Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортагасырлык, философия



Pdf көрінісі
бет105/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

III тарау. Ортагасырлык, философия
бэрін адам дайын түрінде бідеді. Бірақ ол форма немесе аналогия бола алмайды.
Ас-Сухраверди дене мен жан арасын қалау («шаук») байланыстырады дейді. 
Жан денемен физикалық теңелмейді. Жаратылысы бойынша жан мен дене эр- 
түрлі. Олардың бір жерде болуы эртүрлі болып түсіндіріледі, сонымен адам де- 
несіндегі сұйықтық («а’хлат») денені құрайды, соған ұқсас өте нәзік элементтер 
(«латиф») сұйықтығы жанды құрайды, осыдан ең бос рөлді жан басқарады. Жан 
өзі кішкентай болып жүректе орналасқан. Дене мен жан арасындағы байланысты 
тек қалау байланыстырады, қалау өзгерсе, жанға ешқандай эсер етпейді. Жан де- 
неден шығып та, денесіз де өмір сүре алады, ол - шексіз.
Адам барынша өзіндегі Құдайға деген құлшынысын оятуы керек. Адамның 
жаман жағының өзі жарық жағын іздейді. Жан балық секілді теңіз астынан түн- 
гі айдың жарығын көру үшін теңіз бетіне шығады. Дэл солай жабайы жануарлар 
түнде отқа қарай ұмтылады немесе олардың жандары интуитивті өзінің туысты- 
ғына жақындай түскісі келеді. Адам жаны да Құдайды танығысы келіп ұмтылып 
отырады, бірақ білімін икемді етіп Құдайды тәжірибелік жумыстарымен ғана 
жақындата алады.
Басынан адам жаны шексіз ғұмыр сүретіні анық. Тек Құдайды танығандар 
жэне тәжірибе жүзінде дэлелдегендер ғана адамның ойындағы әлемде өмір сүреді 
«а’лам-и мисал».
Ас-Сухраверди шиит исламын насихаттаушы болып табьшады. Басқа шиит- 
тер сияқты адамдар ішінде идеалды адам, Құдайдың даналығын таныған адам 
бар екеніне сенді. Ол үшін ондай адам - сопы терминіндегі «Құтб», ал шиит ті- 
лінде «Имам». Ал бұл түсініктерге қарсылары шиит түсінігі бойынша, «гайбата» 
- жабық, бүркелген имам деп аталған. Сопылардың «Уиляйат» концепциясында 
күнэ жасамайтын адамдар тек Құдайдан ғана білім алатындар, ол тура имаматгар 
концепциясына қатты ұқсайды. Сонымен қоса олар Құдайдан жасырын түрде 
заттардың ақиқаты туралы білім алып отырған. Құқық философиясы бойынша, Ас- 
Сухаверди эл-Фараби мен Ибн Синаның ізін қуып, «қасиетгі қала классикалық» 
идеясын қолдады. Міне, қысқаша айтқанда, оның ұлтшылдық-олеуметтік мәселе- 
лерді шешудегі рецепті осындай.
Ас-Сухраверди шиитті уағыздағандардың біріншілеріне жатады («әл- 
хикмат эл-мұталлихат» - «Құдайшыл философиясы»). Сонымен бірге ол байыр- 
ғы парсы философиясын ислам дінінің «фәлсафасымен», пайғамбарымыздың 
қалдырғандарымен жаңғыртқысы келген, бірақ ол басқаларға насихаттаған соң 
мәні өзгерістерге ұшырады. Ас-Сухраверди иллюминациясының басты қалау- 
шылары Гермес, Платон жэне Заратуштра болды; соңында Платон мен Зарастуштра 
бір категорияға бірігіп, Құдай даналарына айналды, ол XII ғасырдағы птиит фило- 
софиясыньщ басты маңызына айналды.
«Шейх әл-И’шрака» еңбектерінен кейін шиіт әлемінде философия мен сопы- 
лық бір арнада деп саналды немесе әл-Ғазали философиясы секілді сүннет әле- 
мінде антика философиясындағы сана мен жүректі эркелкі деген көзқарас бірік- 
тірді. Ислам жэне парсы ойшылдарына дейін космологияда олар өздерін дүниеден 
айырды, сөйтіп, анықталған объект, оған қоса субъектіні де өздеріне қосты, олар 
әлемге сезіммен қарады. Зороастризм философиясында олар философиялық жэ­
не өзгертілген болып өте басқаша естілді. Ас-Сухраверди Ибн Синаның ізбасары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет