Байланысты: ÐаÒдаÑÑÑÑÒ ÐµÑепÑÐµÑ I. 1-2 жаÒдаÑÑÑÑÒ ÑапÑÑÑма-emirsaba.org
Билет № 1 Тапсырма 1. Науқас П., 34 жаста, Жарақаттық бөлімге оң қолын күйдіріп алғанымен қаралды.
Объективті: Дене қызуы 37,70С. Күйген жердің терісі ашық-қызыл түсті, күдіреген, ісінген, кейбір бөліктерінің эпидермисі ажыраған , температурасы жоғары, ұстағанда ауыртады. Оң қолының қимылдау қызметі бұзылған. Тыныс алу жиілігі - 24 мин-1 , пульсі - 96 мин-1.
1. Науқаста қандай типтік патологиялық процестер бар? Олардың қайсысы бастаушы процесс болып табылады? Жауаптарды негіздеңіз. Басты типтік патологиялық процестің дамуын тудырған этиологиялық факторды көрсетіңіз. Шығу тегі бойынша ол қандай топқа жатады?
2. Басты типтік патологиялық процестің патогенезінің негізгі сатыларын атаңыз және науқаста байқалатын кезеңді сипаттаңыз.
3. Науқаста дамыған типтік патологиялық процестің жергілікті және жалпы белгілерін атаңыз.Тыныс алу жиілігі мен пульсі температураның өзгеру дәрежесіне сәйкес келе ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
1. Науқаста қандай типтік патологиялық процестер бар?
Қабыну -ол ағзаның тiндерi зақымдалуына жауап ретiнде дамыған типтiк патологиялық процесс. Негізінен экссудация, альтерация,пролиферациямен сипатталатын күрделi тамырлық-мезанхимальдi бұзылыстармен өтедi.
Бастаушы процесс науқастың қолын күйдіріп алуын жатқызамыз.
Қабынудың жалпы белгісіне катехоламиндердің секрециясы нәтижесінде, жүрек пульсациясының жоғарылауын айтуға болады.
Этиологиясы экзогендык ыкпал-> физикалық ықпалдар ыстық,суық температуралар, ультракүлгін және рентген сәулелері.
2. Басты типтік патологиялық процестің патогенезінің негізгі сатыларын атаңыз және науқаста байқалатын кезеңді сипаттаңыз.
Қабыну процесі:
* альтерациядан;
* микроциркуляцияның бұзылыстары мен эксудациядан;
* пролиферациядан тұрады.
Альтерация сатысында -некроз дамиды. Тін жасушаларының бүліністерә олардың мембраналарының бұзылыстарымен байланысты. май қышқылдарының асқын тотығуынан, фосфолипаза мен липаза, протеаза ферменттерінің артық әсерленуінен, иммундық процестерінің әсерлерінен болады.
Экссудация – қанның сұйық бөлігі тіннің сыртына шығуынан болады.Бұны серозды экссудатқа жатқызуға болады. Күйік кезінде оның құрамында 2-3процент белок, аз мөлшерде лейкоциттер және су болады.
Пролереферацияда-қабынуға қатысатын жасушаларының өніп-өсуі болады.
3. Науқаста дамыған типтік патологиялық процестің жергілікті және жалпы белгілерін атаңыз.Тыныс алу жиілігі мен пульсі температураның өзгеру дәрежесіне сәйкес келе ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Жалпы қабынудың жергілікті белгілеріне жатады:
1.Қызару (rubor),
2.ісіну (tumor),
3.қызу (color)
4.ауыру (dolor)
5.қызметтік бұзылысы (functio laesa)
Жергілікті белгілері:қызару, ісіну, қызу, ұстағанда ауыруы және эпидермістің бұзылуы
Жалпы белгілеріне науқастың температурасы 37,70С және пульсінің - 96 мин болуы.