Жакаева к. А. Жакаева с. А «музыка пəнін оқыту əдістемесі»


ТАРАУ.«Музыка пəнін оқыту əдістемесі»пəнінмəні



бет4/47
Дата13.09.2022
өлшемі149,31 Kb.
#149337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Жакаева К.А. Музыка пәнін оқыту әдістемесі

1 ТАРАУ.«Музыка пəнін оқыту əдістемесі»пəнінмəні





    1. Мақсаты мен міндеттері: «Музыка пəнін оқыту əдістемесі» пəнін бағыты.

Музыкалық тəрбие жəне білім беру балалардың музыкалық қабілет- терін мақсатты жəне жүйелі дамытуды, эмоционалдық көңіл-күйді, музы- калық өнердің мазмұнын түсіну жəне терең сезіну қабілетін қалыптасты- руды көздейді. Музыкалық білім беру мен тəрбиелеудің маңызды қоры- тындысы оқушылардың жалпы мəдениетін қалыптастыру болып табыла- ды. Болашақ мұғалімнің педагогикалық қызметтің кəсіпқойлығын қалып- тастырудағы заңды кезеңдердің бірі ретінде білім, білік жəне дағды жинақтауы бұл жоғары оқу орнындағы оқу үрдісінің өзі болып табылады.
«Музыка пəнін оқыту əдістемесі»курсы музыка-педагогикалық факультетінде музыка мұғалімінің кəсіби-педагогикалық даярлығын қа- лыптастыруға бағытталған арнайы оқу пəндерінің циклінде біріктірілген жəне орталығы болып табылады. Музыкалық тəрбие əдістемесін меңгеру үшін мектеп бағдарламасына музыка неге енгізілгенін, музыкалық өнердің тəрбиелік мүмкіндіктері қандай екенін білу маңызды. «Музыка пəнін оқыту əдістемесі»– балалармен музыкалық жұмыстың міндеттерін, мазмұ- нын, ұйымдастырылуын, формалары мен əдістерін зерттейтін пəн. Əдіс- теме-əр түрлі пəндерді оқыту теориясын білдіретін педагогикалық ғылым саласы. Сөздің тар мағынасында əдістеме-бұл қандай да бір, нақты пəнге оқыту əдістері туралы ілім, ол музыкалық білім берудің оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту функцияларын жүзеге асырады жəне ғылым мен өнер ара- сында біршама орын алады. Ол музыкалық білім берудің мақсатын, мін- деттерін, мазмұнын, əдістерін, құралдарын нақтылауда өз түсінігін табады жəне оқу бағдарламаларында, əдістемелік ұсынымдарда мұғалімнің, оқу- шылардың музыкалық өнермен жəне жалпы музыкалық мəдениеттің өзара əрекеттестігінің көрнекі үлгілерінде жүзеге асырылады.
«Балаларға музыкалық тəрбие беру əдістемесі» оқулығында О. А. Апраксина «əдістеме» ұғымына мынадай тұжырым береді: «Əдістеме – педагогиканың бір бөлігі, олдидактикалық принциптер негізінде, қандай тəсілдер, əдістер көмегімен оқу-тəрбие процесін құру, оған кіретін жеке жəне жалпы міндеттерді қалай шешу керек».
Музыкалық тəрбие мен білім берудің ерекшелігі-музыкалық білім беру процесінде жеке тұлғаның жеке басын дамытудың тəсілдері мен құралдарымен қатар оқушылардың ұжымдық орындаушылық шығарма- шылығының əртүрлі түрлерін қалыптастыру жолдарының маңызы зор.
Жоғары оқу орнының «Музыка пəнін оқыту əдістемесі»пəнінің мақ- саты – болашақ музыка мұғалімдерін жалпы білім беретін мекемелерде кəсіби қызметке дайындау.
Пəн келесі міндеттерге ие:

-жалпы білім беретін үлгідегі мекемелерде музыкалық білім беру процесі мен мазмұны туралы студенттердің əдістемелік білімін меңгеруіне жəне музыка қағидалары мен формалар бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруда əр түрлі сыныптарда музыкалық жұмыс ерекшелігін зерделеуге, оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтарын, бейімді- лігін ескере отырып оқу-тəрбие процесін құруға ықпал ету;

  • өз жұмыс тəжірибесін жинақтауда қойылған міндеттерге, шығарма- шылық ізденістерге сəйкес балалармен жұмыс əдістемесін меңгеру;

  • мұғалім-тəрбиеші, сыныптан тыс музыка жұмысын ұйымдастырушы жəне жетекшінің кəсіби-педагогикалық дағдылары мен іскерліктерін меңгеру;

  • мұғалімнің болашақ музыка мамандығына деген жеке-құнды қарым- қатынасының қалыптасуына ықпал ету;

-конструктивтік, музыкалық-орындаушылық, коммуникативтік-ұйым- дастырушылық, зерттеу дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға ықпал ету;

  • музыкалық қызмет түрлерін ұйымдастыру технологиясын меңгеру арқылы музыка сабағын ұйымдастыру шеберлігін меңгеруге ықпал ету;

  • студенттердің болашақ өнерге деген шығармашылық қарым-қаты- насын ынталандыру.

«Музыка пəнін оқыту əдістемесі»пəні кəсіби қызметтің келесі бағыттары бойыншақалыптасады.
Оқу-тəрбие қызметі саласында:

  • білім беру бағдарламасына сəйкес оқыту процесін жүзеге асыру;

  • оқу жоспарына сəйкес бағдарлама тақырыптары мен бөлімдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу сабақтарын жоспарлау жəне өткізу;

  • заманауи ғылыми-негізделген тəсілдерді, əдістерді жəне оқыту құ- ралдарын пайдалану;

  • оқытудың техникалық құралдарын, ақпараттық жəне компьютерлік технологияларды пайдалану;

  • оқыту жəне тəрбиелеу нəтижелерін бағалаудың қазіргі заманғы құралдарын қолдану;

  • жеке тəсіл негізінде оқушылардың рухани, адамгершілік құндылық- тары мен патриоттық нанымдарын қалыптастыру;

  • сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру жəне өткізу.

Ғылыми-əдістемелік қызмет саласында:
-ғылыми-əдістемелік жұмысты орындау, ғылыми-əдістемелік бірлес- тіктердің жұмысына қатысу;

  • өз қызметін талдау, өз біліктілігін жетілдіру жəне арттыру.

Əлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында:

  • оқыту жəне тəрбиелеу процесінде əлеуметтік алдын алу бойынша іс- шараларды жоспарлау жəне өткізу;

  • кəсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

Мəдени-ағарту қызметі саласында:

  • оқушылардың жалпы мəдениетін қалыптастыру;

Курстың мазмұнында студенттердің Қазақстан Республикасының Ғы- лым жəне жоғары білім министрлігі ұсынған мектепте музыкалық тəрбиенің түрлі бағдарламаларын оқып үйренуі қарастырылған.
Оқу курсын аяқтауға Мемлекеттік нормативті құжаттарға сəйкес сту- денттер келесі білімді меңгеруі тиіс:

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін, оқыту мен тəрбиелеудегі сара- ланған тəсілдерін ескере отырып, олардың музыкалық қызметінің түрлері- мен байланысты музыкалық білім берудің əдістері мен формалары мен құралдары туралы;

  • жалпы білім беретін мектептерге арналған музыка бағдарламалары- ның, оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны туралы,

  • музыка сабағын жоспарлау, өткізу жəне талдау технологиясы тура-

лы;

дастыру əдістемесі туралы;

  • оқушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту құралдары мен əдістері туралы;

  • оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық бақылау техноло- гиясы туралы;

  • музыка мұғалімінің педагогикалық қызметінің жеке стилі туралы.

Келесі іскерлікті меңгеру:

  • музыкалық білім беру мен тəрбиелеудің мазмұны мен процесін да- мытуды ескере отырып құрастыру, ұйымдастыру жəне талдау;

  • əр түрлі формадағы, жанрлар мен стильдегі жоғары көркемдік музы- калық шығармаларға қызығушылық;

  • музыкамен қарым-қатынас қажеттілігі;

  • аспаптық жəне вокалдық шығармаларды кəсіби жəне мəнерлі орын-

дау;

  • оқушылардың тыңдаушылық, орындаушылық іс-əрекеттерін кəсіби

басқару;

  • музыкалық қызметтің барлық түрлерінде оқушылардың шығарма- шылық көріністерін бағыттау;

  • музыкалық білім беру үрдісі мен нəтижелерін талдай білу.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет