Жақыпбек Жібек тфп213 3-тапсырма(9аптаның тапсырмасы)


Титранттар (жұмысшы, стандартты ерітінділер). Бірінші және екінші стандарттар, оларға қойылатын шарттар



бет4/9
Дата06.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#138127
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жақыпбек Жібек тфп 213, 9 апта тапсырмасы
алаш курсы, Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі, ą įē„ā ą ¬ė ¬„ā®¤®¬ Æ„ą„¬„é„­Ø©
Титранттар (жұмысшы, стандартты ерітінділер). Бірінші және екінші стандарттар, оларға қойылатын шарттар.

Титрленген ерітінділердің 2 түрі болады: стандартты (дайындалған) және стандартталған (анықталған).Стандартты ерітінділерді дайындау үшін заттың дәл өлшемесін көлемі белгілі өлшегіш колбада ерітіп, сосын титрін есептейді. Мұндай ерітінділерді тек стандартты заттардан дайындайды. Стандартты заттар шектеулі, оларға келесі талаптар қойылады:
· өте таза болуы керек;
· құрамы химиялық формуласына дәл сәйкес болуы керек;
· ауада сақтағанда құрамы өзгермеуі керек.
Стандартты заттарға мына заттар жатады: Na2B4O7•10H2O‚ K2Cr2O7‚ H2C2O4•2H2O, NaCl.

Кейде стандартты ерітіндіні фиксаналдан жасайды. Фиксанал (немесе стандарт-титр) деп ішінде құрғақ зат немесе ерітіндінің дәл мөлшері бар заводта дайындалып, аузы бекітілген шыны ампула. Фиксаналдың ішінде стандартты емес те зат болуы мүмкін.Стандартталған ерітіндіні концентрациясын жуықтап дайындайды, сонан соң оны стандартты ерітіндімен титрлеп, концентрациясын дәл есептейді. Мұндай анықтауды стандарттау деп атайды.


Қазіргі кезде стандартты және стандартталған ерітінділерді сәйкесінше біріншілік және екіншілік стандарт деп атайды.
5. Ерітінділердің концентрациясын анықтау түрлері: нормалдық, молярлық, титр, түзететін коэффициент. Эквивалент, эквиваленттік сан, эквиваленттік молярлық массасы, стандартты ерітіндінің титрі, анықталатын зат арқылы көрсетілетін стандартты ерітіндінің титрі (Та/х). Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбаға түседі. Сөйтіп аса қаныққан ерітінді жай қаныққан ерітіндіге айналады.
Эквивалент – екі элементтің немесе екі заттың бір – бірімен қалдықсыз әрекеттесетін тең мөлшерін көрсетеді.Стандартты ерітіндінің титрі (Т, г/мл) – 1мл ерітіндіде еріген заттың грамм массасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет