасына жазып, әр бұрышқа туған жеріңізді, бітірген оқу оpнын - университетті, сүйікті кітабыңызды, хоббиіңізді жазып қойыңыз.

  2. Бұл жаттығу ағылшынша Ice breakers деп аталады. Мағынасы мұзды жару не бұзу. Бұл жаттығу не үшін қолданылады? (Бұл бейтаныс оқушылардың алғашқы сабақта танысуына, ыңғайсыздық не қолайсыздықты жою үшін, бір-бірін жақсы білуі үшін, нені жақсы көреді, нені жек көреді, көзқарасы қандай, пікірі қандай, нені бағалайтынын білуге, сыныпта ұйымшылдықты дамытуға, оқушылардың қазақ тілі білімінің деңгейін білуге, сыныпта топпен жұмыс жасауға керекті жаттығу. ) Бірақ бұл жаттығуды қызығушылықты тудыру үшін қолданылатын жаттығулармен шатастырмау керек. Бар болғаны 5 не 7 минутқа созылады.

  3. «Мұзды бұзудың» қандай түрлерін білесіздер?

    1. атын жазып, сұрақ қою арқылы танысу

    2. өздерінің аты жазылған қағазды ауыстырып, арқаға жабыстырып, бір бірінен өзінің кім екенін білу

    3. біреудің аты жазылған қағазды арқаға жабыстырып, бір бірінен кім екенін білу

    4. алфавит бойынша қатарға тұру

    5. доппен ойнап аттарын атау

    6. аты қай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сөзді қосып сөйлем құрау

IV. Жұмысқа жаңадан қабылданып, бірінші күні шыққанда бірін бірі танымайтын сыныпта мына төменде көрсетілген жаттығуларды жасауға бола ма?

    • Үй тапсырмасын беру (сурет әкелу)

    • Әдеттегідей оқулықпен жұмыс (керегі жоқ)

    • Оқушылар бағынатын ережелер ойластыру (қазақша сөйле, құрметте, ұялма, сұрақ қой)

    • өзіңіз туралы және оқушылардан нені күтетініңіз туралы көп қайталау (өзіңіз туралы аздап нені күтетініңіз туралы көбірек және жиірек)

    • оқушыларды бір-бірімен таныстыру +

    • оқу деңгейін білу үшін тесттер алу (болады, бірақ ауызша )

    • оқушыларды нені қызықтыратынын білу +

    • бір бірінен ұялып, қысылып тұрса да топпен жұмыс жасау +

    • тек қазақ тілінде сөйлеу +

V. Жас мамандар үшін кейбір ақыл-кеңестер бар: бөлмені, тақтаны дайындау, танысу үшін қолданылатын шараларды алдын ала дайындап қою, көзбен тек бір не бірнеше оқушыға ғана қарамай, сыныптың бәрін шолу,тақтаға қарап емес, оқушыларға қарап сөйлеу, көп сөйлейтіндерге ғана емес, бәріне көңіл бөлу, күлімдеп, кешігіп келгендерге көп ұрыспай, орнына отырғызу, білмей жатқандарға көмек көрсету, қателердің бәрін түземей, мақтауды көп қолдану керек, сабаққа кешікпей келіп, уақытында тәмәмдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет